Иран-Ғайып

Иранбек Оразбаев (Иран-Ғайып) — 1947 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. Қазақ политехникалық институтының таукен факультетін (1970), Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген (1980). Әр жылдары Қызылорда облысы «Білім» қоғамында референт, «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында поэзия бөлімінің меңгерушісі, ҚР Білім, мәдениет комитетінің редакциялықрепертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Қазақтың мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімін басқарды.

Алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жыр жинағы 1974 жылы жарық көрді. Кейін «Тың құрбаны», «Хайуандық комедия», «Күшігінен таланған», «Мен ішпеген у бар ма?», «Батқан кеменің бейбақтары», «Желжуан», «Құдай қарғағандар», «Жамбылдың қызыл жолбарысы», «Негізгі шаруа», «Қанына тартқан қыңырлар», «Алтын адам», «Алтын ажал», «Киелі күнә», «Хан–Абылай–Сабалақ», «Жәбекшаған», «ГүлНәр», «Театр Романы», «Қорқыттың көрі», «Мауглидің оралуы», «Махамбет», «Қашғария», «Былыққа батқан қала», «Керкеткен» атты драмалық дастандарын жазды. «Глаза ночи» (1983), «Царь слова»(1984), «Наследник» (1988) атты кітаптары орыс тілінде жарық көрді. 1990 жылы үш томдық, ал 2006 жылы 13 томдық таңдамалысы оқырмандар қолына тиді.
Автор ұнаса, бөлісіңіз:

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы