» » » Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Сәбит Дөнентаев ақындық шеберлігі

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Сәбит Дөнентаев ақындық шеберлігі

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Сәбит Дөнентаев ақындық шеберлігі казакша Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Сәбит Дөнентаев ақындық шеберлігі на казахском языке
Мазмұны

Кіріспе
І ТАРАУ. АҚЫН ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АҒАРТУШЫЛЫҚ АРНА
ІІ ТАРАУ. АҚЫНДЫҚ ШЕБЕРЛІК АЙШЫҚТАРЫ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті біраз зерттелді десек те, оның әлі де толық зерттелмеген тұстары баршылық. Қазақ әдебиеті тарихының үлкен бір қоғамдық саяси ахуалды бастан кешірген тұсы - осы кезең. Абай айтқан «Қалың елім қазағым» (1,58) деген ойдың алға шығып, Ахмет ұсынған «елеулім болуды» (2) көздеген тұсы болатын-ды.
Қазақ зиялылары жаңа бір арнаға бет бұрып, ірі саяси- әлеуметтік оқиғаларға араласып қана қоймай, көбі қазақ әдебиетінің барлық жанрларының біршама дамуына қызмет етті. Әдебиеттің осы бір даму кезеңінде уақыт сұранысына орай әрқилы көзқарастар қылаң беріп,
жан- жақты ой ортаға салынды. Ақынның көбі ұлт мәселесін, елдікті, діл мен тіл, жер мен ел тағдырын жырлады, ғылым, оқу арқылы биіктерге көтерілуге болатынын айтып ағартушылық мақсатты өз шығармашылықтарына арқау етті. Ал енді заман өзгеріп қос төңкерістің қыспағынан шыққан тұста ол ойлардың көбі замана сұранысына сай болмай шығып келді. Міне, сондай ақынның бірі Сәбит Дөнентаев еді.
Әрине, Сәбит жайлы аз жазылған жоқ. Ол әдебиет тарихынан шығып та қалған жоқ. Бірақ оның өзіндік көзқарастары, өмірлік ұстанымдары, шығармашылық бағыт- бағдары өңі айналдырылып беріліп, тіпті, көптеген дүниесі назардан тыс қалып қойды. Ақын шығармашылығының кеңестік идеологияның ыңғайына келетіні белгілі. Тіпті ақын шығармашылығын осы күнге дейін бір ғана зерттеуінің ізденісіне арқау болғанын, ал негізінен мақалалар мен жиған оқулықтарда, әдебиет тарихында жалпылама сөз болып келгенін еске алсақ та жеткілікті. Өйткені Сәбит Дөнентаев шығармашылығы даулы дүние болатын. Ғасыр басындағы (XX ғасыр) зерттеуінде Сәбит ақындығына қатты көңіл бөлініп, М.Әуезов, С.Мұқанов сынды жазушылардың назарына ілінгенімен кейінен ақын шығармашылығына деген бір түрлі салқындық сезіледі. Жаттанды, бір бағыттағы кәдеуілгі мақтау ақын шығармашылығын тану болып табылмайтыны белгілі.
Сонау XX ғасыр 20-30 жылда қазақ зерттеушілер Сәбит Дөнентаев туралы қилы пікір айтып, өзіндік ой қорытқанда М. Әуезов Сәбитті көркем әдебиеттің көрнекті өкілдеріне балап, өлеңдері ойшылдыққа бейім деп таныса (3,148), Сәбит Мұқанов керісінше оны ұлтшыл ақын (4,236) деп білді. Әрқайсы өзіндік пікірінде қалды.
Сәбит Дөнентаев туралы іргелі зерттеу жазған Балташ Ысқақов Сәбитті бұқарашыл ақын деп танып (5,72) оның шығармашылық болмысына терең бойлай алды.
Ал енді бүгінгі күнде Сәбит Дөнентаев шығармашылығына өзгеше көзбен қарап, оның ақындық табиғатын тереңдей ашуға ден қойып отырмыз. Әсіресе, ақынның 100 жылдық, 110 жылдық мерейтойлары тұсында бұған аса қатты көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде Сәбит Дөнентаев ақындығының тың беттері ашылды деп білеміз. Сәбиттануды жаңа белесі жаңадан шығып жатқан он томдық қазақ әдебиетінің 5- томындағы XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихына арналған Сәбит Дөнентаев шығармашылығы туралы жазған ұстазымыз Т. Кәкішұлы жазған тарау деп білеміз. Онда тың ойлар жетерлік.
Міне, осынау шығармашылығы сан түрлі пікірге арқау болған ақын туралы жазу бізге оңай түспегені белгілі. Осы кісінің шығармашылығы туралы өзіндік ой- пікірімізді білдіріп, бітіру жұмысын жазуға ниет еттік.
Жұмыстың өзектілігін әлі де болса шығармашылығы толыққанды зерттелмей келе жатқан ақынды жете тануға сәлде болса үлес қосу талабы оның ақындық болмысын ашуға, өзіндік ерекшелігін ашуға ұмтылған талпынысымызды танытады. Ал жаңашылдығы - ақын шығармашылығына бүгінгі көзқарас, байыптаулар тұрғысынан көз жіберу деп білеміз.
Бітіру жұмысы екі тараудан кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімі болып табылатын екі тараудың алғашқысын «Ақын поэзиясындағы ағартушылық арна» деп атап онда ақын ғұмырнамасын ағартушылық пен бірлікте алып қарастырдық. Ақын шығармашылығындағы ағартушылық ойдың өрісіне көз салдық. Ағартушылық идеяның негізін ашуға тырыстық.
Ал жұмыстың екінші тарауы «Ақындық шеберлік айшықтары» деп атап, Сәбит Дөнентаев поэзиясынан өзіндік ерекшелігін, ақындық шеберлік белгілерін талдауға ұмтылдық.
Кезінде XX ғасыр басындағы ақын - жазушыларды ұлтшыл- буржуазияшыл, діни- клерикальды, ағартушы - демократ деп бөліп, кейіннен ағартушы, ағартушы- демократтар деп бөлген едік. Бүгінгі әдеби көзқараста ғалым Дихан Қамзабекұлы ұстанған XX ғасыр басында негізгі ағартушылық болды деген пікірі (6,67) біздің ойымызда жақын. Ал енді осы ағартушылық ағымда Сәбит Дөнентаевтың орны ерекше-ақ. Ендеше, біздің мақсатымыздың бастысы - Сәбит шығармашылығындағы ақындық ағартушылықтың орнын айқындау.

І тарау. Ақын поэзиясындағы ағартушылық арна.

Сәбит Дөнентаев 1894 жылы Семей губерниясы, Павлодар уезі, Ақсу болсында (қазіргі Павлодар облысы Ермак ауданында) кедей шаруашысының отбасында туған. Сәбит 1907 жылы Маралды ауданындағы Жалеладин ұзтаздың төте оқу жүйесіндегі татар медресесіне түседі. Мұнда ол Торицкіден келген Нұрғали молдадан жаңаша (жәдетше) оқып әжептәүір білім алады. Біраз дайындығы бар ол енді Павлодар қаласының маңындағы Құлабай- Қыпшақ ауылына барып Қасымқажы Ертісбайұлының медресесіне түседі. Мұнда да сабақ жаңаша және көбінесе татар тілінде жүргізіледі, бірақ Нұрғалидің оқытқанына қарағанда пән жүйесі басым болады: жаратылыстану, география, тарих, есеп, әдебиеттік оқу сабақтары жүреді. Сәбит бұлармен ғана тынбайды, қолы бос уақытында Павлодар қаласына барып Сәния Ертісбаеваның көмегімен ақысын төлеп, орысша да оқиды.
Сәбиттің білімге, ақындық өнерге беріле кірісуі осы медреседегі кезінен (1909-1912) басталады. Ол әртүрлі әдебит кітаптарды, татар, қазақ тіліндегі газет - журналдарды, Абай мен Ғ. Тоқайдың шығармаларын,
И.А. Крыловтың мысал өлеңдерін, қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері мен шығыс әдебиетінің аударма нұсқаларын көп оқиды. Бірте - бірте өзінің де эстетикалық талғамы қалыптасып, өлең жазуға машықтана бастайды. («Жолдыбай - асқан тентек құдай атқан», «Қаламға» т.б.). Ақыры ол медресені бітіргенде әкесінің ойлағанындай діндар молда болмай, ақындық өнері бар жаңашыл мұғалім, ағартушы ұстаз болып шығады.
Сәбит Дөнентаев 1913-1916 жылдары Павлодар уезінің Ұрық болысы мектебінде сабақ береді. Газет - журналдар, көркем шығармалар оқумен бұрыңғысынан да мол шұғылданады. Жазғы демалыс кездерінде Омбы Павлодар қалаларының төңірегіндегі елдерді аралайды.Бұл ізденістер ақынның ел өмірімен жете танысуына, суреткерлік қорын молайта түсуіне, сөйтіп, «Заман кімдікі», «Қайтіп қарғыс алмайсың», «Балалық», «Жәмила қыз», «Бозторғай», «У жеген қасқырға» сияқты бірнеше реалисті өлеңдер жазуына жағдай жасайды.
Сәбит Дөнентаевтың саяси сатиралық лирикамен шұғылдануына
С. Торайғыровтың да көп көмегі тиеді. Ол өзінің «Айқап» журналына орналасқанын жерлес досына кешікпей- ақ хабарлайды. С. Дөнентаев оған «Қиялым» атты өлеңін жібереді, С.Торайғыров өлеңді журналдың 1913 жылғы 22 - 23 сандарында бастырып шығарады. 1914 жылы «Айқапта»
С. Дөнетаевтың «Биік тау» (№12), «Заман біздікі» (№13), «Қазақтарға қарап» (№20), «Бабалықты сағыну»(№21) атты өлеңдері мен «Жөнімен өкпелеу керек» (№11) дейтін мақаласы жарияланады. Бұл шығармаларынан ақынның ағартушылық бағыты айқын аңғарылады.
Кейіннен ол «Қазақ» газетіне ат салысады.Оның «Әр жан әр түрде» (1914,№80), «Ұлтшылға» (1915,№93), «Жанға» (1915,№103), Жаз» (1915,№122), «Тотыға» (1915,№152) секілді сатиралық өлеңдері «Қазақ» газетінде жарияланады. Бұл ақын шығармашылығына жаңа белес еді. 1915 жылы
«Уақ - түйек» атты тұңғыш жинағы жарық көреді. Сөйтіп,
С. Дөнентаев 1914-1915 жылдары өзінде қаламы төселген, беталысы айқындалған көрнекті ағартушы ақын ретінде танылады.
Суреткерлік өнері толысып, ақындық шабыты әбден кемелденген ең бір жемісті шағында патша өкіметінің 1916 жылғы маусым жарлығы килігеді. Сәбит Дөнетаев та дүние жүзілік бірінші соғыстың майдан жұмысына ілігеді. Ақын Рига қаласы төңірегіндегі қара жұмыста болады.
Ресейдегі ақпан революциясы болып, уақытша үкімет орнаған кезде С.Дөнентаев майданнан елге қайтады да, онда көп аялдамай, май айында Семей қаласына келеді. Бұл тұста қазақтың Алашшыл оқығандары Семей қаласында өздерінің «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметін құрып жатқан- ды. Ақпан революциясын азаттық туды деп бағалаған ақын сол үлкен дүрбелең кезінде Алашорда үкіметі ашқан мұғалімдер дайындайтын үш айлық курсқа түсіп оқиды, кейінірек Сарыарқа газетінде экспедитор болып «Адаспаспыз», «Сарыарқа анамызға» атты өлеңдерін бастырып шығарады. С. Дөнентаев 1919 жылдың басында еліне қайтіп келеді. Елде біраз уақыт халық ағарту жұмысымен айналысады.
1920 жылдың басында Сібірде, Семей мен Павлодар аймақтарында кеңес үкіметі орнайды. С.Дөнентаев асқан қуанышпен Павлодар қаласына барады. Уездік ревком оған Ақсу болысында сот болуды ұсынады. Содан ол 1922 жылға дейін ел ішінде сот ағасы қызметін атқарып ескі әділетсіздіктермен күреседі. Кеңес үкіметінің платформасын насихаттайды. Ел ішіндегі саяси-әлеуметтік істерден қолы босамаған ақын өлең жазуды қойып кетеді. Анда- санда белгілі бір жағдайларға байланысты жазған шығармаларын әр жерде қалдырып қояды.
С.Дөнентаев 1924 жылдың басында Губерниялық «Қазақ тілі» газеті редакциясының шақыруы бойынша Семейге барып, сонда қызметке орналасады. Газеттің бұл кездегі жайы туралы ақынның жерлес досы
С. Машақов былай дейді: «Қазақ тілі» газеті осы күнгі Семей, Павлодар Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының көлеміне тарайтын еді. Бұл айтылған жерлерде қазақ тілінде шығатын өзге газет жоқ еді. Сондықтан «Қазақ тіліне» күніне ондаған хат түсетін... Редакцияда ол кезде екі-үш адам қызмет істейтін. Оның бірі - хатшы, екіншісі- аудармашы немесе әдебиетші, үшіншісі - ауыл шаруашылық, ағарту бөлімінің бастығы. Сәбитке тиістісі ауыл шаруашылығы, әдебиет, өлең, мәдениет және әйелдер тұрмысы болатын» (7).
Ақынның газеттегі жұмысының қандайлық жауапты, қаншалық ауыр болғаны осыдан - ақ аңғарылады.
Редакция қызметінің қиындығына қарамастан, С. Дөнентаев мұның үстіне тағы да шығармашылық жұмыспен шұғылданады: біраз саябырлатып алған машықты ісін қайта қолға алады. Ол осы тұста көптеген өлең, әңгіме, «Жанәлин», «Бегімбет», «Азалы», «Жетім», «Бегендік», «Еңбекшіл», «С. Д.», «Жанас» деген лақап аттарымен ондаған мақала, фельетондар жазады. С. Дөнентаев осылайша алты жыл ұдайы «Қазақ тілі» газетінде қызмет істейді.
С.Дөнентаев газетте қызмет атқарып жүрген кездерінде Семейдегі Қазақстанды зерттеу қоғамы мен Қазақтың пролетариат- шаруа жазушылары ұйымының бөлімшесіне мүше болып, олардың да күнделікті жұмысына белсене араласып отырады. Ақыры денсаулығы нашарлап, 1930 жылдың май айында туған еліне қайтады. Сол жылдың күзінде Бесқарағай ауданының орталығы Беген дейтін жерде мұғалім болады. Бірақ 1932 жылдың көктемінде «Қызыл дала» (бұрынғы «Қазақ тілі») газетінің редакциясына қайта шақыртып алады. Сол кезде ақын: «Енді ширайтын кез келді. Денсаулықты біраз түзеп алып, өндіріске жуық, сонымен қатысы бар жерде тұрып, белсене жұмыс істесем деген ойым бар» (8,73), - деген екен.
Бірақ ақынның мұндай ірі іске мүмкіндігі болмайды: ескі безгегі мен көкірек ауруы меңдей түседі де, 1932 жылдың қазан айынан бастап төсек тартып жатып, меңдеп алған ауруынан айыға алмай, 1933 жылы 23 мамырда Семей қаласында қайтыс болады.Сәбит Дөнентаев ақындығына сипаттама беру үшін ең алдымен оның шығармашылық қызметінің кездерін айқындап алу қажет.
Сәбит Дөнентаев шығармашылық мерзімі жағынан да, мазмұн бағыты жағынан да әр түрлі кезеңдер бойынша зерттеліп келді.
Е. Ысмайылов: «Сәбит Дөнентаевтың ақындық шығармашылық қызметі екі дәуірге бөлінеді: алғашқы дәуірі «негізінен революцияға дейінгі», яғни 1912-1918 жылдар арасы» (9,90), - десе, Б.Кенжебаев: «Сәбит Дөнентаевтың жазушылық қызметінің үш кезеңі бар...
1) 1913-1917 жылдар - ақынның демократ - ағартушы бағытта өлең, мақала жазып жүрген дәуірі;
2)1917-1920 жылдар -ақынның буржуазияшыл- ұлтшыл бағытта, алашордашылар ықпалында болып, сол бағытта өлеңдер жазған кезі;
3) 1924-1933 жылдар - ақынның Кеңес өкіметіне, кеңестік идеяға көшкен, кеңес шындығын жырлаған дәуірі» (10,232), - деп тұжырымдайды.
Уақыт жағынан алып қарағанда, Е.Ысмайылов 1913жылы «Айқап» журналында (№22-23) жарияланған «Қиялым» өлеңінен бұрын да С.Дөнентаевтың шығармашылық жұмыспен айналысқанына сүйенеді. Бұл дұрыс. Бірақ ақын шығамашылығының екінші дәуірін 1918 жылдан бастау алады деп дәлелдеуі керек еді. Мақаланың авторы Сәбитпен бірге істес болған адамдарың ауызекі сөздеріне және С. Дөнентаевтың 1924 жылы «Қазақ тілі» газетінде жарияланған көптеген өлеңдеріне сүйеніп, «Сәбит сол 1919 жылдардан бері әр мезгіл үзбей жазып отырыпты», - деген тоқтамға келді.
Ал Б. Кенжебаев С. Дөнентаевтың шығармашылық қызметін кезеңге бөлуде көбіне ақынның өмірбаянына сүйенген: ақын 1917 жылға дейін елде, майдан жұмысында болады, сондықтан Б.Кенжебаев оның 1917 жылға дейінгі шығармаларын бір дәуірге - қалтқы - қатесі жоқ «таза» дәуірге топтастырады. С. Дөнентаев 1917-1919 жылдары ұлтшыл- буржуазияшылдар ықпалына беріліп, әрі- беріде жүреді. 1920 жылы Семей, Павлодар жағында Кеңес өкіметі орнағанда, ақын бірден кеңес қызметкері болады, сондықтан Б. Кенжебаев, С.Дөнентаевтың 1920 жылға дейінгі өмірін бір шығармашылық кезеңге, яғни жаңылыспен басқан бөгде бағыттағы кезеңге жатқызады. Әрине, Б.Кенжебаевтың Дөнентаев шығармашылығының үшінші кезеңі 1924 жылдан бастауы әбден орынды. Демек, негізгі мәселе ақын шығармашылығының Б.Кенжебаев тағайындап отырған бірінші, екінші кезеңдері туралы болмақшы.
Ең алдымен, С. Дөнентаев шығармашылығының бірінші кезеңі 1917 жылмен шектеу дұрыс емес. Себебі ақын ақпан революциясынан, Қазан революциясынан кейін де бұрынғы ағартушылық бағытын жалғастыра берді.Сол тұстағы Алашшыл газет- журналдарда жарияланған «Қаулы», «Абайға», «Кәрі батырға» тәрізді өлеңдерінің өзінде бұрынғысынша патриархалды- феодалдық ескілікке қарсы шығып қатты сынады. Сондай-ақ, ақпан ревлоюциясы кезінде жазылған «Кіді досқа», «Кемшілікте» «Бостандық» өлеңдерінде де ағартушылық басым. Ендеше,С.Дөнентаев шығармашылығының бірінші кезеңін Е. Ысайыловша «1912-1918 жылдар арасы» деп белгілеген дұрыс.
Б.Кенжебаевтың 1917-1920 жылдарды ақынның « буржуазияшыл- ұлтшыл бағытта, алашордашылар ықпалында болып, сол бағыттағы өлеңдер жазған кезіне» жатқызуы да көркем шығармашылыққа қойылатын саяси- әлеуметтік, әдеби - эстетикалық талаптарға сай келмейді. Себебі, біріншіден, С.Дөнентаев 1919-1923 жылдары шығармашылық жұмыспен айналыспаған, олай болса, бұл жылдарды ақынның шығармашылық кезеңіне қосып, арнайы көрсету шындыққа жанаспайды. Екіншіден, Б. КенжебаевтыңҚазан кезінде Сәбит буржуазилық -ұлтшыл бағытта «Адаспаспыз», «Сарыарқа», «Анамызға», «Айналдырған құдайым-ай» деген өлеңдер жазды деген тұжырымы да уақыт жағынан дәл емес. Анығында, С.Дөнентаевтың бөл өлеңдері ақпан революциясы тұсында жазылған. Үшіншіден, ақынның өзі реакцияшыл топтың төңірегінде жүргенімен, идеясы халық жағында болғандығын жоғарыда аталған өлеңдерімен қатар «Абай» журналының 1918 жылғы 1-3 сандарында жарияланған «Қазақ әйелдері туралы», «Жазушыларға» атты мақалалары да дәлелдеп бере алады. Мұны Б. Кенжебаевтың өзі де: «Сәбит буржуазияшыл-ұлтшыл бағытта, алашордашылар ықпалында жүрген кезінде басқа кейбір ұлтшыл ақын- жазушылар сияқты кеңес үкіметін, большевиктерді жамандап, оларға қарсы өлең жазып, үгіт жүргізген жоқ. Қайта алашордашылардың... көпірмелі көп сөзділіктерін, жалған бұқарашылдығын сықақ етіп жүрді»(11,210) - дейді. Ендеше, С. Дөнентаев шығармашылығында Б. Кенжебаев көрсеткен 1917-1920 жылдардағы дербес кезең жоқ.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 347 |


Загрузка...

KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Сәбит Дөнентаев ақындық шеберлігі дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак адебиет жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Сәбит Дөнентаев ақындық шеберлігі дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар казак адебие, Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Сәбит Дөнентаев ақындық шеберлігі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін