Қазақ әдебиеті | Серік Қалиевтің шығармашылығы

 Қазақ әдебиеті | Серік Қалиевтің шығармашылығы

Мазмұны

Кіріспе------------------------------------------------------------------------------------------
1. Серіктің ақындық шеберлігі
1.1 Табиғатпен тілдесіп, жырмен сөйлеп келемін-------------------------
1.2 Ақын жырларындағы көңіл-күй-----------------------------------------
2. Дін – ізгілік діңгегі
(немесе мұсылманшылық ақын көзімен)----------------------------------
3. Серіктің тағы бір қыры -------------------------------------------------------------
Қорытынды----------------------------------------------------------------------------------
Пайдаланылған әдебиеттер -------------------------------------------------------------

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Жамбыл облысы қай кездерден – ақ өнерге бай өлке. Арыға бармағанның өзінде кешегі жыр алыбы Жамбылдың кіндік қаны тамған, кең алқабын Кенендер әнмен тербеткен, Қылышбай қылыш тілмен өлең өрген, Сауытбек Ақбөпесін «аңсап» өткен өңірде жырдың бесігі тербелмей қалған күн болған емес. Өнердің жасаушысы халық болғандықтан елдің іші қашан да кемел дарындардан кенде емес. Әр кезең өз тұлғасын тудырады, әр өнер иесі өз заманының жемісі.
Бүгінде тамырын тереңге жайған текті Тараздың өнер өлкесіндегі тегеуірінді дарындардың бірі – ақын Серік Мақұлбекұлы Қалиев. Есімі Республика жұртшылығына кеңінен таралып үлгерген осы жерлесіміздің шығармашылығы бүгінде құнарлы топыраққа түскен дәндей тереңнен нәр алып, жапырағын кеңге жайып жайқалған бәйтеректей кемелденіп, жыл санап толыға, молыға түсті. Ақын осы күндері ірілі – ұсақты жеті – сегізге тарта кітаптардың авторы. “Шын мәніндегі өлең қандай болу керек?” деген сұраққа Серіктің жырлары толықтай жауап бере алады. Қазіргі күн поэзиясында өзіндік орны бар, қолтаңбасы қалыптасқан, ешкімге еліктемейтін, көкейінде тұрған, санасына тұнған ойды өзінше қорытып, өзіне ғана нақышты өрнектерімен оюлап бере алатын дара дарын. Ақынның мұндай дәрежеге жетуіне ізденімпаздықпен өткен ұзақ жылдар, шақша басты шарадай етердей жанға тыныштық бермеген шабытты шақтар, күрсінулер, қуанулар, жадыраулар, мұңайулар, бәрі – бәрі тиісті мөлшерде өз ықпалын тигізіп өткен еді. «Өлең деген тумайды жайшылықта, өлең деген тумайды қайшылықта» - деп Мұқағали ақын айтып кеткендей - өлең өмірдегі құбылыстардың сөзбен өрілген көркем суреті. Бүгінгі кезеңнің көркем әдебиетінің дамуына елеулі ықпал етіп, әдебиетке өз ерекшелігімен келген Серік шығармашылығы еленуге тұрарлық. Ешкім де тектен – текке еңбек етпесе керек. Қандай да бір бейнеттің түптің – түбінде берер зейнеті бар. Сол сияқты халық үшін атқарылған игі іс, халық үшін жазылған текті жыр ел алдынан ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір бағасын алу керек. Басқа емес, арнайы Серік Қалиев шығармашылығын таңдауымыздың негізгі осыда жатыр.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті: Тақырыптың мақсаты - наным – сенім жағынан «қырық пышақ» болып жатқан қазіргі қоғамдық ахуалға Серік ақынның шығармашылығын негізге ала отырып, сол арқылы жауап беру, шешімін таппай жатқан түрлі рухани мәселелерге қатысты ақын жүрегінің күйн сезіну. Өз ұғым – түсінігіміздің деңгейін ақынның көзқарасымен салыстыру. Діни тақырыптардан өзге де өлеңдеріне жаңа қырларынан талдаулар жасау.
Тақырыптың міндеті – жергілікті қаламгерлердің арасында да шашасына шаң жұқырмас жыр жүйріктері бар екенін, оның бірі диплом жұмысына арқау болғалы отырған Серік ақын екенін дәлелдеп беру. Сол арқылы ақынның әдебиеттегі өзіндік болмыс – тұлғасын даралау. Сан қатпардан құралған «шығармашылық еңбек» атты әлемнің көзге көріне бермейтін елеусіздеу тұстарын аттап өтіп кетпей, оның ой – қырына тиянақты түрде үңілу.
Шындығында поэзия қалай көрсең сол қалпында ғана қалып, астарлылық дегеннен ада сипатта көзге ұрып тұратын бір қалыпты дүние емес. Бұл туралы Үнді халқының даналығы: «Поэзия туралы пікір айту үш соқырдың піл туралы әңгімелесуі сияқты» - дейді. Сондықтан өлең атты ұлылықты тек өзіміз көрген, өзіміз түсінген тұстарынан ғана қарай салмай, ол туралы танымымызды тереңдете түсудің мәні зор. Өлең – тірі организм, онда да мінез болады. Оның да шама – шарқына қарай ғұмыр кешу кезеңі болады. Сүйегі нашар, бітімі жаман өлеңдер ұзақ жасай алмайды. Ал, поэзияның бар талабына жауп беруге лайқты, ойлы да терең, мәнді де мағыналы өлеңдер өмір барда адамзат баласымен мәңгі бірге жасаса береді.
Алғашқы топтағы өлеңдер әлсіз дарындардың қаламынан туып, бақытсыз ғұмыр кешеді. Оларды тіпті «тірі өлең» деп атаудың өзі артықшылық.
Екінші топтағы өлеңдерді өмірге келтіру кемел де кемеңгер дарындардың еншісіне бұйырған ерекшелік. Ондай өлеңдер шынайы сезімнің тереңінен шымырлап шығып, ойдың озық даналығымен өріліп, көркемдіктің ғажайып түрлерімен көмкерілгеннен кейін сол болмысына лайықты ғұмыр кешеді.
«Өлең» атты бекзат дүниенің осы сипаттарына Серік ақынның шығармашылығы қаншалықты жауап бере алады, - біздің мақсат пен міндетіміз сол мәселерді талдау жұмыстарының төңірегінде өрбиді.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Серік Қалиевтің ақындығы туралы мұндаға дейін өнер сүйер жұртшылықтың аузынан арагідік пікірлер айтылып жатты. Ақын шығармашылық өмірінде біреуден мақтау естіп қуанды да, біреуден даттау естіп сыналды да. Әркім әр түрлі пікір айтты, әркім әртүрлі баға берді. Бірақ ақын шығармашылығында әлі де сол «пікір айтушылардың» назарына іліге қоймаған, бірақ арнайы тоқталуды қажет ететін тұстары баршылық. Соның бірі Серік шығармашылығындағы – психологиялық паралеллизм.
Диплом жұмысында ақынның шығармашылық жолы:
1. Исламға келгенге дейінгі шығармашылығы.
2. Исламға келгеннен кейінгі шығармашылығы.
деп екі кезеңге бөлінеді.
Алғашқы кезеңге қатысты ғылыми жаңалық сол, Серік өлеңдеріне тән психологиялық паралеллизм алғаш рет талдаудан өтеді. Соның негізінде ақынның өлеңдері жайлы тың пікірлер айтылады.
Екінші кезең яғни діни тақырыптарға байланысты өлеңдерінде Серік өлеңдерінің тәрбиелік мәні туралы сөз болады. Ақынның пікірлері қасиетті Құран – Кәріммен, Пайғамбар хадистерімен және Абайдың қара сөздерімен
толықтырып, салыстырылады. Серіктің көзқарасы мен өзіміздің көзқарасымыздағы «Алланы тану» мәселелері тілге тиек етіледі.
Бұл жағынан әлі Серік шығармашылығына талдау жасалынбаған. Диплом жұмысы осы тың дүниеге қарай қадам басып, шама – шарқының жеткенінше талдау жасап көруімен бағалы.
Зерттеу объектісінің теориялық, практикалық маңыздылығы мен әдістемелік негізі: Құран – жеті қабаттан тұратын мына ғаламат әлемнің шексіз де мәңгілік аудармасы. Құран – адамзаттың тәрбиешісі. Құранның негізгі мақсаты – адам баласының жан – тәнін кірден арылтып, рухына бақыттылық қанат тағып, жаннатқа лайық ету.
Алайда осы қасиетті кітаптың біздің халқымызды тәрбиелеудегі ролі қандай? Оның қазақша аудармасынан қазақтар хабардар ма? Хабардар болса неге ондағы айтылған өмір сүру бағыттарына лайық өмір сүрмейміз? – діни тақырыптағы ақынды толғандыратын негізгі мәселер осылар. Алайда, бұл сұрақтар тек Серікті ғана ойға салып қойған жоқ. Өзге дін адамдарын айтпағанда қазақтың бас ақыны, данагөй Абайды да ғұмыр бойы толғандырып өткен еді. Өйткені біздің бұл тұрғыдағы көзқарастарымызда кемістіктер көп. Оқымай – ақ, ізденбей – ақ дін мәселесі төңірегінде де өз ақылымыздың жеткен жерінен шешім шығара саламыз. Ал, ақын ең алдымен өзін туған халықтың мұңын – мұңдап, жоғын жоқтаушысы, жаны адал жанашыры. Батыс әдебиетінің биігінен бар ғаламға еңсе көрсетіп, елеулі ақынға айналған Гетенің: «Дүниеге қандай да бір сызат түссе ол ең әуелі ақын жүрегі арқылы өтеді» - деуі данышпандық. Қоғамдағы қай нәрсеге болса да алғашқы болып елеңдеп, алғашқы болып үн қосатын, осы – ақындар.
Серіктің діни көзқарастары өлең арқылы насихатталғандықтан оның шығармашылығын әсіресе өлеңнің атасы Абаймен байланыстыра қарағанды негізгі нысана етіп алдық. Сонымен қатар бұл зерттеу еңбекте ақынның жеке басының ұстанымы емес, оның өлеңдерінің тәрбиелік мәні туралы айту басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының корытындылары мен тұжырымдарын жалпы білім беретін мектептердің бағдарлы сатысында, таңдау бойынша оқитын факультативтерде, әдеби шығармашылық үйірмелерде қолдануға болады.
Зерттеу әдістері: Жұмыстың мақсат-міндеттерін шешу үшін жинақтау, сұрыптау, талдау әдістері қолданылды.
Құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспе бөлімде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеті, ғылыми жаңалығы, зерттеу нысаны және құрылымы туралы сөз болады.
Негізгі бөлім – «Серіктің ақындық шеберлігі», «Дін – ізгіліктің діңгегі», «Серіктің тағы бір қыры» деп аталатын үш тақырыптан тұрады.
Қорытынды бөлімде диплом жұмысының жалпы түйіні жайлы әңгіме болады. Жұмыс барысындағы баяндалған сан – қилы пікірлер жинақталып, бір қорытындыға келтіріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер - негізгі әдебиеттер, қосымша әдебиеттер және баспасөз материялдары болып үш топқа бөлініп жазылады.

1 Серіктің ақындық шеберлігі

1.1 Табиғатпен тілдесіп, жырмен сөйлеп келемін

Болмысынан бойына - даралықтың, ойына – даналықтың нәрін жиған, дархандығы – даладай, аңқаулығы – баладай, арда халқымыз “Найзаның ұшымен, білектің күшімен” сырт көздің “сұғынан” қорғап, бүгінгі біздерге аманат етіп қалдырған құс қанатын талдырардай ұлан – ғайыр мекенін текті өнермен тебірентіп келді. Қазақтың әр аймағы әуелеген әннің, күмбірлеген күйдің, жалыны ыстық жырдың бесігіне бөленіп, маң даланың төсінде небір маңғаз дарындар асыл өнерге алқалы топты ұйытып, тарих тасына аттарын қашап жазып, соңдарына өшпестей - өлместей мұралар қалдырды. Әр рулы елдің өз “мықтысы”, әр өңірлі өлкенің өз мақтанышы болды. Солардың арасында әсіресе Әулиеата топырағының алар орны ерекше. Бұл аймақ қашаннан да өнердегі өресі биік өр ұлдардың мекені еді. Кешегісі мен бүгінгісі қосып есептегеннің саусағын саннан жаңылдыратын Жамбыл облысындағы әсіресе жыр жампоздарының әдебиет әлеміне қосқан үлесі ұлан – ғайыр. Ақындық мектебінің тамыры тереңде жатқан осы мекенде туған бүгінгі таңдағы поэзия жанрының өрен жүріктерінің бірі – ақын Серік Мақұлбекұлы Қалиев [1; 109б].
Серік 1962 жылы қазіргі Тараз қаласының тақау маңындағы Амангелді ауылында дүниеге келген. Әкесі Мақұлбек адалдығымен де, адамдығымен де айналасына сыйлы адам болған. Сонымен қатар атағы алысқа жайлып кетпесе де Мақұқлбек қарттың екі сөздің басын бір ұйқасқа байлай білетін дарын, қабілеті бар болған көрінеді. “Әкеге қарап ұл өсер”… - дегендей Серіктің ақындық тағдыры әуел баста әкеден берілген осы “екінің біріне, егіздің сыңарына” қонып, дари бермейтін ерекше өнерді жан – тәнімен сүйе біліп, шексіз құмар болған бала кезінен бастау алыпты. Сөзіміз дәлелді болуы үшін ақынның әкесі туралы жазылған мына бір өлең жолдарын мысалға келтіре кетейік:
…Үлестіріп жақсы сөз жан басына,
Жүріп келем көше өрлей мен де асыға.
“Әкесіне тартпаған” деген сөзден,
Ауыр сөгіс мен үшін бар ма сірә?
[2; 6 б].
Осылайша басталған Серіктің шығармашылық жолының жемісті тұстары сол кезде өшіп барып, қайта жанданған айтыс өнерімен тікелей байланысты болды. Серік халыққа алғаш айтыс ақыны ретінде танылды. Көзі қарақты көрерменнің есінде болса ол кездегі айтыстың талабы мен тәртібі қазіргіден мүлде басқаша болатын. Өйткені ол “Кеңес үкіметінің” қылышынан қаны тамып тұрған заман еді. Сондықтан айтыстағы жырлануға тиісті басты тақырып ауылдар мен аудандардың, шаруашылықтар мен ұжымдардың жетістік, кемшіліктері болатын. Айтыстың тәртібі бойынша жереби арқылы бір жұпқа түскен екі ақын аз дегенде ай бұрын бір – бірінің елді мекенін аралап, олқы соғып тұрған тұстарын қағазға тізіп алып, өз ауылының жетістігін мақтап, қарсыласының ауылының кемшілігін даттап айтысатын. Қысқасы, қазақтың ғана маңдайына бұйырып, қазақта ғана дамып, кемелденген қасиетті өнер “амалсыздан” саясаттың сойылын соқты. Айтыс қазақ сахынасына қайта оралған сексенінші жылдардың басында алғашқылардың бірі болып Қатимолла, Қонысбай, Аяз, Тәушен, Әсия, Әселхандар шықса – екінші толқын ақындары осы Серік пен оның Жандарбек, Есенқұл, Жадыра, Әзімбек сияқты көптеген замандастары болды [2; 3б].....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 672



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі