Экологияның адам ағзасына әсері. Адам
Алғы сөз
Қазақстан ұлы державада болуы үшін ақылды да ойлы, дарынды жастар керек.
Н.Ә.Назарбаев
Бүгін білім саласының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Өйткені қазіргі кезең қоғамның жедел дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, бастауыш сатыдан бастап ғылыми-зерттеушілікпен айналысуға баулу – мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Мұғалім алдында бүгінгі болашақ ұрпақ тәрбиелеуде тұрған міндеттер:
- Білім мазмұны және оны оқытудың әдіс-тәсілдерін түрлендіру арқылы білім сапасын арттыру.
- Бастауыш сатыдан кішкентай ғалымдарды даярлауда зерттеушілік ізденіске, зерттеу жұмыстарына баулу.
- Бала бойындағы алғырлық, зеректікке байланысты дарындылықты анықтау.
Әрбір оқушы бойындағы ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін бағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты, жүйелі білім алуға қабілетті жеке тұлғаны анықтауға болады.
Жалпы зерттеушілік қабілетті дамыту үшін мына талаптар орындалуы қажет:
- ұстаз біліктілігі;
- оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас;
- туа біткен қасиетті дамыту;
- отбасының жағдайы, ата-анасының қолдауы;
Бастауыш класс мұғалімдерінің мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай шығармашылықпен айналысуынан өз шәкірттерінен бүгінгі талапқа сәйкес жас ғалымдарды тәрбиелеп шығарып отырады деген сенімдеміз.
Үкібаева Ы.З.
Зерттеудің мақсаты: Туған өлкеде өсетін және бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, одлардың емдік қасиеттерін анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау.
Зерттеудің міндеттері: Туған өлкеде өсетін және бөлме өсімдіктерін зерттей отырып, олардың адам , қоғам өміріндегі маңызын ашу.Бұл өсімдіктердің таптырмайтын емдік көі екенін дәлелдеу. Олардың өсетін жерлерін, өсу ерекшеліктерін анықтап, қоршаған ортаны таныту, олардың адам өмірінің арашасы екеніне көз жеткізу.
Зерттеудің өзектілігі: Туған жерде өсетін дәрілік өсімдіктердің құпиасын Аша, зерттей отырып, адамзат қауымын өзін қоршаған табиғат аясын қорғауға және оны аялай білуге шақыру. Табиғат әлемінің адамдарға берер нәрі мол екеніне көз жеткізу.
Аннотация
«Өсімдіктердің емдік қасиеттері» атты бұл зерттеу жұмысын таңдап, зерттей бастағаныма бір жылдан асты. Сынып жетекшім мен ата анамның көмектесуінің арқасында көптеген іс шаралар атқарылды.
Зерттеудің алғашқы баспалдағы жалпы дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жинақтаудан басталды. Осы мақсатта мектеп, аудан кітапханаларын үздіксіз аралап, дәрілік өсімдіктер туралы деректер жинақталды. Сонымен қатар, аудандық аурухана қызыметкерлерімен және халық емшілерімен жие жүргізілген сұқпаттар оң нәтиже бере бастады.
Зерттеудің келесі сатысында жинақтаған деректерге сүйене отырып жасалған жұмыс өз нәтижелерін бере бастады.Зерттеу барысында аулада, бақшада өсетін дәрілік өсімдіктердің ( итмұрын, түймедақ, жусан, бақбақ, қалақай, өгейшөп) түрлерін жинақтау, теру, өңдеу жұмыстары атқарылды. Бұл өсімдіктер туралы көптеген деректер жинақталып, жұмыс алға жылжыды. Бос кездің бәрінде бөлме өсімдіктерін өсіріп, баптап, күттім. Өсіріп ғана қоймай олардың ауырғанда қандай мүшесін, қандай ауруға қолдануға болатынын зерттеп білдім.
Зерттеу жұмысы көп оқуды, білуді талап етті. Өзім зерттеп жүрген дәрілік өсімдіктердің, атап айтсақ алоэ, герань, золотой ус, жусан, түймедақ, итмұрындардың қаншама шипасы екеніне көзім жетті.
Осы дәрілік өсімдіктерді пайдалана отырып, мектеп жасындағы балалар және жас сәбилер жиренбей іше алатын, түрлі дәмдеуіштер қосылған, дәмі жағымды дәрілер жасалса нұр үстіне, нұр болар еді.
Зерттеу жұмыстарының оң нәтижелерін көре отырып мынадай ұсыныстарды алға міндет етіп қойғым келеді:
-Мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін таныту мақсатында жазғы демалыстарында мамандар немесе мұғалімдер топсеруендер ұйымдастырса;
-мектеп қабырғасынан емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктерін арнайы өсіріп, баптап, зерттеп, күтетін бұрыш берілсе;
-тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәріханалар ашылса;
-дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар жиренбей іше алатын түрлі -түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса;
Егеменді, тәуелсіз мемлекетте тұрып салауатты өмір салтын сақтай білейік!
Кіріспе
«Өсімдік өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып өсімдіктердің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бұл тақырыпты таңдауыма сынып жетекшім мен анам ықпал етті. Өзім кішкентайымнан бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған- түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы , қасиеттері қызықтыра бастады.
Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күман келтіре алмас.
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.
Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді. Мектеп және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер, деректер жинақтадым. Сонымен бірге Хромтау қаласындағы дәріхана қызыметкерлерімен кездесулерге барып, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерімен танысып отырдым. Көп ізденіп, көп оқыдым . Өз бөлімше дәрігерім, терапевт Қайрашева Сауле апаймен кездесіп, емдік өсімдіктердің түрлерін, қолданылуын білдім.
Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады.
Отбасымызда анам Алтынай Шоқылқызы емдік мақсатта пайдалану үшін бөлме өсімдіктерін көп отырғызады.1-2 сыныптардан бастап «ана көрген тон пішер» демекші менде анамнан көргенімді ойға түйе отырып, бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттерін біле бастадым.
Атап айтсам, бөлме өсімдіктерінен емдік мақсатта алой (алоэ), орыс халқы оны «столетник» (жүзжылдық) деп те атайды, герань, фикус, золотой ус , кактус т.б. өсіремін.
Жаз айларында өзіміздің бақшамызда өсетін аскөкті, меруетгүлді, бақбақты, сонымен қатар даланың кез келген жерінде өсетін түймедақ, өгейшөп, жусан өсімдіктерін теріп, кептіріп емдік мақсатта пайдаланамын.
Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар.Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді.Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары өсімдікті тани бермейміз.Егер әрбір саналы, сауатты
Қазақстан азаматы ,азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмаспа еді.Олай дейтінім ерінбей бар затты пайдалану керек.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демейме атам қазақ.
Содықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін.
Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ, сол мәселені шешу әр адамның саналы қорғанысында.
Бөлме өсімдіктерін зерттеу сәтінен көрініс.
І. Негізгі бөлім
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған.
Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, тайулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.
Әбу-Насыр-Әл Фараби, Әбу-Әли Ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани қазақ халқының медицинасының дамуына әсері дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40-%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеикілікті. Ол үшін «дәрісіз ем-домбы» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. [5,31б]
Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағынада көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз.
1.1Мың теңге тұратын дәрі шарбағының дәл түбінде өсіп тұр.
(Халық мақалы)
Қазақ емшілерінің ауру-сырқаулармен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғаттағы өсімдіктер дүниесі. Олай болса, аяғымыздың астында өсіп жатқан дәрілік өсімдіктерді танып, білім зерттеп ауруымызға шипа етпеске. Біздің Хромтау ауданы маңындағы жерлерде, елді мекендерде өсиетін көптеген дәрілік өсімдіктер бар. Оларға түймедақты, итмұрынды, бақбақты, өгейшөпті, жусанды, аскөкті, киікотын жатқызуға болады. [8,24б.]
Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені олардың көпшілігі ляззат мүмкіндігімен ғана (бұлардың шипалы күшіде осында) шектелмейді, бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында (меруетгүл, шегіргүл, гүлшетен) олардың денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау-бақшамыздааяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады, өздерінің жер үстіне және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы, мәселен, бақбақ ата заманнан «өмір нәрі» аталған, ал қалақай – витаминдер қоймасы саналады. Өсімдіктерді отап тастауға асықпай, алдымен олардың пайдалы қасиеттерін біліп алуға тырысу керек.
Қазақ емшілерінің ауру-сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғатты өсімдіктер дүниесі.
өсімдктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісіғ шйірі және тұқымынан дәрі-дәрмек жасалады. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі-өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі-дәрмек алуға болады.
Дәрілік өсімдіктер жиналып алғаннан кейін, жас күйінде бірден пайдаланудан қалғандарын кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады. Мұндай өсімдіктердің дәріге бірден пайдаланылмайтын бөліктерін топырақ, балшық секілді лас нәрселерден арылтқаннан кейін, әрқайсысының ерекшелігіне қарай кептіру, көлеңкеде кептіру, самалдатып кептіру. [6,49б.]
Қазіргі технологияның дамыған шағында түрлі химиялық заттардың әсерінен, ауаның таза болыуына, түрлі мемлекеттермен қарым-қатынас нәтижесіндегі тауарлардын туындайтын аурулар көп деп айтуға болады. Өзім тұратын Хромтау қаласында хром рудасының әсерінен және судың таза болмауынан түрлі аурулар көп деп кездеседі. Айта кетсек, тері аурулары, шаштың түсуі, тістің қараюы, өкпе аурулары, бүйректе, өт қалталарында тастың жиналуы, асқазан жаралары, жоғары қан қысымы аурулары.
Қоғам бар жерде түрлі аурулар кездеспей тұрмайды. Бірақ сол мәселені шешу әр адамның саналы қорғанысында. Олай дейтініміз ерінбей бар затты пайдалану керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демейме атам қазақ. Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттеп білу, қолданысқа енгізу мен үшін алға қойған басты мақсат, міндет деп білемін.
Дәрілік түймедақ антик заманда-ақ әсемдіктен гөрі, көбіне дәрілік өсімдік ретінде белгілі болған. Ол үлкен Плинийдің, Гипократтың, Диоскоридтың еңбектерінде баяндалған.
Дәрілік түймедақтың шипалық қасиеті ондаған заттардың жиынтығына байланысты. Түймедағынан жасалған дәрілерді ішек түйілгенде, іш кеткенде, тер шығару үшін де ішеді.
Ішілу үшін сорғыш дәру дайындайды – 10 шайқасық түймедағына екі стақан салқын су құяды да 8 сағат тұндырады немесе тұндырма жасайды ұнтақталған гүлдерге бір стақан қайнаған су құяды да 45 мин. тұндырады, сүзгіден өткізеді, тәулігіне 3-4 рет бір асқасықтан ішеді. Сыртқы аурулар үшін ыстық тұндырма жасайды 2-3 қасық өсімдікке ыстық су құыйп, бір сағат тұндырады. Косметикалық мақсатта түймедағының қайнатпасымен шашты жуады (шаш алтындай сарғыш түске енеді) енмесе бетті қою шырмен жуады (бет терісі барқыттай болады). Түймедағының тұндырмасы сондай-ақ қабақтың шаршағанын, қызарғанын басады, терінің босаңсығанын азайтады, оған икемлі жеңілдік береді. Жаз бойна бірнеше рет жинауға болады. Дереу кептіру керек. Тұқым үшін шеткі гүлдер соғанда жинайды. [2,19б.]
1.2.Бөлме өсімдіктері
Алой (алоэ) биіктігі 50-60 см-ге дейін жететін үй өсімдігі. Етті, қалың әрі шырынды жапырақтары бар. Орыс халқы оны столетник (жүзжылдық) деп те атай береді.
Дайындалуы: Дәрі үшін оның жапырақтары пайдаланылады.
Қолданылуы: Алойдың шырыны (немесе тұнбасы) асқазан, ішек ауруларына, оларға түскен жараларға, дене сыртындағы іріңді жаралар мен жарақаттарға, күйікке, сондай-ақ, туберкулез бен көз ауруларына қарсы қолданылады. Ол ас қорытуды жақсартады, жараларды жазады, микробтарды өлтіреді. [8,12б.]
Пайдалануы:
1/ Ішкі жараларды емдеу үшін алой шырынын күніне 1 шай қасықтан тамақ алдында 3 рет ішеді. Емделу мерзімі – 1-1,5 ай.
2/ Туберкулезді емдеу үшін алой шырыны (1 бөлік) шошқа мойын (2 бөлік), бал (2 бөлік), сарымай (2 бөлік) қосып араластырады да, қоспаның 1 ас қасығы 1 стақан ыстық сүтке салып, күніне 2 рет ішеді.
3/ Сыртқы жарақаттары емдеу үшін алой шырынын оларға жағдай немесе таңады.
4/ Суық тиіп мұрыннан су аққанда шырынының 3-4 тамшысын мұрынға тамызады.
Адам баласының өсімдік өсіруге ерте кезде-ақ әуестенгені бізге мәлім. Өсімдіктерді бірнеше мақсатпен өсіреді, солардың бірнешеуі – емдің және сәндің мақсатта өсірілуі. Бөлме өсімдікері қысы-жазы жапырақтарын түсірмей, мәңгі жасыл болып тұратындықтан, ерекше сән береді. Көптеген түрлері гүлдейді, мұның өзі адамға эстетикалық ляззат беріп, көңіл күйіне ерекше жағымды әсер етеді.
Бөлме өсімдіктері күндіз көмірқышқыл газын сіңіріп өздерінен оттегін бөліп шығарады да бөлменің ауасын тазартады. Бөлменің ауасын ылғандандырады, кей түрлері өзінің зат бөлетіндіктен, аудағы кейбір зиянды микробтарды өлтіреді.
Бөлме өсімдіктерін емдік мақсатта көп пайдаланады. Оларды осы мақсатта әдейі егіп, өсіріп, баптайды. Емдік мақсатта кейбіреулерінің жапырағы қолданылса, кейбіреуінің шырыны, гүлі, тамыры пайдаланылып жатады.
1.3.Жандауа.
Қазіргі заманда экологияның және әр түрлі жағымсыз факторлардың әсерінен апйда болатын тері аурулары кездеседі. Мысалы, олар: ауа мен судың ластануынан, күн сәулесінен, әр түрлі тағамдардан (цитрус дақылдары, йогурт, сағыз), түрлі өсімдіктерден (терек мамығынан), кейбір жәндіктердің шағуынан (маса, бүрге), шаң тозаңнан, косметикалықбояулардан (опа-далап, иіс су) тері аурулары пайда болады. [4,25б.]
Мені осы ауруларды емдеу үшін бөлме өсімдігі алойдың атқаратын маңызы зор.
Бөлме өсімдігіалойды көптеген дәрілер жасалады. Солардың бірі «Алоэ вера» шырыны. «Алоэ вера» шырыны микробқа қарсы, жараны жазатын, иммунитетті көтеретін құрал. Түрлі көз ауруларында қолданылады. Теріні жұмсартады және тазартады. Асқазанның жарасы ауруына қарсы, өкпе ауруларына қарсы (астма, өкпе асқынуы, туберкулез), бүйректің көптеген ауруларына қарсы қасиеттерімен ерекшеленеді.
Зерттеу кезінде 10 жастағы қыз баланың қолына шыққан іріңді сары жараны алойдың шырынымен емдеп, жазығанына көзім жетті.
Ем алғанға дейінгі аурудың жағдайы.
Ем алғаннан кейінгі жағдай
Хромтау қаласы бойынша «Алоэ вера» шырынының өтілуі.2010ж.қыркүйек, қазан
Хромтау қаласы бойынша “Алоэ экстракт” дәрісінің өтілуі
2010 ж. қыркүйек, қазан
Алойды ел арасында емге ерте кезден пайдаланған. Оны Ұлы Отан соғысы кезінде жаралы солдаттарды емдеуге қолданған. Алойды тоқсаннан астам түрі бар. Табиғи алойдың отаны Африкадағы Капландия жер. Бұл жерде биіктігі 20 метрдей ірі ағаш , қызғылт – сары шашақты, жағымсыз иісті гүл ашады. Оның иісінің нашарлығы сонша, қасына барған адамның басы ауыра бастайды. Жергілікті халықтар алойдың кейбір түрлерінің талшықтарынан кілем тоқиды және теңіз кемелеріне керекті арқан жасайды. Алой талшықтарынан жасалған осы арқандар теңіздің тұщы суына өте шыдамды. Алойдың жапырағында алоээмодин, алоин, наталоин, гамонаталоин, раборберон атты заттар болады екен. [10,61б.]
Алойдың емдік мақсатта қолданылуын білу үшін мектебіміздің бастауыш сыныптары арасында мына үлгіде сауалнама жүргіздім.
Сауалнама
Мектебі №5 мектеп – гимназиясы сыныбы 3а, 3ә, 4а, 4ә өткізілген уақыты 03.-05.10.2010 жыл.
р/с | Сұрақтар | «иә» | «жоқ» |
1 | Алой өсімдігін білесің бе? | + | |
2 | Алой дәрілік өсімдік пе? | + | |
3 | Өз үйіңе алой өсімдігін өсіресің бе? | + | |
4 | Алойдың емдік қасиетін өзің не отбасы пайдаланып көрдің бе? | + | |
5 | «Алоэ экстракт», «Алоэ Вера» дәрісін білесің бе? | + |
Осы өткізілген сауалнаманың қортындысына сүйенсек, алой өсімдігін білгенімен оның емдік қасиеттерін әлі де болса біле бермейміз екен.
Сауалнама талдамасы
Сақтайық салауатты өмір салтын!
Сақтайық салауатты өмір салтын,
Сақтауға сенде тырыс, үйрен, талпын.
Таза жүріп, шынығайық, әрдайым,
Өміріміз болады сонда жарқын.
Денсаулықты бағалайық, халайық,
Басты байлық денсаулық деп санайық.
Ауырған соң, қиналып ем іздемей,
Ауырмаудың жолын іздеп табайық
Дені сау, таза адам боп жүрейік
Еш күсінбей, қуанайық, күлейік.
Тәуелсіз, егеменді елде тұрып,
Күліп–ойнап, бақытты өмір сүрейік.
Өсімдікте пайдалы, оны еске түйелік,
Сиреп кетпей өмірден, жайқалауын тілейік
Туған жерде өсетін өсімдіктің,
Дәрілік, емдік қасиеттерін білейік.
Табиғатты сақта!
Аяла, оны қорға!
Табиғаттың сақшысы-
Сен ғана
Табиғатты сақтаушы
Қорлаушы оны ластаушы
Тазартушы, баптаушы-
Сен ғана
Табиғатқа бағын
Басыңды иіп, табын
Жақсылық жасады саған
«Рахмет» айт оған
Табиғатты ластама !
Деп айтқан даналарда
Соған құлақ салып сен
Қорға оны жүректен
Қорытынды
Адам өмірінің арашасы болып, қоғамдағы адам өмірінде кездесетін ауруларды емдеуге дәрілік өсімдіктердің алатын маңызы зор. Соның ішінде өз қолымен отырғызған бөлме өсімдіктерінің және аулаңның әр адамның салауатты өмір сүруге қосқан үлесі. Әрбір салауатты өмір сүретін адам өз денсаулағының дәрігері болуы керек.
Қай ғылымды оқысақта, теледидардан көрсетсе, естісекте, Қытай, Үндістан, Иран, Египет, жалпы Шығыс елдерінің халықтары көбіне өз ауруларының шипасы ретінде дәрілік өсімдіктерді қолданыста көптеп тұтынады. [12, 24б.]
Неге аяғымыздың астында өсіп жатқан өсімдіктерді немесе өз бөлмемізде өсіп тұрған өсімдіктерді ауырған жерімізге шипа етпеске? Химиялық дәрілерді қолдана отырып, бір мүшемізді жазсақ, екінші мүшемізді жаралап, зақымдап отырамыз. Дәрілік өсімдіктердің шипалық, емдік қасиеттері, адамға берер нәрі мол. Тек олардың емдік қасиеттерін түбегейлі білу керек.
Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттері арқылы әртүрлі ауруларды емдеуге болатындығын және ағзамызды түрлі дәрілермен уламай халықтық медицина тәсілдерімен денсаулықты жақсарту жолдарын қарастыруға болады.
Әрине, мен жаспын, айтарлықтай жаңалық ашып халықты таң қалдыған жоқпын. Дегенмен, осы зерттеу жұмысымның нәтиесінде дәріханаларда сатылып жүрген дәрілік өсімдіктердің өз шарбағымыздың түбінде өсіп жатқанын және өзім еккен бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттерін біліп, қолданып, тіпті нәтижесінде де көріп үлгердім. Өзімнің көзім жетіп ғана қоймай, өзімді қоршаған адамдарға таныстырып, үнемі дәлелдемелерді алға қойып отырдым.
Жоғарыда айтылған деректер мен дәлелдемелерді қорыта келе, «тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар» демекші мынадай ұсыныстар айтар едім:
-мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін таныту мақсатында жазғы демалыстарда мамандар немесе мұғалімдер топсеруендер ұйымдастырса;
- мектеп қабырғасынан емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктерін арнайы өсіріп, баптап, зерттеп, күтетін бұрыш берілсе;
- тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәріханалар ашылса;
Егеменді тәуелсіз Қазақстан мемлекетіндегі әрбір көзі ашық, көңілі ояу адам салауатты өмір салтын сақтап, өмір сүруге лайықты болу керек!
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!
Пайдаланған әдебиеттер
- М.Қанапияұлы. «Қазақстан халық емі» №1,2,3,4. Алматы «Өнер» 1998 ж.
- Ә.Іскендіров. «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері». Алматы «Қазақстан» 1982ж
- Л.К.Сафина. Е.П.Петров «Жасыл аптека» Алматы «Қайнар» 1992 ж
- «Қазақ емшілігі». Алматы 1995ж
- Р.Ә.Әлімқұлова, М.А.Тартенова «Өсімдік табиғат қазынасы» Алматы 1984ж.
- П.С.Массагетов «Өсімдік әлеміне саяхат». Алматы, 1998ж
- Б.Қалиев «Өсімдік атаулары.Орысша- қазақша сөздік» Алматы, 1993ж
- М.Қожабеков «Дәрілік өсімдіктер» Қазақстан, 1975ж
- М.Оспанова, Ж.Лұқпанов . «Өсімдік- жанға шипа, дертке дауа» Қайнар, 1992ж
- С.Х.Субханбердин «Дәрі – дертке дауа, жанға шипа» Алматы, 1994ж
- Парасат журналы. 2006ж №2,5,7,8,9,11,12
2007ж №1,2,3,4,5,6, 7,8,9,11,12
- Денсаулық журналы. 2006ж №1,2,3,4,5,6,10,11
- Қазақстан әйелдері журналы. 2007ж №4,6,7,10,11
- Биология және салауаттылық негіздері. 2005ж №3.
2010 жыл ҚР Кіші Ғылым Академиясы ХІV-інші ҒПК ғылыми жоба байқауы IV – орын
Ғылыми жетекшісі: Үкібаева Ы.З.
Мақсаты:
Жер бетіндегі, жалпы өмірдегі қоғамның ең құнды, маңызды тіршілік иесі – адам екендігіне тоқталу.
Адам денсаулығын қорғау мәселелері.
Жергілікті жердегі ірі өндіріс орындарының адам денсаулығына тигізетін зияны және зиянды болдырмау жолдарын ұсыну.
Өзектілігі:
Өмірді жалғастырушы да, дамытушы да адам болғандықтан адамның өмірі мен денсаулығы қазіргі таңда ең маңызды өзекті мәселелердің бірі.
Аннотация
Біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда саналылығымен ерекшеленіп, өмір сүру қабілеті арқылы дараланып, қоғамды алға қарай өркендетіп, ұрпақ жалғастығын дамытып отырған тіршілік иесі –адамның пайда болуы ең құдіретті және маңызды мәселенің бірі. Адамның ерекше қасиеттері арқылы оны танып білеге болады. Адам – еңбегі мен қызметі арқылы танылып, алдымен өзіне сонан соң қоғамға пайда әкеледі. Жоғарыда айтқандай қоғамды білімі мен шеберлігінің арқасында дамытып, ғылым мен техниканы, өндірісті алға өркендеткен сайын экологияның нашарлауы жаһандық проблема болып отыр. Адам мен табиғат өте тығыз байланыста болғандықтан экологияның адам ағзасына әсері күшті екендігі белгілі.
Адамның басты байлығы – денсаулығы. Дені сау адамның қол жеткізер биіктері де көп болады. Әр өңірдің өндіріс көздері мен орналасу жеріне сай түрлі экологиялық мәселелер бар. «Жақсы ізгі қоғам құру үшін ең алдымен сол қоғам мүшелерінің денсаулығынан бастау керек» дейді ғалымдар. Сол себепті, Хромтау ауданында ірі өндіріс орындарының халық денсаулығына әкелетін зияны жөнінде зерттеу жұмысын жүргіздім. Ең маңыздысы ауа мен судың біздің ағзамызға өндіріс арқылы тигізіп жатқан зияны негізге алынды.
Кіріспе
Адам жер жүзіндегі ең құнды, маңызды тіршілік иесі. Себебі, осы өмірді жалғастырушы, дамытушы және болашақтың иесі де адам болып табылады. Дегенмен, адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланысын қанша зерттесе де таусылмайтын құпияға толы ғажап дүние.
Жер бетіндегі өзге тіршілік иелерінен яғни, жан – жануарлардан айырмашылығы саналылығымен ерекешеленіп, сөйлеу және ойлау қабілеті арқылы қалаған ісімен айналыса алатындығында. Мен, өзімнің ғылыми зерттеуімді қоғамның ең құнды бөлігі адам туралы және қазіргі кездегі адам денсаулығын қорғау мәселелеріне тоқталғым келеді.
Ағылшын ғылымы Чарльз Дарвин «Адам маймылдан пайда болды» десе, кейбір елдердің көне жазбаларында адам ғарыштың бір бөлігі делінген. Қандай пікір айтылып зерттелсе де бір кездері адам пайда болып, даму мен жетілудің нәтижесінде қоғамның, табиғаттың ажырамас бір бөлігіне айналғаны рас. болады.
Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Адамды адам ететін – қоғам. Әр адамның өзінің айналысатын жұмысы, сенетін нәрселері, ұлтына сай тәрбиесі, мәдениеті, салт –дәстүрі секілді өзгеге ұқсамайтын айырмашылығы
Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша тұлға, сонша өмір, сонша тағдыр бар. Қазақ тілінде тіршілік деген сөз бар. Яғни, барлық тіршілік иесі тіршілік етеді, демек өмір сүруді білдіріді. Бұл дегеніміз еңбек ету, бір пайдалы іспен шұғылдану, мағыналы өмір сүру және өзінен кейін ұрпақ қалдыру. Маған белгілі болғандай адамның өмірі тұтастай қызметпен өтеді. Ал адам қызмет ету үшін және жасаған еңбегінен нәтиже болсын десе, алдымен денсаулығы мықты болғаны жөн.
Адам - қоғамның ең маңызды бөлігі болғандықтан, оның денсаулығын қорғау да қоғамдағы ең негізгі мәселелердің бірі болып танылады.
Зерттелу жолы
Мен, өзім тұратын Хромтау қаласы мен оның тұрғындары жайлы айтамын.
Бұл кішкене қалашықтың тұрғындарының көпшілігі шахта, фабрикаларында жұмыс жасайды. Маған белгілі болғандай қаланың тұсында екі шахта орналасқан және үш ұсатып – байыту фабрикасы бар.
№1 Ұсатып – байыту фабрикасы қалаға жақын орналасқан. Бұл дегеніміз өте қауіпті. Фабриканың қасында жеке үйлер салынып, халық өмір сүруде. Менің ойымша бұл фабрика, шахталар алдымен табиғатқа, сонан соң адам денсаулығына зиян әкелетіні сөзсіз. Толассыз шыққан түтін де ауаны ластап жатыр.
Сонымен қатар, дүние жүзінде жалпы таза су дефицит болып отыр. Су – тіршілік көзі. Сусыз өмір жоқ. Бірақ, осы біздің ішіп, қолданып отырған суымыздың денсаулығымызға әкелетін зияны бар ма, осыны ойланып көрсек. Кейбір дамыған елдерде халық тұтынатын су арнайы тазартылып барып содан соң беріледі екен.
Біздің ауданда кен байыту өндірісі болғандықтан міндетті түрде су тазалығы жөнінде үлкен мәселе бар. Хром алтыншы топтың элементі. Ол әртүрлі қасиет көрсетеді. Мысалы: судың ертіндісінде кездесетін алты валентті хромда қышқылдық жоғары дәрежеде. Ал бұл қышқылдық тістін табиғи эмалін бұзады. Бұл зерттеулер Санкт – Перербург қаласында орналасқан ғылыми зерттеулер институтында дәлелденген. Деректерге сүйенсек, адамдардың тістерінің ерте түрлі ауруларға шалдығуы, судың әсерінен бүйрек ауруларының жоғары көп екендігін айта кету керек.
Жұмыс барысында маған белгілі болғандай бұл өте үлкен мәселе және осындай маңызды мәселені шешу жолын қарастыру қерек.
Ұсыныстар
Жоғарыда айтылған дәлелдемелер негізінде табиғатты және адам денсаулығын сақтау, қорғау мақсатында төмендегідей ұсынысым бар:
Табиғатты қадірлеу, есепсіз жер байлығын шашпау керек, бәрәнің белгілі бір өлшемі бар екендігін ұмытпау қажет.
Адам жақсылыққа жаны жақын болып, денсаулығын сақтау мақсатында салауатты өмір сүруді міндет ету.
Мінекей, ауа мен судың адам денсаулығына маңызы мен зияны төңірегінде осы жұмыс барысында таныстым.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз «Болашақ жастардың қолында...» дегендей, Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне үлес қосатын жастардың дені сау, күш жігері мол болуы тиіс!
Ал, ол үшін қазірден бастап ойланатын жағдайлар өте көп.
Қазақстанда Менделеевтің 100 металы бар. Олардың көбін біз әлі білмейміз. Күндердің күнінде қазба байлық өндірісінен жеріміз шұрық тесік, денсаулығымыз нашар болса, Жер Ананың бізге есепсіз беретін сыйы таусылып, адам өмірінің мәні кетпей ме?
Чарльз Дарвин
АДАМ МАЙМЫЛДАН ЖАРАЛҒАН
КӨНЕ ЖАЗБАЛАРДА
АДАМ ҒАРЫШТЫҢ БІР БӨЛІГІ
Жаңалықтарым
Бұл зерттеулер нәтижесінде мынадай жаңалығым бар:
- Өндірістен қалдық заттардың ауаға таралмау үшін будақтаған түтін шығаратын пештерге тазартқыш фильтрлерді орналастыру.
- Сонымен қатар, халық тұтынатын су да тазартылып фильтр арқылы берілсе.
- Ақпарат тарату көздері арқылы халық денсаулығына келетін зиянды шынайы біліп отыру.
- Таңғы ас алдында бір шай қасық табиғи бал, бір шай қасық қара зере майын араластырып пайдалану адам ағзасын жақсартуға септігін тигізеді.
Қорытынды
Жұмыс барысында маған белгілі болғандай бұл өте үлкен мәселе және осындай маңызды мәселені шешу жолын қарастыруым қажет. Жоғарыда айтылған дәлелдемелер негізінде табиғаттты және адам денсаулығын сақтау, қорғау мақсатында ұсынысым бар.
Табиғатты қадірлеу, себепсіз жер байлығын шашпау керек, бәрәнің белгілі бір өлшемі бар екендігін ұмытпау қажет.
Адам жақсылыққа жаны жақын болып, денсаулығын сақтау мақсатында салауатты өмір сүруді міндет ету.
Зерттеулер орындалғаннан кейін, мен оқитын Хромтау қаласының №5 мектеп – гимназиясының оқушылары тазартылған ауыз суымен қамтамасыз ету (фильтрлі) қолдау табады деген сенімдемін.
Ғылыми жобамды Шәкәрім Құдайбердіұлының мына даналық сөзімен түйіндеймін.
«Балам!
Сен бола көр аққа жақ
Болам десең Адам.
Адал еңбек берер бақ
Бассаң соған қадам!!!»
Аудандық ауруханасының 2009-2010 жылғы мәлімдемесіне орай экологияның адам денсаулығына әсері
3 «А», 3 «Ә», 4 «А», 4 «Ә» кластарына жүргізілген сауалнама
р/с | Сұрақтары | Ия | Жоқ |
1. 2. 3. 4. 5. | Сусыз өмір сүру мүмкін бе? Хромтау қаласында ауыз су жеткілікті ме? Суды көп ішу зиян ба? Суды қорғау, ластамау қажет пе? Суды үнемдей білесіңдер ме? | + + + | + + + |
3 «А», 3 «Ә», 4 «А», 4 «Ә» кластарына жүргізілген сауалнама қорытындысы
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Елордалық «Астана» журналы» №4 2009жыл.
2. Этнопедагогика республикалық ғылыми- әдістемелік журнал – 2006жыл.
3. Ақтөбе энциклопедиясы – Ақтөбе 2003жыл.
4. Қоршаған ортаны қорғау – Алматы 1995жыл.
5. «Эколигический курьер» газеті - №5-6 2010жыл
6. «Ақжелкен» балалар журналы -№10 2009жыл.
7. «Ұлан» газеті -№15 -2010жыл.
8. «Хромтау»газеті -№3 2010жыл.
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз …………………………………………………………………………...3
Өз өлкемізде өсетін және бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері.
Алоэ...........................................................................................................................4
Ғылыми жетекшісі Үкібаева Ырсалды Зиноллақызының жұмыс нәтижесінің көрсеткіштері.........................................................................................................18
Экологияның адам ағзасына әсері.
Адам .......................................................................................................................20
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру