Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері


Баспасөз релизі

01.05.2024 ж.                                        Астана қ.                                                   


Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға пойыздарда жануарларды тасымалдау ережелері туралы еске салады. Үй жануарымен саяхаттау ыңғайлы болу үшін алдын-ала белгіленген ережелермен танысу қажет.

Жолаушылар пойыздарында тек үй жануарларын тасымалдауға рұқсат етілген, олардың саны екіден аспауы керек (мысықтар, иттер, құстар). Үй жануарлары мен құстарды тасымалдау тиісті ветеринариялық паспорттар немесе анықтамалар болған кезде ғана рұқсат етіледі. Анықтамаларды міндетті түрде пойызға отырғызу кезінде көрсету керек.

Басқа жолаушыларға қолайлы болу үшін және аллергиялық реакцияларды болдырмауын қамтамасыз ету үшін, үй жануарының иесі толығымен купенін барлық орынын сатып алу қажет. Жануарларды иесінсіз пойызға кіргізу рұқсат етілмейді.

Одан бөлек, үй жануарларын тасымалдау кезінде олар үшін тек иелері жауап беретінін ескертеміз. Жануарлардың иесі оларды  (торда, жәшіктерде, себеттерде) станцияларда, пойызға отыру/шығу кезінде, сондай-ақ, пойыздың өзінде бақылауда ұстауы керек. Оларды тамақтандырып болғаннан кейін, тазалықты сақтап, артынан жинастыруды ұмытпаған жөн.

Үлкен иттерге тұмылдырық пен қарғыбау кигізу міндеттеледі. Үлкен итпен саяхаттау кезінде оның салмағы бойынша есептелген багаж тарифі қолданылады. Ірі иттер тек бірінші вагонның жұмыс істемейтін тамбурына орналастырылады. Үй жануарларының иесі оны алып жүруге және сапар кезінде қауіпсіздікке толық жауап береді.

Зағип иесімен бірге жүретін бағыттаушы ит вагонның кез келген түрінде болуы мүмкін. Ол үшін қосымша ақы алынбайды.  

Сонымен қатар, вагон-мейрамханаларға жануарлармен кіруге рұқсат етілмейді. Жолаушылар мен пойыз қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды тасымалдауға болмайды.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға үй жануарларымен сапарларын алдын ала жоспарлауды және жануарлардың жүру шарттары туралы ақпаратты 1433 тегін телефоны арқылы, сондай-ақ, вокзалдың билет кассаларында алуға болатынын ескертеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу