лагерь бағдарламасы
«БЕКІТЕМІН»
Сләмия Саттаров атындағы
мектеп-лицейінің директоры
__________Сейтимбетова К.Т.
«Сләмия Саттаров атындағы мектеп-лицейі» КММ
жазғы сауықтыру демалысының
кешенді бағдарламасы
«Жаз-2023»
Қарағанды-2023ж.
«Жаз-2023» бағдарламасы
Бағдарлама мазмұны:
1.Кіріспе.
2.Бағдарлама тұжырымдамасы.
3.Бағдарламаның мақсат-міндеттері.
4.Жаз мезгілінде оқушыларды сауықтыру және бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру түрлері.
5.Жазғы лагерь туралы ЕРЕЖЕ.
6.Іске асыру,жоспарлау кезеңдері.
7.Лагерьге жауаптылардың міндеттері.
8.Жазғы демалысты ұйымдастыру түрлері:
-мектепішілік сауықтыру лагері
-жазғы мектеп және бейіндік мектеп лагері
-қала сыртындағы сауықтыру лагері
Жазғы демалысты ұйымдастыру жөніндегі комиссия:
1.Сейтимбетова К.Т.-мектеп-лицей директоры
2.Жапабаева Г.С.-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3.Камали Ж.К. -қамқоршылық кеңесінің төрайымы
4. Жапабаева Г.С.-кәсіподақ ұйымының төрайымы
5.Жумашова Қ.Е.-әлеуметтік педагог
6.Ильяшова С.Б.-педагог- психолог
7.Искакова С.Ж.-мектеп медбикесі
8.Қабдрашова Г.А.-мектеп тәлімгері
1.КІРІСПЕ
Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына,шығармашылықпен жұмыс жасау қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.Бұл шараларды балалардың күндіз келіп демалатын жазғы сауықтыру лагері іске асырады.
«С.Саттаров атындағы мектеп-лицейі»КММ-нің балалар мен жасөспірімдер арасында жазғы сауықтыруды ұйымдастыруда көп жылдан бері қалыптасып келе жатқан тәжірибесі,өзіндік қолтаңбасы бар.
Жазғы сауықтыру басталғанға дейінгі мерзім ішінде мектеп-лицейдің педагогикалық ұжымында 1-6 сынып оқушыларының жазда бос уақытын дұрыс пайдалы өткізу жөнінде кеңінен даярлық жасау жұмыстары атқарылады.
Бағдарламаны даярлауға балалардың жазғы демалысын,бос уақытын дұрыс,пайдалы өткізу,сауықтыруды ұйыдастыруға төмендегідей себептер болды:
-қала жағдайында оқушылардың жазда ұйымшылдықпен жақсы тынығула- рын ұйымдастыруды балалар мен ата-аналарының сұранысының көп болуын байланысты;
-болашақ жоспарлаудағы қалыптасқан жүйені реттеу қажеттілігінен;
-бүгінгі лагерь жұмысында бұрынғы жылдардағы лагерь жұмысының сабақтастығы сақталуы;жұмыс жасауда ескі жүйені жаңарту және жаңаша үлгілендіру;
-осы бағдарламаның мақсат,міндеттерін іске асыруда жасөспірімдер мен педагогтардың бай тәжірибелі шығармашылық іскерлігін, кеңінен пайдаланып,жұмыс жасау қажеттілігінен.
Бұл бағдарлама бағытына қарай көркемдік-эстетикалық болып саналады, себебі оқушылардың көркемдік-эстетикалық дағдыларын дамытудың түрлі жоспарлы қызметі қамтылады,сауықтыру лагерінің жағдайына байланысты сауықтыру,тынығу,дұрыс демалып,тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастыры-лады.Ұзақтық мерзімі бойынша бұл бағдарлама шектеулі мерзімді қамтиды,себебі жазғы сауықтыру айларында ғана іске асырылады.Лагерьде топтар біріктіріледі,топтарда 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға тынығуға болады.
Лагерьдің негізгі құрамы-мектеп оқушылары.Лагерьге балаларды жинақтағанда аз қамтылған отбасы,көпбалалы отбасы,толық емес отбасындағы балаларға баса көңіл бөлінеді. Сол сияқты зейнеткер
ата-аналары бар балалар ,қиын жағдайға душар болған балалар назардан тыс қалмайды.Тәрбиеленушілердің жұмысы лагерь ауысымында жас шамасына қарай 20-25 баладан жинақталған топтарменіске асырылады.
Тұжырымдама балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейту арқылы өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мен дамытудың негізгі міндеттерін шешуге бағытталған және 1989 жылғы 20қарашадағы БҰҰ Ассамблеясының Бала құқықтары туралы Конвенциясында, Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәрбие саясатының және 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына негізделеді.
Лагерь жаз мезгілінде жұмыс жасайды.Балалардың денсаулығын жақсартуға, сауықтыру мәселесі, ой –өрісін дамытып,ойлау қабілеттерін арттыруға, гигиеналық және дене мәдениетін сақтауға;медициналық сақтандыру,спорттық, білім беру; мәдени демалу,күш-қуатын жақсартып, шығармашылықпен жұмыс атқару,азаматтық тәрбие, адамгершілікке, отаншылдыққа баулу, экологияны сақтауға балаларды тәрбиелеу бағдарлама- сын іске асыруға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған.
2.БАҒДАРЛАМА ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Денсаулығы жақсы,орнықты,адамгершіліг мол адам ғана белсенді өмір сүріп, түрлі қиындықтарды жеңіп,қызметінде жақсы табыстарға жетеді.
Сол себептен ата-аналар мен педагогтарды денсаулығы мықты , шығармашылық қабілеті зор бала тәрбиелеу мәселесі көп алаңдатады.
Балалардың шығармашылықпен жұмыс атқаруларына ,олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға педагогикалық ұжым үлкен мән береді.
3.БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ
Барлық жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «С.Саттаров атындағы мектеп-лицейі»КММ педагогикалық ұжымы төмендегідей мақсат-міндеттер қояды:
Бағдарлама мақсаты:
Педагогикалық ұжымның , ата-аналар қоғамдастығының, оқушылардың, мектептен тыс ұйымдардың тығыз байланыста болуы, қарым-қатынас жасауы;оқушылардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру үшін қажетті әдістемелік ,ұйымдастыру,ақпараттық қамтылу жағдайын жасау.
«С.Саттаров атындағы мектеп-лицейі»КММ-де ұйымдастырылатын жазғы сауықтыру лагері «Рухани жаңғыру» бағдарламасына негізделген. Жас буынға туған өлкенің тарихын үйрету, Отанды сүюге тәрбиелеу.Бұл-ұлт-
тық бірегейлігімізді сақтауға,әрі Ұлы даланың ұлағатын ұрпаққа дарытуға бағытталған нақты іс-шаралар арқылы жүзеге аспақ.
Міндеттері:
Әлеуметтік тәжірибе жинақтауға баланың араласып,қатыстырылуы,бірге қызмет істеуі,шығармашылық жұмыспен бірге айналысуы;
Жас ерекшеліктері әр түрлі топтармен қарым-қатынас жасау түрлерін дамыту;
Балалардың демалысын дұрыс ұйымдастыру аясында табиғатты аялауға, қорғауға баулу;
Шығармашылықпен жұмыс істейтін балаларды анықтап,қабілетін дамыту, жеке жұмыс жасауға,бірлесіп жұмыс атқаруға баулу;
Топпен жұмыс жасауға үйрету,балалардың жазғы сауықтыру лагерін басқаруға қатыстырылуы;
Өмір қауіпсіздігі ережелерін меңгертуге,түрлі аурулардың алдын алуға, балалар денсаулығын күшейтуге, баланың денсаулығын шынықтыруға байланысты түрлі сауықтыру іс-шараларының жүйесін құру;
Салауатты өмір сүруге бейімдеу;аз қамтылған отбасы балаларының мектептегі және қала сыртындағы лагерлерде демалуы үшін тегін жолдамамен жалпыға бірдей білім беру қорынан қамтылуларына көмек көрсету.
Принциптері:
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің бағдарламасы төмендегідей принциптерге негізделген:
1.Қарым-қатынасты ізгілендіру принципі: адамды құрметтеу,сеніммен қарау, табысқа қол жеткізуіне қолқабыс жасау.Бала,ата-ана,лагерь қызметкерлері -мен адамгершілікпен байланыс жасай отырып,педагогикалық процестің барлық негізгі құрамдас бөлігі-компоненттерін психологиялық тұрғыдан түсіну.
2.Бірге жұмыс жасау барысында балалардың жас ерекшеліктері мен атқарылған жұмыстың сәйкес болу принципі: ересек адамдардың баламен бірге жұмыс атқаруының тәрбиелік маңызы зор болмақ және қолдау көрсетілген балада шығармашылықпен жұмыс атқарамын деген сенім пайда болады.
3.Жазғы сауықтыру лагерінде тәрбиелеудің түрлі әдісін,тәсілін,мазмұнын таңдау принципі төмендегі жұмыстардың атқарылуын талап етеді:
- Балалардың жеке психологиялық ерекшеліктеріне қарай оларды тәрбиелеудің түрлі әдісін,тәсілін,мазмұнын табу және жүзеге асыру принципі;
- Баланың бір шығармашылық жұмысы түрінен екінші жұмысқа көшу мүмкіндігінің болуы(1күнде) ;
- Күн тақырыбына байланысты барлық іс-шаралардың бір-бірімен тығыз байланысты болуы,жүйелілігі,мазмұн сәйкестігі;
- Барлық атқарылатын іс-шараларға балалардың белсенді түрде қатыстырылуы;
4.Баланың дара қасиетін ашу шығармашылық принципі:шығармашылықпен жұмыс жасауы арқылы тұлға даралығының ашылуы-тұлғаны сипаттау мінездемесі, қолға алған жұмысын толық іске асыруы.
4.ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БОС УАҚЫТТАРЫН ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРЛЕРІ
Дене шынықтыру, спортпен айналысу сияқты сауықтыру шаралары лагерьдің жұмыс мазмұнының әдіс-тәсілінің бір артықшылығы болып табылады.Бұл шаралар баланың дұрыс дамып – жетілуіне, өсуіне, денсаулығының мықты болуына бағытталған.(дұрыс тамақтануы,медициналық көмектің дер кезінде көрсетілуі, таза ауада серуендеуі, сауықтыру, дене шынықтыру, мәдени іс-шаралардың өткізілуі, саяхат жасау, жорыққа шығу, түрлі ойын- сауық құру, қызығушылықтары бойынша бірлестікте жұмыс жасау: үйірме, секция, топ, шығармашылық шеберхана, клуб т.б.)
Балалардың сауықтыру лагерінде демалу уақыты сағ.9.00 мен 15.00 аралығы.
Тәрбиешілер балалардың өмірі мен денсаулықтарына жауап береді, күн тәртібіне, санитарлық нормалардың, техника қауіпсіздігінің сақталуына, сауықтыру-тәрбиелеу жұмысын, балалардың бос уақытын дұрыс,пайдалы, мағыналы ұйымдастыруға жауапты.Сол сияқты өзін -өзі басқару ұйымдары -ның жұмысын, топтар жұмысын талдап, саралау жасайды. Арнаулы кадрлар
(педагог-психолог, кітапханашы, дене тәрбиесі пән мұғалімдері, әлеуметтік педагог) қызметтегі міндеттеріне байланысты арнайы педагогикалық жұмыс
атқарады, өзін -өзі басқару ұйымдарының жұмысын ширатып, тәжірибесімен бөліседі,қолдау көрсетіп, жұмысты алға жылжытуға т.б.іс-шараларға қатысулары мүмкін.Қосымша білім беруде педагогтар үйірме жұмысына, баланың талап-талантын шыңдап жетілдіруге, балалардың толық жұмыспен айналысуына, жұмыстың нәтижелі болуына жауап береді, көпшілікпен атқарылатын іс-шараларға қатыстырылады.
Ұжымның педагогикалық ұстанымы: Педагогикалық кәсіби шеберлік принципі; Баланы тұлға ретінде құрметтеу принципі; Бірлесіп жұмыс атқару, бірге шығармашылықпен айналысу, ынтымақтастықта болу принципі. Балалар интеллектін дамытуда дара ісіндегі бастамасын, шығармашылығын қолдау принципі; Балалар ұйымының өзін-өзі басқару принципі; Балалардың мектептегі тіршілік әрекетін ұйымдастыруда жалпы адами және ұлттық мәдени құндылықтардың үйлесу принципі; Әрбір баламен жеке жұмыс жасау және ұжымның шығармашылықпен жұмыс атқару принципі; Даулы мәселелерді дұрыс шешу, оң шешімін қабылдау.
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері (175 оқушы,1-5 сыныптар)
Мерзімі: маусым айы.
Жұмыс мазмұны: ұжымдық-шығармашылық жұмыстар,жиындар, концерт, викторина, әңгіме-сұхбат, ойын-сауық, саяхат, жорық, акция, блиц-турнир т.б.
Жалпы лагерь мерекелері: «Лагерь маусымының ашылуы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні», «Сән күні», «Кітапхана күні»,
«Лагерь аруы-2023» және т.б.
Спорттық іс-шаралар: «Көңілді старттар», «Жазғы спартакиада», «Біз-денсаулығы мықты болашақ үшін!», «Біз-Отанның патриотымыз» акциялары т.б.
Танымдық-сауықтыру мерекелері: Қоршаған ортаны қорғау күні, Халықтың салт-дәстүрлері күні, денсаулық күні, түрлі фестивальдар.
Лагердегі заңдылықтар:
Уақытты тиімді пайдалану. Үнемділік заңы. Табиғатты қорғау. Бірін-бірі құрметтеу. Салауатты өмір салтын сақтау. Ынтымақтастықта болу. Басқа адамның пікірі мен еңбегін құрметтеу. Пікір еркіндігі.
Тәрбиеленушілер құқығы:
Жеке тұлғаны құрметтеу. Ұжымдық және жекелеме шығармашылықпен айналысу. Танымдылық-ізденістік жұмыстармен айналысу. Айналысатын іс-әрекетін таңдау. Ақпараттар алу құқығы. Өз бастамасын ұсыну.
5.Қарағанды қаласы «Сләмия Саттаров атындағы мектеп-лицейі» КММ
жазғы сауықтыру лагері туралы ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
1.Мектеп-лицейдің жазғы лагері туралы ереже 1-5 сынып оқушыларының арасында жазғы лагерді ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
2.Лагерь «Сләмия Саттаров атындағы мектеп-лицейі»КММ-де жазғы демалыс кезінде ұйымдастырылады.
3.Балаларды тамақтандыру апта сайынғы ата-аналар жарнасы есебінен ұйымдастырылады.
4.Тамақтануға (таңғы және түскі ас) ата-ана жарнасының сомасын мектептің қамқоршылық кеңесі және асхананы жалға алушы бекітеді, ол екі жақты шартта жазылады.
5.Мектептен тыс жерде аттракциондарға, кинотеатрларға, театрларға, мұражайларға, көрмелерге және басқа да танымдық ойын-сауық іс-шараларына қосымша бару баланың заңды өкілдерінің қалауы бойынша жүргізіледі.
6.Лагерде өтілетін іс-шараларға, балалардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыруға лагерь басшысы,мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,тәлімгер,тәрбиешілер(бекітілген мұғалімдер) жауапты.
7.Мектеп аумағының санитарлық жағдайына директордың әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары жауапты болады.
8.Лагердегі балалардың денсаулығына мектеп медбикесі жауапты болады.
9.Ата-аналар демалыстық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатыса алады.
Жазғы сауықтыру демалыс лагерінің жұмыс уақыты келесі кестемен белгіленеді:
8.30-9.00. Балаларды қабылдау.
9.00-9.30. Саптық жиын.Таңертеңгілік жаттығу.
9.30-10.00. Таңғы ас.
10.00-12.00. Танымдық іс-шаралар.Спорттық белсенді ойындар.
12.00-13.00. Үйірмелік жұмыстар.(кітапхана,
13.00-14.00. Түскі ас.
14.00-15.00. Отырып ойналатын ойындар.Өтілген күнді қорытындылау. Рефлексия.
6.Іске асыру,жоспарлау кезеңдері
1.Ұйымдастыру,әзірлік жұмыстары.
№ | Атқарылатын іс- шаралар | Мерзімі | Жауаптылар |
1 | Директор жанындағы жиында жазғы демалысты ұйымдастыруды қарастыру. | сәуір | Директор, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. |
2 | Ата-аналар жиналыстарын өткізу. (1-5сыныптар) | сәуір | Сынып жетекшілері |
3 | Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысын өткізу. | мамыр | Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері |
4 | Оқушылардың жаз айларында қайда болатындарын анықтау. | сәуір-мамыр | Сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог |
5 | Лагерь басшыларын, тәрбиешілерін тағайындау. | сәуір | Мектеп әкімшілігі |
6 | Лагердің орналасуын ретке келтіру.(музыкалық аппаратура, спорт жабдықтары,кеңсе тауарлары т.б) | мамыр | Мектеп әкімшілігі, мектеп психологы, лагерь басшысы, дене шынықтыру, музыка пәні мұғалімдері |
2.Ақпараттық-жарнамалық кезең.
№ | Атқарылатын іс- шаралар | Мерзімі | Жауаптылар |
1 | «Жаз-2023»жарнамалық акциясын өткізу. | мамыр | Лагерь басшысы, тәрбиешілер |
2 | Мекемелермен байланыс жасау:
| мамыр | Лагерь басшысы, тәрбиешілер |
3 | Мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстары | мамыр-шілде | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,тәлімгер |
4 | Техникалық қауіпсіздік,жол ережесін сақтау,судағы қауіпсіздік туралы ақпараттар дайындау,таныстыру. | сәуір-мамыр | Лагерь басшысы, тәрбиешілер,сынып жетекшілері |
5 | Мектепте ұйымдастырылатын лагердің жұмыс тәртібін,жоспарын әзірлеу. | мамыр | Лагерь басшысы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
Мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің кешенді жоспары
МАҚСАТЫ:
Балалар мен жасөспірімдердің толыққанды демалысына, сауықтыруына ,бос уақытын мазмұнды өткізуіне оңтайлы жағдай жасау.
МІНДЕТТЕРІ:
-Балалар мен жасөспірімдердің рухани және физикалық тұрғыда денсаулығын нығайту;
-Бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау;
-Аз қатылған,көпбалалы отбасы балаларына, жетім балаларға материалдық көмек көрсету;
ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫСЫ:
Жазғы сауықтыру демалыс лагеріне аз қамтылған, көпбалалы отбасы балалары, «қиын» балаға бейім оқушылар қамтылған.Бұл оқушылармен арнайы жоспар құрылып,жеке жұмыс түрлері жасалады.
Лагерь маусымдарының кестесі:
І ауысым:05.06-16.06 (2күн санитарлық жұмыстар жүргізіледі)
ІІ ауысым:19.06-30.06 (2күн санитарлық жұмыстар жүргізіледі)
Әкімшіліктің лауазымдық міндеттері:
1.Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерін ашу туралы бұйрығын шығару(бұйрықта лагерь мерзімі,күнтізбесі,уақыты,режимін көрсету)
2. І,ІІ кезеңдерге лагерь басшысын тағайындау(мұғалімнің аты-жөні)
3.Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру дагері оқушыларының тізімін бекіту (аты-жөні,сыныбы)
4.Тәрбиешілер,медициналық қызметкер, музыка мұғалімін анықтап, лауазымдық міндеттерін бекіту.
Лагерь басшысының міндеттері:
1.Мектепішілік лагерьдің жұмыс жоспарын құру.
2.Күн тәртібін құру.
3.Лагерьге қатысты бұйрықтарды дайындау:
А) лагерьге жауаптылардың бұйрығы
Б)оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі туралы бұйрық
В)лагерьдің ашылуы туралы бұйрық
Г)экскурсияға шығу туралы бұйрық
4.Оқушылардың тамақтану табелін жүргізу.
5.Лагерь кезеңіне байланысты жұмыс істейтін қызметкерлердің санитарлық кітапшаларының дайын болуын қадағалау.
Тәрбиешілердің міндеттері:
1.Күнделікті жоспарланған іс-шараға дайындық жұмыстарын жүргізу.
2.Топ (отряд) күнделігін жүргізу.
3.Оқушылармен өтілетін іс-шаралар кезінде оқушылардың өмірінің қауіпсіздігіне жауап беру.
4. Оқушылармен дене жаттығулары мен сергіту сәттерін ұйымдастыру.
5. Оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында ойындар,сайыстар ұйымдастыру,өткізу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?