В. И. Пацаев атындағы мектеп тарихы
В. И. Пацаев атындағы
№2 Алға орта мектебінің
8 сынып оқушысы: Зұлпхарова Іңкар
Жетекшісі: Пурханов Сабит Кенгесбаиевич
Жоба тақырыбы: Мектеп тарихы
Тарихы терең, тағлымы мол білім ордасы
2012 жылы біздің мектебіміз 80 жылдық мерейтойын белгілеп өтті.
80 жыл – бұл дүние тарихы үшін қысқа мерзім, ал білім ордасы үшін – тарихтың бір бөлігі.
Мектеп құрылысы 1929 жылы жергілікті бор карьерінен алынған бор блок материалынан басталды. 1932 жылы ашылған мектеп Алға темір жол станциясындағы жалғыз ғана білім ордасы болған. Заман талабына сай 1967 жылы мектептің оқу корпусы, оқу кластары, спорт зал, оқу шеберханасы, асхана т. б. қажеттілігіне байланысты жаңадан салынды.
Орта мектеп ретінде 1939 жылы алғашқы түлектер бітіріп шықты.
Мектептің өткен тарихына жүгінсек, 50 ден астам адам белгілі ғалым, ұстаз, инженер, дәрігер, ауыл шаруашылығының мамандары атанды. Түлектер арасында ҰОС қатысушылары, ұшқыш, профессор, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары да бар. Бүгінгі таңда мектеп тарихында Кеңес Одағының
батыры, ұшқыш – космонавт, алғалық В. И. Пацаевтің есімінің болуының өзі зор мақтаныш.
Сонымен қатар экономика ғылымының кандидаты А. Мусин,
Ж. Досқалиев - медицина ғылымының докторы, академик,
А. Нұрлыбаев – математика ғылымының докторы, профессор,
Н. А. Шостак – Кремль ауруханасының бас дәрігері, медицина ғылымының докторы,
Т. И. Хмеленко – Мәскеу қаласы Красная Пресня аудандық ауруханасының бас дәрігері,
Г. Ф. Макшанцев – техника ғылымының кандидаты,
А. З. Петренко – биология ғылымының кандидаты,
Т. Толбаев – химия ғылымдарының кандидаты,
М. К. Тулеуов – Семей медакадемиясының ректоры,
С. А. Таженов – Алға аудандық ауруханасының бас дәрігері
Сондай – ақ осы мектепті З. М. Бектемирова – «алтын», М. В. Иванюра мен С. А. Феодеренко – «күміс» медал мен бітірген.
Мектебімізде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, еңбек ардагерлері атанған 21 жыл мектептің оқу ісіне жетекшілік етіп, 1966 жылы №3 орта мектеп директоры болған – К. Ф. Макшанцева, сондай – ақ Ұлы Отан соғысына қатысқан орыс тілінің маманы – М. С. Сенченко.
1972 жылы мектепке В. И. Пацаевтың аты берілді. Ол оқыған класс бөлмесінде батыр ұшқыштың өмір жолы мен ерлігін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында шағын мұражай ашылды. Бірінші болып В. В. Смирнова жетекшілік еткен музейге тек қала тұрғындары ғана емес, өзге аудан, облыстан, тіпті басқа республика мен мектептерден де келушілер кездесті.
Солардың ішінде ғарышкер - ұшқыштар А. Рукавишников пен В. Севастьянов, Пацаевтың туысқандары да бар. Батырдың алғашқы ұстазы Н. Г. Мельниченко мектеп оқушыларымен кездесіп, В. И. Пацаевтың балалық шағы, оқушылық жетістіктері туралы айтқан естеліктерінің тәрбиелік мәні зор болды.
80 жыл ішінде осы ұжымды ұрпақ тағдырына алаңдап, мектеп жұмысын жетілдіруге атсалысқан ұстаз атына лайықты талай білікті педагог – директорлар басқарған. Мектеп тарихында еңбегімен есімі еленіп, білім ордасында өз қолтаңбасын қалдырған директорлардың алар орны бөлек. Олар:
Товстенко Григорий Архипович;
Паккерман Вера Искаковна;
Гаврилова Людмила Петровна;
Хмель Григорий Яковлевич;
Ким Владимир Афанасьевич;
Хасенова Софья Хасеновна;
Листопад Петр Иванович;
Ким Лариса Васильевна;
Балдаиров Сейлхан Нугманович;
Аскаров Мурат Дыбысович;
Кашкимбаев Кенжебай Нуркенбаевич;
Туешин Қонақбай Туйешевич;
Масақова Ұлжан Үмбеталиевна;
Домбаулова Майра Құсайновна
Сейдалиев Амангелді Қуанышбаевич;
Қазіргі күні мектеп ұжымына Ходжаназаров Рустем Нурманович басшылық етуде.
Балалармен жұмыс жасау үшін адамда дарын және жүрегінің оты болуы керек. Мектептің оқу істері бойынша директор орынбасарына алғыстар айтылды. Олар: А. А. Ли, К. Ф. Макшанцева, К. В. Темушко, Н. Н. Бондаренко, Н. М. Чуносова, А. Е. Быцай., О. С. Демина, Р. А. Каликова, Н. А. Чепурная, М. Н. Пулявина, К. Т. Туешин, О. В. Атабаева, А. Б. Иманбаева, Р. А. Нуртиякова, Б. О. Утемуратова, И. С. Мураталиева.
Мұғалім!.. Мектеп тынысы мұғалімдермен байланысты, өз өмірін мектепке арнаған ардагер мұғалімдер болды. Олар: М. С. Сенченко – ҰОС ардагері, Башуев – еңбек ардагері М. И. Дёмин, О. С Дёмин, М. И. Морозов, Т. М. Платонов, З. С. Балжанова, Л. И. Безручко, Е. А. Кузьменко, В. Н. Маринов, И. Р. Есман, В. И. Гурьев, А. Н. Варкентин, В. В. Смирнова, Д. И. Вдовиченко, В. И. Ханенко, Н. В. Бровко, Л. П. Бондаренко, М. Н. Пулявина, Т. М. Менжанова, М. А. Танжарыкова, К. И. Кашкинбаева.
Мектебіміз мұғалімдері Р. А. Каликова, А. Н. Варкентин, Е. А. Кузьменко «Білім үздігі»;
А. М. Избасова «Еңбек даңқы» ордені;
М. Н. Пулявина, Д. Г. Кубесова – Президент алғыс хаты; М. Н. Пулявина Вице – президент мадақтамасы;
С. К. Пурханов Қазақстан Республикасы президенті жанындағы басқару академиясының «Алғыс хаты» мен марапатталды. «Учитель – это призвание» кітабында Р. А. Каликова, О. В. Атабаева, Д. Г. Кубесова, А. Д. Амедованың аттары аталған. О. В. Атабаева, Р. А. Нуртиякова, Д. Г. Кубесова, Р. А. Каликова, А. Г. Даукеева, М. Н. Пулявина - «Үздік пән мұғалімі»,
А. А. Лукманова, Л. Р. Аккулова – «Үздік сынып жетекшісі» облыс әкімінің граннтары атанды.
Құқық пәні мұғалімдері арасында облыстық конкурста А. Г. Даукеева III дәрежелі дипломмен;
Мультемедиялық проекттердің облыстық конкурсында А. Х. Тасқынбаева – сертификатпен;
Г. О. Бозанова III дәрежелі дипломмен марапатталды. Р. А. Нұртиякова, Г. Исмайлова «Аудандық үздік мұғалім» номинациясына ие болды.
Нағыз мұғалім болудың өзі үлкен дарын. Мұғалім өз тәжірибесін, білімін оқушыларға жеткізе білуі керек. Мұғалімнің ақылдылығы, парасаттылығы, шексіз махабаты әрбір адамның өмірде өз орнын табуына көмектеседі. Оқушыларының өмірде
өз орнын таба білуіне көмектескен, бүкіл өмірін оқушыларға арнаған, олардың алғысына бөленген мұғалімдер: Д. Ж. Бисебаева Н. Ф. Петренко, В. Н. Власенко, А. И. Абдухаликова, Ф. Х. Гольдзанд, Н. П. Парнищева, Р. И. Пархоменко, В. Г. Пащенко, А. А. Истлеуов, Ж. С. Давлетова, Г. А. Кожина, Л. Н. Чебурахина, А. О. Бисенгалиева С. М. Мырзагарина, Е. А. Григорьева, Ж. М. Латыпова, Б. А. Рахметова, М. К. Сагиндыкова, Т. И. Делева.
2007 жылы мемлекетіміздің жас ұрпақтары заман талабына сай білім алуы үшін – биология, химия, физика, мультимедиялық кабинеттері жабдықталды.
2009 жыл «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 31 млн тенге ажыратылып, мектеп сыртына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп сырты тас қыштар мен қаланды, ескі есік, терезелер орнына жаңа пластик есік, терезелер салынды. 2012 – 2013 оқу жылында мектебімізде 568 оқушы бар.
483 оқушы қазақ тілінде, 85 оқушы орыс тілінде білім алуда. Ұжымда 75 мұғалім бар. 31 класс комплект жабдықталған. Қазіргі таңдағы мұғалімдеріміз дарынды, өз ісінің мамандары - Л. Г. Клюнд, Л. В. Сивирина, Т. Д. Тлеуов, Ж. Ж. Нагидулина, К. Н. Наурызов, Т. Р. Шабикова, Р. Т. Жақсылықова, Н. Н. Потапенко, А. Қ. Канапиева, И. П. Филипко. Жас мамандар А. Ж. Жолдыбаева, З. М. Құсайнова, Э. С. Бөпелекова.
Оқушылардың спортпен, өнермен, ғылыми жұмыстармен шұғылдануына толық мүмкіндік бар. Мәдени – көпшілік шаралар, әскери – спорттық ойындар, еңбек және соғыс
ардагерлерімен кездесулер жоспарлы түрде жиі ұйымдастырылады. «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» атты жазғы маусымдық марафонда еңбегімен көзге түсіп, өлкемізді өркендетуге ұмтылушылар саны да жыл сайын арта түсуде.
2011 оқу жылында мектебімізге облыс әкімі Архимед Мұхамбетов келіп, мектептің жағдайымен танысты. Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінетіндігін айтты.
2012 жылы мектептің жөндеу жұмыстары үшін 65 млн. теңге бөлінді. Мектептің спорт залы, акт залы, асхана, бірінші және екінші қабаттың дәліздеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық терезелер пластик терезелерге ауыстырылды.
Өткен өмірдің өнегелі жақтары жетерлік. Болашақтың байламы берік. Олай болса, мектеп тарихы жалғаса бермек...
Алғашқы түлектер 1939 жыл.
Облыстық әскери – спорттық сайыс жеңімпаздары. 1941 жыл.
Мектеп көрінісі. 1971 жыл.
Мектепте сембілік. 1971 жыл.
Мектептің мұғалімдер ұжымы. 1950 жыл.
Оқушылар мектеп мұражайында.
В. И. Пацаев
В. И. Пацаевтің үйі. (Қазіргі Комсомол көшесі)
В. И. Пацаев отырған парта.
В. И. Пацаевтың жаттығу костюмы
Мектебіміздің қазіргі көрінісі
Мектеп мұғалімдер ұжымы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру