Қазақ әдебиеті | Әсет Найманбайұлы прозасындағы романтизм

 Қазақ әдебиеті | Әсет Найманбайұлы прозасындағы романтизм

Мазмұны

КІРІСПЕ...............................................................................................................3-4
1 Ә. НАЙМАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ.........................5-13
1.1 Ән өлеңдері мен арнау- толғауларының жанрлық ерекшелігі.................13-26

2 . АЙТЫС- ҚАҒЫСТАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ .............................................27-36
2.1. Қисса- дастандарының сюжеттік негізі......................................................36-43
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................... 44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........................................................45-46

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған ақындық өнердің өрен жүйрігі; импровизатор, сазгер, әнші Әсет Найманбайұлы нағыз сегіз қырлы өнерпаз әрі қағаз бетінде қаламы қатар жүйіткіген сауатты ақын. Өнерде өрге жүзген, мәдениетімізге өшпес мұрасын қалдырған ақынның лирикалық өлең- толғаулары, айтыс- қағыстары мен қисса- дастандары, асқақ әндері ұрпақтан- ұрпаққа ауысып әдеби- мәдени мұрамыздағы көрікті де көрнекті үлгілердің қатырын молайтуда. 1930 жылдардан бастап Әсет ақынның өмірі мен өнеріне қатысты деректерді чсаралап, әдеби мұраларын жинастырып, оны халқымыздың қажетіне жаратуда. Ұрпақтан - ұрпаққа аманат ретінде ауысып келе жатқан ақын мұрасына әр кезеңде әртүрлі пікір айтылып, сыналып та, сырт қалып та келді, қоғамдық кезең ақын мұрасын зерттеуде әсер- кесірін тигізбей қоймайды. Көрнекті әдебитші ғалым Б.Кенжебаев сөзімен айтсақ: «...біз қазақтың бұрынғы ақын –жазушыларын саяси идеялық қатесі жоқ ақын - жазушылар, саяси идеялық қатесі бар ақын- жазушылар деп жіктедік»
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Өмірінің белгілі бір кезеңін Шығыс Түркістанда өткізген ақынның өмір жолы, шығармашылығындағы шығыстық үлгі мотивтер, діни уағыз өлеңдер ақын мұрасын теріс бағалауға пайдаланылды. Әсет ақын- ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарына тән демократтық ағартушылық ағымдағы ойларын,діни дидактикалық уағыздарын өлеңмен өрген ақын. Ақын шығармашылығындағы аса құнды қазына- шығыстық нәзиралық үлгідегі дастандар. Бірақ шығысқа секеммен қараған, дінді у деп уағыздағын кеңестік идеология сынына ақын шығармашылығы аз ілінбеді.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Әсет атына қаратылып айтылған сын пікірлер көп болмағанымен, ақын мұрасының ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы, Хх ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің оқулық- хрестоматияларына, зерттеу монаграфияларға бірде еніп, бірде енбей қалуы саяси сақтанудан салқын көзқарастан. Кеңестік дәуір идеологиясы әдебиет пен ғылымды тұсап, барымзды базарлай алмадық. Бүгінгі күнгі қоғамдық бетбұрыстар рухани өрісімізге тың серпіліс жаңа леп әкелді. Заман талабы қазақ әдебиеттану ғылымының жан-жақты сан алуан салаларына қыруар міндет жүктеп даму процесін жаңа бағытқа бұрды. Қазақ әдебиетін зерттеу, талдау, оқыту ісі жаңа міндеттер алдында тұр. 70 жыл бойы басқаша айтылып, басқаша уағыздалып келген әдебиет енді өз табиғатына лайық өмір сүріп, оның ерекшеліктері мен көркемдік эстетикалық байлықтары терең ескеріліп, жаңаша зерттелуі қажет. Мұның өткендегі мұраға да кешегі кеңес әдебиті делініп келген, бірыңғай саясатқа телінген әдебиетке де қатысы бар.
Зерттелу объектісінің теориялық, практикалық маңыздылығы мен әдістемелік негіздері. Диплом жұмысының тақырыбы «Ә. Найманбайұлы прозасындағы романтизм» деп аталатындықтан, көркемдік әдістің теориясы мен тарихы, оның ішінде романтизм жайлы ғылыми еңбектер негізге алынды.Атап айтсақ, В.Белинскийдің «Этика и литературная критика» (1959), Н.Гуляев, И.Картошовалардың «Введение в теорию романтизма» (1972), А.Гаджиевтің «Романтизм и реализм» (1972 ) т.б.ғалымадың еңбектерімен бірге М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, Ә.Нарымбетов, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, Б.Ыбырайымов еңбектеріне сүйеніп, аталмыш зерттеулердің теориялық тұжырымдарын басшылыққа алдық.
Зерттеудің басты тұжырымы-түйіндері мен нәтижелерін филология мамандықтары бойынша оқытылатын жалпы және арнаулы курстарда, өнер институттары мен мектептерінде, сол секілді орта мектептің әдебиет пәндерінде де пайдалануға болады.
Зерттеу әдісі. О.Бөкеев көркем шығармаларындағы, жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы жазушы романтизмінің табиғатын, маңызы мен орнын, қаламгер шеберлігін зерттеуде хронологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы, жүйелі-комплексті әдістер басшылыққа алынған.
Жұмыстың негізгі тұжырымдары мен нәтижелері әдебиет теориясы мен тарихындағы әдеби бағыт, ағым, көркемдік әдіс мәселелерін талдап-түсінуде, романтик ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеп-зерделеуде үлесін қосады.Әсіресе, романтизмнің ғылыми-теориялық мазмұнын ашуға көмектеседі.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1. Ә. НАЙМАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Әсет ақын мұрасын жинап, жинақ етіп шығаруға көп еңбек еткен жазушы Б.Нұржекеевтың: «Әсет Найманбайұлының жұртшылыққа кең танылғаны да, бертін келе, біраз уақыт ол танымның шеңберіннің кәдімгідей тарылғаны да бүгінгі әдеби қауымға белгілі. Оның өмірі мен твррчествосына қатысты бұл құбылыс тіклей тарихи жағдайларға байланысты. Әсет тағдыр талайы мен өмірінің соңында Шығыс Түркістан өлкесінде өтеді. Ақынның өзі де шығармашылығын да белгісіздеу болып, көп уақыт зерттеуден қағыс қалып келді. Алайда Әсеттің мүлде ұмыт қалуы мүмкін емес еді. Өйткені Әсет өнеріғ әндері, айтыстары мен қисса дастандары халық өмірі, оның рухани әлемі тәрізді ұмыт болуы мүмкін емес өнер. Оның өнері халқымыздың белгілі кезеңдегі мәдени дәрежесін , ой-пікір деңгейін анықтайтын тарихи өлшем. Сондықтан Әсет шығармашылығына, өміріне біз әрдайым халықтық тұрғыдан үлкен әлеуметтік мәнмен қаруға міндеттейміз» [3] деген пікірі ақиқат. Әсет ақын шығармаларының л арасына кең таралыуына ең алдымен, сөз жоқ, өзінің әншілігі, сазгерлігі, айтыскерлігі, қиссашылдығы ерекше әсер ықпалын тигізді. Дидактикалық- ағартушылық ағымдағы өлеңдері, діни уағыздық сипаттағы қисс- хикаяттары, гуменистік идеяны паш еткен қою уақиғалы, терең мазмұнды қисс- дастандары ел аузында жылдам жатталып, тез тарады.
Әсет Найманбайұлы 1867 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, "Қызыл-арай" ауылында туған. Ол қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы.
Ол 7-8 жасқа келгенде медресе имамы Зейнолладан бастауыш білім алады. Мұнда араб тілі мен шығыс поэзиясынмеңгеруге ден қояды.
14-15 жасында сазгер әрі әнші ретінде өз шығармашылық жолын бастайды. Әсеттің әке-шешешесі кедей, шаруа адамдар болған. Кейін ер жетіп, есейіп, айтысқа түскен кезінде де кейбір ақындар оның кедейлігін бетіне басады. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп түсінген Әсет ешкімге қара сөзден дес бермеген. Әсет ескіше оқыған, көзі ашық адам болған. Оның дүниетанымы, ой тереңдігі әсіресе айтыс жанрында кеңірек танылды.
Мысалы, әйгілі ақын-қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен, соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады. Сөйтіп, Әсет пен Ырысжанның айтысы–көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады.
Әсет – негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің "Салиха-Сәмен", "Ағаш ат", "Перизат", "Үш жетім қыз", "Нұрғыман-Нағым", "Мәлік-Дарай", "Жұмсап", "Кешубай" атты қисса дастандары бар. Ол А.С.Пушкинның "Евгений Онегин" романын аударып (еркін аударған) оны өзі қисса етіп жырлаған. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серідендәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде ("Кіші Ардақ", "Үлкен Ардақ", "Қаракөз", "Мақпал") психологиялық тереңдікпен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирикалы Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл оның қалыптасу, өзіне тән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерекшеліктері Әсет әндеріне де тән. "Інжу-Маржан" әні (кейде "Әсеттің әні" деп те аталады) өз стилін айқындай түскен туынды. Сондай-ақ "Ырғақты", "Аққарагер", "Қаракөз", "Майда қоңыр", "Жалған-ай", "Сырмақ үйкер" т.б әндерінің авторы. Әсет өз шығармаларында өмірге деген құштарлығын, туған елі мен жеріне деген айнымас махаббатын жырлады. Ақын өлеңдері мен әндеріне көшпелі тұрмыс пен қазақ жұртының тарихы және этнографиясының қайталанбас бояулары тән. Әсеттің ақындық қуатында ойдың образдылығы, шұрайлы теңеулер, жарқын шендестірулер айқын танылады [1].
Ол Сарыарқаның ұлы перзенттері Біржан сал Қожағұлұлы мен Ақан сері Қорамсаұлының ақындық өнер дәстүрін жалғастырып, әрі қарай дамытты. Сонымен бірге өз өлкесі әндерінің Жетісуда, Тарбағатайда және Алтайда кеңінен тарауына мұрындық болды.
1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядттардан дүрліге қашқан елмен бірге Әсет Қытайға өтіп кетеді. Октябрь революциясы]] жөніндегі хабарды ол қуана қарсы алады, жат жерде жүріп Отанын аңсайды. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болды [2].
1910 жылы Қ. Халиди Әсет Найманбайұлынан бірнеше салт өлеңдерін жазып алып, жариялаған. Кеңес дәуірінде Әсет Найманбайұлының өлеңін алғаш С.Сейфуллин(1925) бастырған. 1936 жылы Б.Ысқақовтың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы мақаласы тұңғыш рет жарияланып, Әсет Найманбайұлының шығармаларының тұңғыш жинағы 1968 жылы Б.Адамбаевтың құрастыруымен басылды. Бұл жинаққа ақынның 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дастан-қиссасы жарияланса, 1988 жылы Нұржекеевтің құрастырған «Әсет» атты жинағына 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 айтыс-қағысы, 8 қисса-дастаны енгізілген [3].
Әсет ақынның 1867 жылы дүниеге келгені туралы зерттеушілер кейінгі кезде бір тоқтамға келсе, туған жері туралы әлі де екі түрлі пікір болжам бар: Әсеттің өмірі мен шығармашылығы туралы тұңғыш арнайы мақала жазған Балташ Ысқақов Әсеттің туып өскен жері Семейдің Ұржар, Мақаншы аудандары, 1920 жылы атаман Анненков Қытайға қашқанда шекараға жақын төрт болыс елді шауып әкетеді, елмен бірге Әсет те ауып кетеді [4] десе, О.Орынтаев , Балташ Ысқақов деректерін нақтылай түседі. Туып- өскен жері Мақаншы ауданының Жарбұлақ, Көктал ауыл советтері, 7-8 жасында Көктұмадағы Зейнолла имамның медресесіне берілген, оны 14-15 жас шамасында әкесі өлген соң ылажысыздан тастап, Көкталдағы нағышысының қолына барады. Қоянды жәрменкесінде болуы 20 жас шамасында» [5] Академик А.Жұбанов «замана бұлбұлдарында», ақынның қызы Сәмөгеймен әңгімілескеніне сүйеніп, «Әсет ақын Қарағанды облысы, Қарқаралы уезінің Темірші болысында туған» [6] деген пікір айтқан. С.Ордалиевтың «Қазақ әдебиетінің тарихында» жазған Әсет туралы зерттеу мақаласында да, «Қазақ совет энцикллопедиясында» да осы пікір қуатталды. 1968 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан Әсет шығармалары жинағын құрастырушы, ғалым Б.Адамбав осы кітапқа жазған алғы сөзінде: «Әсет 1867 жылы Семей облысында туған» дейді [7]. Жазушы Нұрқасым Қазыбек «Заман Қазақстан» газетінің 1992 жылғы 6- наурыздағы санында: «Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Семей облысы Мақаншы ауданында дүниеге келді. Әсет 8-9 жасынан бастп Семейдегі діни медресеге оқуға түсті. Әсеттің тұсында Қытай- Қазақстанның мемелекеттік шекарасы белгіленген болса да (1904) барып келіске әлі қатал шек қойылмаған болатын», - деген деректерді келтіріп, «Бұл материал 1989 жылы «Шыңжаң халық баспасынан» жарық көрген «Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп» деген кітаптың әр жерінен алынды» [8]- деп ескертеді. Өнер зерттеушісі А.Түгелбаев 1915 жылы Шыңжаң жерінде Әсет ақын Шылбы Көмекұлына сәлем бере барғанда шығарған әні, - деп төмендегі жолдары жариялайды:
Шылбы аға мән-жайымды сұрадыңыз,
Өлең ғой көңілдегі шынарымыз.
Жерінде Қарағанды әкем туған,
Алакөл ірге жайған тұрағымыз.
Семейде кіндік қаным төгіліпті,
Бір шыбық ақ Ертісте егіліпті,
Көктұма медресесін бітірген соң,
Дәм тұзым жалпақ елге себіліпті.
1867 туған жылым.
1913 жылдан бастап,
Ояздан қуғын көріп шетте жүрмін.
Семейде Сәрсембіден оқығанмын ...[9]
Әсет ақынөмірінен «Әсет» атты роман жазған Қ.Толыбаев «Қазақ әдебиетінің» 1992 жылғы 22 мамырындағы санында: «Әсет әйгілі Бақты жотасының бір шұрайлы саласында 1867 жылы дүниеге келген. Бірақ Қарақаралыда туған пікір тұрақты жазылып жүргенімен оны растайтын нақты дәлел жоқ»,- дейді.
Азғана уақыт ішінде бірін-бірі іле- шала жарияланған үш мақала да тірек болар айғақ жоқ, тек естелік, болжамдар ғана. Кейінгі кездегі ақын өміріне, мұрасына қатысты кейбір естеліктерге, «Жаңадан табылған өлеңдерге» күмәнмен қарауға мәжбүр боламыз. Жоғарыда айтылған А.Түгелбаев мақаласындағы өлеңде ақан Әсет биографиясын жіпке тізгендей санамалап, қайда туғаны, қайда оқығаны жайында ғылымда пікір таласына, дауға айналған мәселелерді шешіп бергенімен, өлең стилі ақындағы толысқан (1915 ж 48-де) Әсет ақынның аузынан шықты деу, сендірмейді. Қазақстан журналистер одағының мүшесі Қ.Орынбетов «Сарыарқа» газетінде Қ.Толыбаев пен Н. Қазыбек мақалаларына дау айтып, «Әсет Орталық Қазақстнның биігі Қызыларай тауында туып, Тарбағатай тауларына ұя салған қыран» [10], деп ақынның өлеңдері мен айитыстарынан мысал келтіріп, естеліктерге жүгінеді. Қолда ешқандай құжаттық, архивтік дерек көздері болмағанда ғалым ел аузындағы естеліктен бұрын ақын мұрасындағы деректік жолдарға сүйенеді, бірақ Әсет ақын мұрасының өзі ел аузынан әртүрлі орындаушылар арқылы жеткендігін ескер сек, бұл мәселеде нақты пікір айтьу қиындай түседі. Әрі кейінгі кезде ақын мұрасына «қолдан жасалап қосылған» естелік пен өлеңдер де жазылып жүргендей әсер қалдыратынын жасыруға болмайды.
«ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» атты топтама зерттеу еңбекте Әсет ақын мұрасын жүйелі зерттеп келе жатқан, профессор Б.Абылқасымов Әсеттің туған жріне қатысты болжамдарға қатысты пікір білдіріп: «Б.Адамбаев деректері көкейге қонады, ақынның шешесінің аты Кермеқас екндігі белгілі, ал оның кімнің қызы екендігі туралы нақты дерек жоқ. Міні осы кілтипанды анықтаған күні Әсеттің қайда туғандығы туралы дау да бітпек» [12] деген тұжылым жасайды.
Әсет ақынның шығармаларын оның сауаттылығы, шежіре тарихқа, шариғат қағидаларына жетіктігі, араб-парсы тілдерін жақсы игергендігі аңғарылып отырады. «Евгений Онегинді» Абай дастанының дәстүрімен назиралық үлгіде жырлауы әрі өзіндік шешім, өзгерістер қосуы ақынның орыс тілінен де хабардар болғанын, ал «Ағаш ат» дастанында «Аударған арабшадан атым Әсет», «Ер Шеризатта «Шығарып парчсы сөзден өлең қылдым» дегеніне қарағанда, Шығыс классикасының кейбір шығармаларын түпнұсқадан оқып танысуы да мүмкін жай. Әсет шығармаларындағы араб-парсы тілдерінен енген сөздерді теріп сөздік жасағанымызда 400-ге жуық араб-парсы сөздерін кездестірдік. Бірақ бұл құбылыс тіл шұбарлау емес, қайта В.В.Радлов пікіріндегідей: «Қазақтардың тілі исламның бүлдіргіш ықпал әсерінен аман қалған және өзінің таза түркілік қалпын сақтаған. Әрине, оған кейбір жат сөздер енді, әйтсе де олар басқа түрік мұсылмандарыдың тіліндегідей өзінің төл ерекшелігін сақтай алмады, қайта тілінің заңына бағынып икемделеді, осылайша халық игілігіне айналды» [13]. Ақын араб-парсы сөздеріндерлік сөйлеу тілінің тұрақты қорына айналып, дағдылытіл машығына енгендігінен емес, поэтикалық бояу ретінде де қолданады.Ақынның мұсылманша оқығандығы, сауаттылығы еш шүбә келтірмейді, ал қайда қай медреседе оқыды деген сауалға әр түрлі көзқарас, болжамдар айтылып, жазылып келеді.
1968 жылы жарық көрген жинаққа алғы сөзінде Б.Адамбаев: «Әсеттің әкесі Найманбай, шешесі Кермеқас, баласын Бақтыдағы (Көктұма) Ғабдышүкір (Зейнолла деп те атайды) имамның медресесіне береді» [14] дейді. А.Жұбанов та ақынның Көктұмада Зейнолла имамның медресесінде оқығандығын айтады [15]. Әсет өміріне байланысты алғаш көлемді зерттеу мақала жазғанғалым С.Ордалиевте осындай пікірде болған [16]. 1983 жылы 25 наурызда «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған Б.Нұржекеевтің «Әсетті көрген ақсақал» атты мақаласында Әсетті оқытқан Қазірет Құсайын деген кісі екендігін айтады [17], ал осы кісінің мешіт ұстап бала оқытқан жері Шұбарағаш-Ойжайлау, бұрынғы Лепсинск уезінің орталығы болған жер. Мақаншыдағы Көктұма да бұрынғы Жетісу облысына қараған. 1903 жылғы мәліметбойынша сол кездегі Лепсі уезінде бар болғаны 7 мұсылман мектебі бар екен, оның 3-еуі Лепсінің дәл өзінде болыпты. Шұбарағаш- Мақаншы өңірінде де жер бар. «Дала уалаяты газетінің» 1894 жылғы 46 санында төмендегідей деректер бар: «Бақты қаласынан әрмен 3 шақырымда тұрған һәм Қытайдың Шәуешек қаласынан әрмен 13 шақырымда тұрған Шұбарағаш деген жерде съезд болды» Естелік айтушылар Шұбарағаш- Бақты- Көкқұмда екендігін шатастырған. Б.Нұржекеев жоғарыдағы жайларды жаза келіп; «Алайда медресе болмаса да Бақтыда мұсылманша оқытатын мектептің ашылуы мүмкін деп ойлаймыз. Бірақ ондай мектеп Әсетке біз жоғарыда айтқандай терең білім бере алар ма еді? Ал Семейдің жағдайы мүлде басқаша, онда 7 медресе болыпты. Осы жайларды таразылай қарасақ, Әсет Семей медресесінде оқыды» [18], деген ой айтса, 1988 жылы жарақ көоген жинаққа жазған алғы сөзінде: «....ақынның шығармашылығын зерттеушілердің кейбіреуі оны Семей медресінде оқыды десе, біразы Көкқұмда (қазіргі Бақты) оқыды дейді бұған қазір әрине тірі куә жоқ» [19] деп бұл жайды әлі нақтылай түсу керектігін айтады. С.Мұқанов «Алыптың адымдарында» «Әкесі Наймантай шағын шаруалы белгісіз адам екен. Балалық шағында Әсет Семейдегі дін медресесіне оқуға беріледі де, қаражаттың жоқтығынан 15 жасында медреседен шығады» дейді. С.Бегалин Семейде оқыған дегн пікір айтады: «Әсеттің жас кезінде әкесі Найманбай кедейліктен күнкөріс іздеп, Семейге келіп, Әсетті Жаңа Семейдегі медресеге оқуға береді. Сол Мақаншыда Әсеттің әкесі өледі де кейінірек Көктал болысындағы нағашысына кетеді». Әсетті Семей медресесінде оқыды дегн болжамдарының «Бақтыдағы мұсылманша мектеп терең білім бере алар ма еді», - деген пікірлердің де нақты ұстанар дерегі жоқ. Әсет ақын сауаттылығын қай медреседе оқығандығымен ғана емес, дарын, талант- талабының тұрғысынан бағалаған жөн. Жамбыл, Шәкәріснің медреседе оқымай-ақ, «Халық униврситетінің» қайнарынан сусындап өскендігін қалай мойындасақ, Әсет ақынға өміріне қатысты көптеген деректерді бұрмалау кеңес дәуіріндегі идеология келеңсіздігінен арашалау ниетінен туындағандай әсер қалдырады.
Ақын өмірінің тағы бір ккезеңі- оның Шығыс Түркістанға, Қытай қазақтарының жеріне өтуі. С.Ордалиев жоғарыдағы аталған зерттеу мақаласында, А.Жұбанов «Замана бұлбұлдарында» ақынның арға берке өтуі туралы «Емілбарлық (Байжігіттер) елі Қытай еліне ауғанда Әсет бірге кетіп содан қайтып оралмағандығын айтады. Б.Нұржекеев 1987 жылы жұлдыз журналының № 7 санындағы мақаласында біршама деректер келтіргенімени нақты жылын көрстпейді. Б.Адамбаев 1968 жылғы жинаққа жазған алғы сөзінде: «1916 жыл оқиғасынан, патша өкіметінің жазалаушы отрядынан үркіп, үрейленген ауылдастарымен бірге Әсет Шығыс Түркістанға өтеді» дейді.
Әсет Найманбайұлы сонауц 1904 жылдан бастап-ақ ауылы-аралас, қойы-қоралас жатқан етене өз туысы қытай қазақтарына келіп-кетіп жүргені анық. 1916 жылдың дүрбелеңі кезінде Тарбағатайға бала- шағасынмен келіп, Байжігіт еліәнің ішіне қоныстанған........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 888



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді