Аулада серуендеу кезінде қандай ережелерді сақтау керек.

Аулада серуендеу кезінде қандай ережелерді сақтау керек.

Аулада серуендеу кезінде қандай ережелерді сақтау керек? Елорда тұрғындарына үйлерінен шығып, аулада серуендеуге рұқсат берілді. Алайда, азаматтар сақтық шараларын қатаң сақтап, қорғаныс құралдарын пайдалануы қажет деп хабарлайды nur.kz .

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік комиссия тұрғындарға аула және балалар алаңдарында серуендеуге рұқсат беру мәселесін талқылады.

Елорда әкімдігінің ресми сайтына ( astana.gov.kz ) сәйкес, тұрғындарға 27 сәуірден бастап аулаға шығуға рұқсат етілді. Созылмалы ауруы бар және егде адамдар ерекше сақ болуы керек. Оларға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығудан бас тарту ұсынылады, себебі бұл санаттағы азаматтар Covid-19 инфекциясын жұқтыруға аса бейім.

Тұрғындар сақтық шараларын қатаң сақтап, қорғаныс құралдарын пайдалануы қажет. Балалар алаңдарында қашықтықтың сақталуы шарт. Қала бойынша күн сайын дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аула аумақтары, алаңдар және т.б. қамтылды. Дезинфекция жұмыстары күшейтіледі. 27 сәуірден бастап қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, тұрмыстық электр техникасын сататын дүкендерге (ауданы 2 мың шаршы метрден астам), банк қызметі мен микроқаржы ұйымдарына, сақтандыру қызметіне; риэлтерлік компанияларға, агенттіктерге, жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі консалтингтік қызметтерге, тұқым сататын дүкендерге, зоомагазиндерге жұмысын қайта бастауға рұқсат етіледі.

Инфекцияны жұқтыру қаупі жойылмағандықтан ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Қоғамдық көліктің жұмысы карантин соңына дейін тоқтатылды. Балабақшалар, үйірмелер мен секциялар жұмыс жасамайды. Ал жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді. Естеріңізге сала кетейік, президент төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзартты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?