220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды


Алматы полициясы Qnet қаржылық пирамидасының басшыларына қатысты тергеу бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Халыққа ақпарат беру мақсатында Qnet компаниясының қызметіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 217-бабы ("Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету") бойынша Алматы қаласы ПД Соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаймын", - дейді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.


Тергеу барысы Қазақстан Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі, Алматы прокуратурасы және полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. 



"Qnet ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік қызмет жүргізбейді. Банктік және инвестициялық қызметті жүзеге асыруға лицензиялары мен өзге де рұқсат құжаттары жоқ. Сондай-ақ компанияда мүлде банктік операциялар жүзеге асырылмайды", - деп қосты ол.


Сондай-ақ, полиция халыққа қырағы болып және қаржы салу кезінде барынша абай болуды ескертеді. Qnet компаниясының үстінен құқық қорғау органдарына 220-дан астам адам компанияның материалдық залал келтіргеніне шағымданып, арыз жазған. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу