Оқу орындарына Wi-Fi керек пе?


Алматы облысы, Талғар қаласы,

Талғар политехникалық колледжінің

№ 20 топ студенті Омархан Адай Ережепулы

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Жаппай ақпараттандыру ғасырында оқу орындарын ғаламторда сымсыз байланыспен қамтудың қажеттілігі қаншалықты.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми - техникалық әлеумет және оның өзін - өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары сөзсіз. Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің «ілгерілеуінің» белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б. тіркестермен тығыз байланысты.

Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, ғаламторда жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, ғаламтор желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелері, тікелей сандық теле және радиохабар тарату, шұғыл корпоративтік және кең жолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны жасырын емес. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез - келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Зерттеудің жұмысының мақсаты: бұл жоба оқу орындарындағы білім алушылар Wi - Fi – ды пайдасы мен зияндылығын анықтау.

«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Сонымен қатар бүкiләлемдiк желiнi пайдалануа Wi - Fi желісі ақпарат жеткізуде көп пайда кiргiзіп, кең таралуда. Осы технологияның арқасында ғаламторға жылдам кіріп қолдануға болады. Wi - Fi – дың ерекшелігі бір - бірімен сымсыз байланыса отырып, оқу орындарында мобильді құрылғылары және планшет, ноутбук бар, білім алушылардың барлығы қолданады. Бүгінгі таңда әлемнің атақты ғалымдарының өзі жас ғалымдардың ашқан жаңалығына назар аударып, экспериментті тағы да қайталап көретіндігін айтты.

Зерттеудің міндеті:

4. Оқу орындарында Wi - Fi - дың тиімділігін анықтау

5. Wi - Fi - дың адам денсаулығына әсері.

6. Адамға Wi - Fi - дың зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік беретін ережелермен таныстыру.

Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын Нидерланды елінде де осыған ұқсас зерттеу жүргізілген болатын. Ол кезде Wi - Fi желісі бар жердегі ағаштарға эксперимент жасалды. Нәтижесінде, осынау тал жапырақтары әдеттегіден түсін өзгертіп, діңгегі ауруға шалдыққан.

Осы тақырыпқа байланысты көптеген баяндамалар қарастырылған, ғалымдардың тұжырымдауынша Wi - Fi жилігінің зияндылығын ғана емес, онымен қоса GSM стандартты желісінде дәлелдеді.

Бірақ оқу орындарына Wi - Fi керек пе? Оны қолдану қауіпсіз ба? Қауіпті аймақта

кімдер болады? Оның зиянды сәулелерінен қалай қорғануға болады?

Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор. Адамзаттың интелектуалдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз.

Осы мәселені жан - жақты зерттеу үшін, сауалнама, сұрақ - жауап, теориялық сараптама, математикалық және статистикалық әдістерін қолдандым.

Берілген жоба теориялық зерттеуге қатысты және тәжірибелік мағынасы жағынан бұл оқу орнындағы Wi - Fi - ды пайдаланудың нақты деректерін көрсетеді. Бұл жобаны дайындау кезінде ғаламтор - ресурстары пайдаланылды.

Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім ала алады.

Негізі бөлім

2. 1. Wi - Fi деген не? Wi - Fi – дың адамдарға қандай әсері бар.

XXI ғасыр - ақпараттық қоғам дәуірі. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры»деп аталады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Визуалдық ақпараттар, ақпараттық технологиялар, компьютерлік, техникалық жабдықтардың дамуы, біріншіден, жаңа қадамдар, теориялық және педагогикалық тәжірибе жетістіктерінде заманауи білім берудегі болып жатқан өзгерістер.

Ал, екіншіден оқу ақпараттарында, жұмыс істеудің жаңа мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігінің артқандығына келісуге мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктердің түрлері көп, бірақ солардың ішіндегі ең танымалы - Wi - Fi технологиясы.

1991 жылы Wi - Fi - ды В. Хейздер Нидерландыда ойлап тапты. Бұл сауда - саттық салаларын қамту үшін әзірледі. Wi - Fi өзінің жылдам таралуының арқасында әуежайларға, кеңселерге, мемлекеттік орындарға, кафе - балаларға және қонақ үйлерге тез енді. Бұл құрылғы төмен жиіліктегі 2, 4 Гц - ке толқынды шығарады.

Wi - Fi ағылшынның Wireless Fidelity - сымсыз дәлдiк) сандық деректерді беру форматы болып табылады. Өзге тілде айтқанда - бұл қарапайым және сымдар, розеткалар, қалалық телефондар және осыған ұқсас ескірген құрылғыларды қолданбай, ноутбукпен (Wi - Fi байланысымен жабдықталған басқа құрылғылар) бүкіләлемдік ғаламтор желісіне қол жетімді әдіспен байланыс орнату болып табылады.

Ал Wi - Fi аймағында қалай жұмыс істеуге болады? Wi - Fi - шағын қашықтықтарға арналған және жылдамдығы жоғары технология. Wi - Fi желісі қосылу нүктелерінен құралады. Әрбір анықталған орында «кіру нүктесі» (Access Point) орнатып нүктенің төңірегінде, 50 - 100 метрдей радиуста хот - спот немесе Wi - Fi аумағы деп аталатын аумақтар құрылады. Ғаламторға кіру үшін осы нүктелердің радиусына кірсеңіз болды, ғаламтор баптаулары автоматты түрде жасалған. Бірақ та, Wi - Fi нүктелері құпиясөзбен қорғалған болса, интернетке шығу үшін Сіз ол құпиясөзді білуіңіз керек.

Wi - Fi белгісін сымсыз желілер қойылған орындарында табуға болады. Бұл барлық дамыған мемлекеттерде қабылданған бүкіләлемдік стандарт. Қазіргі уақытта көптеген ноутбуктар қалта компьютерлері, смартфондар, коммуникаторлар және басқа да шығарылып жатқан портативті құрылғылар Wi - Fi мен қамтылған. Атап айтатын болсақ барлық үйде, оқу орындары мен дәмханаларда, қонақ үйлер мен саябақтарда, вокзалдар мен әуежайларда Wi - Fi аумақтары жұмыс істейді. Заманымыздың ағымына ілескен әрбір азаматқа мобильді девайс және ғаламтор арқылы әңгімелесетін досы болса, жетіп жатыр.

Егер сіздің электронды досыңызда осындай тиімді функция болса, әлдеқайда ыңғайлы. Егер ноутбукта Intel® CentrinoTM логотипі болса немесе құрылғының техникалық жазбаларында IEEE 802. 11, стандартын көтере алады делінген болса, онда бұл компьютерде тұрақты Wi - Fi бар және қосымша құрылғылар қажет емес деген сөз.

Ал, ноутбуктар арасындағы байланыс автоматты түрде орнатылған болса, онда көптеген ноутбуктардың мониторының оң жақ төменгі бұрышында белгісі немесе корпусында индикатор жанады. Ары қарай тегін кіру үшін жәй ғана браузерді жүктеп мекен - жай жолына керекті сайтты терсек жеткілікті. Ал ақылы кіру кезінде желілер тізімдерінің ішінен қажеттісін таңдап қосылу керек. Содан кейін ғаламтор браузерді ашып желінің кез - келген мекен - жайын теру арқылы сымсыз жұмыс істей беруге болады.

Wi - Fi құрылғылар арасында әртүрлі кедергілер (қабырғалар, төбелер, жиһаз, есіктер және т. б., метал) ол радиосигналды өткізбеуі мүмкін. Сол кедергілер сигналдың әлсіреуіне жартылай немесе толық жоғалуына әкеледі.

Биік ғимараттары бар қалаларда радио сигналдарға басты кедергі болатын ғимараттар. Негізгі қабырғалар (темір бетон) беттік металдар, қабырғадағы сылақ, темір каркастар және т. б. Wi - Fi - құрылғыларының жұмысын нашарлатуы мүмкін.

Ғимараттың ішінде радио сигналға кедергі болатын айналар және қараңғыланып қапталған терезелер болуы мүмкін.

Төмендегі (1 - кестеде) Wi - Fi сигналының кейбір кедергілерден өткенде тиімділігінің төмендеуі көрсетілген.

(1 - кесте) (dB) – децибел

Кедергі

Қосымша залал (dB)

Тиімді қашықтық

Ашық аймақ

0

100%

Қараңғыланбаған терезе

3

70%

Қараңғыланңан терезе

5 - 8

50%

Ағаш қабырға

10

30%

Ішкі қабырғалар (15, 2 см)

15 - 20

15%

Негізгі қабырға (30, 5 см)

20 - 25

10%

Бетон еден / төбе

15 - 25

10 - 15%

Темір бетонды монолит

20 - 25

10%

Тиімді қашықтық - ашық кеңістікте салыстырғанда тиісті кедергі өткеннен кейін қалай төмендетілген ауқымын көрсетеді. Мысалы, ашық кеңістікте Wi - Fi – дың толқыны 400 метрге дейін болса ішкі қабырғаның біреуінен өткеннен кейін ол 400 м * 15% = 60 метр қысқарады. Екінші ішкі қабырғадан өткеннен кейін ол тағы да, 60 м * 15% = 9 метр қысқарады. Ал үшінші ішкі қабырғадан өткеннен кейін 9 м * 15% = 1, 35 метр яғни, үш ішкі қабырғадан сымсыз байланыс орнату мүмкін емес.

Wi - Fi – дың адамдарға қандай әсері.

Алайда, оқу үрдісіне тегін Wi - Fi - дың көмегі тиеді ме? Жалпы оқу орындар аймағындағы қамтылған Wi - Fi, оқу үрдісіне көмектеседі деп тұжырымдалды. Бұрын сымсыз еш жерге алыстай алмайтын болсақ, қазір дамыған технологиялардың арқасында, ғаламторға кез - келген ұялы гаджет арқылы шығуға болады. Қалай десек те, бір жағынан желіге қосылуға тіпті 256 - 512 Кбит/с жылдамдықпен мүмкіншілік алу, білім алушылар мен оқытушыларға шын мәнінде тиімді болып табылады. Бұл тегін Wi - Fi, оқу орындарында интерактивті оқытудың барлық артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді деп болжануда. Бірнеше құрылғыларды бір мезгілде іске қосу өз ойыңды жинақтауға мүмкіндік береді. Ал, енді тесттік сынақтарды веб - сайтта онлайн арқылы шешуге болатындығын кім және қалай мүмкіншілік бергені айтпай - ақ бірден белгілі. Бірақ, өкінішке орай, бұл тек қалауымыздағы ғана. Ал шын мәнінде, білім алушылар негізінде, тегін Wi - Fi - ды білім алу қажеттіліктері үшін емес, онлайн - ойындар ойнау мен әлеуметтік желілерде сөйлесу үшін қолданады.

Демек, ғалымдар Wi - Fi - дың жұмыс істеу аймағына жақын тұрған адамдар үшін, оның зияндылығы қаншалықты қауіпті екендігіне сұрақтар туындатты. Адамдарға 0, 5 - 2, 4 Гц жиіліктегі радио толқындар керісінше әсер ететіндігін анықтаған американдық ғалымдардан жауап алынды. Олар айтты: Wi - Fi ең алдымен, жүйке жүйесіне күшті шабуыл жасайды. Ол өсіп келе жатқан ағза үшін өте зиянды. Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбртанияның оқу орындары және мектептеріндегі білім алушылардың жас ағзасына зияны көп болғандықтан Wi - Fi - ды қоюға тыйым салды.

Сол сияқты жас ғалымдар құтыдағы топыраққа өсімдік ұрығын көміп, оны Wi - Fi қосылған бөлмеге және тура осындай екінші құтыны Wi - Fi жоқ бөлмеге қойған. Оларды бақылау 12 күнге созылды. Осы уақыттан кейін интернет желісі жоқ бөлмедегі ұрық топырақты жарып өсіп шыққан. Ал, интернеті бар бөлмедегі құтыдан ешнәрсе өспеген. Алғашқыда ересек ғалымдардың көпшілігі бұл зерттеуге немқұрайлы қарады. Біреулері тіпті, екі бөлмедегі жағдай екі түрлі болатын деп, оқушылардың жетістігін жоққа шығарған. Дегенмен, жасөспірім ғалымдар өз істерінің әділ өткендігін мәлімдеп отыр.

Бүгінгі таңда әлемнің атақты ғалымдарының өзі жас ғалымдардың ашқан жаңалығына назар аударып, экспериментті тағы да қайталап көретіндігін айтты.

Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын Нидерланды елінде де осыған ұқсас зерттеу жүргізілген болатын. Ол кезде Wi - Fi желісі бар жердегі ағаштарға эксперимент жасалды. Нәтижесінде, осынау тал жапырақтары әдеттегіден түсін өзгертіп, діңгегі ауруға шалдыққан.

Осы тақырыпқа байланысты көптеген баяндамалар қарастырылған, ғалымдардың тұжырымдауынша Wi - Fi жилігінің зияндылығын ғана емес, онымен қоса GSM стандартты желісінде дәлелдеді.

Эксперимент жүргізу үшін мектеп оқушыларын таңдаған. Олардың әрқайсысы ұйықтар алдында Wi - Fi қосулы смартфонын жастығының астына қойып жатты. Таңертең оларды дәрігерлер қарады. Нәтижесі бойынша көбінде мидың қан жолдары тартылған және бас ауруы пайда болған. Жас ғалымдар яғни, Даниялық бес оқушы қыз анықтағандай, егер адам Wi - Fi желісі қосылған ұялы телефонын бас жағына қойып жатса, таңертең біраз уақытқа дейін көп нәрсені есіне түсіре алмай жүреді екен. Бірнеше ғылыми эксперименттің нәтижесі бойынша Wi - Fi мидың қан жолдарын тарылттырып, бас ауруына апарады. Сондықтан ұйықтар алдында ұялы телефоныңыздың интернетін өшіріп немесе мүлде алысқа қойып жатқаныңыз дұрыс.

Ал, Швеция ғалымдары болса осыдан 10 жыл бұрын, осы зиянды сәуленің кесірінен еске сақтау, ойлау қабілетінің бұзылатындығын үнемі бас ауруы, шаршау белгілері және сонымен қоса тағы да, басқа органдарға әсерлерінінің болатындығын дәлелдеді. Тереңірек зерттеу барысында адам ағзасындағы жазушаларының деңгейінде өте қауіпті өзгерістерді анықтады. Нақтырақ айтқанда ДНК сараптамасынан кейін қан құрамында жан түршiгерлiк өзгерiстер пайда болған. Қазіргі уақытта ұялы байланыстарды өндірушілер мобильді құрылғылардың қауіпсіздігі үшін үлкен күш салуда.

Wi - Fi қолданудағы зияндығы жөнінен адамдарға әлі жеткілікті айтылған жоқ. Сондықтан Wi - Fi - дың радиотолқыны ұялы телефонға қарағанда ағзаға өте зиянды деп есептеуге болады.

Денсаулықты сақтау агенттігі ескертеді: Wi - Fi аймағында жыл бойы отырған адам ұялы байланыспен жиырма минут әңгімелескендей, дәл сондай көлемдегі радио толқын қабылдайды. Соңғы 30 жылдағы осыған байланысты жүргізілген, 2 - 3 мың зерттеудің нәтижесінде, ғалымдар екіге бөлінді: жартысы зияны бар ал, қалғаны жоқ деп есептейді.

Осыған байланысты біраз уақыт сөз таластыруға болады бірақ, барлық Онтарио провинциясындағы Канадалық мектеп оқушыларының ата - аналарының көбі жаңа оқу жылының басына дейін, Wi - Fi көмегімен ғаламторға сымсыз байланысты мектептерде өшіру керектігін талап етті. Олар балаларының электромагниттiк сәулелерден қатты күйзелеліп, кейбіреулерінде бас аурудың, бас айналудың және жүректің соғысы өте жиілеп, мидағы тамырларға әсер етіп, олардың тартылып, қысылуына әкеледі екен. Ал, демалыс күндері яғни, балалары мектепке бармаған кезде, осындай құбылыстар бірден жойылатындығын байқаған. Сонымен қатар оқушыларда еске сақтау қабілетінің нашарлауы, баяулық, қышу, және ұйқысыздық мәселері табылды. Онтарио правинциясындағы 14 мектептің оқушыларынан дәл осындай құбылыстар байқалды. Бұның барлығы ғаламторға сымсыз байланысты орнатқаннан кейін бірден басталды деп айтқан.

АҚШ - та, Грецияда, Францияда және т. б. мемлекеттерде Wi - Fi қондырғысын орнатуды тиым салды. Қазіргі уақытта толық дерлік барлық мектептерде сымсыз ғаламторды ажыратып, дәстүрлі сымға ауыстыру туралы ұсыныс шығарды. Трентовск университетінің ағзаға электромагниттік сәулеленудің әсерін зерттеген атақты профессоры Магда Хавас балалары мектепте күнделікті бірнеше сағат бойы отыратын, ата - аналармен келісе отырып, мұндай ғаламторды орнатудың түбегейлі жауапсыздық деп санап, кейбір АҚШ университеттерінде және студенттік жатақханаларында Wi - Fi орнатуға тыйым салынған.

Нақтырақ айтсақ, біздің балалар еліміздің болашағы, жас ұрпақ бізге қарағанда өте көп сәулені өзіне қабылдайды. Өйткені, олардың бас сүйегі өте жұқа және толық жетілмегендіктен милары электромагниттік толқындарды тез қабылдайды және өте бейім. Бұл балаларға оқу үрдісінде керекті және өте қызықты ақпараттарға оқу орны қабырғасынан ақ оңай әрі жылдам кіруге мүмкіншілік беретіндігіне күмәнім жоқ. Қазіргі кезде бүкіләлемдік желіні қолдана отырып, электронды кітапханаларға жүгінуге керекті жұмыс орындарының сайттарына кіруге, сілтемелермен, файлдармен алмасуға мүмкіншіліктер өте көп. Оған дәстүрлі сымды байланыс орнату керек.

Бірақ, бұны өзімізге сынақ жасап көрмей, оны толық қауіпсіз деп айта алмаймыз. Алайда Wi - Fi - дың радиотолқындарынан алысырақ жүрген дұрыс болады. Әсіресе, бұл балаларға қатысты. Жасыратыны жоқ қазіргі жас ата - аналар өз тыныштықтары үшін, балаларына жаңа жан - жақты планшет, смартфон, айфон, және т. б. коммуникациялық құрылғыларды, алып беруде. Балаларға оларды пайдалануға рұқсат етпестен бұрын, өз ағзаларына зиян екендігін түсіндіру керек.

2. 2. Оқу орнында Wi - Fi - ды қалай пайдаланатынын зерттеу

1 зерттеу кезеңі 1 жарты жылдық бойы білім алушыларды байқауды жүзеге асырдым. Осы уақыт аралығында мен мынандай шешімге келдім. Оқу орны аймағындағы Wi - Fi - ды пайдаланатын көптеген білім алушылар, білім беру ресурстарына кірмей, керісінше, әлеуметтік желілерде сөйлесу немесе онлайн - ойындарында ойнап өзге сайттарды шарлайды.

2 зерттеу кезеңінде осы мәселені толық суреттеу үшін, білім алушылар арасында сауалнама жүргізілді.

Білім алушыларға төмендегідей сұрақтарға жауап беру жүктелді:

2. Оқу орнындағы Wi - Fi – ды қолданасыздар ма?

а) иә; б) жоқ;

2. Оқу орнындағы Wi - Fi – ды не үшін қолданасыз?

а) ақпарат жүктейсіз; б) on - line ойындарын ойнайсыз;

в) әлеуметтік желіде сөйлесесіз; г) басқа да;

3. Үйіңізде қандай ғаламтор?

а) Wi - Fi; б) желілік; в) ұялы байланыстар модемі (3 - G, 4 - G)

4. Ғаламторға қандай желі арқылы қосылуды Сіз құптайсыз?

а) Wi - Fi; б) желілік; в) ұялы байланыстар модемі (3 - G, 4 - G)

5. Сіз қалай ойлайсыз, Wi - Fi адамға қауіпсіз ба?

а) иә; б) жоқ;

3 зерттеу кезеңінде сауалнама нәтижесін теориялық сараптаутауда көптеген білім алушылар оқу орны Wi - Fi - ын білім алу мақсатында қолданбайтыны анықталды. Содан кейін, математикалық және статистистикалық әдістерді қолдана отырып, мен сауалнама сұрақтарына білім алушылардың жауаптарын сараптадым. (Қосымша № 1)

Берілген жоба теориялық зерттеуге қатысты және тәжірибелік мағынасы жағынан бұл оқу орнындағы Wi - Fi - ды пайдаланудың нақты деректерін көрсетеді. Бұл жобаны дайындау кезінде ғаламтор - ресурстары пайдаланылды. иә 71%, жоқ 29%

Он - лайн ойындарға уақыт жұмсауға - 19%, өздерінің пайдаланылатын мақсаттарына байланысты ақпаратты жүктеу - 37%, әлеуметтік желілерді қолдану үшін - 44%

(Қосымша № 2)

Сауалнама жүргізу барысында үй жағдайында ғаламторға сымдық қосылу - 80% Ұялы операторлар мен модемдерді пайдалану - 96% ал Wi - Fi тек - 46% пайдаланатындығы анықталған. (Қосымша № 3)

Тұспалдау сұрақтарына жауап беру барысында ғаламторға қосылудан - 44% білім алушы өздеріне желілік ғаламтор ұнайтындығын, 31% - ы Wi - Fi көмегімен, 25% ұялы байланыс операторлары (3 - G, 4 - G модемдерін таңдады ) қосылуы анықталды. (Қосымша саны № 4)

Қуантатын жәйт барлық оқушылар Wi - Fi ды мүлдем қауіпсіз деп есептемейді екен, негізінен олар өздерінің денсаулығына зиянды екенін біліп отыр. жоқ 81%, иә 19% (Қосымша № 5)

3. 1. Адамдарға Wi - Fi - дың зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік беретін ережелер

Қазіргі заманда тұрмыстық техниканың барлығы электромагниттік өріс құрайды. Электромагниттік өрістер көзге көрінбейді, бірақ олар айналамызда яғни, үйде, көшеде, транспортпен тасымалдауда. Соңғы екі онжылдықта технологиямыз үздіксіз электромагниттік өріс түзетіндігіне қарамастан дамып келеді. Ал біз тегіс электромагниттік өрісте өмір сүрудеміз.

Wi - Fi ды түгелдей қауіпсіз деп айтуға болмайды. Бірақ Wi - Fi сәулесі біз күн сайын пайдаланатын басқа тұрмыстық құрылғылардан әлдеқайда аз деп айтуға болады. Электромагниттік өрістердің әсерін азайту үшін, төмендегі ережелерді ұстану керек:

• қосылып тұрған микротолқынды пештен алыс тұрыңыз. Wi - Fi модемнің қасында ұйықтамаңыз;

• Wi - Fi сигналын қабылдайтын құрылғыны тізеде емес үстелдің үстінде ұстаңыз;

• Wi - Fi модемін ұйықтайтын жерден немесе көп отыратын жерден алыс ұстаңыз;

• Егер ғаламтормен жұмыс істемесеңізWi - Fi модемін өшіріп қойыңыз;

• Ұялы телефонмен сөйлесу уақытын барынша азайтыңыз;

• Үйде болған кезде үй телефонын қолданыңыз;

• Wi - Fi зияндығы толық зерттелмегендіктен Wi - Fi модемінің жанынан кішкене баланы барынша алыс ұстаңыз.

Менің зерттеуімді тәжірибелік қолдану. Ережелер жазылған ақпараттық бет, осы ережелерді сақтай отырып электромагниттік өрістердің адамға әсерін азайтуға болады.

(Қосымша саны № 6).

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл ғылыми - зерттеу жұмысымда бүгінгі күні алынған деректердің нәтижесінде мынандай қорытынды жасауға болады. Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Оқу орындарын сымсыз ғаламтор аймағынан алыстатпайық. Өкінішке орай, білім алушылар бұл мүмкіндікті тек қана білім алу үшін қолданады деп айтуға болмайды. Жас ұрпақтың денсаулығын күте білген де дұрыс, сымсыз ғаламтормен байланыстың кемшілігі де жетерлік екен. Қазіргі таңда Қазақстанның түпкір - түпкірінде автобустардың бірінші екі аялдамасы ғаламтор желісіне сымсыз қосылу орындарымен жабдықталған. Wi - Fi қызметтері барлығына қол жетімді және тегін көрсетіледі.

Тегін интернетті смартфон, планшетті компьютер, ноутбук иелері пайдалана алады. Сымсыз ғаламторға қосылуға мүмкіндік беретін аралық 20 - 25 метрді құрайды.

Енді көлік күткен қала тұрғындары файлдарды жүктеп, жаңалықтарды оқып, пошталарын қарап, әлеуметтік желілерде байланысқа шыға алады. Аялдамаларда видеокамералар орнатылған. Олар жақсы жарықтандырылған -, деп мақтағанша, табиғаттың тылсым күшінен сақтанайық!

Бірақ, Еліміздің денсаулығын ойлайық. Болашақта мықты ұрпақ қалдыру үшін, ғасырлар бойы елім, жерім деп, өскелең ұрпаққа қанын төккен ата - бабаларымыздың рухтарын сыйлап, таза табиғатты бағалайық. Табиғатты, адамдарды электромагниттік толқындардың сәулелеріне салып шетелдің өзі құрып, өзі қолданбай жатқан Wi - Fi атты сымсыз қаруының құрбаны болғанша, Елімнің сұлтаны боп ұрпақ тәрбиелейік.

Ұсыныс

Электромагниттік өрістердің әсерін азайту үшін, төмендегі ережелерді ұстану қажет:

• Қосылып тұрған микротолқынды пештен алыс тұрыңыз. Wi - Fi модемнің қасында ұйықтамаңыз;

• Wi - Fi сигналын қабылдайтын құрылғыны тізеде емес үстелдің үстінде ұстаңыз;

• Wi - Fi сымды ғаламторды пайдалану Wi - Fi қарағанда зияны аз.

• Wi - Fi модемін ұйықтайтын жерден немесе көп отыратын жерден алыс ұстаңыз;

• Егер ғаламтормен жұмыс істемесеңізWi - Fi модемін өшіріп қойыңыз;

• Ұялы телефонмен сөйлесу уақытын барынша азайтыңыз;

• Үйде болған кезде үй телефонын қолданыңыз;

• Wi - Fi зияндығы толық зерттелмегендіктен Wi - Fi модемінің жанынан кішкене баланы барынша алыс ұстаңыз.

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу