Төрт түліктің бірі сиыр
Ақтөбе облысы
Алға ауданы
В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебі
Тақырыбы:
«Төрт түліктің бірі сиыр»
Секция: биология, химия, валеология
Орындаған: Құдайбергенов Аян
Ғылыми жетекшісі:
Жетекшісі: Таскинбаева А.Х
Бастауыш сынып мұғалімі
Ақтөбе қаласы
2012
Пікір
В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің 3 сынып оқушысы Құдайбергенов Аянның «Сиыр малының пайдасы» тақырыбына жазған ғылыми жұмысында бізге сиыр малының сүті мен етінің қаншалықты пайдалы екені,ауыл шаруашылығын көтеру керектігі айтылған. Негізінде Аян бұл жұмыспен екінші жыл айналысып отыр. Сиыр сүті мен етін пайдаланғанда кейбір аурулардың алдын алуға болатыны жайында айтылған.
Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай шежіресі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақтың жерін малсыз елестету мүмкін емес. Сәлемдесудің басы «Мал-жан аман ба? - дан» басталатынының өзі халық өмірінде малдың шешуші фактор, тіршілік көзі екенін көрсетеді. Етті, әсіресе сиыр етін өндіруді ұлғайту мәселесі – мал шаруашылығы саласындағы барынша өзектілерінің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда сүтті және құрамдастырылған тұқымды мал өсіру есебінен шешілуде.
Ет халық тұтынатын барынша толық және кеңінен тараған өнімнің түрі болып табылады. Еттің тағамдық және биологиялық құндылығын оның бай химиялық құрамы, әсіресе белоктық бөлігі құрайды. Ол тез қорытылатындығымен және құндылығымен ерекшеленеді. Кулинарлық түрде жеңіл өңделеді. Адам етті үнемі тұтынады, одан тағамның түр-түрін жасауға болады, бұл тағамның санын барынша түрлендіруге мүмкіндік береді. Еттің құрамына толыққанды белок, сондай-ақ майлар, дәрумендер, белсенді және минералды заттар кіреді. Ет және ет тағамдары ағзаны белокпен және маймен қамтамасыз ету көздері болып табылады.
Сиыр сауып отырып неге өзгенің сүтін ішеміз?
«Ақ ішсең – ағарасың», деп айран-сүтті ата-бабаларымыз баяғыдан-ақ қастерлі тағам қатарына жатқызып қойған. Ендеше малдың еті-сүтімен ежелден күн көрген халқымыз жылына қанша сүт ішеді және қандай сүт ішеді? Мәселен, шетелдерде бір адам жылына 100 литрден астам сүт ішсе, бұл өнім Қазақстанда үш есе кем пайдаланылады.
Не десек те, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі басым бағыттары болып табылады. Бұл сүт индустриясының тиісті дамуының, пайдалы да қауіпсіз сүттің артуының кепілі. Ондай істің нәтижесі ұлт денсаулығынан көрініс таппақ.
Пікір жазған: Сұлтамұратова З. Б.
химия ғылымдарының кандидаты
Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................
1.1Сиыр малы және олардың тіршілігі..................................................
2.1 Сиыр малының сүтті түрі..................
2.2 Сиыр малының етті түрі............................................
2.3 Сиыр малының төлі................................................................
2.4 Сүттің пайдасы......................................................
2.5 Еттің пайдасы........................................................................................
2.6 Сиыр азығы, сиыр пірі...................................................................................
2.7 Сиыр малының түрлері................................................................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Бұл тақырыпты алудағы басты себебіміз қазіргі таңда ең бір маңызды өзекті мәселелердің бірі..ауыл шаруашылығының кенже қалуы. Сырт көзге сылбыр, жуас көрінетін сиыр малының да көп қасиеттерін көркем шығармалар, аңыз-әңгімелер арқылы біліп жүрген жоқпыз ба? Жалғыз өгіздің бір табын малды ұялы қасқырдан түні бойы қорғаудағы ерлігінің өзі неге тұрады? Ал, шынтуайттап келгенде кейінгі жастарымыз, үлкен қалаларды былай қойғанда, облыс, аудан орталықтарында тұратын жеткіншектердің өзі Зеңгі баба тұқымының қасиеттерін, оның басқа түліктерден қалай және қандай қасиеттері арқылы ерекшеленетінін ашып айта алмайды. Кезінде сиыр малының көшсе көлік, сауса сүт, сойса ет болып, халқымыздың қажетіне жарағанын кейінгі жастар нақты бір аңыздай қабыл алып жүрсе, соған ең алдымен өзіміз кінәліміз. «Зеңгі баба», «сиыр малы» дегенді былай қойып, осы түлікті «сүт бағытындағы мүйізді ірі қара» деп оқытып жүрген жоқпыз ба? Осыны санасына сіңірген кейінгі жастардың сиыр малының тек ет пен сүт үшін өсірілетінін пайымдағаны болмаса, одан арғыға терең байламасы анық. Ал, шынтуайттап келсек, басқа да жан-жануарлар секілді Зеңгі баба тұқымы адамға серік, әрі момын жануарлардың бірі. Ол да түйсіне, сезіне алады, қажет кезінде иесін қауіпті жағдайлардан құтқарып та алады.
Зерттеу мақсаты: адам денсаулығы үшін сиыр сүті мен етінің аса пайдалы жолдары талқыланды. Осы жұмысты орындаған кезде мынадай тұжырымдар шықты: Жалпы сиыр малының пайдасы көп сондықтан ауыл шаруашылығын көтеру.Сиыр басын көбейту.
Сиыр малы жалпы адам денсаулығы үшін пайдасы бар екенін дәлелдеу. Сиыр малының көбеюіне қандай шаралар қолданып жатыр
Зерттеу әдістері:сәйкестендіру, салыстыру, тұжырымдау, анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерді қолданылды.
Зерттеу нысаны:сиыр малы
Зерттеу пәні:
Зерттеу барысында осы ауданның 2009-2012 жыл аралығында сиыр малының санының өсуі көрінеді.
Зерттелген жұмыстан мынадай қорытынды шығады
Жалпы сиыр малының пайдасы көп сондықтан ауыл шаруашылығын көтеру.Сиыр басын көбейту.
Сиыр малы жалпы адам денсаулығы үшін пайдасы бар екенін дәлелдеу. Сиыр малының көбеюіне қандай шаралар қолданып жатыр
Зерттеу барысында сәйкестендіру, салыстыру, тұжырымдау, анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерді қолданылды.
Зерттеу барысында осы ауданның 2009-2012 жыл аралығында сиыр малының санының өсуі көрінеді.
3
Зерттелген жұмыстан мынадай қорытынды шығады
Жалпы сиыр малының пайдасы көп сондықтан ауыл шаруашылығын көтеру.Сиыр басын көбейту.
Зерттеу мәселесі.Менің осы ғылыми жобаны алу себебім:адам денсаулығы үшін сиыр малының қаншалықты пайдасы бар екенін және олардың қандай түрлері бар екендігін көрсету.Бұл сиыр малын қалай күтіп бағу жайлы үйрену.Олардың жас аралығын да, төлдерінің қалай аталатынын да терең білу. Зерттеу болжамы:Бұл жұмыс кезінде мен салыстыру, сәйкестендіру, тұжырымдау,анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерімен жұмыс істедім.Сиыр малының Қазақстанда маңызы зор сондықтан мал шаруашылығын қолға алу керек, мал басын көбейту.
Зерттеу міндеттері:
-сиыр малының сүтін, етін емдік мақсатта қолдану ерекшеліктерінің алғышарттарын сипаттау;
-Сиыр малы жалпы адам денсаулығы үшін пайдасы бар екенін дәлелдеу
Зерттеудің негізгі кезеңдері:Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша теориялық және нақты материалдар жинақталды; зерттеудің мақсаты мен міндеттері, мәні анықталды.
Екінші кезеңде материалдар жинақтаужүзеге асырылып, сиыр малының еті мен сүтін қолдануды зерттеудің жолдары айқындалды.
Үшінші кезеңде жинақталған материалдарға байланысты ой-пікірлер жүйеге келтіріледі, оларды пайдаланудың жолдары белгіленді.
Нақты тұжырымдармен ұсыныстар әзірленіп, зерттеу тақырыбы бойынша материалдаржазылды.
Зерттеудің жетекші идеясы: мал еті мен сүтін қолдану ерекшеліктерін зерттеу, ауыл шаруашылығын көтеру.
Зерттеудің көздері:педагогикалық әдебиеттері, этнология институтының кіші ғылыми қызметкерінің еңбектері
Зерттелген жұмыстан мынадай қорытынды шығады
Жалпы сиыр малының пайдасы көп сондықтан ауыл шаруашылығын көтеру.Сиыр басын көбейту.
Жұмыстың практикалық мәні:
-сиыр малының басын көбейту, еті мен сүтінің пайдасы анықталған;
-өз денсаулығыңа ерекше мән беру және үнемі сиыр сүті мен етін пайдалану
-Халықтың ет өніміне деген сұранысын қанағаттандыру;
-Ет алынатын ірі қара малды өсіру үшін жаңа ферма құру;
- Шаруашылықтағы азықтандыру базасының жай-күйі, жас төлді өсіру және аналық малды азықтандыру. Малдың көбеюі өнімділігі мен бейімділігі осыған байланысты болады.
4
1.1Сиыр малы және олардың тіршілігі
Халқымыздың көшпелі өмірінде күш көлігі ретінде сонау ерте кезден пайдаланылып келе жатқан сиыр малының басқа қасиеттерін де бабаларымыз тым ерте білген сияқты. Археологиялық қазба материалдарының деректері бақташы елдің сиыр малының сүті мен етін азық етумен бірге оның терісін киім, еңбек құралы ретінде сол көне заманнан-ақ пайдаланып келе жатқанын дәлелдейді. Сиырдың сүтін ішіп қана қоймаған, одан қаймақ, май, ірімшік, құрт секілді тамақтың алуан түрін де дайындай білген. Ал терісін илеп, былғары жасаған. Қайысынан күш көлігін ұстап тұратын, салт мінетін арбаға немесе шанаға жегетін құрал-жабдықтар, әбзелдер әзірлеген. Жалпы, халқымыздың тарихына қатысты көне деректерге қарағанда, осындай ішкі қажеттіліктері үшін болмаса бұрынғы кезде сиыр малы байлықтың көзі ретінде онша көп өсірілмеген тәрізді. Тіпті бертінгі тарихтың өзінде ондай деректер көп кездесе бермейді. Көне көз қариялардың ескі кептен сыр шерткен шежіре әңгімелерінен де, мысалы, пәленшебайдың сиыры пәлен мыңға жетуші еді деп айтып отырғанын ести қоймаған секілдіміз. Мұның бұлай болуының басты себебі – сиыр малының суыққа төзімсіз, қыс айларында қолға қарап қалып, аса көп күтім тілейтіндігінен де шығар, әйтеуір қалай болғанда да барлық жерде бірдей түліктің бұл түріне ерекше көңіл бөле бермегені байқалады. Сондықтан да бұрынырақта қысқы соғымға сиыр сою дәстүр болмаған. Көбіне балалары көп кедей-кепшіктер сойған. Өйткені жылқы еті асуға бағалы болғанмен, салма (кеспе) жасауға келмейді. Сорпасы сылдырап сұйық болады. Сондықтан күнде ет асып жеуге шамасы жетпейтін кедей үйі балалары қарын-қажағын, сорпа-суын ішіп, ашықпай, тоқ отыру үшін сиыр сойған. Әдетте соғымға қысыр қалған сиыр, жасы ұлғайған өгіз шығарылып, олар қоңыр күзден-ақ қолға алынып күтіледі.
Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай шежіресі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақтың жерін малсыз елестету мүмкін емес. Сәлемдесудің басы «Мал-жан аман бадан» басталатынының өзі халық өмірінде малдың шешуші фактор, тіршілік көзі екенін көрсетеді. Кең сахарасында үйір-үйір жылқы, келе-келе түйе, табын-табын сиыр, отар-отар қой өсірген халықтың төрт түлік кисе – киімі, ішсе – тамағы, шөлдесе – сусыны, жүрсе – көлігі, жатса – төсеніші болған. Демек, қазақтың бүкіл тіршілік көзі төрт түліктің өсімі мен одан алынатын өнім түрлеріне байланысты еді. Сондықтан халқымыз төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дәріптеп, бүкіл өмір тіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани мәдени-өмірін, әдет-ғұрпын солармен байланыстырады.
Төрт түлік жұп, аша, айыр тұяқты және тақ, тік тұяқты болып бөлінгенімен, олардың бәрін қосып халық аяқты мал деп атайды. Малдың шығу тегі туралы аңыз көп.
5
Солардың біріне құлақ ассақ, сиыр – судан жаратылыпты-мыс. Текті мал – киелі де. Халық аңызында сиыр малын көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін желеп-жебейтін қамқоршы пірлер бар. Сиыр малының қамқоршы пірі – Зеңгі баба. Сан ғасыр көшпенді дәуірде тұмыс-тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты өткен қазақ халқы төрт түліктің сыр-сипатын, қадыр-қасиетін жете біліп, ерекше қастерлеген, малды былапыт сөздер айтып балағаттамаған, теппеген, басына ұрмаған, сылап-сипап баққан. Жаман ырымға жорып малды санатпаған. Түйені келеге, жылқыны үйірге, сиырды табынға, қой мен ешкіні отарға топтастырып, төрт түліктің жалпы санын содан есептеп шығарған. Малдың шаруашылыққа қажетті өнімдік, күш-көліктік, т.б. қасиеттерін жетілдіру мақсатында үзбей бір ізділікпен сұрыптау жүргізіп, көрікті, сұлу, әсем асыл тұқымды өсірумен шұғылданған. Әсіресе, төл басына (алғашқы төлге) айрықша мән берген. Оларды іріктеп, барлық жағынан өскелең талапқа сай келген үлгілерінен тұқымдық ақ нар, боз айғыр, көк бұқа, көк қошқар өсірген. Аса бағалыларын сатпай, соймай, сыйға тартпай ерекшелеп, сетер атаған. Сиыр малын бағып-күту, шығынсыз өсіру оңай еместігін, малшының маңдай терін, қажырлы еңбегін, қиыншылықта төзімділік талап ететінін: «Сиыр бақтым – сидаң қақтым» мәтелі арқылы шаруа адамның зердесіне жеткізген.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «мүйізді ірі қара мал; төрт түліктің бірі» деген анықтама берілген (ҚТТС VIII т. 301 б.). Қарақалпақ, құмық, ноғай, татар тілдерінде – сиыр, Қырғызстанның оңтүстік аймағында – йинек, қазақтармен көршілес аудандарда – сиыр, жалпы қырғыз тілінде – уй, ұйғыр тілінде – сіиір, серә, кейде кала, түркімендерде – сығыр, сахаларда – ынах, туваларда – инек т.б. деп аталады
Сиыр атауының түп төркіні түркі тілдеріндегі сир, сири - сығу, сығып шығару, сауу мағыналарымен байланыстыруға болады. Яғни, сауатын мал, сығыр мал. Кейінірек мал сөзі түсіріліп, сығыр<сиыр түрінде қолданылған. Ал, инек, ынах, іңек атауларының түбі ине//ене//ана//ене//ұрғашы мағыналарын берсе, к дыбысы сөз жасамдық көрсеткіш, өнімді жұрнақ.
Енді осы сиыр малының жасына қарай талдап көрсек, қашып кеткен үлкен сиыр буаз сиыр, қашпаған сиыр қысыр сиыр, ал ересек бұзау қашар деп аталады. Үлкен еркегі – бұқа, жасы – бұқаша, ал піштірілген үлкені – бұқаша деп аталады. Еркек бұзау екі жасында піштіріледі. Бұқаның қашыратын кезеңі маусымнан бастап, тамызға дейін созылады. Бір бұқа сегіз сиырға дейін қашырады. Сиыр қашып кеткеннен кейін он айдан соң бұзаулайды. Жаңа туған төл бұзау деп аталады. Үш жасында бұқаны мініске, сол сияқты ауыр жүк артуға үйретеді. Бұқа қашыруға екі жасында, ал қашар бір жасында жарамды болады. Сиыр сегіз ай бойына сауылады. Сүті әр түрлі күйінде қолданылады. Оны шикі күйінде ішеді, қатық ұйытады, одан соң оған су қосып, не қоспай қою күйінде ішеді. Қаймағынан май алынады.
6
Сиырдың екі жасында алғашқы екі тісі, үш жасында жоғарғы жағынан екі тісі, одан соң жыл сайын екі тісі түседі. Осылайша, сегіз жасқа қарай сиырдың бүкіл алғашқы тістері жаңа тістермен алмасады. Сиыр мен бұқаның өмірінің ұзақтығы жиырма жасқа дейін жетеді.
Сонымен қатар, түйе «ащы өсімдікті» жақсы жесе, жылқы мен мүйізді ірі қараның, яғни сиыр малының тек қана «ақ өсімдікпен» қоректенетінін айту керек. Сиыр, бұқаға қыста ескі қиды шашып, төсеніш жасап, сол кезде қар үстіне жатқызбау керек, әйтпеген жағдайда олар жүдей береді, одан соң ауырып, арам қатады. Сиыр бес жасында толық пісіп жетіліп, өз күшіне келеді.
Енді қазақ тілінде кездесетін Зеңгі бабаның қорғаушысы сиыр малына қатысты тұрақты тіркестерге көз жіберейік. Қазақ тіліндегі сиыр малына қатысты тұрақты тіркестер негізінен осы Зеңгі бабаның ұрпағының жақсы қасиеттерін мадақтайды. Осы қасиетті малдың ағылған мол балдай тәтті сүті мен етін және сонымен қатар, мінсе көлікке жарайтынын, күшін көрсетеді.
Мәселен, кісі түшкіргенде қалжың, әзіл-сықақ ретінде айтылатын тілек: Ақ тұш, ақ сиырдың сүтін іш! немесе Ақ тұш, ақ сиырдың майын іш! Бұл қалжың ретінде айтылатын тілек әзіл-сықақ ретінде айтылса да, шындықтың бір бөлігі бар. Ақ сиырдың сүтін іш деп тек жақсы сыйлы адамдарға тілеп жатады.
Тана көз – мөлдіреп, жайнап тұратын үлкен көзді айтады. Мысалы,
Малқар біреумен алысқандай ентігіп, терін сүртіп отырғанда Балқия енді. Әжімсіз ақ жүзінде, жайнаған тана көзінде сезік бар. Күйеуіне есіктен кіре қадаған көзін, жай жүріп келіп, жайласа отырып жатқанда да алған жоқ. (Ғ.Мұстафин)
Сиыр өзен жағалаған егінші, отырықшы елге жайлы, жағымды болғанымен көшпелі елде онша бағаланбаған. Өйткені жүріске кем, жүні тықыр сиыр малына ерекше бағым-күтім қажет. Ол жазда жайылым талғайды, қыста қолға қарайды. Оған жылы қора, жиюлы шөп керек, шөлге де шыдамсыз. Оның үстіне сиыр – қыңыр мал, онша айдауға көнбейді, жөнге жүрмейді. Сондықтан басқа малдарға қарағанда көшпелі ел сиырды аз ұстаған. Қайсыбір жайсыз адамдардың жағымсыз мінез-қылықтарын сынағанда да Сиыр мінез, Сиырдай мүйіздесті деп сиырды ұнамсыз кейіпте таниды.
Сиырдай мүйіздесті - өзара қырылысты, түртпектесті. Өзара ынтымағы, бірлігі, татулығы жоқ халық, әлеуметтік топ қолдағы барынан айрылады, бар байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді. Мысалы,
Мүйіздескен сиырдай
Байласаң бас жіп жетер ме?
Еңбегің еш, тұзы сор,
Қайратың селге кетер ме?
Сиырдың бүйрегіндей бытырады – бет-бетіне жан-жаққа тарап кетті, басы қосылмады, берекесі кетті. Мысалы,
7
Жүр, анда! Сиырдың бүйрегіндей бытырауға айналған екенбіз, тек арты қайырлы болсын! (С.Мұқанов)
Сиыр мінез – сүйкімсіз қылық, көрінген нәрсеге орынсыз соқтыққанға айтылады.
Ағаттық ісімізді білмедік пе?
Көңілін бір нәрседен кірледік пе?
Сықылды сиыр мінез жаман елміз,
Орданың бір жеріне сүйкендік пе? (Ілияс Жансүгіров)
Тағы да бір сиыр малын жағымсыз кейіпте көрсететін тұрақты тіркестің бірі – Сиыр құйымшақтатты. Бұл тіркестің мағынасы аяқсыз қалдырып, берекесіз етті, соңы сұйылып кетті дегенді білдіреді. Сонымен қатар, сиыр құйымшақтанып кетті деген нұсқасын да ұсынуға болады. Бұл тіркестің мағынасы – ол құр бос уәде беру, уәдесінде тұрмау дегенді білдіреді.
Етті, әсіресе сиыр етін өндіруді ұлғайту мәселесі – мал шаруашылығы саласындағы барынша өзектілерінің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда сүтті және құрамдастырылған тұқымды мал өсіру есебінен шешілуде.
Сонымен бірге ет ресурстарын ұлғайтудың маңызды резерві мамандандырылған ет шаруашылығын дамыту болып табылады, оның бірқатар экономикалық және өнімділік ерекшеліктері бар. Мамандандырылған ет тұқымды мал барынша жоғары ет өнімділігімен және сиыр етінің сапасымен, тез өсіп жетілетіндігімен ерекшеленеді. Оларды сойып, одан әлемдік стандартқа сай келетін, жоғары деңгейде тағам ретінде тұтынылатын ет өндіреді, жоғары сапалы тері шикізатын алады.
Бұл шығыны аз сала, капитал салудың, азық-түлік жағдайларының шектелуі, сүт өнімдерін өткізу нарығының қашықтығы сүт бағытындағы мал шаруашылығының дамуын тежейтін жерді пайдалану дамыған өңірлерде ет өнімдерін тиімді өндіруге мүмкіндік береді.
Ет бағытындағы малдың санын қалпына келтіру және одан әрі ұлғайту фермер шаруашылығын дамытуға, оларды нығайтуға, мамандандыруға, нақты табиғи, экономикалық жағдайлар мен нарық жағдаятына байланысты мал басын өнімді шоғырландыруға бағытталған. Міне, осындай шаруашылықтарда жемазық дайындаудан, төл алу мен өсіруден, оны жаю мен азықтандырудан бастап сатуға дейінгі сиыр етін өндірудің белсенді технологиясын тиімді пайдалануға болады.
Ауыл шаруашылығын қалыптастыруды ірілендірген кезде оған жаңа етті сиырларды кеңінен өсіру сияқты сүт және сүт-ет бағытындағы өнімділігі төмен сиырларды етті тұқымды бұқалармен шағылыстыру негізінде де қол жеткізуге болады.
Мал шаруашылығы өнімдерінің 80%-дан астамы үй шаруашылығында өнімділігі төмен малдан алынатынын ескерген жөн. Бұл секторда, атап айтқанда, сүт өндіру көлемі отбасы мен нарықтың қажеттілігінен асып түсетін шаруашылықтарда малдың ет өнімділігін арттыру үшін етті тұқымды бұқаларды өсірген орынды болып табылады.
8
2.1 Сиыр малының сүтті түрі..................
Сүтті бағыттағы қолтұқымдар Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т.б.; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т.б. Сиырлардан жылына орта есеппен 3 800-4 500 л сүт сауылады. Сүтінің майлылығы 3,6-3,8 пайыз. лған.
Cүт бағытта өсірілетін ірі қара қолтұқымдарынан сүт алу мақсаты көзделеді. Қазақстанда қырдың (даланың) қызыл сиыры, әулиеата, алатау, қарала, симменталъ қолтұқымдары өсіріледі.
Қырдың қызыл сиыры. Қолтұқым XVIII ғасырдың соңында Украинаның далалы аймағында (Запорожье өңірінде) шығарылған. Сиырлардан жылына орта есеппен 3 800-4 500 л сүт сауылады. Сүтінің майлылығы 3,6-3,8 пайыз. Жаздың құрғақ ауа райына бейімделген. Қырдың қызыл сиыры Қазақстаннан басқа Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінде, Батыс Сібірде таралған.
Әулиеата сиыры
Қол тұқым XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қырғызстан мен Жамбыл өңірінде шығарылған. Жергілікті сиырларды голланд қолтұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған. Дене тұлғасы ұзынша, басы - шағын, мойны - жіңішке, қатпарлы, мүйізі - қысқа, түсі - қарала. Жылына орта есеппен 3 000-3 800 л сүт береді. Қолтұқым оңтүстіктегі таулы аймақтық құрғақ әрі ыстық ауа райына шыдамды келеді
9
2.2 Сиыр малының етті түрі............................................
Етті бағыттағы қолтұқымдар
Ет бағытындағы сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған.Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады . Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Түгі қызыл, басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Жазда жүні қысқа және біртегіс жалтылдап тұрады. Қыста жүні ұзын әрі тығыз болып өседі
Ірі қара.Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады . Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Түгі қызыл, басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Жазда жүні қысқа және біртегіс жалтылдап тұрады. Қыста жүні ұзын әрі тығыз болып өседі. Бұқаларының салмағы 850-1000 кг, сиырлары 500-550 кг тартады. Күтімі жақсы болса, 1,5 жастағы тайыншаларының салмағы 450-470 килоға дейін жетеді. Сиырдың бұл қолтұқымы Батыс Қазақстан өңірінде көбірек өсіріледі. Әулиекөл сиыры да етті бағытта шығарылған сиырдың жаңа қолтұқымы. Бұл Қостанай өңірінде қазақтың ақбас сиыры мен шеттен әкелінген шароле, абердин-ангусс сиырларының бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Қолтұқымның өнімділігі қазақтың ақбас сиырынан 15—20 пайыз көп.
Алатау сиыры
Алатау сиыры сүтті, етті бағытта өсірілетін қолтұқымға жатады.Ол ХХ ғасырдың 30—50-жылдарында жергілікті сиырларды швиц, кострома тұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған. Сиырларының басы үлкен, тұмсығы сүйірлеу, кеудесі ауқымды, жалпақ, арқасы біртегіс. Денесінің артқы жағы сәл көтеріңкілеу келеді. Бұл - таулы аймақ малдарына тән қасиет. Желіні тегеш пішінді. Түсі қоңырқай. Етінің сапалық қасиеті жоғары. Тез жетіледі, тайыншаларының салмағы 500—550 кг. Алатау сиыры Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан өңірінің таулы аймақтарында өсіріледі.
10
2.3 Сиыр малының төлі................................................................
Бұзау
Бұзау (теленок) - мүйізді ірі қара малдың 6-айға дейінгі төлі. Б.-ды жынысына қарай еркек, ұрғашы, ал енесінен туғандағы санына қарай жалқы, егіз деп бөледі. Б. бағып-күту өсу кезендеріне, жасына, өнім бағытының ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылады. Өмірінің алғашқы 7-10 күндігінде б.-ды енесінің уызымен ауыздандырып, сүтін еміздіреді. Сүтті және сүтті-етті тұкымының б-ын ертерек балауса, пішен, пішендеме, сүрлемді көп жеуге үйретіп, жемді аз беріп өсіреді. Етті бағыттағы тұқымның б.-ын 8 айға дейін енесін еміздіріп өсіреді. Еркек б.-дың жыныстық қабілеті 6-айлығында жетілетіндіктен, осы жастан бастап еркек және ұрғашы б.-ды бөлек бағады. Алғашқы 15-20-күндігінде б. басы шығыны көбінесе іш ауруы мен өкпенің қабынуынан болады. Одан сақтандыру үшін б. ауқымы кең, ауасы таза, құрғақ қорада ұстап, дұрыс азықтандырып, мезгілімен серуендетеді.[3]
БҰЗАУ ЕТІ. Шын болса заманында Ұлыбританияның Премьер - Министрі Уинстон Черчиль тек бұзау етін жеген көрінеді. Оның себебі де бар шығар. Біз соған жауап іздеп көрелікші.
Бұзау еті толыққанды белоктарға аса бай, аз мөлшерде ғана майлы және еті құнарлы да жұмсақ. Адам организмі оны жақсы қабылдап, асқазан жақсы қорытады екен. Бұзау етінде углеводтар да шамалы. Сөз етіп отырған ет құрамы Н, РР, В витаминдеріне бай, сондай-ақ витаминтәріздес холин, минералды заттар, калий, магний, фосфор, темір, мыс, мырыш, тағы басқа да қажеттер жас мал етінде баршылық.
Бұзау еті диеталық барлық талаптарға жауап береді. Диеталық және балалар үшін дайындалатын тағамда жоғарыда айтып өткен барлық қажеттер жеткілікті. Сондықтан болса керек, бұзау еті сұранысқа ие.
Американың танымал диетологы, невропатолог Джонни Боуден денсаулыққа ең пайдалы 12 тағам түрін анықтады.Мал еті болса B12 дәрумені мен ақуызға толы. Қазақтың соғым сою салты Қысқа ет дайындаудың ерекше түрі
11
2.4 Сүттің пайдасы......................................................
Сүтте де сансыз сыр бар.
Бала кезде сиыр сүтінің өнімдерін үзбей қолданған адамдар жүрек талмасымен ауырмайды екен. Бірлесіп зерттеу жүр гізген Австралия мен Ұлыбритания дәрігерлері осындай қорытындыға келген.
Сиыр сауып отырып неге өзгенің сүтін ішеміз?
«Ақ ішсең – ағарасың», деп айран-сүтті ата-бабаларымыз баяғыдан-ақ қастерлі тағам қатарына жатқызып қойған. Ендеше малдың еті-сүтімен ежелден күн көрген халқымыз жылына қанша сүт ішеді және қандай сүт ішеді? Мәселен, шетелдерде бір адам жылына 100 литрден астам сүт ішсе, бұл өнім Қазақстанда үш есе кем пайдаланылады.
Дегенмен, 2009 жылдан бері елімізде сүт өндіру 40 пайызға дейін артқан. Бұл көрсеткіш үстіміздегі жылдың басынан бастап өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 пайыз өсіпті. Қазақстанда сауылған сүттің 30 пайызының сапасына кепілдік беріледі, яғни бұл оның өнеркәсіптік қайта өңделгенін білдіреді. Қазіргі технологиялар сүтті бар болғаны 2-4 секунд ішінде шапшаң жылдамдықпен 135-150 градус температурада қайнатып, сол мезетте қайта суытып, ауру туғызатын барлық микроорганизмдерді жойып, есесіне дәрумендер мен кальцийдің сақталуына мүмкіндік береді.
Ал келешек туралы айтатын болсақ, бүкіл әлемде 2020 жылға қарай сұйық және сусындық сүт өнімдерін өндіру 27 пайызға өспек, бұл дегеніңіз 350 миллиард литр сүт. Шындап келгенде дәл мұндай міндетті жүзеге асыру Қазақстанның қолынан келеді. Оған мүмкіндік те бар. Және қазақстандықтар тарапынан сүт және сүт өнімдеріне деген сұраныс та жеткілікті. Егер адам күн сайын кемінде 250 мг. сүт ішіп отыратын болса, бұл қант диабеті сырқатының алдын алуға 100 пайыз кепілдік бермек. Өкінішке орай, қазір еліміз орташа әлемдік норманың бар болғаны 30 пайыз мөлшерінде ғана сүт өнімдерін пайдаланады. Не десек те, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі басым бағыттары болып табылады. Бұл сүт индустриясының тиісті дамуының, пайдалы да қауіпсіз сүттің артуының кепілі. Ондай істің нәтижесі ұлт денсаулығынан көрініс таппақ.
12
2.5 Еттің пайдасы........................................................................................
Ет халық тұтынатын барынша толық және кеңінен тараған өнімнің түрі болып табылады. Еттің тағамдық және биологиялық құндылығын оның бай химиялық құрамы, әсіресе белоктық бөлігі құрайды. Ол тез қорытылатындығымен және құндылығымен ерекшеленеді.Кулинарлық түрде жеңіл өңделеді. Адам етті үнемі тұтынады, одан тағамның түр-түрін жасауға болады, бұл тағамның санын барынша түрлендіруге мүмкіндік береді.
Еттің құрамына толыққанды белок, сондай-ақ майлар, дәрумендер, белсенді және минералды заттар кіреді. Ет және ет тағамдары ағзаны белокпен және маймен қамтамасыз ету көздері болып табылады. Әсіресе сіңір тініндегі белоктар толыққанды болып келеді. Химиялық құрамы және сіңімділігі бойынша байланыстыратын, нерв тіндері мен сіңірлердегі белоктардың құндылығы төмен.
Біз «Ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді», «Ет дегенде бет бар ма?» деген сөзді жиі естиміз. Себебі... Сонымен бүгін біз еттің пайдасы, оны қалай дайындау керек турасында әңгіме өрбітпекпіз. Әзілмен басталған кеңесімізге құлақ салыңыз ағайын.Етті тағам ретінде пайдаланып қана қоймай, оның емдік қасиетін білгенге не жетсін шіркін! Етті ем үшін қолдану үшін әлбетте жас малдың, яғни бұзаудың еттері жиі пайдаланылады. Әсіресе олардың бауыры, бүйрегі, сондай-ақ жас еттен әзірленген шұжық та денсаулыққа өзіндік пайдалы әсерін тигізеді екен. Ғылыми зертеулерге жүгінсек, ірі қара, қой, шошқа, қоян және үй құстары еттері бірінші, тіпті ең жоғары санаттағы тағамдар санатында екен. Оның құрамында белок, майлар, аминоқышқылдар жеткілікті мөлшерде болады. Мамандар етті қуырып емес, асып жегенді ұсынады. Себебі, асқан ет өзінің құнарлылығын, емдік қасиетін жоғалтпайды. Кез келген мал етінің құрамы креатин, креатинин, карнезин, метилгуанидин, кариптин, еркін аминқышқылдары, қарапайым су және тұзда еркін еритін белоктар да жеткілікті деп көрсетілген
Ет – қорытылатын фосфор мен темір көзі болып табылады, оның құрамында калий натрий, цинк, йод, мыс және басқа да минералды заттар, дәрумендер (негізінен В тобындағы) бар. Етте қайнаған кезде сорпаға шығатын белсенді заттар көп, ол ас қорыту бездерінің қызметін жандандырады, тәбетті ашады, астың қорытылуын жақсартады, еттің дәмі мен иісі көбіне осыған байланысты болады.
Еттің химиялық құрамы малдың түріне байланысты болады. Еттің жоғары сапалылығы оның сыртқы түрінен, консистенциясынан, иісінен белгілі болады. Жаңа сойылған немесе салқындатылған етті түрі қызыл түсті, тығыз болып келеді.
Етті емдеуге де қолданады, өйткені ол амин қышқылына, белокқа, минералды заттарға, атап айтқанда темірге бай. Сондықтан да туралған еттен жасалған тағам жиі қолданылады, өйткені ол тез қорытылады.
13
Малды сою қызметтері
ІҚМ-ды ет комбинаттарында, сою пункттерінде союға ғана рұқсат етіледі. Союға жіберілетін ірі қара малдың әр партиясы үшін ІҚМ басының саны, бағыты көрсетілген, екпелері туралы мәлім еттері бар анықтама қағазы қажет.
2.6 Сиыр азығы, сиыр пірі...................................................................................
Төрт түлік жұп, аша, айыр тұяқты және тақ, тік тұяқты болып бөлінгенімен, олардың бәрін қосып халық аяқты мал деп атайды. Малдың шығу тегі туралы аңыз көп. Солардың біріне құлақ ассақ, сиыр – судан жаратылыпты-мыс. Текті мал – киелі де. Халық аңызында сиыр малын көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін желеп-жебейтін қамқоршы пірлер бар. Сиыр малының қамқоршы пірі – Зеңгі баба. Сан ғасыр көшпенді дәуірде тұмыс-тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты өткен қазақ халқы төрт түліктің сыр-сипатын, қадыр-қасиетін жете біліп, ерекше қастерлеген, малды былапыт сөздер айтып балағаттамаған, теппеген, басына ұрмаған, сылап-сипап баққан. Жаман ырымға жорып малды санатпаған. Сиырдың етті тұқымдарының ет өнімділігі жоғары, сүт бағытындағы Сиырларға қарағанда тез семіреді және шығымы жоғары сапалы ет береді. Бордақыланған Сиырлар майды ішкі органдарына, тері астына ғана емес, жұқа қабаттар түрінде ет талшықтарының арасына да (мәрмәр түстес ет) қалыптастырады. Бордақыланған жас малдардың еті өте құнды, дене тіндері және олардың хим. құрамы жасына байланысты өзгеріп отырады. Сойыс шығымы тұқымына байланысты 48 — 70% аралығында.
Сиырдың қыстағы басты азығы пішен, сүрлем және құрама жем, ал жазда жайылым шөбі және қосымша азық (сүрлем, құрама жем).
Кезінде сиыр малының көшсе көлік, сауса сүт, сойса ет болып, халқымыздың қажетіне жарағанын кейінгі жастар нақты бір аңыздай қабыл алып жүрсе, соған ең алдымен өзіміз кінәліміз. «Зеңгі баба», «сиыр малы» дегенді былай қойып, осы түлікті «сүт бағытындағы мүйізді ірі қара» деп оқытып жүрген жоқпыз ба? Осыны санасына сіңірген кейінгі жастардың сиыр малының тек ет пен сүт үшін өсірілетінін пайымдағаны болмаса, одан арғыға терең байламасы анық. Ал, шынтуайттап келсек, басқа да жан-жануарлар секілді Зеңгі баба тұқымы адамға серік, әрі момын жануарлардың бірі. Ол да түйсіне, сезіне алады, қажет кезінде иесін қауіпті жағдайлардан құтқарып та алады.
Енді осы Зеңгі баба тұқымы сиыр сөзінің қандай мағына беретінін талдай кетсек. Сиыр сөзі түркі тілдерінде кең тарағандығына қарамастан, кейбір тілдерде өзгеше дыбысталатынын мына төменде келтірілген мысалдардан көруге болады.
Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а.ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған
14
Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т.б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады.
Қорытынды..........................................................................................................
Облыста еркін экономикалық аймақ құру мәселесі көтерілуде. Міне, осылайша Ақтөбе облысы тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуы мен күш-қуатының қалыптасуында елеулі үлес қосты. Қазақстанның стратегиялық дамуының 2030 ж. дейінгі жобасының қабылдануы ел экономикасының қарқынды дамуына және республиканың дамыған елдер қатарына қосылуына алып келді.
Бәсекелестікке қауқарлы 50 елдің қатарына қосылу мақсатындағы атқарылып жатқан шаралардың қатарыңда Ақтөбе облысының өзіндік үлесі бардеуге болады.
Сиыр. Сиырдың сүті, еті. Көлік боп қызмет атқаратындығы. Сүттен шығатын тамақтар:құрт, ірімшік, жент, май. Сиырдың терісі, ел арасында тері саудасы. Теріден істелетін бұйымдар: былғары, қайыс. Көннен істелетін ыдыстар: саба, торсық, сүйретпе мес.
Сиырдың тұяғы, мүйізі. Мүйізіне қарап сиыр малының жасын айыру. Сүйектен май айыру. Қазақтың сақар жасап, сабын істеуі. Мәдениетті халықтар мүйіз, тұяқ, сүйек заттарын қалай пайдаланады? Олардан не нәрсе істейді? Бұларды қазақтың қалайша пайдалануымен салыстыру. Сиыр малын асылдандыру жолы.
Бүгінгі күні пайдасы көл-көсір түліктің бірі – сиыр малы. Сауып сүтін ішсең де, соғымға сойсаң да осыдан ыңғайлысы жоқ. Кешегі нарықтың алғашқы қыспағында да жалғыз сиыр бір отбасын аман алып шыққаны рас. Кеңес дәуірі кезінде елімізде ірі қара мал басы жақсы көбейді. Әсіресе, етті тұқым қазақтың ақ бас сиырының аты дүрілдеп, шет мемлекеттерге атағы жеткен болатын. Мәселен, елімізде кезінде 10 млн.-ға тарта ірі қара өсірілсе, оның 2 млн.-ға жуығы мол ет беретін ақ бас сиыр болған екен. Қазақтың ақ бас сиыры кең кеуделі, аяқтары қысқа, мығым, суыққа төзімді келетін етті мал. Алайда, балапан басына, тұрымтай тұсына қорғалаған уақытта осынау байлықтан айырылып қалдық. Нарықтың алғашқы кезеңінде қасапқа жығылған есіл малдың ішінен ақ бас сиырды арашалап қала алмадық. Мамандардың айтуынша, елімізде ірі қараның жалпы саны 6 млн. бастан асқанымен бұрынғы тұқымнан қалған ақ бас сиырдың саны 100 мыңға да жетпейді. Яғни, асылтұқымды мал басы жоқ. Осылайша, шетелдің ет пен сүтті мол береді деген асылтұқымды малын сатып алуға мәжбүрміз.
Тегінде, шетелдік асылтұқымды малдың генінде де баяғы өзіміздің ақ бас сиырдың қаны болуы мүмкін. Себебі, кеңестік кезеңде қазақтың ақ бас сиырының тұқымын сонау Америка мен Англиядан келіп сатып әкететіні жайлы да дерек бар.
15
Яғни, дамыған елдер өздеріндегі шароле, ангус, герефорд және басқа да белгілі тұқымдармен будандастырып, мықты мал тұқымын жасап шығарып бүгінде әлем нарығын жаулап отыр.
Қазір ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қомақты субсидия бөлініп отыр. Әрине, бұл мемлекет тарапынан қаржылық көмек көрсетудің бір жолы деп білемін. Алайда жалғыз субсидияға сеніп отыра беруге болмайды. Меніңше, ауыл шаруашылығы өндірісіне бағытталған несие жүйесін әлі де болса жетілдіре түсуіміз керек. Қазір еліміздегі екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін барлық несиенің 3-4 пайызы ғана ауыл шаруашылығына бағытталуда. Еліміздегі ауыл шаруашылығының ауқымын есепке алып, ой тезіне салсақ, мұның өте аз екенін байқау қиын емес.
Малды асылдандырып, еті мен сүтін, сапасын арттыру жолында еңбек ететін кімдер? Әрине, мал дәрігері мамандары. Мал басын көбейтіп өсіруде және оның өнімділігін арттыруда ветеринарлардың орыны ерекше. Малды асылдандыру, азықтандыру және күтіп-бағудың маңызы зор.
Қазір аурудың түрі көбейді. Мал дәрігерлері жетіспейді. Ауылдарда бұл мамандық иелері аз, барының өзіне жұмыс бермейді. Әркім өз малын өзі емдеп, өзі сатып, өзі көбейтіп отыр. Егер ауылда мал дәрігерлері болса, онда ауру-сырқаудың алдын алуға әбден болады. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына таяуда ғана мал дәрігерлерін де қосты. Меніңше, мұны баяғыда қолға алу керек еді. Ауыл шаруашылығы мамандары ауылға барып, өсірмесе, егін екпесе оларды не үшін дайындап жатырмыз деген сұрақ туындайды. Алдағы уақытта билік ірі шаруа қожалықтарына сол маман иелерін жұмысқа алуға міндеттеу қажет. Өйткені жер жүзінде азық-түлік саласында ең жетіспейтіні ет пен сүт өнімдері. Бұл салаға барынша назар аудару халықтың, әсіресе, ауылды жерлерде мал өсіріп, егін баптап отырған қазақтың жағдайын жасау үшін маңызды.
Бір адамның жылына ет пайдалануы, 40кг-нан 64,2 кг-ға, яғни 48,4 пайызға көбейген. Оның ішінде сиыр етінің пайда-ланылуы 2000 жылы 20,1кг болса, 2009 жылы 25,4кг болған, яғни 5,3кг не 26,3 пайызға ұлғайса, қой еті салыстырмалы мезгілде 6,0кг-нан 8,5кг-ға көбейген. Яғни сиыр етін пайдалану жылдан жылға көбейіп, мемлекетімізде белгіленген тиімді тамақтану нормасынан 2009 жылы 4,8кг асып, 23,3 пайызға ұлғаюы оған деген сұраныстың жоғары екендігі ғана емес, басқа ет түрлеріне қарағанда оның бәсекеге қабілеттілігінің биік екендігінің белгісі болса керек. Себебі қой мен жылқы етін негізінен жергілікті қазақ ұлты көп пайдаланса, басқа ұлттардың сиыр етіне деген әуестігінен де болса керек. Мүмкін бұл жағдай, әлде, сиыр етінен басқа ет түрлерінің қажетті нормадан әлдеқайда кем өндірілуінің салдарынан да болуы мүмкін.
олыма мынадай мәлімет ілікті. Сүттің құрамында көптеген пайдалы микроэлементтер, дәрумендер, белоктар бар. Бұл өте денсаулыққа пайдалы азық-түлік. Күніге жарты литр пайдалансаң сіздің ағзаңыз қоректі табады.
16
Бір есте сақтайтыны, егер ол табиғи сүт болса ғана. Дүкендер сөресіндегі түрлі қоспалармен жасалған сүттің ағзаға пайдасы өте төмен.
Сиыр сүті өте пайдалы. Оның құрамында А,С,В1,В2,В3,В6, В9, В12 дәрумендері және кальций, фосфор, күкірт, магний, калий, натрий, хлор, темір, цинк, йод, мыс, марганец, селен, фтор, хром, молибден микро және макроэлементтері бар. Сонымен қоса сиыр сүті құрамында адамның өмірі мен жұмыс қабілетіне өте қажетті жүрек, бүйрек, бауыр жұмысын жақсартуға әсер ететін амино кислота метионин бар.
Таза сиыр сүті жас сәбидің өсіп жетілуіне ерекше әсер етеді. Сүт құрамындағы А және кальций витаминдері бірінші кезекте дене мүшелерінің, сүйектің өсуіне әсер етеді. Сонымен қатар көру жүйесі көздің өз дәрежесінде жетілуіне көмектеседі.
Қазіргі медицина сырқат тудыратын 12 факторды жария етті. Соның бастыларының бірі - ауыз су мен күнделікті пайдаланатын түрлі сусындардың табиғи еместігі, түрлі химиялық қоспалардан жасалғандығы нәтижесінде пайда болады. Сусындарға қосылатындай сүт құрамынан бөгде заттардың табылуы тұтынушыларды ойландырмай қоймайды. Сусындар және сүт құрамындағы химиялық қоспалар адам ағзасында толық қорытылмайды екен. Ғалымдардың дәлелдеріне сүйенсек, табиғи өнім бір аптадан артық тұрмауы тиіс. Әсіресе, қорабы ашылған сүт өнімдері сол сәттен бастап-ақ ашу процесін бастайды. Ал түрлі химиялық қоспалармен жасалған сүт өнімдері біздің айлап пайдаланатын «азығымызға» айналғаны қашан. Халықтың қандай сүт пайдаланғанды қалайтынын анықтау мақсатында Қазақстанның сүт одағы арнайы мониторингтік зерттеу жүргізген. Нәтижесінде қатысушылардың 80 пайызға жуығы отандық, жергілікті сүт өнімдерін пайдалануды қалайтындықтарын білдірген. Алайда, қарапайым тұтынушы жасанды сүтпен жергілікті табиғи өнімді ажырата біліп, пайдаланса екен дейсің.
Облыс Әкімінің «Облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2012 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері үңілсек
Есепті кезеңде мал шаруашылығы өнімдерінің жоспары: ет өндіру 106,7 %, сүт 112,9 %, орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде .61 шаруа (фермерлік) қожалықтары 2570 бас ірі қара малы сатып алынды. Алға ауданында «АқТеп» ЖШС 3000 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын пайдалануға беріп, 1200 малды бордақылауға қойды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында сүт өндіру дамытылуда. Мәртөк ауданының «Айс» ЖШС 2011 жылы Германиядан 858 бас қара ала сиыр (гольштейн-фриз тұқымды), Ақтөбе қаласының «Болат» ЛТД жшс ЖШС Ресейден 147 бас асыл тұқымды қашар сатып алды.
17
Не десек те, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі басым бағыттары болып табылады. Бұл сүт индустриясының тиісті дамуының, пайдалы да қауіпсіз сүттің артуының кепілі. Ондай істің нәтижесі ұлт денсаулығынан көрініс таппақ. Қазіргі уақытта барлық сиырдың 87,3%-ы жеке меншікте, 6,2%-ы шаруа қожалықтарында, 6,5%-ы мемлекеттік ауыл шаруашылығы мекемелерінде жинақталған.
Сиыр – төрт түліктің бірі ретінде қазақ өміріне зор үлес қосты. Сүтін пісіріп іштік. Бетіне түсетін қаймаққа, түбінде қалатын қаспаққа таластық. Сол таласты тоқтату үшін «қаспақты көп жесең – тойыңда жауын жауады» деген сөз шыққан. Аналарымыз шикі сүтті сүзіп, тартып, кілегей алатын. Кілегейді жинап, май шайқайтын. Піскен, әлі суый қоймаған сүттен айран ұйытатын. Айран ішпеген күні өзімізді аш жүргендей сезінетінбіз.
Айранға тұз салып, дорбаға құйып, бақанға іліп қойса, бірер күнде қатық пайда болады. Оны көжеге қосып ішетін болған. Сауынға мал сұрағандардан «Көжеге қатық қылайық» деген сөз қалған.
Сиырдың майы қарынға жиналса, құрты қапқа салынады. Бұдан бөлек ірімшік бар. Қып-қызыл ірімшік қазір түсімізге кіреді, ал тісімізге тимейді. Шешемізбен бірге қайтпасқа кеткен қайран өнер!-дейтін әжеміз.
Халқымыздың дәстүрін ұмытпау үшін де бізге сиыр керек.
Мен өскесін сиыр малын көбейтуге өз үлесімді қосуға ат салысамын.
18
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
2.Бесжүз бес сөз.-Алматы:Рауан, 1994.
3.Ә.Байжұманұлы,К.Бекболатұлы.Мал шаруашылығы сөздігі.Алматы-2011
4.Жәрдем Республикалық медициналық газеті.
5. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл. Құрастырған Б.Әлімқұлов, Е.Әбдіраманов, Алматы, «Санат», 1994, 154-155 б.б.
6. Т.Б. Сағатбекқызы «Түркі тілдеріндегі төрт түліктің жасына қатысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты», Афтореферат, Алматы, 2005, (16, 17 б.б.)
7. І.Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977, (27, 461, 425, 128 б.б. )
19
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру