7 МАМЫРҒА ТАҚПАҚТАР
1.Отан - сенің ата-анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.
2.Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
3.Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.
4.Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.
5.Ерлігі бар даңқы бар,
Бірлігі бар халқым бар.
Отан үшін аянбай,
Ұрпағын мәңгі талпынар.
6.Отаным менің ардақты,
Қазағымның ордасы.
Ғасыр бойы жалғасқан
Азаттықтың арайлы таңы атты.
7.Елім – туған Отан,
Мен – кішкентай ботаң,
Отан менің анам,
Отан менің атам!
8.Отан деген - атамекен
Отан деген – туған жер
Отан – ана
Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел!
9.Астанам – бағым, баспанам,
Қарыштап, алға бас қадам.
Отанымның жүрегі,
Елорда – менің Астанам.
10.Ұлан байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар.
Тәуелсіз ел - Қазақстан
Көркіне көркі жарасқан.
11. Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер
Қазақстаным менің!
12.Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам.
13.Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам.
14.Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан.
15.Күн шуақты Қазақстан
Саған ғана үн қосқан.
Жүрегімнің дүрсілі
Төгіледі жыр дастан.
16.Әрбір қазақ батыры,
Желбіреткен көк туын.
Кен байтақ жерге қазағым,
Егін егіп, мал жайған.
17.Күзде піскен егінді,
Жинап алып ас қылған.
Аман болсын ел - жұртым,
Тыныш болсын Отаным.
18.Көк байрағым - айбыным,
Көк байрағым байлығым.
Көк байрағым - құбылам,Қуат алғам нұрынан.
Көк байрағым - киелім,Басты саған иемін.
19.Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде тұрған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
20.Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің қызымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
21.Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
22.Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!
23.Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
24.Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте
25.Желбірейді шалықтап,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Көк аспанда нұрлы Күн,
Күлімдейді далама.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру