Қазақстандықтар шетелге жаңажылдық шығуларына қанша жұмсайды



ҚР қай аумақтарында, қазақстандықтар шетелге жаңажылдық шығуларына қанша жұмсайды, және жылы елдерге баратын қысқы турлардың бағалары бір жыл ішінде қаншалықты өзгергені туралы, зерттеу барысында Freedom Life ӨСК мамандары анықтады.


ҚР АСПР ұлттық статистикасы Бюросының мәліметтеріне сәйкес, 975 мыңнан астам қазақстандықтар 2021 жылмен салыстырғанда, 2022 жылы шетелге саяхаттауға 11% артық шыққан. 2023 жылдың соңында, шетелге шығатын қазақстандық туристердің саны 1,5 млн.азаматтан асатын болады.

Бәрін алғанда, 2022 жылы қазақстандықтар шығу туризмге 225 млрд теңгеден артық жұмсаған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда, 42% артық.

Шетелге шығуға ең көп шығынданатындар Алматы қаласының тұрғындары (аумақ бойынша жалпы сомасы 71 млрд теңге), Қарағанды облысы бойынша (34,8 млрд теңге), және Астана бойынша (34,3 млрд теңге) құраған. Ең аз жұмсайтындар-Абай облысының тұрғындары (264,3 млн теңге), Ақтөбе облысы бойынша (379,2 млн теңге) және Ұлытау облысы бойынша (879,5 млн теңге) құрайды.

Алайда, бір адамға шағылған шетелдік саяхаттаудың орташа құнынан есептесек, шетелге шығу ең қымбат Қарағанды облысының тұрғындарына түседі (бір адамға 388 мың теңге). Қызылорда облысында (373 мың теңге), Павлодар облысында (337 мың теңге) және алматылықтарға (331 мың теңге) құрайды. Шетелге шығудың ең төмен орташа бағасы Абай облысының тұрғындарына түседі (бір адамға 61 мың теңге), Ақтөбе облысында (75 мың теңге), Батыс Қазақстан облысында (89 мың теңге) және Шымкентте (112 мың теңге).

 

Жаңа жылдық турлардың 2023 жылғы құны

Freedom Life ӨСК зерттеу жүргізу барысында, Жаңа жылдық турлардың 2023 жылғы құны, былтырғы ұсыныстарға қарағанда, едәір өскені айқындалған.

Ашық көздер ақпараттарына сәйкес, 3-4 жұлдызды отельдердегі «тек таңғы ас» белгісі бар, ең арзан бір апталық демалыс Үнді, БАЭ, Египет және Түркияда. Ең қымбат демалу, қазақстандықтарға Доминикана, Индонезия және Мальдивада.

 

Жаңа жылдық турлардың құны бір жыл ішінде қалай өзгерді

Ел

2022 жылдың желтоқсан айында бір адамға орташа құны, теңгеде

2023 жылдың желтоқсан айында бір адамға орташа құны, теңгеде

Бір жыл ішінде бағалар қаншалықты өзгерген

Үнді (Гоа)

205 000

450 000

119,5%

БАЭ

230 000

420 000

82,6%

Таиланд

380 000

690 000

81,6%

Түркия

230 000

390 000

69,6%

Вьетнам

400 000

675 000

68,8%

Египет

265 000

440 000

66,0%

Шри-Ланка

430 000

670 000

55,8%

Индонезия (Бали)

850 000

1 250 000

47,1%

Доминикана

1 000 000

1 300 000

30,0%

Мальдива

1 100 000

950 000

-13,6%

Мәліметтер: ашық ақпарат

орындаған: Freedom Life ӨСК

 

Турларды сатып алудан басқа, қазақстандықтар басқа қызмет көрсету түрлеріне шығынданады. Шетелге шығу алдында шетел төлқұжатын ресімдеу, виза алу және медициналық сақтандыру шығындары.

2022 жылы, төлқұжат ресімдеу, виза алудың жалпы сомасы, шетелге шығатын қазақстандықтар үшін, 2,2 млрд теңгеден астам құраған.

ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, туристерді міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының жалпы көлемі 2022 жылы 5,4 млрд. теңгеден артық құраған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 61% артық.

2023 жылдың 1 қазанына қарасты, туристерді міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының жалпы көлемі 5,4 млрд. теңге, ерікті сақтандыру бойынша – 3,2 млрд теңге.

2023 жылы туристерді міндетті сақтандыру құны-орташа алғанда, 9000-11000 теңге, бару еліне, мекендеу күніне және басқа факторларға байланысты. Туристерді міндетті сақтандыруды, жиі алғанда, тур құнына кіргізіді.

Міндетті сақтандырудан басқа, қазақстандықтар ерікті сақтандыруды онлайн ресімдейді. Аталған Полис, шұғыл медициналық көмек беру, шұғыл стоматологиялық қызмет көрсету, медициналық тасымалдау, үшінші тұлғаларды (қажетіне қарай) тасымалдау шығындарын қамтиды. Қамту туралы айтатын болсақ, мысалы Freedom Travel бағдарламасы бойынша, сақтандыру жағдайы басталғанда төлем сомасы 10 мыңнан 100 мың евроға дейін құрауы мүмкін, таңдалған ережелерге және мекендеген еліне тәуелді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу