Дипломдық жұмыс: Журналистика | Қазақ әдебиеті газетінің тарихы

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Қазақ әдебиеті газетінің тарихы казакша Дипломдық жұмыс: Журналистика | Қазақ әдебиеті газетінің тарихы на казахском языке

Мазмұны


І тарау. «Қазақ әдебиеті» газетінің тарихы.
1.1. Газеттің қалыптасуы мен дамуы.
1.2 «Қазақ әдебиеті» газеті және сын.

ІІ Тарау. Тәуелсіздік кезеңдегі «Қазақ әдебиеті» газеті
2.1 Ұлттық рухтың шырақшысы
2.2 «Қазақ әдебиеті» газетіне – 70 жыл.

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОСЫМША
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Қазақ халқының мәңгілік өмір үшін толаспайтын күрес ғұмырының толғақты сапарында дүниеге келген рухани төл перзенттерінің бірі – «Қазақ әдебиеті» газеті.
Заманның саяси оқиғалары тарих төрінен орын алған кезеңдерде дәуір үні - мерзімді басылымдардың да алдыңғы шепке шығып жолбасшылық роль атқарғаны – еліміздің даму жылнамаларынан соқтықпалы жолдарынан белгілі жайт. Сан алуан қоғамдық өзгерістерімен саяси сілкіністер дәуірінде, яғни, ғасыр басында дүниеге келген түрлі басылымдар арқылы айшықты үнін аңғартқан сөз серкелері бұған дәлел болады. Сөз жоқ, олар қазақ баспасөзінің дами түсуіне өз ықыластарын тигізді.
Қазақ баспасөзі халықтардың мәдени-рухани ізденістеріне ұйытқы болып, оған тікелей ықпал етіп отырды. Баспасөз үгіт-насихат құралы, жаңалық жаршысы деуден гөрі, халықтардың саяси-әлеуметтік және мәдени-рухани ахуалының айғағы десек болады.
Коммунистік партияның идеологиялық өктемдеріне қарамастан, мерзімді баспасөзде ерлік ой – идеологияларын өткізетін ұрымтал құралдарға айналдыра білді.
Қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі – оқиғалар туралы дер кезінде оқырмандарына мәлімет жеткізу міндетін атқаратын мерзімді басылым, уақыт өте келе баға жетпес құнды деректер көзіне айналды. Халыққа болған оқиға туралы жедел ақпарат таратқан мерзімді басылым, сол оқиға туралы өз бойына қажетті мағлұматтар да жинайды, сөйтіп уақыт өте келе өзі де тарихи дерек көзі ретінде ғылымға қызмет етіп, оқиғалардың кейбір қырларын ашуға көмектеседі.
Дегенмен, мерзімді басылымдар жазба деректердің басқа түрлеріне тек өзіне ғана тән сипаттарымен ерекшеленеді. Сондықтан оларда сақталынған мәліметтер объективті аталғанымен, бұл еңбектерде мағлұмат алу мақсатында зерттеушілер баспасөзді тарихи дерек көзі ретінде арнайы қарастыруға болады.
Яғни, қазақ мерзімді басылымдарын қарастырсаңыз онда шынымен тарихқа көз жүгіртесіз.
Бұқаралық ақпарат құралдары ішіндегі мерзімді басылымдардың бірі «Қазақ әдебиеті» газеті. Басылымның тарихқа толы дара мазмұн – мағынасы айрықша.
Бітіру жұмысымның зерттеу барысында қарастырып отырған тақырыбым «Қазақ әдебиеті» газетінің тарихы. Мақсатым газеттің тарихын қоғамда алатын орнының айрықша екендігін дәлелдеу.
«Қазақ әдебиеті» газетінің ұзақ жылдардағы тарихына өрлегенде, бізге мәлім шежіресінде оның жұртшылық ықыласына бөленгені, елдің көңіліндегі армандар мен мүдделерді дәл тауып айтқан, проблемалық мақалалар көтере білген басылым екендігіне көз жеткіземіз. Сонымен қатар газеттің әр санынан қоғамдық өмір, саясат, әдебиет пен өнерге, ұлттық салт-дәстүр тақырыбын оқи аламыз. Газетті оқи отырып оның бүгінгі таңда да үлкен жетістікке жеткенін көреміз.
«Қазақ әдебиеті» ұлттық басылым, жазушылар мен журналистердің және оқырмандардың үні мен тілі. Мұндағы негізгі мәселе халықтың қамы. «Қазақ әдебиеті» газеті сол кездегі саяси, әлеуметтік, әдеби өмірдің қайнаған ортасында жүрді.
Бұл бітіру жұмысымның мақсаты «Қазақ әдебиеті» газетінің тарихын одан әрі тереңдете көрсету. Ол үшін айдарларын зерттеп, жазып жүрген журналистердің мақалаларын оқып, олардың жазу стильдерімен таныстым. Бітіру жұмысымның бірінші тарауында газеттің шығу тарихы туралы айтылған. Екінші тарауы тәуелсіздік кезеңіндегісі мен бүгінгісіне дейін қамтылған. «Қазақ әдебиетінің» парақтарын ақтара отырып, ондағы жазылған мақалалардың алуандығына көз жеткіздім. «Қазақ әдебиеті» газетіндегі сын туралы жазылған мақалалар жайлы тоқталдым. Сонау жылдардағы газет беттерінде жарияланған мақалаларды ақтарып қарадым. Ұлы зиялыларымыз жазған мақалалардың мән-мағынасынан сол кездегі халықтың қамы, елім деп соққан жүректерінің лүпілін байқай алдым. Газеттің шығуына басшылық жасаған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов. Сөйтіп, алып тұлғаларымыздың бастамасымен 1934 жылдың 10 қаңтарында «Қазақ әдебиеті» газеті дүниеге келген. Газет әр жылдарда не бір қиыншылықтарға қарамастан өзі ұстанған "Ұлт мәдениетін көтеруде үлкен орын алсын!" деген маңдайшадағы жазылған, бағытынан айнымай қызмет атқарған. Газет тағдыры небір қиын кезеңдерді бастан кешіріп тұрған. Кеңес өкіметінің озбырлығынан да қанша жазушы, газет қызметкерлері қуғынға ұшырап, жұмыстан босатылған. Көптеген деректерге сүйене отырып, «Қазақ әдебиеті» газеті Ұлы Отан соғысы қарсаңында, 1940 жылдары шығуын тоқтатып, 1955 жылы қайта жарық көрген. Сол жылдары Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбу Сәрсенбаев, Ғ. Омаров, С.Шаймерденов тағы басқа редакция ұжымының мақалаларының мазмұны ұлттық тақырып пен тың туралы, "Қазақ әдебиеті тарихының" мәселелері, хат қоржыны, хаттарға шолу, шет елдік аудармалар, репортаждар да беріліп тұрған.
Біз тәуелсіздікке заңды түрде жеттік. Еліміз осынау тәуелсіздікті ту ғылып алғаннан бастап, елімізде бұқаралық ақпарат құралдарының саны арта түсті. Мәселен, 1990 жылы республикада 552 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген болса, 1991 жылы оның саны 744-ке жетті, 1992 жылы бұл көрсеткіш 1052-ге жетті, ал 1998 жылы 1334 газет, 280 журнал, 202 телекомпания, 74 телерадиокомпания, 80 радиокомпания, 33 ақпарат агенттігі ресми тіркеліп жұмыс істеді /1/.
Еліміз егемендік алып «БАҚ туралы» заң қабылданғаннан кейін, қазақ басылымдары қайта түлеп, тың тақырыптарды игеріп халыққа жеткізіп отырды.
Жалпы Қазақстандағы БАҚ-тың хронологиялық тақырыптарының шеңберіне тоқталсам:
1934-2004 жылдар аралығы. 1934-1940 жылдар Жаппай сауатсыздықты жою. Халыққа білім беру ісінің дамуы. Республикада жоғарғы мектептің қалыптасуы. Ғылымның және ғылыми оқулықтың құрылуы. 1941-1950 жылдары Ұлы Отан Соғысы. Соғыстан кейінгі 50-60 жылдардағы экономикалық өнеркәсіпті көтеру. Тың және тыңайған жерлерді игеру. 1960-1985 жылыдары жүргізілген экономикалық реформалар. Қазақстандағы "Қайта құру". "Қайта құру" кезеңіндегі республикадағы қоғамдық саяси өмірдегі өзгерістер. 1991-2004 жылдары Қазақстанның мәдени және әлеуметтік дамуы. Міне, осындай кезеңдерде «Қазақ әдебиеті» газеті де өмірдің шынайы құбылыстарын бейнелей білді.
Уақыт өте келе «Қазақ әдебиеті» газетінде әдебиет, мәдениет, саясат тақырыптарын болсын тайсалмай жазып келген ұлт рухының шырақшылары бүгінгі баспасөз тарихының қалыптасу жолында. Басылым бүгінге дейін өзінің алға қойған рухани із мақсатынан тайсалмай еңбек етуде.
Бітіру жұмысымның жазу барысында баспасөз тарихын зерттеуші ғалымдар Б.Кенжебаев, Т.Қожекеевтің "Қазақ Совет баспасөзі тарихынан", Қ.Аллаберген, Ж.Нұсқабайұлы, Ф.Оразайдың "Қазақ журналистикасының тарихы", Қ.Атабаевтың "Қазақ баспасөзі. Қазақста тарихының дерек көзі ретінде", Бауыржан Жақыптың "Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары" және "Қазақ әдебиеті"" газеттерінің 1934-2007 жылдар аралығындағы бірнеше сандарын қарап, оларға талдау жасап шежірелерімен таныстым. Қосымша ретінде Болат Шарахымбай зерттеп, жинаған шежірені соңына енгіздім.
«Қазақ әдебиеті» газетінің тамыры тереңде жатқан тарихы мол басылым екеніне басылымның өткен жылдардағы санынан куә болдым.



І-тарау. «Қазақ әдебиеті» газетінің тарихы.

1.1. Газеттің қалыптасуы мен дамуы.

БАҚ ішіндегі мерзімді басылымдардың басқа жазба деректерден ерекшелігі сонда, олардың беттерінде мерзімділігіне байланысы әр түрлі дәрежеде бейнеленеді. Болған оқиға не құбылыс туралы мәлімет баспасөз бетінде ұзақ уақыттар бойы сақтау мүмкіндігіне ие болады. Екіншіден, кез-келген уақиға мен құбылыс белгілі бір кеңістік пен уақытта болғандықтан, сол құбылыстар негізінде пайда болған объективті дерек ретінде, баспасөз материалдары өз бойларында өзі дүниеге келген жері мен уақытының, яғни, белгілі бір тарихи кезеңінің, ерекшіліктерін де сақтайды. Осылай, мерзімді басылымдар жазба тарихы деректің бір түрі ретінде келешек ұрпаққа оқиғамен қатар сол оқиға болған елі мен жері және уақыты туралы да мәліметтер жеткізеді.
Қазақ халқына ғана тән, өзіндік жергілікті ерекшелігі мол, төл деректеріміздің бір тобын ұлттың мерзімді басылымдар құрайды. Яғни, мерзімді басылымдар біздің қоғамымызда үлкен рөл атқарады. Олардың ішінде ¬¬¬¬¬¬«Қазақ әдебиеті» газеті де бар.
Жиырмасыншы жылдардың басында газеттер шығару қауырт қолға алынып көптеген басылымдар дүниеге қаулап келе бастады. Жазушылар қатары көбейе бастағанымен олардың баспасөзі болмай, өлкелік, губерниялық газеттерде жұмыс істеді. Алайда өз басылымы керек екенін сезгенін жазушылар қауымы осы мәселені көтерді. Әуелі «Жыл құсы» альманағын шығаруға қосқоладан оның жалғасы «Жаңа әдебиет» содан соң «Әдебиет майданы» журналы жарық көрді. Сонда да олқылық сезіліп тұратын, әдебиет өнер мәселелерін жедел көтеріп, көрсетіп, қым-қуыт өмір қарбаласынан қалмай, ой-пікір қозғап, қоян қолтық араласып отыратын орган - газет керектігі ойландырды. Оны шығару, шығаруға рұқсат алу оңай емес еді. Себебі, ол кезде (қазақ халқын) республиканы Голощекин билеп тұрған кезеңде (1925-1932ж) жүргізген солақай саясаттың салдарынан зардап шекті. Әсіресе, ұлтжанды әдебиет, мәдениет қайраткерлері түгелге жуық, «ұлшыл», «ескішіл» деп айыпталып, қуғын көрді. Бұл қуғын сүргін кез 1932 жылдың аяғында Голощекиннің республика басшылығынан кеткенге дейін созылды да, ұлттық әдебиетімізге орны толмас үлкен зиян келтірді.
1933 жылдың бас кезінде басшы кетіп, орнына Л.И. Мирзоян келіп, жылылықтың лебі ескенде көптеген ойда пісіп, толғағы жеткен мәселелерді қоюдың күні туды. Мирзоянның келуі ел өміріндегі жаңа бір жарқын дәуірдің басталуына ұйытқы болды.
Осы тұста арман еткен бақытымызға орай ел ағалары « Қазақ әдебиеті» газетін ашуға кірісті. Газет тарихының ауқымы өте үлкен. Жалпы газеттің шыққан алғашқы саны 1934 жылдың 10-қаңтар делінгенімен, оның алғашқы нөмірінің жарыққа шығуы түйенің толғағындай ұзақ болған көрінеді. Таратып айтсақ «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ащы ұраны бар. 1932 жылы 26 ақпанда Қазақстанның бүкіл жазушылары мен аудандық газет редакторларының тұңғыш басын қосқан алқалы жиын болды. Онда Қазақстанда шығатын бапасөздің жайы талқыланып, қазақ пролетариат жазушыларының міндеттерін айқындау және сол тұстағы тұңғыш қаламгерлер ұйымы-қазақ пролетар жазушылар қауымдастығының (Қаз АПП) жұмысын қайта құру мәселесі көтерілді. Бұл ҚазАПП дегеніміз Ғабит Мүсіреповтың сөзімен айтқанда «жауыр атпен жайдақ шапқандар озып, нағыз көркемсөз шеберлері шетқақпай қалған бір солақайлау ұйым» болған. Солақайлығы сол, ол ұйымға, басқаны былай қойғанда, тіпті Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлиннің өзі мүшелікке қабылданбай келген екен. Осы 32-жылғы жиында жұртқа әдеби басылым қажеттілігі алғаш рет сөз болды.
Сол тұста қабылданған ВКП(б) Орталық Комитетінің «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» қаулысына сәйкес көркемдікке мән бермейтін, жадағай, жалаң үгітшілдікті» ұран етіп, жікшілдікпен айналысқан бұрынғы пролетар жазушылар қауымдастығы таратылды. Оның орнын басатын жаңа ұйым - Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру комитеті құрылып, өзінің бірінші Пленумын өткізеді, онда Ілияс Жансүгіров «Әдебиет ұйымдарын қайта құру және советтік Қазақстан жазушыларының міндеттері» атты деген тақырыпта және кейінгі жарыссөздерде жазушыларды алалап, жіктемей, партиялық бір бағытқа жұмылдыратын жаңа жазушылар ұйымын құру қажеттілігі айтылуымен қатар «Қазақ әдебиетіның аты азан шақырылып қойылмағанымен қалың бұқаралы идеялық - көркемдік бағытта тәрбиелейтін, біріктіретін дербес басылымның керектігі де қайта-қайта тілге тиек болды.
Кейінірек осы мәселемен Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов төртеуі Қазақстанның сол тұстағы басшысы Мирзоянға кіреді. Оларды Крайкомның үгіт-насисат бөлімін басқаратын Жалайдар Садуақосов алып барған. Тәуекелшіл төртеудің талап-тілегін тыңдап, толымды сөзіне тоқтаған Мирзоян Совнарком бастығы Ораз Исаевты шақырып алып осы мәселемен айнасуды тапсырады. Міне, «Қазақ әдебиетінің» дүниеге келуіне осы кісілер, ұлтымыздың ұлылары ұйытқы болған, газет осылай ашылған болатын.
Газеттің тұңғыш редакторлығына 32 жастағы Ғабит Мүсірепов бекіді. Газетті ұйымдастыруға, оның жұмысын алға бастыруға қазақ әдебиетінің жоғарыда аттары аталған көрнекті өкілдері қызу атсалысты. Жауапты хатшылыққа Мұхамеджан Қаратаев тағайындалды. «Қазақ әдебиетінің» өз қаржысы болмағандықтан оның екі басшысы айлықты «Жазушы» баспасынан алып тұрған. Маңдайшасына «Қазақ әдебиеті» ұлт мәдениетін көтеруде үлкен орын алсын» деп жазылған, бір мың таралыммен шыққан газеттің алғашқы нөмірінде аударма материалдармен қатар өлеңдер мен мақалалар, әр алуан хабарлар жарияланды. Ғабит Мүсіреповтың «Ұлы дәуірге үлкен әдебиет» атты мақаласы, Сәкен Сейфулиннің «Кезектегі істерім» атты мақаласы жарық көрген /2/.
Ұлттық көлемдегі газет шығару идеясының ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының ортақ идеясы екенін, ол идеяның өмірлік қажеттіліктен туындағаны белгілі.
«Қазақ әдебиеті» газетінің шыға бастауы өткен ғасырдың отызыншы жылдарының бас кезінде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің жедел қарқынмен дами түсуімен байланысты еді. Ал әдебиеттің тез өркендей түсіуіне сол кездегі саяси, мәдени ахуалдың жақсара түседі айтарлықтай әсер етті.
Жазушы болатын кісінің бірінші өтетін баспалдақтары - мерзімді басылым. Қазақ совет әдебиетінің негізін қалағандар, Сәкен, Ілияс, Бейімбеттерден бастап күні бүгінге дейінгі және болашақтағы да жазушылардың халыққа алғашқы әйгілі болатын орны газет пен журнал. Яғни мерзімді басылым. Бөліп айтсақ, әдеби газет-журналдар деуге болады.
«Қазақ әдебиеті» газеті алғашқы жылдары Кеңес жазушыларының Қазақстандық комитетінің тілі (органы) ретінде жарық көріп тұрды /3/.
Астанамыз - Алматыда 1934 жылы 8-16 қаңтарда Дзержинский атындағы клубта Қазақстан комунистерінің VIII партия конференциясы жүріп жатты. Мен (Ғ. Мүсірепов )де сол конференцияға қатысушылардың бірі едім. 10 қаңтар күні түскі үзілістен кейін делегаттар мәжілесіне қайта оралған кезде, әр делегат отыратын орындыққа бір данадан қойылғанын көріп жалма-жан алып жіберіп қарасақ, қазақ совет жазушыларының ұйымдастыру комитетінің атынан жарық көрген «Қазақ әдебиеті» атты айына 5 рет шығатын, 4 беттік латын әріпімен басылған газеттің бірінші нөмірі екен / 4/.
«Қазақ әдебиеті» газетінің бас мақаласында және Өлкелік партия коммитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің құттықтау хатында кеңес дәуірінде Қазақстандағы индустрия өнеркәсіп орындарының тез қарқынмен өскен, қазақ жұмысшыларының құрала бастағаны, бытыраңқы жеке шаруалардың 70 пайызы колхозға ұйымдасқаны олардың жоспарлы түрде жаңа қоныстанғаны айтылады және газет алдына мынадай міндеттер қойылды: Әдебиет газетінің редакторлары және редакция алқасы газет маңына жазушыларды әртістерді, әншілерді, күйшілерді молынан топтастырып түрлі ұлттың мазмұны социалистік мәдениетіміздің барлық саласын көтеруге зер салуға көмекші болып, дәуіріміздің ұлылығын кең көлемде көрсете алатын қазақтың үлкен әдебиетін жасау – ең басты міндеттің бірі болсын, туысқан социалистік республикалар әдебиетінің байланысы, қарым-қатынасы күшейтілсін.
«Қазақ әдебиеті» алғашқы жарық көрген санынан бастап еркін шығармашылық ойдың жаршысы болуға ұмтылды. Бірақ бақылаулар мен тыйым салуларға қарамастан халықтың мәні, ұлттық сипаты бар кейбір мәселелелерді өз пікірін астарлап та, ашып та білдіріп қалған тұстары аз болған жоқ. Мұндай батылдық оған халқымыздың ірі тұлғаларының, әдебиет пен мәдениет қайраткерлерінің қаламынан дамыды. Ел назарындағы беделді әрі шығармашылық еркін ұйымның газеті болғандықтан да белгілі бір дәрежеде салмақты пікір білдіріп, ақиқатты айтуға мүмкіндік алды. Сол үрдіс бүгінге дейін жалғасып келеді.
Қалай дегенмен де, бұл басылым, ең алдымен, әдебиет газеті. Ғабит пен Бейімбеттен кейін редакторларының бірі С.Мұқанов айтпақшы: «Сәкен, Бейімбет, Ілиястардан бастап бүгінге дейінгі және болашақтағы да жазушылардың халыққа алғашқы әйгілі болатын орны». Ал ақын – жазушының ойлайтыны – халықтың қамы екендігі ежелден белгілі. Газетіміздің маңдайшасында «Қазақ әдебиеті» деген атымен қатар қазақ елінің арын арлап, жоғын жоқтап өткен ұлы Абай бейнесінің тұруы сондықтан.
Газеттің алғашқы санындағы «Қазақ әдебиеті» ұлт мәдениетін көтеруде үлкен орын алсын деген маңдайша сөзінен оның мақсатын айқын аңғарамыз /5/.
Газет редакциясының алғашқы мекен-жайы: Алматы қаласы, Красин көшесі 41-үй. Қазіргі мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы 143-үй, 5—қабат.
Алғашқы жылдары «Қазақ әдебиетінің» белгілі бір ретпен шығатын жүйесі қалыптаспады. Соның салдарынан әр жылдағы саны әр түрлі шығып тұрды. Мысалы; 1934 жылы 31 саны шықса, 1935 жылы 35, 1936 жылы 50, 1937 жылы 54, 1938 жылы 17, 1939 жылы 2, 1940 жылы 6 саны жарық көрді. Айта кетері, 1936 жылғы алғашқы санынан бастап газеттің маңдайшысына «бес күнде бір рет шығады» деген мәлімет келтіргенімен бұл жүйе сақталмаған. Газеттің әр нөмірінің арасындағы уақыт мөлшері 6-9 күн, кейде 10-13 күнге созылған. 1940 жылы шыққан 6 нөмерінің барлығы қаңтар айында жарық көрген /6/.
«Қазақ әдебиеті» газеті түрлі жағдайларға байланысты 1940-1954 жылдар аралығында шығуын тоқтатып, 1955 жылдың қаңтарынан бастап қайта басыла бастады. Бұл кез «тың игеруді» ұрандатып, қазақтың даласында келімсектердің көптеп келіп, соның салдарынан жергілікті ұлттың өз жерінде азшылыққа айналып, қазақ мектептерінің көптеп жабылып, тіліміз бен дінімізден кетіп, «түрлі ұлттық, мазмұны социалистік» мәдениеттің жасала бастаған тұсы болатұғын. Міне, ұлт тағдырының осындай бір аумалы – төкпелі қыл үстінде тұрған кезінде қайта шыға бастаған «Қазақ әдебиеті» ұлт әдебиетін, ұлт мәдениетін, ұлт тілін ту ғып көтеріп шығып, тарихи еңбек сіңірді.
Бұл Сталин қайтыс болғаннан кейінгі жылымықтың басы еді. Әйтсе де компартияның жеке басқа табынушылықты әшкерелеген ХХ съезінін кейін әміршіл жүйенің темір құрсауының сәл босаусығанын дер кезінде аңдаған әдебиетіміздің қос Ғабең, Мұқан, Сәбең бастаған көрнекті өкілдері Жазушылар Одағы секретариатының шешімін шығарып, жоғарғы жақты көндіріп, «Қазақ әдебиетін» қайта дүниеге әкелді, оған дарынды ақын Сырбай Мәуленовты басшылыққа қойды.
Бұл репрессияның райы қайтқанымен коммунистік идеологияның өктемдігі әбден асқынып тұрған, қаламгерлер халықпен бірге социалистік догматизмнің қасаң да тор шеңберінде шермеде болған тұсы еді.
Сонау 30 жылдардан бері созылып келген қуғын-сүргіндер мен жаппай жазалаудың жарасынан әлі қан тамшылап тұрған. Ұлт зиялылары ақталмаған, олардың есімдерін ауызға алудың өзі қылмыс саналатын. Осы кезеңде «Қазақ әдебиетінің» қайта шығуы халқымыздың мәдени өміріндегі аса елеулі ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Қазақ әдебиеті газетінің тарихы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Журналистика дипломдық жұмыстар, Қазақ әдебиеті газетінің тарихы, дипломдык Қазақ әдебиеті газетінің тарихы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар жобалар Жур, Дипломдық жұмыс: Журналистика | Қазақ әдебиеті газетінің тарихы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін