Ата-ана және қоғамдық жұмыс
Ата-ана және қоғамдық жұмыс
Қожина Саягүл Саматқызы.
Мектепалды даярлық тәрбиешісі:
ІІ санаттағы мұғалім.
С.Сейфуллин орта мектебі.
Баяндама
тақырыбы:
Жоспары:
І.Кіріспе бөлім
ІІ.Негізгі бөлім
Ата-анамен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе – бала тәрбиесі.
«Білім негізі – бастауышта».
Отбасындағы қарама – қайшылық мәселелер.
Мектепке дейінгі тәрбиедегі ата – ананың міндеттері
ІІІ. Қорытынды бөлім
«Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты
жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның барша елдің халықтың міндеті» (Н.Ә.Назарбаев)І.Кіріспе бөлім
“Қазақстан 2030“ даму стратегиясын
жүзеге асыру мақсатында Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында “Дағдарыстар өтеді де кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады” делінген.
ІІ.Негізгі бөлім
«Қанша заман өтсе де бабаларымыздың мол тәжірибесіне, ғылымы мен дәстүрлеріне және отбасы тәрбиесінің негіздеріне сүйене отырып, әке мен ана, ата мен әже ұрпақтың шын азамат болып өсуіне қамқорлық жасаған»
- дейді көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз Р.М.Қоянбаев.
Ата-анамен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе – бала тәрбиесі
Отбасы – қоғамның алғашқы ұясы,
жаңа адам сол ұяда дүниеге келеді, бұл шағын
әлеуметті топ – бала үшін алғашқы өмір мектебі.
Ата –ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының
көз алдында өтеді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы, туған ұясы, өз
үйіндегі ата-ана тәрбиесі, өнегесі.
«Білім негізі – бастауышта»
Бастауыш мектепте алған білім – білім әлеміндегі ең алғаш қаланған іргетас болып есептеледі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі міндеттері – баланың бастапқы жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту.
Отбасындағы қарама – қайшылық мәселелер:
Сапалық тұрғыдан алғанда отбасын нығайту жөнінде кешенді бағдарламалар әзірленіп жүзеге асырылуда.
Ал отбасындағы қарама – қайшылық мәселелерді шиеленістіруге әкеп соқтыратын осындай жағдайлар бар: толық емес отбасы, ата–аналары ішімдікке салынып кеткен, және т.т
Адамзатта ең құнды және мәңгілік болатын - ТӘРБИЕ
Халық даналығы
Балаға теріс әсер ететін жағдайлар:
Жанұядағы жанжал,
үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы,
баланың көзінше басқа біреуді сөгуі,
біреудің сыртынан өсек айтуы
балалардың көзінше арақ ішу, темекі тарту т.б.
Ата–ананың міндеті - мәдениеті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеп, жүйелі білім алуына жағдай жасағаны дұрыс, ата–аналар жиналысына қатысып, мұғаліммен кездесіп, пікір алысып, баласының мектеп өмірімен толық араласуына және қоғамдық іс-шараларға қатысуға бейімдеу.
Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына
Ата – аналармен жұмыс
қайырымдылық
адамгершілік
махаббат
сүйіспеншілік
түсінушілік
әділдік
ұйымшылдық,
мәдениеттік
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қай дәуірде болмасын, адамзаттың алдында тұрған басты міндет- мүдделердің бірі – есті де, еңбексүйгіш, Отансүйгіш, қайырымды да, қайратты ұрпақ тәрбиелеу.
Н.Ә.Назарбаев жолдауынан
Оқушылармен бірге
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?