Информационно - познавательный
сайт №1 в Казахстане.
» » » Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Жантақ емдік шөптердің бірі

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Жантақ емдік шөптердің бірі

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Жантақ емдік шөптердің бірі казакша Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Жантақ емдік шөптердің бірі на казахском языке
Зерттеу мақсаты:
Жергілікті жердің дәрілік шөптерін танып, ажырата білу, оны күнделікті тұрмыста ересектердің көмегімен қолдана білу жолдарын зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты.
Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына бұрыннан белгілі, оны пайдалану жолдарын зерттеу аса өзекті тақырып болып табылады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:

1. Ғылыми жұмыстың тақырыбы таңдалып, қажетті материалдар мен зерттеулер ізделіп, олар жүйеленді.
2. Баспасөз материалдары және ғылыми еңбектер мен көркем әдебиет материалдары жинақталып, шолу жасалды. Жергілікті өлкетану мұражайына саяхат жасалып, көне жәдігерлермен таныстым.
3. Бейнеу керуен сарайлары туралы баяндама, және буклеттер дайындалды.
Жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары:
Өсімдік – адам ағзасына қажетті дәруменнің қайнар көзі. Дүниежүзіндегі барлық дәрілердің өсімдіктерден алынатыны анықталды. Қазақстан жерінде де көптеп өсетіні белгілі болды. Дәрілік өсімдіктерде пайдалы заттар өте көп. Олардың емдік қасиеттері бар, витаминдер мен минералды заттар да бар. Көп тәжірибенің нәтижесінде өсімдік қасиеті кейбір өсімдіктің жапырағында, ал кейбіреулердің тамырында немесе тұқымдарында болатыны анықталды.
Қорытындылардың практикалық тұрғыдан пайдаланылуы:
Зерттелген жұмыс дүниетану сабақтарында, факультативтерде, үйірмелерде, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде қолданылды.

1. 1 Кіріспе
Қазақстан Евразияның орталығында орналасқан байтақ ел, жер көлемі 2 млн. 715 мың шақырымға созылып жатыр. Қазақстанның табиғи зоналары да географиялық ендік бойынша орналасқан, өзара үйлесімді. Мұндай үйлесімділік еліміздің өсімдіктер әлемінің жан – жақты әрі әр түрлі болуын қамтамасыз етеді. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда жоғары сатыдағы 5754 өсімдіктер түрі кездеседі. Әлбетте бұл сандар түпкілікті емес, Қазақстан ботаниктерінің үздіксіз зерттеулері әрбір аймақ үшін, сондай – ақ ғылым үшін жаңалық болып табылатын түрлермен толықтырып отырады.
Жерасты қазыналары мен тарихи – мәдени ескерткіштерге мейлінше бай Маңғыстау түбігіндегі ерекше жаратылысты өлкелердің бірі – Бейнеу.
Бейнеудің өсімдіктер дүниесі мен жайылымдық шөбінің өнімділігі ерте кездерден - ақ басталып жақсы зерттелген. Қарақұм, Сам, Матай құмдары мен Үстіртте және түлейлерде сексеуіл, жүзген, жыңғыл, қоянсүйек, шағыр; Оңтүстік Үстірттің Сам құмын орап жатқан бөлігінде баялыш, тау бойы мен құм жиектерінде қаттықара, теріскен, түйесіңір, тораңғы, тобылғы, бозда өседі. Жердің бедері мен құрылымына, топырағының ащы – тұщылығына қарай теріскен, күйреуік, жантақ; теңіз жағаларында сораң мен қаңбақ садақ аралас өскен. Итсигек пен адыраспан ел отырған немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі. Қарақұмның құмы мен бұйрат жазығында еркек пен боз бидайық, ақшөп өседі. Қоректік сапасы жоғары изен, жантақ, алабота, ажырықты әр жерлерден сирек те болса кездестіруге болады. Өлкеде жыл сайын қоныс бола бермейді. Көктемгі желсіз және жылы, жаңбырлы болған жылдары шөптің қай түрі де көп өседі.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!




Загрузка...

KZ / Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін], гылыми Жантақ емдік шөптердің бірі жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Биология ғылыми жұмыстар пән, Жантақ емдік шөптердің бірі, гылыми Жантақ емдік шөптердің бірі жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа сборник готовых научных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском дайын гылыми жумыстар жобалар Биология ғылыми жұмыста, Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Жантақ емдік шөптердің бірі Қазақша Ғылыми жоба мен жұмыстар жинағы