Үкімет мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына 20 миллиард теңгені артық жұмсамақ

Үкімет мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына 20 миллиард теңгені артық жұмсамақ

Energyprom.kz сараптама агенттігінің мәліметінше, 99 мыңға жетіп жығылатын мемлекеттік қызметкердің айлығына осы жылы қазынадан 1 трлн 32 млрд теңге жұмсалады деп хабарлайды NUR.KZ, КТК арнасы сілтеме жасап.

Бұл былтырмен салыстырғанда 20 млрд-қа көп. Қызметкерлер жалақысының көтерілуі одан ұсталатын зейнетақы салымы мен салықты да арттырған.

Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер үшін шілдеден басталатын міндетті әлеуметтік сақтандыру да бюджетке қосымша салмақ салып отыр. Оған қазынадан қосымша 52 млрд теңге төленбек.

Осылайша мемлекет денсаулық сақтауға бөлінетін бюджет шығынын бір жағынан қысқартса, шенеуніктерге жұмсалатын қаражатты арттырып отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады