Бектауата маңындағы - арша өсімдігі
Кіріспе бөлім.
Арша өсімдігі тұрмыста қолданылған мен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанда дайындалатын өсімдік - дәрілердің отандық кәсiпорындарда тек 20 тоннадайы ғана өңделеді. Бұл жалпы жиналған дәрілік шөп мөлшерiнiң 3 пайызынан да аз болып отыр. Қалғандары жартылай өңделген немесе өңделмеген түрде экспортқа шығарылыпты. Сондай - ақ 1980 жылдан бері қарайғы біраз уақытта жыл сайын 30 тоннаға дейiн әртүрлi дәрiлiк шөп пен таушымылдық тамырлары тұнба жасау үшiн Батуми зауытына жөнелтiлген. Нәтижесiнде республика экономикалық шығын тартады, өйткенi шеттен өңделіп келген дайын дәрi - дәрмектiң құны бастапқы өсiмдiк шикiзатынан 7 - 10 есе қымбаттап елге импорт ретінде қайта келеді. Ал бұрынғы қазақтың халық емшілері адыраспан, тамыр дәрі, күшәлә, жусан, қарандыз, шайқурай, у қорғасын, арша секілді көптеген шөптерден жұртшылыққа керекті дәрілерді өздері қолдан жасайтын болғаны белгілі. Бұны да жаңғыртып, бүгінгі медицинамен байланыстыра отырып, кеңінен пайдалануға болатын дүние.
Мақсаты:
Бектауата маңындағы өсімдіктерінің бірі - аршаның түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрену.
Міндеттері:
- Арша өсімдігіне қатысты кітаптармен, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;
- Аршаның түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету, халық медицинасында дәрілік өсімдік ретінде маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары шипалы емдік қасиеттері туралы мағлұмат беру.
Нәтижесі: Арша өсімдігін күнделікті тұрмыста әртүрлі жағдайда пайдалана білуді кеңінен тарату, халық арасында арша өсімдігі аурулардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Ұсыныс: егер біз арша жайлы оқып білсек, онда бұл өсімдіктің көптеген сырларын ашу, мектеп ауласына көгалдандыру мақсатында көптеп отырғызуын ұйымдастыру.
Қазақ даласы дәрілік өсімдіктерге өте бай өлке. Аталарымыз әрбір шөптің қандай пайдасы бар екенін ешқандай оқу орнын бітірмей – ақ жақсы білген. Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден - ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған. Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардың саны едәуір азайған.
Бектауата – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 60 км жерде, ұсақ шоқылы - белесті жазықта орналасқан. Солтүстік - шығыстан оңтістік - батысқа қарай 7 км - ге созылып жатыр, ені 3 км, абсолюттік биіктігі 1213 м. Құбылтайөзек аңғары оны батысындағы Сарықұлжа (1082 м) тауынан бөліп тұрады. Бектауатаның беткейлері тік, жалтыр тақыр тасты, төбесі үшкірлеу келген. Тас көмір кезеңінің қызғылт граниттерінен түзілген. Беткейлерінде өте сирек бұта мен селдір шөп өседі, тауаралық аңғарларында арша, көктерек, тал, түрлі бұта кездеседі.
Бектауата - тарихи тау, биіктігі 1215 м, село, Қарағанды облысында. Халық аңызы бойынша: «Бектау ата және Беғазы деген екі әулие болған. Олар қашып келіп, осы тауды пайдаланған». Балқаш қаласының оңтүстік шығысында 60 км. жерде Әулиетау деп аталатын тау бар, жергілікті халық оны Бектауата деп атайды. Оның жанында Ұраңқай деген шоқы бар. Әулиетау деп аталуы - тауға сыйыну, табынумен байланысты қойылса керек. Балқаш маңайын зерттеген ғалым П. Сарычев былайша жазады: «Бектау ата - оңтүстік пен солтүстікті жалғастыратын нысана іспетті керуен жолдың бойында тұрған «шамшырақ». Оның сүйір төбесі Балқаш көлінің оңтүстік жағалауынан көзге ілінеді. Көлдің астынан жарып шыққандай сұстиып тұрады және «бері тарт» дегендей ишарат береді. Сол таудың астында үлкен үңгір бар. Ол мөп - мөлдір тұщы суға толы. Су бетінің деңгейі әрдайым бір қалыпты: жоғары көтерілмейді, төмен түспейді. Табиғаттың осы жұмбағының көріністері дала жұртының сезімін билеп, атаудың постпозитивтік компоненті боп тұрған «ата» сөзін қоныстандырғандай». Қазақстан жерінде ата тіркесімен аталатын жерлер (мәселен, Әулиеата, Сунақата, Асықата) көбіне сол жердің «киелі», «қасиетті», «әулиелік» құдіретіне байланысты халық нанымына сай қойылып отырған. Демек, осы себептен Бектауата «қасиетті», «әулие», «киелі Бектау» деген мәнді аңғартады.
Негізгі бөлім. Арша - шымыр ағаш
Арша – сауырағаштар тұқымдасына жататын бұтақты және қырқып - пішіндеуге ыңғайлы, шымыр ағаш. Өсу тұрғысына қарай арша жайыла өсетін және тік өсетін болып екіге бөлінеді. Табиғаттағы тік өсетін түрлерінің биіктігі – 20 - 30 метрге жетеді. Жалпы 300 жылға дейін өмір сүреді. Табиғатта Гиннестің рекордтар кітабына кірген 800 жыл жасаған кәрі аршалар да бар. Еліміздің табиғатында аршаның зарафшан, түркістан, қазаттық арша деген түрлері бар. Көгалдандыруда аршаның тек шет елден әкелініп, жерсіндірілген түрлері ғана қолданылады. Қылқандарының түсі, түріне қарай: сары, ашық жасыл, қою жасыл, көк, көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі хош иіс шығарады. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грецияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады.
Аршаның түрлері, оған сипаттама
Арша (Жұніпері) — кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта немесе ағаш. Тау беткейінде, альпі белдеуінде, құмды жерлерде өседі. Қазақстанда оның жабайы 10 түрі бар. Табиғи жағдайда көбірек кездесетін түрлеріне Бектауата аршасы, Түркістан аршасы, Талас аршаны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады.
1 сурет. Түркістан аршасы
Тұқымынан шыққан жас өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады. Арша 300 жылдай өседі. Сондықтан қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі ағаш саналады. Бұтақтарынан эфир майы, қант, шайыр, балауыз және органик. қышқылдар алынады. Аршаны орман шаруышылығында, таулы аймақтарда топырақтың опырылып кетуін болдырмау үшін отырғызады. Қазақстанда аршаны Алматы, Алтай, Қарағанды қаларының ботаника бақтарында қолдан да өсіреді.
Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1 - 3, 5 метр, қысы - жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Адам баласының өсімдік өсіруге ерте кезден - ақ әуестенгені бізге мәлім.
1. 3. Арша - емдік қасиеті.
Арша – емші ағаш.
Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1 - 3, 5 метр, қысы - жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді.
- Халық емінде арша жемісі ежелден - ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын
басатын дәрі ретінде қолданылып келеді.
• Аршамен тіс тазалау пайдалы.
• Ауырған адамды, үйді аршаның иісімен аластап, тазалайды.
• Етті, қымыз пісетін сабаны аршаның түтініне ыстайды. Құрғақ жөтелге аршаның түтіні бірден бір ем саналады.
• Арша жапырақтары – буын аурулары мен бұлшық еттердің шаншып, сырқырап ауруына бірден - бір ем.
• Арша дәні гастриттен құтқарады.
Актоғай ауданының тұрғыны Сейіт Бекбота деген кісінің әңгімесінен: 2002 жылы асқазаным қатты ауырып, тамақ ішсем жарты сағат өтпей жатып - ақ аузымнан қара суым ақтарылып, жүрегім айнып, ішкен тамағымды құсып тастайтын болдым. Қиналып жүргенімде әркім әртүрлі емделу жолдарын айтып жатты. аш қарынға капуста шайнап, көк алманың суын жұтып жүрдім. Итмұрынның түйнегін суға қайнатып, күнінен үш мезгіл 1 стаканнан іштім.
Менің жағдайымды байқаған бір таныс кәдімгі аршаның дәнін жеңіз деді. Аршаның түрі көп қой, соның емдік қасиеті бары дәні қара – қоңыр болып, күз аяғында піседі екен. Қысқа қарай дереу көп етіп жинап алдым да, таңертең, түсте, кешке бір уыстан жеп тұрдым. Дәмі кәдімгі қант сияқты тәтті. Көп ұзамай жаздай жанымды қинаған ауру басылып, тамақты тартынбай ішетін болдым. Сөтсем аршаның дәні асқазан бүрі кеткенін қалпына келтіреді, буйрекке, бауырға, өтке де пайдалы екен. Қазір жылына бір рет қысқа қарай арша дәнін жеп тұрамын. Талай құрдастарым менің осы тәсілілммен «емделіп», рахметін айтып жүр.
Арша – сауырағаштар тұқымдасына жататын бұтақты және қырқып - пішіндеуге ыңғайлы, шымыр ағаш. Өсу тұрғысына қарай арша жайыла өсетін және тік өсетін болып екіге бөлінеді. Табиғаттағы тік өсетін түрлерінің биіктігі – 20 - 30 метрге жетеді. Жалпы 300 жылға дейін өмір сүреді. Табиғатта Гиннестің рекордтар кітабына кірген 800 жыл жасаған кәрі аршалар да бар. Еліміздің табиғатында аршаның зарафшан, түркістан, қазаттық арша деген түрлері бар. Көгалдандыруда аршаның тек шет елден әкелініп, жерсіндірілген түрлері ғана қолданылады. Қылқандарының түсі, түріне қарай: сары, ашық жасыл, қою жасыл, көк, көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі хош иіс шығарады. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грецияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады. Қалай аршаны күтуге болады. Аршаның барлық түрі ашық күнді қажет етеді. Кез - келген топырақта өсе береді. Бұтағының ұшын қырқып - пішіндеп өсірген дұрыс. Қылқанының түсі қанық болуы үшін жылына бір рет көктемде толық минералды тыңайтқыштармен қоректендірген жөн. Қалемшелеу және тұқымы арқылы көбейтіледі. Қалемшелеп көбейткен жөн. Тұқымы арқылы көбейту жұмыстары арнайы жылыжайларда жүргізіледі.
III. Қорытынды бөлім
Аршаға да араша керек. Негізінен, тау ағашы болып есептелетін аршаны бүгінде ірі қалаларымызды көркейту үшін де егетін болды. Яғни ауылдық ағаш қалалық атанып, жерсіндірілуде. Оның үстіне шетелден будандастыру амалымен өндірілген неше түрлі ағаш егіліп жатыр. Оны жаңа жылдың ажарын ашатын бір күндік ағаш деп есептейтіндер қатты қателеседі.
Қысы - жазы бір түсте болатын арша қоршаған ортаға тигізер пайдасы мол. Мәселен, ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, арша жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтып, айналасына 1, 5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен. Арша орманының 1 гектары жылына 18 миллион м3 ауаны көміртегі газынан тазартып, 50 - 65 тоннаға дейін шаң - тозаңды зиянды газдардан арылтып, сүзіп отыратын көрінеді. Осыдан - ақ арша ағашының адамзатқа тигізер пайдасын бағамдай беруге болар. Одан бөлек, дәл осы арша ағашынан тұрмысқа қажетті неше түрлі бұйымдар жасалынады. Музыкалық аспап жасалса, дауысы әуезді болып шығады. Қолөнер бұйымдарын жасауда да кеңінен пайдаланылады. Әсіресе таулы ауданның тұрғындарының арша ағашына деген «махаббаттарында» тіптен шек жоқ. Оның себебі төрт түлік малмен күн көріп отырған халық сол төрт тұяқтыларының сүтін айранға айналдырып, пісу үшін арша ағашынан күбі жасайды. Бұл ағаштың беріктігі сонша – аптап ыстықта да арасы ашылып, қаңсып кетпейді. Иісі көпке дейін сақталады. Дәл осы аршадан жасалған күбіде пісілген қымыз бал татиды.
Сондай - ақ арша бөліп шығаратын шайырды жоғары технологиялық өңдеуден өткізіп, лак жасап шығарады. Медицинада да кеңінен қолданылады. «Арша орманы орналасқан аймақ түрлі қауіп - қатерден аулақ болады» дейді мамандар. Себебі әртүрлі дәрумендер, химия үшін шикізат, емге лайық таза ауамен қамтамасыз ететін оның пайдасы шаш етектен десе де болады. Оның тау беткейіндегі топырақты тұрақтандырып, ылғалды сақтап қалуға да тигізер септігі мол. Арша ағашы ауаға оттегімен қоса ұшпалы заттар – фитиноцидтер бөліп шығарады. Олар айналасындағы ауру тудыратын микробтарды жойып жібереді. Яғни бактериялар мен саңырауқұлақтарды өлтіретін фитиноцидтік қасиеті бары дәлелденді. Сондықтан да биолог ғалымдардың арша ағашы өскен жерді нағыз жұмақ деп санауы тегін емес. Бектауата таулар ының беткейінде тұтаса өскен аршалы ормандарын ғылыми тілде шөлдегі оазис деп атайды.
Қазіргі таңда парктегі тұқымбақта арша көшеттерін көбейтіп өсіру қолға алынғаны жөн. Осы мақсатта Балқаш парктің аршаның тұқым учаскесі ашылған жөн,- деп отырмын.. Бұл өз кезегінде арша ағашының көбеюіне кепілдік береді. Алайда арша ағашына ынтық жандардың қатары азаймай отыр. Аршаны аман сақтап қалу үшін қазірден қам жасау қажет - ақ. Яғни ешкім де есепке алып, санаққа іліктіріп жатқан жоқ деген сөз. «Қызыл кітаптың» төрінен орын алуы керек демегенмен де, аршаға араша керек - ақ. Табиғатқа да, адамзатқа да тигізер пайдасы шаш етектен болатын арша ағашына қамқорлық қажет. Ол үшін нақты бағдарлама дайындалып, мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынуы тиіс.
Бүгінде арша ағашының өте сирек кездесетін бір түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Өсіп - өнуі қиындау ағашқа қамқорлық қажет - ақ. Оны одан ары дамыту үшін бірқатар шаралар қолға алынуда. Дегенмен әлі де атқарылар шаруалар баршылық. Арша ағашын кесуге құмбыл қарақшылармен күрес тоқтамайды.
Сонымен, жоғарыдағы мәліметтерді ескере отырып, дәрілік өсімдіктерді тиімді қолдану керектігін ескеру қажет. Көпшілік дәрілік өсімдіктер улы да болып келеді. Халық оның биологиялық анотомиялық морфологиялық ерекшеліктерін білмей жинауға тиім салыну керек.
Елдің арасында «Табиғаттың өзі емші» деген тәмсіл бар. Аталар айтқан осы бір сөздің астарына үңіліп көрдік пе? Үңілсеңіз, көп нәрсеге қанығар едіңіз. Адам баласы кейде түрлі аурудың зиянын көреді. Осындайда дертке дәру іздейміз. Дәрігерге барамыз. Олар қолдан келгенше емдейді. Қазір медицина дамып келеді. Неше түрлі құрал - жабдық бар.
Бұрынғы кезеңдерде қалай болған? Қазіргідей медицина қарыштап дамыған жоқ. Соның өзінде адамдарды емдеу ісіне ерекше мән берілді. Ежелгі замандарда емшілер дәрілік өсімдіктерге назар салған. Олардың емдік қасиеттерін түсіне білді. Дәрілік өсімдіктер ұзақ жасауға да жол ашады. Сол бір кезеңдерде Қытай, Үндістан, Грекия мемлекеттерінде осындай істер кеңінен өркен жайған екен. Арша ағашының емдік қасиеті қазақ баласы үшін таңсық емес.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру