Радармен тығылып тұратын полицейлер жұмыстан қуылады » ZHARAR © 2016 | істер, Лепеха, бастап, Игорь, полиция, орынбасары, бірқатар, қатар, Сонымен, сәуірден, министрінің, көлемін, мәлім, қызмет, тыйым, тығылып, смартфон, планшет, жұмыстан, осындай




  • »

Радармен тығылып тұратын полицейлер жұмыстан қуылады

Радармен тығылып тұратын полицейлер жұмыстан қуылады казакша Радармен тығылып тұратын полицейлер жұмыстан қуылады на казахском языке

Жүргізушілерден тығылып, таса жерден радармен тұратын айлакер жол полицейлері жұмыстан шығарылады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Игорь Лепеха мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.

«Біз о бастан полицейлерге жүргізушілерден тығылмауды бұйырғанбыз. Бұл жерде сөз полицейлердің заңды іс-қимылына қатысты. Ағаштың, дуалдың, бұрыштың артында тығылып, кейін атып шығатын болса, онда біз ондай іс-әрекеттерге жол бермейміз», - деп атап өтті Лепеха ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзі бойынша, осындай әрекеттер үшін бірқатар полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылған. Олардың қатарында командирлер де бар.

«Атап айтқанда, біз Алматы облысында тексеріс жасадық. Нәтижесінде, бірқатар полицей атқарып жатқан қызметінен босатылды, олардың қатарында тіпті батальон командирлері де бар», - дейді ол.

Сонымен қатар Игорь Лепеха 1 сәуірден бастап, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне жұмыста планшет пен смартфон пайдалануға тыйым салынғанын да мәлімдеді.

«Шешім қабылданды. Ол премьер-министр кеңсесімен келісілді. Мемлекеттік қызметкерлерге жұмысқа планшет пен смартфон әкелулеріне тыйым салынады. Бұл норма бірқатар органдарда енгізіліп те үлгерді. Көбі 1 сәуірден бастап енгізуді жоспарлап отыр. Кейбірі 4 сәуірге деп межелеуде. Әрбір орган өздері шешеді. Ішкі тәртіп ережелері бар. Ішкі істер министрлігіне келетін болсақ, министрдің тапсырмасымен біз 1 сәуірден бастап, қызметкерлерге жұмысқа планшет пен смартфон әкелуге тыйым саламыз. Қазір басшылықтан бастап, барлық қызметкерлер интернетке қосылмайтын қарапайым телефон сатып алдық», - дейді Игорь Лепеха Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзі бойынша, аталмыш шешім министрліктегі ақпараттық қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік береді.

«Бірқатар маңызды құжаттар WhatsApp пен Facebook желілерінде «қыдырып» жүргенін көрдік. Сондықтан осындай шешім шығарылып отыр», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда жол ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұлдар көлемін төмендету жоспарланып отырмағанын мәлім етті.

«Айыппұлдарға келетін болсақ, олардың көлемін азайту көзделіп отырған жоқ. «Жолда жүру ережелері туралы» заң былтыр ғана қабылданды», - деді ІІМ министрінің орынбасары.

Еске сала кетейік, бұның алдында Бас прокуратура ЖЖЕ бұзушыларға салынатын айыппұлдардың көлемін азайту жөнінде ұсыныспен шыққан болатын. Прокуратура органдарының ойынша, айыппұлдардың өсуі жол ережелерін бұзу фактілерін азайтпайды.

Сондай-ақ, Ерлан Тұрғымбаев жүргізушілер айыппұлды халыққа қызмет көрсету орталықтарында төлей алатынын да атап өтті.

«Жол полициясына барып, құқық қорғаушылармен кездесудің қажеттілігі жоқ. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының кез келген бөлімшесі сіздерге қызмет көрсетіп береді. Қазіргі уақытта біз өзіміздің ААЖ-бақылау жүйемізді ХҚКО базасымен біріктірудеміз», - деді ІІМ министрінің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, бұндай жүйе қағазбастылықты азайтып, жемқорлықтың орын алуына жол бермейді. Сонымен қатар айыппұл төлеуге кететін уақытты да едәуір азайта алады.

Дереккөз: ИА "Казинформ"


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 1 864
Жаңалық айдары: Қоғам
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .