Қоқыстан тапқан: Ішкі істер министрінің орынбасары елтаңба үшін айыппұл арқалаған блогерге қатысты пікір білдірді


Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов сенат кулуарында қоқыстан тауып алған елтаңбаны үйіне іліп қойған блогерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды nur.kz тілшісі.

"Бұл факті бойынша расында да баға берілді. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сот шешімі бар. Ол – мемлекеттік рәміз, ал Конституцияға сәйкес, біз мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндеттіміз. Тиісінше құқықтық баға берілді, ол заңды және дұрыс баға", - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Естеріңізге сала кетейік, Жетісу облысының тұрғыны Данияр Бейсқали Қазақстанның ескірген елтаңбасын пайдаланғаны үшін жазаланды. Ол елтаңбаны қоқыс арасынан тауып алып, қалпына келтіріп, үйіне іліп қойған еді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу