Қазақ тілі | Қазақ және түрік тіліндегі сөз этикеті бірліктері

 Қазақ тілі | Қазақ және түрік тіліндегі сөз этикеті бірліктері

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................2
I тарау. Сөз этикеті бірліктерінің қызметі мен семантикалық-стилистикалық ерекшеліктері..........................................................................8
1.1 Сөз этикетінің қызметі және оның өзара байланыстылығы..................9
1.2 Сөз этикеті бірліктерінің стильдік ерекшеліктері.................................10
1.3 Сөз этикетінің семантикалық түрлері және ерекшеліктері..................11
1.4 Қазақ және түрік тіліндегі вербалды және бейвербалды этикет
формалары.......................................................................................................16
II тарау. Сөз этикет бірліктерінің қолдану орны мен жұмсалу аясы..................................................................................................................19
2.1 Қазақ және түрік тіліндегі амандасу сөз бірліктерінің формалары.......................................................................................................19 2.2 Қазақ және түрік тіліндегі қоштасу сөз бірліктерінің формалары.......................................................................................................32 2.3 Қазақ және түрік тіліндегі тілек сөзі мен рахмет айту сөз
бірліктерінің формалары............................................................40
Қорытынды......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................

КІРІСПЕ
Адам тәлім-тәрбиесіз, өнер-білімсіз, іс-әрекетсіз өмір сүрмек емес. Сол өмірінде ол өзін қоғамнан тыс жүрген жанмын демей, ата-ананың ұл-қызы болғандықтан, халықтың Отанының ұл-қызымын деп есептейді. Адамды сондай саналы ойға баулитын, еңбек процесіне белсене қатысуға мүмкіншілік тудыратын қарым-қатынас құрамы – ұлы мәртебелі сол ана тілі.
Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді. Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан онда әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері, мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары, оның психикалық қалпы тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады.
Тілді жақсы білу оңай жұмыс емес. Өйткені оның шегі жоқ. Тіл - адамдардың еңбек ету процесінде, қарым-қатынас жасау тәжірибесінде мыңдаған жылдар бойы жасалған. Оның орасан зор көп байлықтары сол тілде сөйлейтін халықтың бастан кешірген ұзақ өміріндегі ойлау жұмысының нәтижесі ретінде үнемі дамып отырады. Тілді сіресіп қатып қалған қалпында емес, сол даму, жетілу, процесінде үйренеміз.
Адам баласы белгілі бір қоғамда бірлесіп өмір сүріп, бірлесіп еңбек етеді. Қандай да болмасын қоғамның көпшілік қабылдаған әдет-ғұрып, қарым-қатынас жасау дәстүрі болады. Адамдардың бір-бірімен араласуы сол қағидаға негізделеді. Одан ауытқу өзара қалыптасқан қарым-қатынасқа қаяу түсіру мүмкін. Сондықтан әркім белгілі қоғамның бір мүшесі ретінде, көпшілікке аян дәстүрлі қағидалар мен әдет-ғұрыптарды құрметтеп отыруға тиіс. Міне, адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты орныққан әдеп ережелерінің жиынтығы ғылымда «этикет» деген арнайы терминмен айтылады. Осы әдеп ережелері жиынтығының вербалды (тіл арқылы жүзеге асатын) жағы «сөз этикеті» деген арнайы атпен ерекшеленіп атала бастады.
Сөз этикеті жалпы алғанда адамдар (коммуникаттар) арасындағы байланыстың үзілмеуі, реттеліп отыруы, сыпайы түрде жүзеге асуы, сондай-ақ көңіл-күйге жағымды әсер ету үшін жұмсалады. Міне, бұларды бір сөзбен айтқанда сөз этикетінің қызметі деп атауға болады.
Сөз этикеті әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да, оның өзіне тән қызметі тіл табиғатынан, тілдің функцияларынан туындайды. Ал жалпы тілдің ең басты қызметі – қарым-қатынас құралы болу және де танымдық мәні, яки қоршаған ортаны танып білу, заттар мен құбылыстарды бейнелеу, ойды жеткізу екендігі белгілі. Сөз этикеті, негізінен тілдің бір бөлшегі, шағын жүйесі (микросистема) ретінде қарым-қатынас, яғни коммуникативтік қызметте жан-жақты ашылады, ал танымдық қызметінде ол жетекші рөль атқармайды. Мысалы, дәстүрлі «Қалың қалай?», «Не жаңалық бар?», « Мал-жан аман ба?» сияқты қалыпты сұрақтар (клише, штампттар) нақты жауапты талап етпейді. Бұл сұраулы сөйлемдер өз кезегінде айтылуға тиіс болғандықтан, айтылады да, оған тағы да дәстүрлі «Шүкір!» «Өзіңде не жаңалық бар?» деген тәрізді қалыпты жауаптар беріледі. Бұл мысалдар (сөз орамдары) сөйлеушілердің әңгімені бастап кетулеріне «кілт», яки бір нәрсені сұрау, оған жауап беру қызметінде емес, негізінен, қарым-қатынасты үзбеу, жалғау қызметінде тұр. Бұл, әрине, сөз этикетінің негізгі қызметі тек байланыс құралы ғана болып, оның танымдық (сигнификативтік) мәні жоқ деген сөз емес. Егер оның бұндай танымдық мәні болмаса, біз белгілі бір нақты жағдайда қоштасу мен амандасу, рахмет айту секілді түрлерін ажырата алмаған болар едік.
Сөз мәдениеті күрделі ұғымды қамтиды. «Сөз» деген сөздің өзі – мағыналық өрісі кең дүние. Тіл жеке сөздерден тұрады, яғни сөз – тілдің бір элементі. Қазақ тілінде «сөз» сөзінің қосалқы, ауыспалы мағыналары бар.
«Сөз мәдениеті» – тілдің жеке элементтерін, тұлға-тәсілдерін оның елегінен өтіп қалыптасқан, қоғам тарапынан қабылданған заңдылықтарына сәйкес дұрыс пайдалану туралы білім саласы. Сонымен «Сөз мәдениеті» – тек тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормаларын бұлжытпай дәлме-дәл сақтау ғана емес, айтпақ ойды тыңдаушы жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп-тегіс жұмыр келген», әсерлі жеткізу дегенді білдіреді.
Кез келген ұлттың, халықтың сырт көзге бірден байқалатын, мен мұндалап тұратын ерекшелігі ең алдымен этикеттен, сөз этикетінен көрінеді. Белгілі бір халықтың, ұлттың тілін үйренуде басқа елдің алдымен сол халықтың тіліндегі сөз этикетіне ден қояды. Тіл үйренуді амандасу, рахмет айту, кешірім сұрау, комплимент айту және қоштасу сияқты сөз этикет сөздерден бастайды.
Адамдардың дидарласуына, ең алдымен, дәнекер болатын да – осылар. Туған-туысқан, жора-жолдас, тамыр-таныстармен кездескенде – амандасу, кетерде – қоштасу қаншалықты дәстүрлі әдетке айналса, біреудің қуанышына, қайғы-қасіретіне ортақтасу соншалықты табиғи да. Адамның жанына жағымды, жылы сөздер оның көңіл-күйінің пернесі сияқты.
Міне, сондықтан, атап айтқанда қазақ және түрік тілдеріндегі сөйлеу әрекетіне және осы процестегі ұлттық-мәдени ерекшеліктерге талдау жасағанда екі тілдегі амандасу, қоштасу және рахмет айту формаларын салыстыра қараудың да рөлі ерекше екенін көрсетуді мақсат еттік.
Екі бөлек тілде сөйлейтін адамдар бір-бірімен түсінісе алмайды. Өйткені екі бөлек географиялық аймақта өмір сүретін адамдар сезімдері мен ойларын жеткізуде бірдей тіл элементтерін басқа түрде, басқаша пайдалануы мүмкін. Әр адам жеке тұлға болғаны үшін, төңірегінде болып жатқан құбылыстарға, оқиғаларға түрлі реакциялар көрсетеді. Қоғамдағы белгілі бір жағдайларға байланысты болған оқиғаларға қатысты қалыптасып қалған реакциялар, қимылдар, сөздер, мәдени этикеттер бар.
Осыған орай, қазақ және түрік халықтарының өмірінде жиі кездесетін амандасу, қоштасу және рахмет айту сөз этикеттері мен олардың қай жерде, қашан, қалай қолданудың шарттарын көрсетеміз. Мысалы, амандық сұрасудың ешқандай қиындығы жоқ сияқты көрінеді. Бірақ амандасудың толып жатқан түрлері, синонимдері және варианттары бар. Сондықтан қай тілде болмасын, оларды талғап, таңдап қолдануға қажет.
Сәлемдесудің күнделікті өмірде мәні аса зор. Танысу да, әңгімелесу де амандасудан басталады. Амандасу арқылы көзтаныс, жүзтаныстармен одан әрі білістігімізді нығайта түсеміз. Сондықтан да халық нақылында «Сөз атасы – сәлем» делінеді. Амандасу – этикеттік таңба, ал белгілі бір нақты жағдайда (ситуацияда) амандаспай кету (сәлем алмау, сәлем бермеу) этикеттік таңба жоқ дегенді білдірмейді, қайта керісінше қандай да болмасын себепке (мотивке) байланысты (реніш, өкпе т. б.) қарым-қатынасты үзу тактісін аңғартады. Сол себептен де сәлемдесуге жер бетіндегі халықтардың бәрі ерекше мән береді. Оларды қолданудың, жұмсаудың өзіндік қалыптасқан жүйесі бар. Амандасудың тұрақты сөз орамдарын (сөздерін) яки тілдік құралдарын орнымен қолдана білу алдымен қалыпты қарым-қатынастың типін ажырата білуге байланысты болып келеді. Осы жүйені дұрыс аңғармаған адам кейде амандасуда ағаттық жіберіп алады.
Амандық сұрасу күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөз бірліктері. Бірақ бұлардағы мағыналық, стильдік реңк оларды талғап, таңдап өз орайында қолдануды қажет етеді. Мысалы, қысқаша түрде салыстырып көрсек, қазақ тілінде, «Сәлеметсіз бе?» деп амандасу үлкен-кішіге, таныс-бейтанысқа, ресми жағдайда да қолданыла беретінін байқасақ, бұл қолданыстың түрік тіліндегі формасы «Merhaba» (мерһаба) - жекеше түрі, «Merhabalar» (мерһабалар) - көпше түрі. Бұл қолданыс негізінен көп адамға қарата айтылады, сондай-ақ, бұл көпше түрдегі қолданысты аса сыйлы, құрметті адамдарға да қарата айтуға болады. Мағынасы жағынан қазақ тілімен бірдей, бейтарап болғандықтан, күнделікті өмірде қолданыла береді.
«Ассалаумағалайкум!» деп апа-әжелерімізбен амандассақ қолайсыз жағдайға душар қылады.
Міне, бұл тәрізді ерекшелік амандасуға этикет сөздерде мағына, стильдік өзгешеліктермен қоса әлеуметтік сипат барын аңғартады. Ал кішінің үлкендерге «Сәлем бердік!» деп қолын ербеңдетуі, қалай болса солай амандасуы тым әдепсіздікке жатады.
Мұндайда амандық сұрасудың қарапайым этикеті бұзылады. Амандасу адамның бойындағы сыпайы мінез, ізеттілікпен астасып жатса, жарасымды шығады.
Кішінің әдеп сақтап, үлкенге ықылас қоя берген сәлемі әрдайым оның кішіпейілділігін көрсетіп, тәрбие парасатын аңғартып тұрады.
Амандық сұрасу сөздерінің бірнеше түрлері мен синонимдері бар. Алайда тілдің осындай оралымды мүмкіндігін кейбіреуіміз үнемі ескере бермейтін тәріздіміз. Кейде сәлем алушы басқа сөз таппағандай сәлем берушіні қайталап жатады. «Сәлеметсіз бе?» деп амандасқан адамға оның өз сөзін қайталап «Сәлеметсіз бе!» деуден гөрі «Аман есенсіз бе?».. деген жауап қату жарасымды болар еді. Ал түрік тілінде «Merhaba» формасымен қатар «Nasilsin?» формасы жиі қолданылады. Бұл қолданыс көбінесе жақын, бір-бірін жақсы танитын адамдар арасында қолданылады.
Сөз этикетінің өз алдында дербес бір саласы – қоштасу. Оны дербес сала дейтініміз – оның өзіндік мақсаты, арнайы жұмсалатын тілдік таңбалары, қолданылатын тұрақты орны болады. Қоштасу мәнді сөз қалыптарының лексика-грамматикалық мән-мағынасы жоқ. Қызметі жағынан, қарапайым тілмен айтқанда, «Қош болыңыз» деген тілдік таңба да бір, қол бұлғап ишарат жасаған таңба да бір. Осылай айту («Қош болыңыз») не іс-әрекет арқылы ишарат білдіру (қол бұлғау) этикеттік дәстүр. Бұлар қарым-қатынасты үзбейміз, болашақта да жалғастырамыз деген таңба. Бұл таңбаларды (амандасу таңбалары сияқты) тиісті жерінде лайығымен қолдану әдептілік әліппесі болып табылады.
Жалпы, этикет заңдылығы бойынша, амандасу екі жақты байланыстың басталғанын білдірсе, ал қоштасу контактінің уақытша үзілгенін мәлімдейді. Қазақ тілі сияқты түрік тілінің қоштасу сөздерінің де мол қоры, түрі бар. Және олардың қолданылуында өзіндік жүйе, қалыптасқан дәстүрлі тәртіп бар. Ол жүйе, негізінен алғанда, адресат пен адресанттың арасындағы қарым-қатынастың типіне (бастық-бағынышты, үлкен-кіші, ер-әйел т. б.) және нақты жағдайға (ситуацияға), атап айтқанда, ресми-бейресми, бейтарап, уақыт мерзімі т.б. қалыпты жағдайларға тәуелді.
Қоштасу формуласы табан астында болмайды, яғни байланыс кілті үзілмеуге тиіс. Байланысты кілт, шұғыл үзбес үшін оған дайындық болады. Атап айтқанда: «Уақыт болып қалыпты-ау», «Амал жоқ, қайтатын уақыт таяп қалды», т.б. қыстырма сөздер байланысты үзуге дайындық болып табылады. Мұны «қоштасуға дайындық актісі» деп атаймыз. Осындай «кіріспеден» кейін қоштасудың қалыпты (стеоретипті) формулалары айтылады. Бұндай формулаларға: «Сау болып тұрыңыз», «Келесі кездескенше» т.б. жатады.
Қазақ тілі сияқты түрік тілінде де қоштасудың бұл формалары бар. Мысалы, «Görüşmek üzere!» (гөрүшмек үзере) қолданылады. Қоштасудың бұл түрі ресми емес, жеңіл түрде айтылады. Бұл форманың қысқаша нұсқасы «Görüşürüz!» (гөрүшүрүз) формасы әдетте жастар арасында жиі қолданылады.
Әр қоғамда, әр тілде кездесетін рахмет айту сөз бірліктері көбінесе өзгешеленгенімен, діни сенім, әдет-ғұрып факторларына негізделген жағдайда көбінесе ұқсас болып келеді.
Мәселен, қазақтарда көп қолданылатын және бір істің жағымды, ойдағыдай аяқталуына орай айтылатын: Құдайға шүкір, Аллаға шүкір сөздері болса, түріктер сәл өзгертіп, «Tanrıya şükür» (Танрыя шүкір), «Allaha şükür» (Аллаха шүкүр) дейді.
Өмірдің басқа салаларында, өзге жағдайларда және адам қарым-қатынасында қолданылатын басқа сөз тіркестері де бар және кез келген бір кісінің жәрдемі, жақсылығы т.б. алдында айтылатын «Рахмет» сөзімен қатар, кейбір жерлерде «сау бол», «сау болғыр» сөздерінің түрік тіліндегі баламалары «Teşekkür ederim» (тешеккүр эдерим) /қазақ тіліне аударғанда «рахмет» деген мағынада, «Sağol» (сағ ол) /Сау бол/ сөздері қолданылады.
Түріктерде рахмет айту үшін қолданылатын «Allah Tuttuğunu altın etsin» (Алла туттуғуну алтын етсин) /Алла ұстағаныңды алтын етсін./ сияқты сөздері де бар.
Айтып өткен мысалдарымыз түріктер мен қазақтардың әр түрлі өмір салтында, жағдайларында өз сезімдерін, тілектерін, алғыстарын баяндап көрсетудегі нәзіктік сезімталдықтарын дәлелдейді.
Бұл қысқаша түрде көрсетілген ұқсастықтар мен айырмашылықтар қарастырыла бастаған мәселенің ең аз бөлігі екеніне қарамастан, екі тілдің меңгерілуіне өзара жақсы ықпал ететініне көз жеткізуге болады деп ойлаймыз. Ал қойылған мақсатқа түбегейлі түрде жету үшін алда бұл екі тілдегі рахмет айту, амандасу мен қоштасуды білдіретін тілдік бірліктерді мүмкіндігінше толық зерттеуге тырысамыз. Себебі бітіру жұмысының міндеті осы мәселеге тіреледі.
Қазақ тілі мен түрік тілінің рахмет айту, амандасу мен қоштасуды білдіретін тілдік бірліктері туралы зерттеулерге тоқталатын болсақ, ерекше көзге түсетіндерден Айман Қобланованың «Қазақ сөз этикеті» атты еңбегін атауға болады. Бұл еңбекте автор қазақ тілінің қазақ сөз этикетін тіл мәдениеті тұрғысынан сөз ете отырып, сөз этикеті бірліктерінің өзіне тән қызметін, семантика-стилистикалық ерекшеліктерін көрсетті. Бірақ түрік тілінің рахмет айту, амандасу мен қоштасуды білдіретін тілдік бірліктері туралы түрік тілі, ағылшын тілі мен орыс тілі болмаса, қазақ тілінде жазылған деректер, зерттеулер жоқ. Түрік тіліндегі деректердің қатарына Alaaddin Korkmaz жазған «Türkçe kompozisyon», осымен қатар «Тürk dünyası araştırmaları» мен Prof. Dr. Muharrem Ergin жазған «Türk dil bilgisi» деген еңбектерін ерекше атауға болады. Аталған еңбекте авторлар түрік тілін үйрену кезінде ескерулерге оқырманның назарын аудартқызып, түрік тілінің сипатына, сөйлеу этикетіне ерекше тоқталып өтеді.
Қандай да болмасын тілдің осылайша мыңдаған жылдар бойы зерттелуінің нәтижесін біз енді өз көзімізбен анық көре аламыз. Ол - ана тіліңнен басқа кез келген шет тілін үйренуге берілетін мүмкіндіктердің асқаны. Ал қазіргі кезде заман талабына сай адам өмірінің деңгейін мүмкіндігінше жоғары ұстау үшін кем дегенде бір шет тілін білуі керек. Яғни өзектілік деген осында жатыр. Әсіресе, Түркия сиқты дамыған ел мен Қазақстан сияқты дамушы ел арасында екі жақты қарым-қатынастарды нығайту жолында сол қарым-қатынастарды орнататын болсын, екі елдің қарапайым халқы болсын серіктес елдердің мемлекеттік тілдерінің ерекшеліктерін білетін жағдайда әрқашан да түсіністік пен татуластық болатынына сеніммен қарауға болады емес пе? Әрине, ортақ халықаралық дәрежесіне ие ағылшын тілі немесе түріктердің көбі білетін орыс тілі бар болған кезде, осы тілдерді меңгеруге көмектесетін аталған үш тілде де оқу құралдары бар болған кезде, дәл осы тілдер арқылы қатынас орнатуға болатын кезде, басқа тіл не үшін керек деген ой да келетін шығар? Бірақ белгілі біреумен қатынас орнатып жатқан кезде, көптеген қиыншылықтарға тап болмау үшін керек деп санаймыз. Серіктесіңнің тілін білсең, мәдениетіне де тереңірек үңіле аласың. Ал бұл, өз кезегінде, түсінікті арттырып, қателік жасаудан қорғайтыны күмәнсіз. Демек, түрік-қазақ тілдерінің байланыстыра зерттелуі қажет деп айтсақ артық болмайды. Осыған орай дәл осы тілдік байланысты, яғни оның ішіндегі түрік тілі мен қазақ тіліндегі рахмет айту, амандасу, қоштасуды білдіретін тілдік бірліктерін зерттеу мәселесі ғылыми жаңалық болып табылады.
Жұмыс барысында алға қойған мақсатымызға жету үшін түрік тілі мен қазақ тіліндегі рахмет айту, амандасу, қоштасуды білдіретін тілдік бірліктердің қызметтерін, түрлерін, сипаттарын, ерекшеліктерін барынша талдау, салыстыру әдістеріне сүйенгенді жөн көрдік.
Жұмыс құрылымы бойынша кіріспе, екі тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. I тарауда түрік тілі мен қазақ тілінің сөз этикеті бірліктерінің қызметі мен семантика-стилистикалық ерекшеліктері, сонымен қатар сөз этикетінің қызметі мен оның өзара байланыстығын, сөз этикеті бірліктерінің стильдік ерекшелігі, қазақ және түрік тілінің вербалды және бейвербалды этикет формалары талданады. II тарауда сөз этикеті бірліктерінің қолданылуы мен жұмсалу аясы деп аталып, өз ішінде үш бөлімге бөлінген: 1. қазақ және түрік тіліндегі амандасу сөз бірліктерінің формалары; 2. қазақ және түрік тіліндегі қоштасу сөз бірліктерінің формалары; 3. қазақ және түрік тіліндегі тілек сөзі мен рахмет айту сөз бірліктерінің формалары талдауға салынады. Екі тілдегі амандасу сөз бірліктері талданып,кейіннен арасындағы байланыстары да, қолданылу жағдайларының ерекшеліктері де белгіленеді. Бар жұмыс барысында келтірілген мысалдарды екі тілге аударып, түсінікті болу үшін мүмкіндігінше деректерді схемалық түрде көрсетуге тырыстық.

I тарау. Сөз этикеті бірліктерінің қызметі менсемантикалық-стилистикалық ерекшеліктері

Этикет – философиялық, этикалық ұғым, адамдардың белгілі бір ортадағы
орныққан тәртіпке сәйкес бір-бірімен қарым-қатынас жасауының
ережелері.

Адам – қоғамның жемісі. Ол белгілі бір қоғамда, әлеуметтік ортада өмір сүреді. Адамдардың қоғамның өзге мүшелермен, әлеуметтік ортамен, ұжыммен қарым-қатынасы орныққан этикет нормалары арқылы реттеліп отырады. Бұлайша орныққан этикеттің тілдік жағы бар да, тілдік емес жағы бар. Мысалы, жасы кішінің жасы үлкен адамға жол беруі, іскер адамдардың өзара «сәлемдесуі», тағзым етуі т.б. әдептіліктің тілдік емес жағына жатады. Ал әдептің тілдік құралдар, тілдік амал тәсілдер арқылы жүзеге асатын да түрлері бар. Оларды тіл білімінде сөз этикеті (речевой этикет) деп атайды.
Сөз этикеті деген ұғым тек сыпайы сөйлеу немесе мәдениетті сөйлеу (айтуға «ұят», мазмұны нашар, дөрекі сөздерді қолданбау т.б) деген мағынада емес, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа ұйытқы болып реттеп отырудың құралы ретінде тұрақты түрде қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, тұрақты сөз орамдары, өзге де тілдік амал-тәсілдер деген мазмұнды аңғартады.
Сөз әтикеті жалпы алғанда адамдар (коммуникаттар) арасындағы байланыстың үзілмеуі, реттеліп отыруы, сыпайы түрде жүзеге асуы, сондай-ақ көңіл-күйге жағымды әсер ету үшін жұмсалады. Міне, бұларды бір сөзбен айтқанда сөз этикетінің қызметі деп атауға болады.
Сөз этикеті әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да, оның өзіне тән қызметі тіл табиғатынан, тілдің функцияларынан туындайды. Ал жалпы тілдің ең басты қызметі-қарым-қатынас құралы болу және де танымдық мәні, яки қоршаған ортаны танып білу, заттар мен құбылыстарды бейнелеу, ойды жеткізу екендігі белгілі. Сөз этикеті, негізінен тілдің бір бөлшегі, шағын жүйесі (микросистема) ретінде қарым-қатынас, яғни коммуникативтік қызметте жан-жақты ашылады, ал танымдық қызметінде ол жетекші рөль атқармайды. Мысалы, дәстүрлі «Қалың қалай?», «Не жаңалық бар?», « Мал-жан аман ба?» сияқты қалыпты сұрақтар (клише, штампттар) нақты жауапты талап етпейді. Бұл сұраулы сөйлемдер өз кезегінде айтылуға тиіс болғандықтан, айтылады да, оған тағы да дәстүрлі «Шүкір!» «Өзіңде не жаңалық бар?» деген тәрізді қалыпты жауаптар беріледі. Бұл мысалдар (сөз орамдары) сөйлеушілердің әңгімені бастап кетулеріне «кілт», яки бір нәрсені сұрау, оған жауап беру қызметінде емес, негізінен, қарым-қатынасты үзбеу, жалғау қызметінде тұр. Бұл, әрине, сөз этикетінің негізгі қызметі тек байланыс құралы ғана болу, оның танымдық (сигнификативтік) мәні жоқ деген сөз емес. Егер оның бұндай танымдық мәні болмаса, біз белгілі бір нақты жағдайда қоштасу мен амандасу, рахмет айту секілді түрлерін ажырата алмаған болар едік......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 191



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?