Қызыл мияның емдік қасиеті
Мардан Байділдаев атындағы
№232 орта мектебінің
7 «а» сынып оқушысы Жәмет Замира
«Қызыл мияның емдік қасиеті» тақырыбындағы ғылыми жобасына
Аннотация
Бұл зерттеу жұмысында Жәмет Замира Қызыл мияның емдік қасиетін зерттеген.
Табиғаттағы өсімдіктер адам өмірінде маңызды қызмет атқарады
Қызыл мия өсімдігінің қасиеттері де жетерлік.
Міне, Жәмет Замира « Қызыл мияның емдік қасиеттері» тақырыбындағы жұмысында ғылыми әдебиеттерден деректер жинап, практикалық зерттеулер, жұмыстарын жасаған.
Жұмыс жасау барысында жоба жұмысы Кіріспе бөлімі, Негізгі бөлім, Зерттеу бөлім, Қортынды, Пайдаланылған әдебиеттер тізімі және суреттер бөлімінен тұрады.
Кіріспеде табиғаттағы өсімдіктер әлемі, оның дамуы мен көптүрлілігін атап көрсеткен.
Негізгі бөлімде дәрілік өсімдіктердің көптүрлілігін, оның шығу тарихын, пайдалану ерекшеліктерін, сонымен бірге зерттеу жұмысы Қызыл мияның адам денсаулығын емдеуде адам ағзасына пайдалылығын ашып көрсеткен.
Зерттеу бөлімінде халық емінің қасиеттерін, одан жасап алынған өнімнің пайдасы мен негізгі қасиеттеріне тоқталған.
Жоспары:
I. Кіріспе: «Табиғат - тілін білгенге, сырын ұққанға тәлімі мол мектеп»
II. Негізгі бөлім: а) «Жанға - шипа, дертке – дауа дәрілік өсімдіктер»
ә) «Қызыл мия өсімдігі»
б) «Қызыл мияның емдік қасиеттері»
в) «Құнды деген өсімдігіміз құрып барады»
III. Зерттеу бөлімі:
«Қызыл миядан дайындалатын емдік шәрбәт пен майдың қасиеті»
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе:
«Табиғат - адам қазынасы»
Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп өнер мекені.
Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағат ұлататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
Табиғат – адамзат қоғамының байлығы, тіршілік көзі
Табиғат ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақшысы.
Табиғат байлығы ортақ байлық, ұрпақтар байлығы.
Табиғат байлығының бір тобы жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті - жасыл әлем. Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы зор. Ол әртүрлі тамақтық өнімдердің, техникалық және дәрілік шикізаттың құрылыс материалдарын өндірудің негізгі көзі.
Өсімдік тіршілік негізі. Олар түзетін органикалық заттармен бүкіл тірі ағзалар қоректенеді.
Өсімдік табиғат қазынасы, халықтың байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршілктің болуы да мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, ол тіршілікке қажетті органикалық затпен оттегінің қайнар көзі, өсімдікте түзілген заттарды бүкіл тірі организмдер пайдаланады.
Тірі организмдер тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізі осы өсімдіктерден алынады, өсімдіктерден тұрады.
«Өсімдіктер дүниесі табиғаттың өндіргіш күші іспеттес» деп, ғалым М. И. Галенкин тегін айтпаса керек. Табиғаттағы тағамдық, техникалық, дәрілік қасиеттері бар өсімдіктер табиғи ресурстардың негізін құрайды. Сондықтанда олар өндірісте, ауылшаруашылығында, медицинада кеңінен қолданылады., ауыл мен қалаларды көгалдандыруға, топырақты құнарландыруға пайдаланады.
Өсімдіктер тіршіліктің тірегі, әрі айналамызды қоршап тұрған табиғаттың бір бөлімі.
1
Адам мен қоршаған орта арасындағ қарым қатынас мәселесі және табиғат байлықтарын қорғау, сақтау жөніндегі нақтылы іс - шараны жүзеге асыру бүгінгі күні әр мемлекеттің, әр елдің өз бетімен атқаратын ісі ғана емес, барлық мемлекеттер бас қосып, күш біріктіріп, жұмыла жасайтын бүкілхалықтық мәселеге айналып отыр.
2
ІІ. Негізгі бөлім.
Жанға - шипа, дертке – дауа дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанның өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді.
Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу - Насыр әл - Фараби, Әбу - әли - Ибн - Сина, Беруни, Әл - Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген, т. б шығыс ғалымдары халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануға зор ықпал етті.
Қазақстанның өзінде ғана әртүрлі дәрілер алынатын өсімдіктер 500 - ден асады. Ал дүние жүзінде барлық дәрілердіңшежіресіне көз жіберсек, жүрек ауруын емдейтін дәрілердің 77 пайызы, ішек - қарын, бауыр дәрілерінің 74 пайызы, қақырық түсіретін дәрілердің 73 пайызы, мешел ауруына қарсы дәрілердің 62 пайызы тек қана өсімдіктерден дайындалады екен.
Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол “шипалы қойма” іспеттес..
Бұл жерде бірқатар эндемикалық өсімдіктер бар, олар дәрі жасау саласында өте маңызды роль атқарады. Бұл шөптерге: дала жусаны, тау эфедрасы, псерелея костянковая және т. б. Басқа да дәрілік шөптер: ит ошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дермене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ – бақ, шайшөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киіккот, тасшөп, т. б
3
Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездерде де адамға өте пайдалы болған, болып қала да береді. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, олар үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970 - 1980 жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі – 75 пайыз, соған қарағанда дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып, әр шөптің организмге қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде.
16 ғасырда алғаш рет Парацельс атты атақты дәрігер шипалық қасиеті бар өсімдіктерге химилық анализ жасад. Олда өсімдіктің емдік қасиеті бар, оның құрамындағы кейбір заттарға байланыст екендігіне баса назар аудара отырып, сол заттарды таза күйінде алуға күш салды. Олардың қатарына: қызыл ми, бақбақ, паслен дольчатый, өткір жапырақты кассия, дәрілік альтей, дәрілік календула, иісті рута, кәдімгі пижма, күмәнді иссоп, дәрілік валериана, мускатты жалбыз, кәдімгі фенхаль және түкті эрва, т. б. жатады.
Сондықтан да дәрілік препараттар өндірісінің дамуына актуальды түрде қарау, дәрілік шөптерге ғылыми – зерттеу жасау, интродукциялық жұмыс, өсімдік тұқымдарына биотехнологиялық және агротехникалық жағдайлар жасау керек.
Алтын тамыр. Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2, 5 - 3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамын - дағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек - қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ыр - ғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді.
Адыраспан. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің ауруын емдеуге пайдаланған. Малдәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді.
4
Арша. Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1 - 3, 5 метр, қысы - жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден - ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы. Ащы мия. Оны ақ мия деп те атайды. Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Бүкіл шөбі мен тұқымы дәрі. Басты ем болатын аурулары: жедел және созылмалы ди - зентерияға; асқазан ауырып, аздап запыран құсқанда; шиқан, сыздауық және басқа жарақаттың іріңдеуіне, жара - ларға; қышыма, бөріткен, ес - кілікті теміреткіге; ақ кір көп келуге. Улы дәрі. Абайлап қолдану қажет. Ащы қарбыз. Көп жылдық өрмелегіш сабақты өсімдік, ұзындығы он сантиметрдей. Тамыр түйнегі етті, сабағы көп бұтақты, мұртша ширатылып өседі. Басты ем болатын аурулары: кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына; кеуде толып, тынышсызданып ауырғанда; жүрек шаншып ауырғанда; емшек безінің шұ - ғыл қабынуына; жұтқыншақ ауырып, үн қарлығуына. Ащы қарбыз тамыры қанды несеп ауруына ем болады.
Арпа. Бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі бөртпелерді жазып, бүйрек - тегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуына ем.
Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады. Женьшень. Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 сантиметрдей, тамыры жуан, бұтақталған, сыртқы қабы - ғы ақ, қатты. Өте баяу өсіп, 10 - 11 жылдан кейін жеміс береді. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшеньнің тамырынан дайындалған дәрі - дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада организмнің жалпы тіршілік қабілетін, ауруға төзімділігін арттырып, кейбір жүйке және жүрек – қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады.
Мойыл. Биіктігі 3, 5 - 8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі – қара сүйекше. Дәрілік шикізат – жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын - шіркей, кене т. б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады.
5
Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын - шіркейі мол жерге шашылады.
Марал шөп тамыры. Бұғылар күз, көктемде бұл өсім - діктің тамырын тұяғымен қа - зып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері – көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке - жеке орна - ласқан. Оны мақсыр деп те атайды. Халық ертеден бері «алтын тамыр», женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.
Қара пышақ, күшәла. Қара пышақ – биіктігі 20 - 40 сантиметр болатын, көп жылдық шөп тектес, жартылай улы өсімдік, гүлінің ішкі беті қара түсті. Өзбектер оны күшәла деп атайды. Ортаңғы қабыршақ жапырақтың ішінен ұзындығы 5 - 8 сантиметр болатын, қарындаш тәрізді өзек - ше өсіп шығатын болғандықтан, орыстар оны карандаш дейді. Медицинада осы өсімдік тамырынан дәрі жасап, онымен өкпе туберкулезін емдеп келеді. Тобылғы. Раушан гүлділер тұқымдас, көп жылдық, шөп тектес өсімдік – тобылғының тұнбасы, майы көп ауру - ға ем. Гүлінің, жапырағының тұнбасымен малдың бүйрек, қуық ауруларын, асқазан – ішектің түйілуін, денесіндегі түрлі ісіктерді емдейді. Тобылғы майын малдың, адамның ісіп кеткен буындарына, сырқырап ауыратын тұстарына жағып, сырқатын жазады.
Қарандыз. Сазды жерде өседі. Түбін дәрі ретінде пайдаланады. Жөтелгенде түбірін аршып ауызға салады. Жербауырсақ. Жусанға, басқа шөпке жабысып өседі, бауырсаққа ұқсас. Оны қуығы тұтылған адам емге ішеді. Шырғанақ. Бұтағы тікенді, аса жуан емес, іші сары қатты ағаш. Оны ыстық - суық болып ауырғанда емдік дәрі ретінде қолданады. Шетен. Биіктігі – 3 - 20 метрлік, жұқа сұрғылт қабықты, көп жылдық жабайы ағаш. Оның жемісін бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады. Итмұрын. Жемісінің құра - мында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөл - шерде белок, май, гликозидтер бар.
6
Қызыл мия өсімдігі
Қызыл мия - бұршақ тұқымдасы мия туысына жататын көпжылдық шөп тектес өсімдік. Оның өсу деңгейі топырақ құнарына қарай 30 см - ден бір метрге дейін көтеріледі. Сыртқы қабығы қызыл қоңыр немесе қара қоңыр түсті, дәмі ащы, сабағы тік, жұмыр әрі жуан түп жағы ағаш тектес, жоғарғы жағы көп бұтақты болады. Бір қатарда 7 - ден 17 - ге дейін ұсақ жапырақшалары болады. Бүкіл сабағы жұмсақ түкті келеді. Тамыры көген тәрізді жұмыр әрі жуан, сыртқы қабығы қызыл қоңыр болып, тереңге созылып өседі.. Жапырақтары қарама - қарсы кезектесіп орналасады. Жапырақ формасы жұмыртқа тәрізді, бүтін жиекті келеді.
Гүл шоғыры сабақ қолтығында көбелек сияқты, көгілдір түсті келеді. Ұрығы имек қынаптың ішінде тұрады. Қынаптың сыртын жұмсақ түкшелер басып тұрады. Қызыл мия Қазақстанның далалы және шөлді аймақтарында, Жайық, Шу, Іле, Сырдария өзендерінің жағаларында өседі. Маусым тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі - бұршақ. Тамырында глюкоза(0, 6 - 15, 2% ), фруктоза(0, 3 - 4, 1%), сахароза(0, 3 - 20, 3%) 6 мальтоза(0, 1 - 0, 6%), крахмал(34%) бар, сонымен қатар органикалық қышқылдар, эфир майлары, глициррезин қышқылы, фенол карбон қышқылдары және олардың туындылары(кумарин, флавоноит, тері илегіш заттар, жоғары алифатты көмірсутектер және спиртер) болады. Жылтыр қызыл мия шөл далада, таулардың құмдауытты бөктерлерінде, жарқабақтарда жайқалып өседі.
Республикамыздың барлық жерінен кездестіруге болады. Аталған мияның тамыры дәрі, оны көктем мен күзде қазып алып, ұсақ, шашақ тамырларын қиып алып тастап, жуып - тазалап кептіреді. Шикідей немесе бал қосып жасалатын дәрілердің құрамына қосады. Қолқа демікпесін емдеуде бұл тамырдың алатын орны өте үлкен. Қасиеті тәтті, дәмді, жағымды райлы, уытсыз келеді.
Дененің ыстығын басып, уытын қайтарады. Көкбауырды күшейтіп, әлдендіреді. Өкпені дымқылдандырып, жөтелді басады. Кеудені босатып, қақырық түсіруге көмектеседі, дәрілерді теңестіреді. Денедегі ыстықты басуға шикідей істетіледі. Қуаттандыруға өңделіп істеті
7
8
Қызыл мияның емдік қасиеттері
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географилық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалқ қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден - ақ өз қажетіне жаратып келеді. Біздіңдәуіріміздің екінші ғасырында Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді.
Ол өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады.
Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасаған дәрімен емдеді.
Біздің дәуірімізге дейінгі шамамен 484 - 426 жылдары өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы Геродот қазақ даласына кең тараған шөптесін өсімдіктің бірі – мияның тамырын мың - сан дертке дауа екендігіне орай «Сақтың, яғни скифтің алтын тамыры» деп атаған екен.
– Мия тамырының сығындысы ежелден шипалы шикізат ретінде белгілі. Оның, әсіресе, асқазан, бауыр, өкпе дертінен арылуға және суық тигеннен жазылуға септігі мол. Сондай - ақ аталмыш сығынды ер адамның бел қуатын күшейте түседі. Медицина саласындағы ғалымдар тарапынан әлі ресми мәлімдеме болмаса да, мия тамырының сығындысынан дайындалған дәрі - дәрмек арқылы қатерлі ісік ауруларын емдеуге болады деген ақпарат соңғы кездері жиі қылаң бере бастады.
Қолқа демікпесіне берілетін глициам дәрісі осы қызыл миядан жасалады. Түрлі тері ауруларына, аллергияға, асқазан жараларына, ішектердің созылмалы сырқаттарына тиімді дәрі ретінде белгілі. Нақтылап айтқанда, қолқаны тазалап, қақырық түсіруге, жөтелді бастыруға 30 г мия тамыры, 15 г қылша, 15 г өгейшөп гүлі, 15 г қарағай бүршігі, барлығын қосып, жарты литр суға қайнатып, 40 минут бұқтырады. Астан бұрын күніне үш рет ішеді. Бір қайнатқанды екі күннен асырмау керек. Бір емделу мерзімі 15 - 20 күн.
Асқазан және он екі ішек жарасына 31 г ақ жүрек, 30 г балмен өңделген қызыл мия, 16 г тырнақ гүлді қосып араластырып, әр жолы 3, 5 грамнан қайнаған сумен ішеді.
9
Жұтқыншақ қабынып, өкпенің ыстығы көтерілсе, жөтел қысса шикі қызылмия, қоңырау гүл, ошағанның әрқайсынан 9 грамнан қосып, суға қайнатып ішеді.
Адам ысытығы көтеріліп, есі ауысып ауырғанда 31 г тамырдан, солыңқы бидай (дәні толық піспей бүрісіп қалған) 9 г, өңделген мия тамырынан 9 г, шылан ағашының 6 дана жемісі, сарана гүлінен 18 г, қарабас шөбінен 12 г, ерте заманда өлген жануарлардың тасқа айналған сүйегінен 9 г қосып, суға қайнатып, ішеді.
Бұзылған тағамдардан уланған кезде: шикі қызыл мия мен бұршақтың әрқайсынан 31 грамды суға қайнатып, ішу керек.
Қызыл мияны көз мөлшермен өлшеп, қалыптан асырып алуға болмайды. Ол шамадан асып кеткен жағдайда дене ісінеді. Ет пен терінің арасында натрий қышқылы жиналады. Жоғарыда аталған өсімдіктерден басқамен қосуға да болмайды. Демек, әр дәріні өз мөлшерімен ыңғайына қарап қабылдағанда ғана тиімді болатынын ұмытпаған жөн.
Жүректің ыстығын басып, уытты қайтарады. Көкбауырды күшейтіп, әлдендіреді. Өкпені дымқылдандырып, жөтелді басады.
Ауылшаруашылық дәрілерден(фосфорлы дәрілер) уланғанда, 120г қызыл мияға 15г тәлікті қосып қайнатып, салқындағаннан кейін күніне үш рет ішеді.
Қорғасыннан уланғанда 9г қызыл мия мен 12г өрік дәнін суға қайнатып, күніне екі реттен 3 - 5 күн ішеді.
Улы газбен уланғанда, қызыл мияны қара бұршақпен қосып қайнатып, суын ішеді. Пайдалану мөлшері: 4, 5 - 9г қызыл мияның құрамында қызыл мия қышқылы, күделі қанттар және крахмал бар.
Үгілген қызыл мия тамырының бір ас қасығына бір құты қайнап тұрған су құйып, 30 минут тұндырады. Дайын тұнбаны сүзіп, бір ас қасықтан күніне 3 - 4 рет ішеді
10
Құнды деген өсімдігіміз құрып барады
Құнды деген өсімдігіміз құрып барады. Дәлдей айтсақ, оны құртып жатыр.. Қызылмия - адам ағзасына өте пайдалы дәрілік шөп. Оның тамыры түрлі дәрумендерге бай, сондықтан, үлкен сұранысқа ие, әрі бағасы да «удай».
Оңай табыспен қалтасын толтырғысы келетіндер бұл шөпті тамырымен қазып алып, шет елдерге сатып жатыр. «Ал, қазылған жерлер сол бойы қалып, 2 - 3 жылға дейін түкке жарамсыз болып жатыр»
Бұрын Қытайға Қазақстанның ақбөкенін қырып салып, мүйізін өткіздік.
Одан кейінгі кезек қасқырдың өтіне келді.
Жүн - жұрқа, темір - терсектен Қытай 50 жылдық қор жасап алған деген дерек бар.
Енді міне, қызыл мияға ауыз салып жатырмыз. Айуан¬дық жыртқыштықпен!
Қазір оңтүстіктегі ағайын мақта теруге бар¬май¬ды. Оның жүз келісін тергенде, күніге 1500 теңге таппайды. Ал қызыл мияны тамырымен қопарып, жинап өткізген адам күніне мың жарым теңге табыс табады.
Бүгін жаппай мия жинауға көшті жұрт. Сирек кез¬десетін мұндай өсімдіктен мәңгілікке айырылу қаупі төнді. Қасиетті қара жер ауыр техникамен жыртылып, сатарманды қызықтыратыны мияның тамыры. Жалпы, бұл аумақта мияның қызыл және көк түрі өседі, көгі «Қызыл кітапқа» енген. Оған қарамастан, екеуінің де тамыры аяусыз қазылып алып жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай тамырдың бір тоннасы 450 мың теңге тұрады. Оны қытайлықтар сатып алып жатқан көрінеді.
Көбіне, барлық жағдайда заңсыз кәсіппен айналысып жүргендерді жауапқа тартудың реті келмейді. Ұсталғандары жеңіл әкімшілік жазаға тартылып, тірлігін қайталай береді.
Адамзат келер ұрпаққа аманат болар, табиғаттың керемет осындай сыйын жоспарсыз, мақсатсыз залал келтіруде.
11
Жалағаш ауданынан қызыл мия өсiмдiгiн өңдеп, экспортқа қабiлеттi дәрi - дәрмек, сондай - ақ жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiне қажеттi шикiзаттар дайындап шығаратын iрi зауыт салынғалы отыр. Егер жобаны аймақтық үйлестiру кеңесi қолдаса, биылғы жылы зауыттың iргетасы қаланатын болады. Жобаның бастамашысы: «БИС - Групп» ЖШС - i.
Зауыттың жоғары қуаттылығы 1000 тонна Мия тамырының экстраты, 100 тн Глициризинат моноамония өндiредi. Сонымен бiрге зауытта 156 адам тұрақты, 564 адам маусымдық жұмыспен қамтылады. Аудан әкiмдiгiнде өткен арнайы басқосуда жоғарыда аталған жобаны жан - жақты таныстырған «БИС - Групп» ЖШС - нiң өкiлi Дiлдахан Ахметов Қытай, Жапония, Оңтүстiк Корея елдерiнде iрi сауда айналымында жүрген сапалық құрамы өте жоғары, нарықтағы бағасы тұрақты осынау өнiмнiң Қазақстан мемлекетi төңiрегiнде көптеп өсетiнiн айтты. Жергiлiктi жердiң табиғатына сай өнiмдi аграрлық талапқа сәйкес егу, жинау жұмыстарына аудандағы шаруашылық құрылымдарын жұмылдырса, бұл iстiң жоғары нәтиже беретiнiн атап көрсеттi. Әрине алғашқы уақытта Қытай, Жапония елдерiнен бiлiктi мамандар келiп, шикiзатты өңдеу технологиясын үйрететiн болады. Түпкi мақсат - отандық өндiрiстiң әлеуетiн арттыру. Зауыт iске қосылып, толық қуатында жұмыс жасайтын болса, мұнда жыл бойына 700 - дей адам тұрақты жұмысқа тартылады
12
III. Зерттеу бөлімі
Қызыл миядан дайындалатын емдік шәрбат пен майдың қасиеті
Менің бұл зерттеу жұмысымның мақсаты өсімдіктерді, яғни табиғатымызды қорғау болып табылады.
Аз кездесетін өсімдіктердің, соның ішінде жергілікті дәрілік өсімдік қызыл миядан жасалынатын табиғи дәрілердің емдік қасиеттерін зерттеп, ел арасында жариялау мақсатында біршама зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Осы мақсатта Еңбек ауылында Халық емшілігімен айналысатын Оразкүл апамен байланыс орнатып, өзінің ел арасында науқастарға шипа беру мақсатында қолданып жүрген табиғи емдерін, соның ішінде қызыл миядан және оның тамырынан дайындалатын емдік шәрбәт пен майдың алыну жолдарын қарастырдық.
Қызыл мия тамырынан жасалатын емдік шәрбат пен майдың дайындалу жолы.
1. Қызыл мияның тамырын көктем мен күз мезгілдерінде қазып аламыз.
2. Содан кейін екі шетіндегі кішкене тамырларын, жас өркендерін алып тастап, жақсылап тазалап, жуып, қабығын аршимыз.
3. Тамырды турап, оған ыдыс көлеміне қарай су құямыз.
4. 15 минут оны қайнатамыз.
5. Тамырды жұмсарғанша қайнатамыз.
6. Дайын болған шәрбатты сүзіп аламыз.
7. Қайнаған тамырды жақсылап еземіз.
8. Езілген тамырға 1 шай қасық спирт құйып, араластырамыз.
9. Бұл қоспадан май шығады.
10. Шәрбатқа 1, 5 қасық бал қосамыз.
а) Дайын болған шәрбаттың емдік қасиеті зор. Ол адамның иммунитетін көтеріп, көктемгі уақытта күш береді, ағзаның жұмысын күшейтеді. Оны пайдалану жолдары:
13
Салқын жерде сақтап қойып, таңертеңгілік 1 стаканмен ішуге болады. Қаны аз адамдарға дәрумен ретінде ішсе пайдалы. Дәмі тәтті, усыз, суық тиюдің алдын алуға болады.
б) Дайындалып жасалған майды аяқ сырқырағанда аяқтың табанынан бастап санға дейін сылап жақса, ауырғаны қайтады. Теріге шығатын әртүрлі тері ауруларына қарсы, атап айтсақ сыздауық, ұшық тағы да басқа жараларға жақса кетіреді.
Қызыл миядан жасалған майдың косметикалық маңызы да зор.
Көктемгі уақытта адамның бетіне шығатын қара дақтарға крем, яғни қызыл миядан дайындалған май(косметикалық құрал) ретінде де пайдалануға болады
Беттің құрғақ терісіне нәрлендіру үшін пайдалану да көп көмегін береді.
Адамның аяғына салмақ түскенде, буындар ісініп ауырғанда, аяқа тамырларының ісінуі кезінде (варикоз) осы алынған дәрілік майды жақса да өз емін береді..
Дайындалып жасалған майды аяқ сырқырағанда аяқтың табанынан бастап санға дейін сылап жақса, ауырғаны қайтады. Теріге шығатын әртүрлі тері ауруларына қарсы, атап айтсақ сыздауық, ұшық тағы да басқа жараларға жақса кетіреді.
Адамның аяғына салмақ түскенде, буындар ісініп ауырғанда, аяқта тамырларының ісінуі кезінде (варикоз) осы алынған дәрілік майды жақса да өз емін береді..
14
Қорытынды
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т. б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Жиі кездесетін улы өсімдіктер. Біздің жеріміздегі өсімдіктердің қай - қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі - дәрмек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тәжірибелік қажет..
Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездерде де адамға өте пайдалы болған, болып қала да береді. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, олар үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады
Бұрын Қытайға Қазақстанның ақбөкенін қырып салып, мүйізін өткіздік.
Одан кейінгі кезек қасқырдың өтіне келді.
Жүн - жұрқа, темір - терсектен Қытай 50 жылдық қор жасап алған деген дерек бар.
Енді міне, қызыл мияға ауыз салып жатырмыз. Айуан¬дық жыртқыштықпен!
Қазір оңтүстіктегі ағайын мақта теруге бар¬май¬ды. Оның жүз келісін тергенде, күніге 1500 теңге таппайды. Ал қызыл мияны тамырымен қопарып, жинап өткізген адам күніне мың жарым теңге табыс табады.
Бүгін жаппай мия жинауға көшті жұрт. Сирек кез¬десетін мұндай өсімдіктен мәңгілікке айырылу қаупі төнді.
Адамзат келер ұрпаққа аманат болар, табиғаттың керемет осындай сыйын жоспарсыз, мақсатсыз залал келтіруде.
15
ҰСЫНЫС:
• Қызыл мия өсімдігін ел асырып, басқа халықтың мақсатсыз пайдалауына билік тарапынан жол берілмесе.
• Әлеуметтік тұрғыдан халыққа қолжетімді қызыл миядан жасалған дәрілерді ел арасында кеңінен насихатталып, пайдаланса.
16
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру