Астанада әйелін ұрған ер адам ұсталды


Астанада куәгерлер бір әйелді ұрып жатқан ер адамды видеоға түсіріп алған. Астана полиция департаменті бұл отбасылық жанжал екенін, ер адам ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды nur.kz.

Telegram-дағы Halyqstan арнасында бір ер адамның бір әйелді ұрып жатқаны көрсетілген видео жарияланды.

"Астанада ер адам әйелді өтіп бара жатқан адамдардың көзінше ұрған. Видео "Саржайлау" тұрғын үй кешенінің жанында түсірілген", - делінген видео сипаттамасында.

Бұл жағдайға қатысты NUR.KZ тілшісі Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолдады. Ведомство отбасылық-тұрмыстық жанжалға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

"Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді. 34 жастағы ер адамның елордадағы тұрғын үйлердің бірінің жанында әйеліне күш қолданғаны анықталды.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты жәбірленушімен байланысуға шектеу қоятын қорғау ұйғарымы шығарылды. Заңға қайшы кез келген әрекеттің заңға сәйкес жолы кесілетінін ескертеміз", - делінген полиция ұсынған ақпаратта.

Полиция қазақстандықтарға мұндай жағдайларда – өмірге немесе денсаулыққа қауіп төнген кезде дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.

"Уақтылы хабарлау ауыр зардаптардың алдын алудың негізгі факторы болып табылады", - деп мәлімдеді полиция.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу