Жантақ – емдік шөптердің бірі
Бейнеу ауданы
«Сам орта мектебі» ММ
Орындаған: Елдашбаев Нурбек 3 - сынып
Жетекшісі: Койшыбаева Баян Кипчаковна
Бастауыш пәнінің мұғалімі
«ДАРЫН ОРТАЛЫҒЫ» МКҚК
«ЗЕРДЕ» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының аудандық іріктеу туры
Тақырыбы: « Жантақ – емдік шөптердің бірі»
Бағыты:
Секция: Дүниетану
Зерттеу мақсаты:
Жергілікті жердің дәрілік шөптерін танып, ажырата білу, оны күнделікті тұрмыста ересектердің көмегімен қолдана білу жолдарын зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты.
Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына бұрыннан белгілі, оны пайдалану жолдарын зерттеу аса өзекті тақырып болып табылады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1. Ғылыми жұмыстың тақырыбы таңдалып, қажетті материалдар мен зерттеулер ізделіп, олар жүйеленді.
2. Баспасөз материалдары және ғылыми еңбектер мен көркем әдебиет материалдары жинақталып, шолу жасалды. Жергілікті өлкетану мұражайына саяхат жасалып, көне жәдігерлермен таныстым.
3. Бейнеу керуен сарайлары туралы баяндама, және буклеттер дайындалды.
Жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары:
Өсімдік – адам ағзасына қажетті дәруменнің қайнар көзі. Дүниежүзіндегі барлық дәрілердің өсімдіктерден алынатыны анықталды. Қазақстан жерінде де көптеп өсетіні белгілі болды. Дәрілік өсімдіктерде пайдалы заттар өте көп. Олардың емдік қасиеттері бар, витаминдер мен минералды заттар да бар. Көп тәжірибенің нәтижесінде өсімдік қасиеті кейбір өсімдіктің жапырағында, ал кейбіреулердің тамырында немесе тұқымдарында болатыны анықталды.
Қорытындылардың практикалық тұрғыдан пайдаланылуы:
Зерттелген жұмыс дүниетану сабақтарында, факультативтерде, үйірмелерде, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде қолданылды.
1. 1 Кіріспе
Қазақстан Евразияның орталығында орналасқан байтақ ел, жер көлемі 2 млн. 715 мың шақырымға созылып жатыр. Қазақстанның табиғи зоналары да географиялық ендік бойынша орналасқан, өзара үйлесімді. Мұндай үйлесімділік еліміздің өсімдіктер әлемінің жан – жақты әрі әр түрлі болуын қамтамасыз етеді. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда жоғары сатыдағы 5754 өсімдіктер түрі кездеседі. Әлбетте бұл сандар түпкілікті емес, Қазақстан ботаниктерінің үздіксіз зерттеулері әрбір аймақ үшін, сондай – ақ ғылым үшін жаңалық болып табылатын түрлермен толықтырып отырады. [6, 3]
Жерасты қазыналары мен тарихи – мәдени ескерткіштерге мейлінше бай Маңғыстау түбігіндегі ерекше жаратылысты өлкелердің бірі – Бейнеу.
Бейнеудің өсімдіктер дүниесі мен жайылымдық шөбінің өнімділігі ерте кездерден - ақ басталып жақсы зерттелген. Қарақұм, Сам, Матай құмдары мен Үстіртте және түлейлерде сексеуіл, жүзген, жыңғыл, қоянсүйек, шағыр; Оңтүстік Үстірттің Сам құмын орап жатқан бөлігінде баялыш, тау бойы мен құм жиектерінде қаттықара, теріскен, түйесіңір, тораңғы, тобылғы, бозда өседі. Жердің бедері мен құрылымына, топырағының ащы – тұщылығына қарай теріскен, күйреуік, жантақ; теңіз жағаларында сораң мен қаңбақ садақ аралас өскен. Итсигек пен адыраспан ел отырған немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі. Қарақұмның құмы мен бұйрат жазығында еркек пен боз бидайық, ақшөп өседі. Қоректік сапасы жоғары изен, жантақ, алабота, ажырықты әр жерлерден сирек те болса кездестіруге болады. Өлкеде жыл сайын қоныс бола бермейді. Көктемгі желсіз және жылы, жаңбырлы болған жылдары шөптің қай түрі де көп өседі. [4, 17]
Зерттеу бөлімі
2. 1 Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының мәліметі бойынша алдағы он жыл ішінде халықты дәрімен қамтамасыз етуде өсімдіктерден алынған препараттардың үлесі 60 пайыздан астам болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы территориясында алты мыңнан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дәрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 130 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Дәрілік өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық диагностикалық белгілерін анықтау шикізатты фармакологияда пайдалануға іріктеп алу сапасын жоғарылатады. Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай. Бұлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі. Соның нәтижесінде бұл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр. Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек. Дәрілік өсімдіктер — қазіргі кезге дейін әртүрлі дәрілік препараттар алатын шикізаттың негізгі көзі болып табылады. Қазіргі кезде олардан 40 %- ға жуық дәрілік заттар жэне препараттар алынады. Адам ағзасындағы ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда. Жүрек - қантамырларының ауруларын емдеуде, олар 80 %- ға дейін, ал бауыр және асқазан - ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды. Сондықтан мамандар көптеген ауруларға сондай - ақ қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін қарастыруда. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған.[2, 70]
Атақты ойшыл, шығыс дәрігері Ибн - Сина (Авиценна). «Медициналық ғылымның Каноны» деген еңбегінде:
«Дәрігердің 3 қаруы бар — сөз, өсімдік, пышақ,» деп жазады.
Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктерді зерттеумен көптеген ғалымдар айналысуда. Олардың құрамында: алкалоидтар, гликозидтер, сапониндер, илік заттар, эфир майы жэне т. б. заттар бар. Биологиялық белсенді заттардың көпшілігі мысалы, алкалоидтар жэне гликозидтердің көп дозасы улы, бірақ организмге қолданылатын аз мөлшерінің (0, 01 жэне одан да аз ) емдік қасиеті бар.
Академик Н. В. Павловтың басқаруымен Қазақстанда пайдалы өсімдіктер тексеріліп еңбектері жарыққа шықты, онда өсімдіктердің қасиеттері туралы жан - жақты айтылған. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті ондағы белсенді заттар немесе химиялық құрамы мөлшерінде және олардың адам организміне тигізетін физиологиялық әсеріне байланысты. Биологиялық белсенді заттар өсімдіктердің барлық бөліктерінде немесе оның кейбір бөліктерінде болуы ықтимал. Одан басқа, түрлі белсенді заттардың саны мен сапасы өсімдіктердің өсіп - өну кезеңіне байланысты. Сол себепті, дәрілік өсімдіктердің шикізатын дайындауда оларда қай уақытта және қай өсу кезеңінде жинауды білу керек. Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар әртүрлі органикалық қосылыстарға енеді. Олар — алколоидтар, гликозидтер, сапониндер, эфир жэне шыны майлары, органикалық қышқылдар, витаминдер, фитонциндер.[3, 78]
Эфир майлары — күрделі әртүрлі ұшпамай қосылыстары, өткір иісті зат. Шыны майлардан ерекшелігі матада және қағазда майдың іздері қалмайды. Дүние жүзінде 2500 эфир майлы өсімдіктер бар. Олар өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде: гүлінде, жапырағында, жемісінде, кейде жер асты мүшелерінде болады. Өсімдіктің вегетациялық дамуы барысында эфир майларының қасиеті мен иісі өзгеріп отырады. Мысалы, кориандрдың піспеген жемісіне жағымсыз иіс тән болса, піскеннен кейін иісі өте жағымды болады, сондықтан тамақ өнеркәсібінде кең қолданады. Өсімдіктегі оның мөлшері 0, 001%- тен 20%- ке дейін өзгеріп отырады.
Оны су буымен айдау немесе экстракция әдісімен бөліп алады. Олар спиртте, шыны майда жэне басқа органикалық еріткіштерде ериді.
Эфир майының химиялық құрамы әртүрлі болғандықтан, адам организміне түрлі - түрлі әсерін тигізеді. Микробтарға және түйілуге қарсы дәрі, жүрек жұмысын жақсартады, қызуды басады, ас қорыту жолдарында шырын бөлінуін күшейтеді.
Гликозидтер - өсімдік бөліктерінде болатын күрделі органикалық заттар. Оладың қантты және қантсыз бөліктері бар. Фермент қышқылдар арқылы және қайнатқанда қантқа (глюкоза, фруктоза т. б.) жэне қантсыз бөлігіне (агликон) ыдырайды. Таза түрінде кристалл тәрізді ащы зат, суда өте жақсы ериді, бірақ спиртте ерімейді, көбісі улы. Гликозидтермен әртүрлі ауруларды емдеу агликонның химиялық құрамы мүмкіндігіне байланысты. Қазір жүрек гликозидтерін көп пайдаланып жүр. Сақ болу керек, олар өте улы. Тек дәрігерлер бақылауымен ғана емделген жөн. Гликозидтер табиғатына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Солардың бірі флавоноидтар мен кумариндер.
Флавоноидтар — барлық флаваноидтар негізінен флавон деген қосылысқа жатады. Үшкөміртек үзбелерді байланыстыратын структураға қарай, сонымен бірге оның тотығу дәрежесіне байланысты барлық флавоноидтар бірнеше негізгі топтарға бөлінеді;
1) Катехиндер; 2) Лейкоантоцианидтер; 3) Антоцианидиндер; 4) Флавоноидтар; 5) Флавонолдар - 3; 6) Флавондар жэне флавонолдар; 7) Халкондар және дигидрохохалкондар; 8) Аурондар; 9) Изофлавондар. Флавоноидтар өздерінше бос күйінде де, немесе гликозидтер түрінде де (катехиндерден басқасы) кездеседі. Көміртекті бөлігі ретінде моно -, ди - жэне трисахаридтер болуы мүмкін. Моносахаридтерден кәдімгі өсімдіктерде болатын қанттар: Д - глюкоза, Д - галактоза, L - рамноза, L - арабиноза болады. Флавоноидтар деген атпен белгілі өсімдіктер пигменттері класын зерттеу XIX ғасырдың басынан жүргізілді деп айтуға болады.
Флавоноидтар қосылыстарына қызығушылық әсіресе ерекше 20ғасырдың 40 жылдарынан басталды. Септ — Дьерди 1936 жылы лимон қабығынан алынған флавоноидтар жиынтығының Р — Витамині белсенділігіндей әсері бар екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде флавоноидтардың фармокологиялық әсері диапазоны өте кең белгілі болды. Әдебиеттердегі мәліметтерден флавоноидтарды жүрек - қан тамырларын емдеуге, спазмолитикалық, қабынуға қарсы, микробтарға қарсы дәрілік заттар ретінде пайдалануға болады. Соңғы кезде флавоноидтарды ісікке қарсы да қолдануға болады деген мәліметтер бар. Бірақта флавоноидтардың дәрі - дәрмек ретінде ресми түрде пайдалануы әлі шектеулі. Өте жиі флавоноидтарды Гален жэне Жаңа гален препараттары құрамына кіретіндігі туралы айтылады.
Кумариндер өсімдікте таза түрінде немесе гликозидтер құрамындағы агликонмен қосылыс түзеді. Олар жарыққа сезімтал, тез ыдырайды, суда нашар ериді. Олардың көпшілігі тамыр кеңейткіш, ісікке қарсы қолданылады. Қазіргі уақытта 150 аса кумариндер түрі бөлініп алынды. Кумариндер көбінесе бұршақтұқымдастар, шатыргүлділер түрлерінің тамыры мен жемістерінде болады.
Алкалоидтар — күрделі азотты қосылыстар. Бұл сөз арабша алкали - сілті жэне гректің эйдос — ұқсас деген мағына береді. Өсімдік түрлеріне, өскен ортасына, биологиялық даму сатыларына, өсіру және жинау әдістеріне байланысты алкалоидтардың мөлшері де әртүрлі болады. Алкалоидтар суда ерімейді, бірақ түрлі органикалық қышқылдармен тез байланысып, суда ерітінді түзеді. Медицинада алкалоид тұздарының судағы ерітіндісі қолданылады. Алкалоидтар дәмі ащы, көпшілігі улы, күшті әсер еткіш дәрілік заттар тобына жатады. Фармакологиялық әсері өте көп.
Шайыр — күрделі химиялық қосылыс, жабысқақ, суда ерімейтін, әртүрлі иісті зат. Сұйық шайырды бальзам деп атайды. Өсімдікте шайыр жолдарында болады. Егер өсімдіктің сыртқы қабаты жарақаттанса, шайыр толық жауып, кеуіп қалудан жэне микроб түсуден қорғайды.
Шайыр қылқанжапырақтыларда, қайыңның бүрі мен жапырағында, алоэ да кездеседі. Медицинада оларды бактерияға қарсы, ал тұндырмасы ішкі органдырға пайдаланады. [3, 79 - 84]
Қарағайдан алынған шайыр медицинада кең қолданылатын «клеол» пластырь құрамына кіреді. Ежелгі Египетте ладаң, мирра, канифоль сияқты шайыр заттарын өлген адамды бальзамдау үшін қолданған. Бірі сүргі ретінде, екіншісі жараларды емдеуге, үшіншісі несеп айдауға дәрі ретінде қолданылады.
Шыны майлар мен майға ұқсас заттар. Глицеринді күрделі эфирлер мен жоғары май қышқылдарының қосылыстары. Май құрамына қаныққан және қанықпаған қышқылдар кіреді. Қаныққан май қышқылдары құрамында пальмитин, стеарин, миристил жэне лаурин қышқылдары болады. Шыны майы көбінесе өсімдіктің тұқымында кездеседі, тек зәйтүн майы етті зәйтүн жемісінен өндіріледі. Шыны майлар суда ерімейді, спирттің суық ортасына қарағанда ыстық ортада тез ериді. Медицинада өсімдік майларын (мазь, кремдер, сабын) теріні жұмсарту үшін кең қолданады. Көпшілік майлар құ - рамындағы қанықпаған қышқылдар қан құрамындағы холестеринмен байланысып, тез еритін қосылыстар түзеді де, ағзадан шығаруға көмектеседі. Сондықтан шыны майларын «эссенциальды» деп атайды, организмде түзілмейді. Ең бағалы болып жүгері, күнбағыс, зәйтүн майы саналады. Өсімдік майын көп қолданатын Үнді, Қытай, Жапония елдерінде Америка, Европа елдерімен (бұл елдер көбінесе жануарлар майын қолданады) салыстырғанда атеросклероз ауруларына шалдығу біршама төмен. Майға ұқсас заттарға балауыз, стериндер, камфора кіреді, оларды да дәрі дайындауға қолданады. Сапониондер — бұл да гликозидтер, шайқағанда сабынның көбігіндей көбік пайда болады. Латынша «сапо» — сабын. Олар қант пен агликонға бөлінеді. Оны сапогенин деп атайды. Сапгенинді қақырық түсіруге, несеп айдауға, түрлі мүшелердің бекуіне жэне организмнің қызметін жақсартып, қуаттандыруға қолданады. Витаминдер — латынша «vita» өмір сүруге керекті, биоогиялық белсенді органикалық зат. Организмнің бірқалыпты дұрыс тіршілігіне өте қажет. Олар адам организміне тағаммен бірге енеді.
Витаминдер зат алмасу процесіне қатысады, түрлі науқастарға қарсы тұрақтылықты қамтамасыз етеді және организмде ферменттер құруда үлкен маңызы бар. Қазіргі уақытта 30 - дай витаминдер бөлініп алынды, олардың 20 - дай түрі адам организмине өсімдіктер тағамымен енеді. Дәрілік өсімдіктер шикізаты - адам организміне керекті витамин алуға өте құнды қайнар бұлақ. Л витамині — өсімдіктер майы құрамында кездеседі. Оның жеткіліксіздігі көздің құрғақ көз (ксерофтальм) ауруына шалдықтырады, бетті безеу басады, тері жаралары іріңдегіш келеді, тәбет нашарлайды, адам шаршағыш келеді. Бұл витамин осы ауруға қарсы шипа. Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан – ақ ата - бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып - біліп, оларға ат қойып, жеміс - жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі - дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер - оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін. Халық емшілерінің тәжірибесінен қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған. Солардың бірі – Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктермен емдеп жазады. Ырғызбай емшінің кезінде айтып кетуі бойынша, кейбір шөптер мен тамырлар аралас кептірілсе, сақталса күш - қуатын жоғалтады екен. Ол сол себепті шөп, тамырларды бөлек - бөлек сақтайтын үш қанат күркені алдын - ала дайындап, оған сөрелер орналастырған, қапшықтар мен қалталар әзірлеп, оны керегеге іліп қойған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дәрі - дәрмек жасайтын ыдыстары мынандай болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөңкелер, күміс тегештер мен мүйіз тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез құтылар, емдік майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық және тұнбаларды құятын басқа да қажетті заттар. [5, 50 - 54]
Дәрі – дәр5мектердің мөлшерін анықтайтын нәзік таразысы да болған. Дәрі - дәрмектер дайындау барысында Ырғызекең жылқының қылы мен түйенің шудасын, тарамысты да пайдаланыпты. Атақты Ырғызбай емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағынан, тамырынан дәрі - дәрмек жасағанда олардың қандай ауруға қалай қолданғанда ем болатынын табиғи түйсікпен біліп, дамытқан. Емшінің үйінен қысы - жазы кенекұнжұт, түймешетен, адыраспан, долана, көккекіре, суқалампыр, қарандыз, киікот, шайқурай, тікенжиде, тәуіпдәрі, томардәрі, қасқыртамыр, жантақ, мыңжапырақ, жаушүмілдік тәрізді өсімдіктер үзілмеген. Ол улы шөп - тамырларды аса сақтықпен жіңішке ауруларға, тері ауруларына, күйікке қолдана біліпті. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілік өсімдіктер дегеніміз – медицинада әртүрлі ауруларды емдеу үшін және олардың алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктерден керекті дәрі алумен қатар құрамында әртүрлі витаминдер, белок, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты. Оларды тағамдыққа және халық қажетіне пайдаланады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т. б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. Бұлардың ішінде көбіне шөп түрлерін тағамға пайдалану жағы басым. Өсімдіктердің осылай заттар көп жиналған бөліктері дәрі ретінде қолданылады.
Қазіргі кезде бұрынғыдай шипалы өсімдіктер мен шөптер керек.
Өсімдік – адам ағзасына қажетті дәруменнің қайнар көзі. Дүниежүзіндегі барлық дәрілердің өсімдіктерден алынатыны анықталды. Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты. Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына ертеден белгілі.
Әйгілі ғалым Ибн Сина 700 – ге жуық өсімдіктердің емдік қасиеті бар екенін анықтаған.
2. 2 Бейнеудегі емдік шөптердің бірі – жантақ.
Бейнеуде кездесетін ең кең тарағаны – жантақ. Жантақ шөл және шөлейтті аймақтарда кездеседі, кейде тіпті дала аймағының оңтүстік бөлігіне дейін кіреді, шөлдегі сазды далаларда және сортаңды құмды шөлде, суарылатын жерлерде арамшөп ретінде өседі. Бұл әсіресе құрғақшылыққа өте төзімді өсімдік. Ондай жерлерде су топырақтың өте терең қабатында ғана болады.
Өзіміздің ауылымызда күнделікті көріп жүрміз. Бұл әсіресе құрғақшылыққа өте төзімді өсімдік. Шөл мен шөлейтті аймақтарда кездеседі. Топырағы ылғалды өте аз, аптапты ыстық жерлерде өседі. Ондай жерлерде су топырақтың өте терең қабатында ғана болады.
Жантақ тамырының ұзындығы 15 – 20 метрге дейін жетеді. Биіктігі 30 – 100см болады. Бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған түрлері кәдімгі жантақ, қырғыз жантағы. Жапырағы жұмыртқа пішінді домалақ, шеті бүтін жиекті. Гүлі қызыл, мамыр, маусым айларында гүлдейді. Тамызда жеміс береді. Дәні бүйрек пішіндес немесе төрт бұрышты.
Дәрі жасау үшін шөбін жаз айларында, ал тамырын күзде жинайды. Жантақ шілде, тамыз айларында гүлдейді. Дәрі жасау үшін шөбін жаз айларында, ал тамырын күзде жинайды. Құрамында С витамині, каротин, шілік заттар, эфир майлары, гликозиттер бар. Оның іш жүргізетін, несеп айдайтын, тер шығаратын, өт жүргізетін және қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар.
Өсімдіктің жапырақтары мен бунақтарынан жасалған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда пайдаланады. Тамырынан жасалған дәрілер геморой түйіндерін, дене сыртындағы жарақаттарды емдеу үшін қолданылады.[4, 25 - 29]
Бүйрекке тас байланғанда, құм пайда болғанда, жүректің қызметі нашарлап, денені ісік шалғанда да жантақтан жасалған тұнбалар өте пайдалы. Өсімдікті сақтаудың қарапайым әдісі – кептіру. Өсімдікті толык піскенде жинау керек.
Жантақ - дәрілік өсімдік. Оның қабығында қант, Витамин С, А эфир майы, ал тамырында алкалойдтар, глюкозидтер және шайыр бояғыш заттар болады. Гүлдеп тұрған шіліктері бал өндірудің бағалы көзі болып табылады.
Араның бір жанұясы тәулік ішінде ұяшыққа, омартаға 2 – 4 кг бал әкеледі. Гүлінен ара бал жинайды.
Менің ғылыми жобамның аты « Жантақ – емдік шөптердің бірі»
Мен бұл жобаны алудағы мақсатым болашақта дәрігер болғым келеді. Сол кезде ауруларды дәрілік шөптермен емдесем деймін.
Дәрілік шөптер өте пайдалы деп санаймын. Зауыттан шыққан дәрілер адам ағзасына бір жағына пайда келтірсе, екінші жағынан зиян келтіруі мүмкін.
Сол себепті дәрілік өсімдіктердің түрлері қай ауруға тиімді екенін білгім келеді. Адам денсаулығына зиян келтірмейтін дәрілік шөптермен емдегім келеді. Сондықтан да бұл жобамен айналысу маған өте ұнайды.
Пайдалану жолдары:
· Жантақ өсімдігінің тамыры және жер үсті бөлігі халықтық медицинада бауыр, асқазан және тамақ баспасына (ангина), дизентерияда, ( іш өткенде), қуыққа тас байланғанда, өт, өт жолдары қабынғанда пайдаланады және жараны емдеуге қолданылады.
Жемісінен тұнба жасау жолы:
· Жеміс пен суды алып жемістің бірнеше бөлігін 5 – 10 минут қайнатып, бір тәулік тұндырып қояды. Даяр тұнбаны сүзгіден өткізеді. Тұнбаны 2 – 3 тәулікке дейін пайдалануға болады. Бауыр, асқазан, өт жолдарына ішуге болады.
Тамырынан тұнба жасау жолы:
· Тамыры іш жүргізетін (запор) дәрі ретінде төмендегіше дайындалады. 20 грамм тамырды 200 грамм суға 10 минуттай қайнатып, 2 сағаттай тұндырып қояды. Тұнбаны сүзгіден өткізеді. 4 – 5 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Жас баланың іші өткенде гүлін кептіріп, қайнатып беруге болады
III. 1 Қорытынды
Қазақ халқы ертеден – ақ өсімдіктердің дәрілік қасиеттерін білген. Жанға шипа, дертке дауа емінің бәрі өсімдіктерден алынады. Қазақстанның өзіне ғана әр түрлі дәрілер дайындайтын өсімдіктердің саны жүзден асады. Көп тәжірибенің нәтижесінде өсімдік қасиеті кейбір өсімдіктің жапырағында, ал кейбіреулердің тамырында немесе тұқымдарында болатыны анықталды.
Кейінгі кездері шөптің қайнатпасы ағзаның қорғану қасиетін арттыратыны белгілі болды. Қазақстанның оңтүстік аудандарында өсімдіктің гүлінің қайнатпасы шай орнына жиі қолданылады. Ол біріншіден шөлді қандырады, екіншіден терінің бөлінуін азайтады. Ашаршылық жылдары жантақ тәттінің орнын басады. Ол сабақтардың және бұтақтардың бас жағынан бөлінетін ұнтақ тәрізді тәтті зат, сегіз – он түптен 1кг жиып алуға болады. Бұл қанттың орнын алмастыратын зат балалар үшін ерекше. Шөлде адасып кеткен адам үшін түйе жантақ тек азық қана емес, сонымен қатар сусын. Одан суды алу өте оңай. Жантақтың түбіне полиэтилен қапшықты кигізеді. Бір сағатта одан 30 – 50гр су жиналады. Осындай 5 – 6 қапшығы бар адам бір күнде екі литрдей су жиып алып шөлін басады. Тәуіптер мен емшілер өсімдіктерге көп көңіл аударған. Олар өсімдіктерді қайнатып үгіп және сығып қайнатқан суын, майын, ұнтағын және жақпасын әртүрлі ем жасау үшін алған.
Жантақ шөбі өт ауруларына, асқазан жарасына, бүйрекке, қуыққа тас байланғанда, сонымен қатар, несеп айдайтын, өт айдайтын, тері айдайтын, жөтелді басатын әсері бар. Тамырынан жасалған дәрілер геморрой түйіндерін, іш жүргізетін, дене сыртындағы жарақаттарды емдеу үшін қолданылады.
Зерттеу барысындағы ұсыныстар:
1. Жантақ шөбінің емдік қасиетін дәріптеу.
2. Халық медицинасындағы көптеген емдік шөптерді лицензиялау.
3. Жаңа технологиялардың көмегімен жоғары сапалы дәрі – дәрмек өндіру (әсіресе жантақтан).
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Ұлттық энциклопедия., 3 том Г – Ж., «Қазақ
энциклопедиясының», Бас редакциясы Алматы, 2001
2. А. А. Иващенко., Қазақстанның өсімдіктер әлемі.,
Алматы кітап, 2004
3. Маңғыстау энциклопедиясы «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2008
4. Бейнеу, Тарихи – танымдық әңгімелер, Алматы 2002
5. Бейнеу, Өлкетанытқыш зерттеулер, Алматы, Қағанат – ҚС, 1999
6. Қазақстан табиғаты. 2 том. Ж – Қ, «Қазақ энциклопедиясы»,
Алматы, 2009
7. Маңғыстау энциклопедиясы, «Атамұра» баспасы, Алматы, 1997
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру