5_сабақ Жәңгір_хан және Қазақ хандығы


Сабақ тақырыбы:

Қазақстан тарихы тарихы

6-сынып

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы

ЖӘҢГІР ХАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

Бүгінгі сабақта:

Жәңгір ханның билікке келген тұсындағы Қазақ хандығының саяси жағдайын талдайсыз;

Жоңғар хандығының құрылуы мен қазақ-жоңғар қатынастары туралы білесіз.

Жәңгірдің билікке келуі

Есім ханның тарихта белгілі үш ұлының екіншісі.

Жәңгір ханның қай жылы туылғаны белгісіз

шын есімі – Жахангер (парсыша – «әлемді бағындырушы, билеуші»).

Шамамен Жәңгір ағасы Жәнібектен кейін, 1643/44 жылы хандық билікке келген. Жәңгір хандық билікке келгенге дейін - ақ қазақ қоғамы ішінде өте зор беделге ие болған.

Жоңғар хандығының құрылуы.

Қазақ хандығына бұрынғы көшпелі , бытыраңқы жоңғар тайпаларының орнына саяси жағынан біріккен күшті мемлекет қарсы тұрды.

Қазақ мемлекетiне ғана емес, Қытай мен Ресейдiң шегаралық аудандарына да қауiп төндiрдi.

1635 жылы Жоңғар хандығы құрылды.

Жоңғар хандығының билеушісі Батыр қонтайшы болды.

Бұл маңызды !

Жоңғар хандығы Алтай тауларының етегін ғана алып жатқанмен , Оралдан Алтайға дейінгі аумақтағы ұйымдасқан саяси күшке айналды.

Қазақ хандығын үш жағынан жоңғарлардың жекелеген иеліктері қоршап жатты .

Батыр қонтайшы бірден қазақ жеріне басып кірді.

1635 жылы ойраттардың көсемі Батыр қонтайшының қолына қарсы әскерді бастаған.

Осы шайқаста Жәңгір тұтқынға түсіп , кезекті бір жеңіс кезінде ол тұтқыннан босап шығады .

Жәңгір деректерде сұлтан лауазымымен аталады.

Жәңгір ханның сыртқы саясаты.

Жоңғар тұтқынынан

босап шықты

Жәңгір көп ұзамай өзін белсенді қайраткер ретінде көрсете білді.

Сыртқы саясаттағы табысты келіссөздері оның атағын арттырды.

Бұхара хандығымен

Шығыс Түркістандағы моғол хандары

Қазақтардың Бұхара хандығымен қарым-қатынасы

1611-1642 жылдары Бұхара хандығын билеген атақты

Имамқұли хан қайтыс болды.

Осы жылдары қазақтар Бұхара хандығымен тығыз байланыста болған.

Оның інісі Надир Мұхаммед хан

(16421645 жж .) таққа отырды.

Мысалы, қазақтардың бір бөлігі Нұрата таулары , Бұхара маңында қоныс тепті .

Қазақтардың Бұхара хандығымен қарым-қатынасы

Солардың ішінде Кіші жүз алшыннан шыққан Жалаңтөс батырды 1612 жылы Бұхар ханы Имамқұли Самарқанд қаласының билеушісі ретінде тағайындаған.

Мәуереннахрдың саяси өміріндегі ірі көрнекті

тұлғалардың бірі Жалаңтөс батыр

30 жылдан астам уақыт бойы Имамқұли ханмен жақын болады.

30 жылдан астам уақыт бойы Имамқұли ханмен жақын болады.

Назар аударыңыз!

Әйтеке би

Әйтеке бидің арғы атасы болып табылады.

Жалаңтөс батыр

«Самарқанд сәулетінің таңғажайыбы »

Атақты Жалаңтөс батырдың Самарқанд қаласында орасан зор Тилля Қара мешіті мен Шир Дор медресесін салдырған.

Жәңгір ханның Бұхар ханыдығымен қарым-қатынасы.

XVII ғасырдың 40 - жылдары Жәңгір хан қызын болашақ Бұхара ханы , Жалаңтөс батырдың тәрбиеленушісі Абд әл - Азиз сұлтанға ұзатады.

1645 жылдан бастап 35 жыл бойы Бұхара ханы болған

Абд әл - Азиз хан билік құрған жылдары қазақтармен

қарым - қатынас бейбіт түрде дамиды.

Шах Махмуд Шорастың «Тарих» атты еңбегінде

Жәңгір хан мен шағатайлық моғол ханы Абдаллахтың арасында азғантай уақыт ішінде 5-6 елшіліктің барып қайтқандығы айтылады . Автордың жазуы бойынша , алғашқы елшілікті Шығыс Түркістанға Жәңгір хан жібереді .

Жәңгір ханның моғол билеушілерімен елшілік алмасу мақсаты

бейбіт қарым - қатынас орнату

одақтастық қатынастарды нығайту

сауда - экономикалық байланыс

Қазақтардың соққысынан есiн жиған Батыр

қонтайшы қайтадан Қазақ хандығына жорыққа

шықты. Жәңгiр хан 1652 жылы шайқастардың бiрiнде қаза тапты. Бұл шайқаста қазақтар жеңiлiп, Алатаудың бөктерiн тастап кетуге мәжбүр болды.

Қазақтардың соққысынан есiн жиған Батыр қонтайшы қайтадан Қазақ хандығына жорыққа шықты. Жәңгiр хан 1652 жылы шайқастардың бiрiнде қаза тапты. Бұл шайқаста қазақтар жеңiлiп, Алатаудың бөктерiн тастап кетуге мәжбүр болды.

1-тапсырма

Сәйкестендіріңіз

Жауабы:

2-тапсырма

Жәңгір ханның моғол билеушілерімен қарым-қатынасының негізгі мақсатын көрсетіңіз

Жауабы:

елшілік алмасу;

бейбіт қарым - қатынас орнату ;

екіжақты сауда - экономикалық байланыстарды жандандыру; жоңғарлармен болатын күресте моғолдармен одақтастық қатынастарды нығайту болды.

3-Тапсырма

Жәңгір ханның сыртқы саясатына баға беріңіз.

Жауабы:

Жәңгір хан ретінде билік басына келген кезеңде Қазақ хандығының Бұхара хандығымен , Шығыс Түркістандағы моғол хандары мен қарым - қатынастары жақсара түсті. Сондай-ақ, Жәңгір ханның аштарханилық әулетпен жүргізген бейбіт саясаты да сәтті болды. Жеке басының қасиеттері, батырлар мен билердің алдындағы беделі, сыртқы саясаттағы табысты келіссөздері оның атағын арттырды.

Қорытынды:

Жәңгір ханның билікке келген тұсындағы Қазақ хандығының саяси жағдайын талдадыңыз;

Жоңғар хандығының құрылуы мен қазақ-жоңғар қатынастары туралы білдіңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу