Проективті тесттер мен әдістемелер жинақ кітапшасы.


.

Проективті тесттер мен әдістемелер жинақ кітапшасы

1-ПРОЕКТИВТІ ТЕСТ

Адам, ағаш, үй суреті бойынша интерпретация

Адам:

Суреттің әлсіз басылуы – бостандық, әлсіздік, сылбырлық, көңіл-күйдің басыңқылығы

Суреттің қатты басылуы – әсердің шиеленістілігі, қызбалық, серпімділік

Қарындаштың қағазды жыртып салынуы - ашу-ызалық, жанжалдық, шектен тыс белсенділік

Қарындаштың басып салынуы –әсердің тұрақсыздығы

Суреттің бәсең салынуы –алаңдаушылық, үрей, фрустрация

Қиылысқан штрихталуы – аса қатты бақылаушылық, шым-шытырық ойлар

Айрықша, тым ұқыптылықпен салынған сызықтар немесе сызықтардың өшірілуі және түзетілуі – өз үрей, қорқынышын қадағалау, перфекционизм

Соңына дейін жүргізілмеген сызықтар – алқыну (астения) немесе серпімділік (импульсивность)

Керекті нүктеге түспеген (жетпеген) сызық – серпімділік, аса қатты белсенділік

Сызық формасының бұрмалануы – серпілістік(импульсивность)

Ұқыптылық – алаңдаушылық, қоршаған ортаға байланысты өз қорқынышын қадағалау

Суреттің мөлдір элементтері – кемелденбеген, іс-әрекетіндегі өткірлік, серпімділік

Қызыл түстің шамадан тыс қолданылуы – ашу-ызаның басымдығы немесе белсенділік, шығармашылық

Қара-қошқыл түстің шамадан тыс қолданылуы – жабығушылық, депрессия

Шұбар түс – маньяктік бірбеткейлік

Әрең көрінетін ақшыл түстердің қолданылуы – өзінің шын сезімдерін жасыруға талаптануы

Пішіннің үлкендігі – мазасыздану жағдай, күйзелістік (стрестік) күй, серпімділік, аса қатты белсенділік (экспансивность)

Әсірелеудің мөлшері тым өзгермелі нұсқада болуы – әсердің тұрақсыздығы

Сурет қағаздың жоғарғы жартысында салынған – өз бағасын көтеруі, перфекционизм

Суреттің төмен жаққа қарай ығысуы – өз-өзіне төмен баға беруі

Сурет қағаздың шетінен шығып кетуі – серпілістік, үрей, қорқыныш

Сурет қағаздың бір бұрышында орналасқан – тұмшалану, қорғаншақтық

Пішіннің 15 градустық бұрыштан үлкен еңкеюі – психикалық сабырсыздығы, бірқалыпсыздық, тұрақсыздық

Әртүрлі қосымша бөлшектердің көптігі – өзін-өзі көрсетуі, шығармашылық қиял

Шектен тыс мұқияттылық және бірыңғай бөлшектің көптігі – ебедейсіздік, үрей, қорқыныш, первекционизм

Бөлшектердің аздығы және сызбаны пайдалану (үлгілендіру) – алқынушылық, серпімділік, әсерліліктің төмендігі, келеңсіздік

Қалай болса солай салынған сурет – серпімділік, төмен мотивация, келеңсіздік

Суреттердің бөлшектенуі және шектен тыс ұқыптылық, қатты өзгермелілігі – көңіл күйдің тұрақсыздығы, бейнеленген кейіпкерге деген әртүрлі көңіл күй қатынасы

Мазақ сурет – келеңсіздік пен әлеуметтікке қарсы және асоциализациямен сәйкестенген кәдуілгі қыр көрсетунемесе өзін-өзі бүркемелеуге тырысу

Сайқымазақтық – өзін-өзі төмендетіп бағалау немесе келеңсіз көрсетушілік

Патша, ханзада және т.б. – талаптанудың өте жоғары көрсеткіші

Әскери қызметкер – агрессиялық

Әлеуметтікке қарсы кейіпкер немесе жағымсыз ертегі кейіпкері –келеңсіздік, ассоциализациямен сәйкестенген кәдуілгі қыр көрсету

Қария, қарт-ана немесе кедей – өзін-өзі жаншу

Бай немесе кедей – материалды алаңдаушылық

Робот, өзге ғаламшар иелері – өзін жалғыз сезінушілік, өз-өзімен болуы, жайлылықтың төмендеуі

Арқа жағымен салынған сурет – келеңсіздік, жанжалшылдық

Қырымен салынған сурет – келеңсіздік

Төрттен бір бөлігі – шығармашылық (суретшілік) бағыт алу

Жүріп келе жатуы немесе бір жұмыспен айналысуы – шығармашылық бағыты, белсенділігінің жоғарылығы

Отырған пішін – шығармашылық бағытта немесе селқостық

Жатқан пішін – селқостық немесе шығармашылық бағытта

Дене бөлігін үлкейту – дене бөлігінің қызметіне доғары көзқарас

Дене бөлігін салмау – осы дене бөлігінің қызметін жоққа шығару

Оң және сол жақтағы дене бөліктерінің ассиметриясы (қисаюы) –ішкі жан дүниенің тепе-теңдігінің жоқтығы

Пішіннің оң жағының бұрмалануы – әлеуметтік мөлшерді сақтамауға бейім, әлеуметтік жағдай жасайтын адамдармен қарым-қатынасы қиын

Үлкен бас – қиял әлемінде қалықтау, яғни бос қиялшылды, психикалық белсенділікке шоғырлану

Кішкене бас – өз-өзіне төмен баға беру

Басты тиянақсыз салу – ұялшақтық

Бастың желке тұсымен салынуы – шизофрениялық немесе параноидық бірбеткейлік

Бастың ең соңында салынуы – өзара кикілжің

Тиянақты салынған сәнді шаш – өзін-өзі көрсетушілігі

Басында қалпақ – өзінің бақылаусыз өшпенділігі алдындағы қорқыныш

Бастың жоқтығы – қатты белсенділік және өте жоғары серпімділік

Үлкен немесе айрықша көрсетілген құлақ – сезіктену, сақтық, қырағылық, сынға деген сезімталдық

Құлақтың кішкенелігі немесе жоқтығы –сынды теріске шығаруға ұмтылу, сынды қабылдамау

Үлкен мұрын мен құлақ – өзінің сырт пішініне көңілі толмау

Беттің кескіні – көбірек ақпарат беретін белгі

Беттің қара түспен салынуы – өзін-өзі жағымсыз сезінуі

Беттің бөлектеніп салынуы – өзінің сыртқы түрімен айналасындағылардың өзіне деген қарым қатынасына алаңдаушылық

Кең ашылған көз – мазасыздық, қорғауды қажет етушілік

Көз нүкте немесе саңылау сияқты, көздің салынбауы – үлкен серпімділік, өте үлкен белсенділік, келеңсіздік, алқынушылық, аутизация, жабығушылық, тәуелділікке қажеттілік

Бос көздер – алқынушылық, аутизация, серпімділік, асоциалдылық, қорқыныштар

Сызылып тасталынған көздер, қара көзілдірік – қорқыныштар

Көзқарастың бір жаққа қарауы – күмән, сезіктілік

Тиянақты салынған кірпіктер – өзін-өзі көрсету

Үлкен ауыз, ерінді айрықша атап көрсету – оральды белсенділік, оральды эротизм

Тісті ақситу –вербальды агрессияға бейім

Айқасқан ауыз – келеңсіздік

Әзілді жымиыс – еркінен тыс ақжарқындық

Ауыз тек нүкте немесе жоқ – келеңсізік, аутизация, алқынушылық, серпімділік

Айрықша көрсетілген иек – артықшылықты қажет ету

Өте үлкен иек – ішкі батылсыздықты өтеуге ұмтыу

Жуан қысқа мойын – серпімділік

Ұзын мойын, әсіресе түймеге көңіл аудару – тәуелділік

Кең иық – өзін күшті сезінгісі келеді

Кішкентай иық – өзін әлсіз сезіну

Төрт бұрышты иық – шектен шыққан қорғанышпозициясы, адамдарға деген өшпенділік

Бұрыштау иық – алаңдаушылық

Төмен түскен иық – мұңды, жабырқаңқы және өзін кінәлі сезіну

Тегіс емес иық – көңіл күйдің тұрақсыздығы

Ірі тұлға – төмен бағалау

Ұзын, созылған пішін –алқынушылық, интровертті, анорексия

Бұрыштау немесе төрт бұрышты пішін – сенімділік немесе ара қатынас проблемалары

Ұзын қолдар – жеңуге және жинақтағысы келеді, адамдарға бағытталу

Қысқа қолдар –бір нәрсеге ұмтылудың шектелуі, шегініске бет алыс, ішкі үндестік

Қолдың денеге жақын орналасуы немесе денеге жабысып салынуы –ішкі шиеленіс, интровертті

Қолдары арқасында, қалтасында, кеудесіне айқасқан немесе екі жағына тіркелген – әлеуметтік байланыстарда өз-өзінен қысылып ұстауы , өшпенділікті бақылау өшпенділік және сезіктенушілік

Қолдың кең пәрменділігі – қимылға бар күшімен ұмтылуы, экстравертті адамдармен жақсы араласуы

Қолдары жыныс мүшелерін жауып тұрады –өзінің сексуалдық (жыныстық) серпілісінің бірбеткейлігін бақылап отыруы

Қолдың қара түспен салынуы – агрессияның көрсетілуі

Қолды салмау – серпілістік, өзінің жыныстық қатынасы және өшпенділігіне кінәлі сезінуі, дірменсіздігі

Жұдырықтың жұмылып тұруы –ашық наразылық

Үлкен жұдырық және үлкен тырнақ – агрессия

Үлкен алақан – тез ашуланғыш мінезді, қарым-қатынаста қатты көңілі толмаушылық

Алақан суретінің салынбауы – бейімсіздік сезімі, қанаушылық, езушілік, қарым-қатынас жасай алмауынемесе қарым-қатынастың жетіспеушілігі

Экстравертті күй – кеңінен, бірақ та немқұрайлы байланыстарға бейім

Ұзын саусақтар – агрессиялық

Саусақтарын айқастырып немесе бір сызықта ұстауы – агрессиялы серпілісті басып тастағысы келуі

Саусақтары немесе қол қараланған –жанжалшылдық

Үй мен ағаш суретіне интерпретацияның берілуі

Үй басқа суреттерден үлкен – жанұядағы тұйықтық

Басқа суреттерге қарағанда кіші – жанұялық байланыстардың бәсеңдігі, «үйге деген сезімнің» жоқтығы

Көп түзетулер мен штрихтар –жанұялық тауқыметтер

Сарай (мешіт, шіркеу, вилла) – қыр көрсетушілік

Үйдің үстінен салынған көрініс – үйге деген сезімнің жоқтығы немесе отбасылық атмосфераны көз алдына елестете алмау

Қағаздың төменгі шет жағына қарай салынуы – жанұялық немесе сырластық, ашыналық сезімде қауіпсіздіктің жоқтығы

Кем дегенде үйде бір есік, бір терезе, бір қабырға, бір шатыр мен мұржа, ал оларға қосымша элементтері (қоршау, бұталар, соқпақ) –қауіпсіздік сезімінің жоқтығы немесе өзаралық дау-жанжалды бақылау ынтасы

Өте үлкен соқпақ – «қол жеткізу» шектеулі

Үйдің маңында тар соқпақ, соңында кең –адам татулыққа үстіртін қарайды

Үйдің іргетасында баспалдақ жоқ –өзара қатынастар оңайлықпенболмайды

Ашық есіктер – сыртқы дүниеден жылулық алуды қатты қажет етеді

Өте үлкен есіктер – басқаларға шектен тыс тәуелділік

Құлып немесе тұтқасы бар есіктер – қорғаныш ұстанымы

Есіктің жоқтығы – адамдармен қарым-қатынас қиын

Терезе тек бірінші қабатта – нақтылық пен қиял арасындағы бөлініс

Желдеткіші бар терезе – өз-өзін бақылау, қор (резерв)

Пердесіз терезе – ашық, тікелей мінез-құлық

Терезелерде тор бар – тәуелділік агрессия қорқынышы, сезіктенушілік

Терезе қақпағының жабық болуы – шектен шыққан қорғаныш позициясы

Терезе қақпағының ашық болуы – коммуникабельділігі

Бос терезе (рамасыз) – аутизация, байланыстардың немқұрайлығы

Терезенің жоқтығы –өшпенділік, қашуға бетбұрыс

Кішкене терезе, үлкен есік, әсіресе ашық есік –қалай болса солай қарым-қатынас

Үлкен терезелер мен кішкене есік немесе терезе жоқ –байланыстарды абайлап қарау

Жазық шатыр (екі қабырға арасындағы бір түзу сызық) –елестетудің жоқ болуы немесе көңіл күйдің тежелуі

Үлкен шатыр –қиялдан қанағаттанушылық іздеу

Шатырды қарындашпен қатты басып салу немесе сызықтары көп –қорғанышты қажет етуі, алаңдаушылық, аса қамқорлық, интеллектуализаци, арманшыл, қорғаныштықиялдау

Мұржа – жылы сырласты, ашыналық қатынастың белгісі кейде фаллос белгісі

Мұржаның жоқтығы – көңіл күйде жылулықтың жоқтығын немесе маңызды бір ер адаммен жанжалдасу

Үлкен мұржа (труба, дымоход) – сексуалды алаңдаушылық, қамкөңілділік, эксигибиционистикалықбетбұрыс

Түтіннің көп болуы – ішкі шиеленіс

Мұржаның үстіндегі бір ғана сызық –отбасылық өмірде көңіл күйдің бостығы

Су ағатын темір науа –сенімсіздік

Берік қабырғалар – эго күшімен байланысты

қабырғалар қарындашпен қатты басылып салынған немесе сызықтары көп – қорғаныш қажеттілігі, мазасыздық, өз өміріндегі өзінің жағдайына сенімділікті сезіну

үйдің айналасындағы шарбақ – көңіл күйге қорғаныштың қажеттігі

үйде қарт адамдар немесе тек бір ғана адам тұрады – еңсені басқан зіл бар

үлкен адамдарсыз балалар немесе бір бала- ата-аналардың қамқорлығынан құтылуға ұмтылу

өте үлкен ағаш – агрессияға бейім

кішкене ағаш – төмен бағалаушылық

экзотикалық (ерекше) ағаш – қыр көрсетушілік

жіңішке сызықтар – ештенеге ебі жоқтық, батылсыздық сезімі

жіңішке үзік сызықтар – сабырсыздықты айқын көрсету

қара түстің көп болуы немесе қатты қоршалып сызылған жарықшақ – өшпенділік пен қорғаныш немесе арессиялық мінез-құлық

діңнің (екі) сызықпен және қыртыстың дөңгелекпен белгіленуі – өзгергіштік, серпімділік

шектен тыс сызылған дің – көңіл күйдің жетілмегендігі, «осы жерде және қазір» принципімен өмір сүру, бүгінгі күн проблемаларына алаң болу

қисық дің – шегініс (регрессия) және серпімділік мінез-құлық

ағаш қыртысын егжей-тегжейлі бейнелеу, діңді штрихтау – агрессиялық қорқыныш, қорғану қажеттілігі, ипохондрия

шектен тыс сызылған қыртыс – көңіл күйдің тежелуі, пайымдауға бейімділіктің шектелуі

жерге қарай өскен тамырдың шектен тыс созылуы – өткенге бағдар, тірек болу мен байлану (привязанность) қажеттілігі, жанұялық байланыстың маңыздылығын, қауіпсіздік сезімінің жоқтығы

жерсіз салынған тамыр немесе жердің үстінде ілініп тұрған тамыр – таяныштың жоқтығы

ауада ілініп тұрған тамырсыз ағаш – тәжірибесіздік,әлеуметтік бейімделудің жеткіліксіздігі, үй мен жанұяға байланудың әлсіздігі

жер белгіленген, бірақ та тамырдың жоқтығы – көңіл күйдің басылып қалғандығы

жерді белгілейтін сызықтың жоқтығы – күйзеліске(стреске) берілушілік

ағаш бұтақтары жан-жаққа шашыраңқы- жан-жақтағы адамдармен тығыз байланыста

ағаш қыртыстарының жабықтығы - тұйықтық

егжей-тегжейлі құрастырылған – реттелген қарым-қатынас, іс-әрекеттің егжей-тегжейіне дейінгі жоспарлануына бейімділік

құрастырылмаған (не структурированы) –кез келген байланыстар, серпімділік,жоспарланған іс-әрекеттің жоқтығы

ағаш бұтақтары ұшы мен бітісуі – агрессиялық

бұтақтары жоғары қарай қараған – белсенділік

бұтақтары төмен қарай қараған – алқынушылық(астения) немесе жабығушылық

қыртыстардың төбелерінде кенеттен үзіліп кетуі – басыңқылық немесе ауру қиялдарды жоққа шығару

ағаштың ұшар басының салынбауы – өз болашағын елестете алмауы

ағаштың жіңішке ұшар басы – интроверттілік

ағаштың үлкен,егжей-тегжейіне дейін өңделген ұшар басы – жоспарлау жақсы дамыған

ағаштың үлкен өңделмеген ұшар басы – арманшылдық, қорғанышты қиял

кепкен, сынган немесе кесілген жапырақсыз ағаш – басылушылық, психикасы жараланған

сынған бұтақ, қуыс – психосоматикалық шалдығу

кішкене немесе дөңгелек қуыс – сексуалды қайғыру немесе ерте сексуалды тәжірибе

қуыстың қатты белгіленген контуры –жарақаттың қатты әсері

қуыстың ішкі концентрлік дөңгелектері – өткен шақта қалдырылған «жазылған» тәжірибе

қуыстың қараға боялуы, штрихталуы – белгілі тәжірибеге байланысты ұят сезімі

үлкен қуыс –жаңғырту идеясы бірден ұғып алу

қуыстағы ақ тиін немесе құс – қорғануды және қолайлы жағдайды қажет етушілік, әкелік немесе аналық амбиваленттілік

2-ПРОЕКТИВТІ ТЕСТ

ӘЛЕМДЕ ЖОҚ ЖАНУАР

Нұсқау:Өмірде жоқ жануардың суретін салғызу арқылы адам туралы

көп нәрсеге көз жеткізуге болады. Өзіңізді танығыңыз келсе үш минут ішінде көп ойланбай,

әлемде болмаған жануардың суретін салып, атауын беріп,

ұсынылып отырған белгілерге көз жүгіртіңіз.

Ең алдымен суреттің парақта қалай орналасқанына мән беріңіз:

неғұрлым жоғары салынса – өзіңізді өзіңіз жоғары бағалайтыныңыздың белгісі;

• төмен салынса – өзіңізді лайықты деңгейде бағаламайсыз;

• оң жақта тұрса – табандысыз;

• сол жаққа салынса – қиялшыл;

• алға қарап тұрса – өз пікірінен танбау. 

Енді детальдарына жіті мән беріңіз:

•Басы денесінен үлкен болса – бұл суретті салған адамның зейінділік деңгейі жоғары;• көзі анық салынса – үрейі басым;• кірпіктері бар болса – өзгелердің пікіріне тәуелді;• тісі ақсиып тұрса – өзгелерден қорғану үшін шешен сөйлеуге тырысады;• тілі көрініп тұрса – сөйлемей отыра алмайды;• ерні түрлі түспен боялса не шеті анық салынбаса – оңай қорқытуға болады;• құлағы үлкен болса – басқалар мен туралы не айтады екен деп елеңдейді;• мүйізі не артық элементтері болса – ашуға бейім;• қауырсынын салса – наразылық;• қанат – қадалған көздердің, бүкіл назардың ортасында болғысы келеді;• табаны – қорғанатын тірегі бар;• құйрық – өзіне берер бағасын оның бағытына қарап біліңіз;• тікенек – болашақ ата-ана болуға, бастық болуға дайын;• сызық – тез ренжігіш;

Енді жануарға атау қойыңыз:

  • Екі жануардың атын біріктіре салсаңыз – артық ойланып бас қатырмайтын, ақылды жан болғаныңыз;• Күрделі, қиын атау қойсаңыз – жүйкеңіз жұқа не ойыңыз тым ұшқыр. 

3-ПРОЕКТИВТІ ТЕСТ

Тест «АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА бейіміңіз»

(З. Королёва) тестті модификацияланған

Мақсаты: субъектінің аутодеструктивтілікке бейімділігін анықтау.

Инструкция. Алдыңызда қандай да бір айқыш-ұйқыш түрде пішін берілген. Оның өзегі қарамен боялған. Пішінді толықтай бояу арқылы суретті аяқтаңыз. Ол үшін пішіннің барлық бөліктерін өзіңізге ұнайтындай етіп бояңыз.

(Боярда қай тұстан бастадыңыз, соны белгілеп кетіңіз)

•К1

•Егер сіздің суретіңізде БОС ОРЫНДАРҒА ҚАРАҒАНДА БОЯЛҒАН ОРЫНДАР КӨП болып келсе, онда сіз өміріңіздің дәл қазіргі сәттінде көңілсіз күндерді өтудесіз. Сізді бір езгі ойлар баурап алған, қандай да бір оқиғаларға қайғырып жүрсіз немесе сіз үшін бір маңызды бірнәрсе туралы мазасызданасыз, алайда бұның барлығы уақытша, бұл міндетті түрде өтеді де кетеді. Өз-өзіне қол жұмсайтындардың қатарынан емессіз, өмірді сіз сүйесіз, шынтуайтқа келгенде сіз өмірінен өз бетінше кеткісі келетіндерді түсінбейсіз.

• 

• 

•К2

•Егер сіз БЕРІЛГЕН ПІШІНДЕ ЕШТЕҢЕНІ ДЕ БОЯМАЙ, тек ОНЫ СЫЗЫҚТАРМЕН ҚОРШАП ШЫҚСАҢЫЗ, онда сіздің ерік-жігеріңіз темірдей «қатты», жүйке жүйеңіз мықты екендігін білуге болады. Сіз ешуақытта әлсіздік көрсетіп, өзіңізге қол жұмсау туралы ойлауға мүмкіндік бермейсіз, мұндай әрекетті өзіңізге және жақындарыңызға, қоршаған ортаға байланысты қылмыс деп ұғасыз. Өмірде қандай қиындықтар болса да онымен күресе отырып, алдыңызда кездескен кедергілерден тайсалмай өте аласыз.

• 

• 

•К3

•Егер сіз ПІШІННІҢ ҮШ КІШКЕНТАЙ БӨЛІГІН БОЯСАҢЫЗ, онда қандай да жағдайда өзі-өзіне қол жұмсау туралы ойланыуыңыз мүмкін, егер барлығы сізге қарама-қарсылықта болса сіз сондай әрекетке барып қалуыңыз да ғажап емес. Алайда, сіздің бақытыңызға қарай болмысыңызда оптимистсіз, сондықтан да болып жатқан жағдай сұмдық жаман болуы туралы сирек ойлайсыз, қап-қараңғы үңгіртаудың соңынан жарық саулені көре аласыз.

• 

• 

•К4

•Егер сіз ПІШІННІҢ СОЛ ЖАҒЫН ТҮГЕЛ БОЯСАҢЫЗ, онда сіз өте сезімтал адамсыз, жан дүниеңіздің тез жараланғыштығын білдіреді, өмірдің ақиқатын өте-мөте өткір қабылдайсыз да осыдан зардап шегесіз. Сіз суицидтік әрекетке бейімсіз, кейде, бір нәрсе ғана ұстап қалуы мүмкі, ол – жақын адамдарыңызға деген сіздегі сүйіспеншілік. Олардың көңіліне азар салғыңыз келмейді, сондықтан да сол суицидтік бейімділігіңізді өзіңізде басып, тығып отырасыз.

• 

• 

•К5

•Егер сіз ПІШІННІҢ ОҢ ЖАҒЫН ТҮГЕЛ БОЯСАҢЫЗ , онда өзіңіздің суицидтік әрекетіңізді өз пайдаңызға жасайсыз: сіз өзіңізді өзіңіз өлтіру мүмкіндігімен жақындарыңызды боспалайсыз, оларды өзіңіздің талаптарыңызды орындауға мәжбүрлейсіз. Сіз әділетсізсіз, сізбен бірге өмір сүру өте қиын, қорқынышты.

• 

• 

•К6

•Егер сіз ПІШІННІҢ БЕРІЛГЕН БӨЛІГІН БОЯУДЫ ЖАЛҒАСЫТРА БЕРСЕҢІЗ, онда бейсаналық күйде өлім туралы ойлай бересіз, либидо сияқты сіздің мортидо да бірдей күшті дамыған. Алайда сіздің суицидке бейімділігіңіз сырттай онша біліне бермейді, қандай да бір қолайлы жағдайда орын алуы мүмкін.

• 

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Инструкция. Алдыңызда қандай да бір айқыш-ұйқыш түрде пішін берілген. Оның өзегі қарамен боялған. Пішінді толықтай бояу арқылы суретті аяқтаңыз. Ол үшін пішіннің барлық бөліктерін өзіңізге ұнайтындай етіп бояңыз.

(Боярда қай тұстан бастадыңыз, соны белгілеп кетіңіз)

 

4-ПРОЕКТИВТІ ТЕСТ

Проективті Тест әдістемесі: "Жаңбыр астындағы адам ?"

Жауаптарын оқымай тұрып, ақ қағазға жаңбырдың астында келе жатқан адамның суретін салыңыз. Суретті салып  болған соң, оның әрбір бөлшегіне мән беріңіз. Бөлшегіне жәй ғана қарап қоймай, сезіне де біліңіз. Бірінші кезекте өзіңізге «Өзім салған суретке қараған кезде қандай сезімде болдым? Оның әрбір бөлігінің мен үшін маңызы қандай?» деген сұрақтар қойыңыз. Бұл сұрақтар дұрыс талдауға көмектеседі. Енді суреттің әрбір деталін анализден өткізіңіз. Суреттегі адам қандай іс-әрекет жасап тұр? Мүмкін қолшатырды ұстап, бір қалқаға тығылып немесе жәй ғана жауын астында қыдырып жүрген шығар. Өзіңіз туралы құпияны ашуға көмектесетін бірнеше көмек сөздер ұсынамыз.

- Суреттегі жаңбыр адамның күнделікті өмірде кенеттен кездестіретін қиындықтарын және өзін ол қиындықтардан қашып құтыла алмайтындығын білдіреді.

- Суреттегі кейіпкердің қандай көңіл-күйде (қуаныш, реніш, өкпе, наз, ыза, шаттық және т.б.) екендігін анықтаңыз. Ол өзіне көмектескенін қалай ма әлде қиындықтарды еңсесін көтеріп қарсы алуда ма? Ол қиындықтарға мүлдем мән бермеуі тағы бар.

- Аспандағы бұлттар жайсыздықты немесе бақытсыздықты күту деп түсіндіріледі. Көп алаңдайтын адамдар көлшіктер мен балшықтың суретін салады. Мұнымен қатар көлшіктердің адамның қай жағында (алдында, артында, айналасында, тура аяғының астында) орналасқандығына мән беріңіз. Көлшік артқы бөлігінде орналасса, қиындықты жеңгені. Алдында болса, өзіне-өзі жайсыздық тудырып жүргені.

- Егер адамның бір орында тұрғанын емес, жылжып келе жатқандығын бейнелесеңіз, қиындықтан қашқаныңыз. Әдетте қиялға жақын, жанына тірек болып жүрген жандардан айырылған жандар адамның үстіңгі бөлігін ғана салады. 

- Айналасындағылардан сақ жүруді жөн көретін адамдар суретке теріс қарап кетіп бара жатқан кейіпкерді салады.

- Найзағай адам өмірінде үлкен өзгерісті күтетіндігін білдіреді. Аспандағы күн мен кемпірқосақ игі істерге ұмтылуды, әлемде тек жақсылық атаулының болуын ғана қалау. Кемелділікке ұмтылу.

- Киімнің қызметі табиғаттың алапат күштерінен қаншалықты қорғанатындығыңызбен байланысты.  Яғни, суреттегі сырт киім тағы да бір қорғаныш қызметіне зәру болып жүргеніңізді айқындайды. Ал үсіндегі киімдерінің аз болуы – қоғамға деген қарсылық, стереотиптерден бас тарту, адамдардың пікіріне мән бермеу. Жылдам жауап қайтару.

- Қолшатырды қоршаған ортадан психикалық деңгейде қорғануды жөн көретін тұлғалар салады. Оның суреттегі кейіпкерді қорғап, қорғамай тұрғандығына да мән беріңіз.

- Өзге де қосымша үй, ағаш, көлік немесе қолдағы сөмке, гүл, кітап сынды детальдар осылардың жетіспеушілігімен және оларға қол жеткізем деген үлкен талпыныспен түсіндіріледі.

Психолог мамандардың айтуынша, сіз салған суреттегі кейіпкер – өзіңіз. Ал жоғарыдағы талдаулар тек өзіңізге тиесілі.

4-ПРОЕКТИВТІ ТЕСТ

«Кактус» әдісі бойынша диагностикалық нәтижелер (М. Панфилова). «Кактус» графикалық техникасы М.А. Панфилова

Диагностикада графикалық әдістер классикалық тесттермен және психологияның негізгі әдістерімен (бақылау, эксперимент және т.б.) үйлесімді түрде қолданылатынын еске саламыз. Диагностика әдістерінің үйлесімділігі пәнді қызықтыруға, оны бірлесіп жұмыс істеуге баптауға, көбірек алуға мүмкіндік береді жалпы сипаттамалары сәйкестендіру және мүмкін проблемаларды ескерту, басқа тестілердің нәтижелерін растау.

Диагнозды жүргізген кезде зерттелушіге А4 стандартты өлшемдегі ақ қағаз парағы және қарапайым қарындаш беріледі. Сегіз «Люшер» түсті қарындаштарды қолдана отырып, нұсқа жасауға болады, бұл жағдайда интерпретация Люшер тестінің сәйкес индикаторларын ескереді.

Нұсқаулық.«Ақ қағазға кактус салыңыз - сіз оны қалай елестетсеңіз».

Сұрақтар мен қосымша түсіндірулерге жол берілмейді. Нәтижелерді өңдеу кезінде барлық графикалық әдістерге тән мәліметтер ескеріледі: суреттің кеңістіктегі орналасуы мен өлшемі, сызықтардың сипаттамалары, қарындаштың қысымы. Сонымен қатар, осы нақты техникаға тән индикаторлар ескеріледі: «кактус кескінінің» сипаттамасы (жабайы, тұрмыстық, қарабайыр, егжей-тегжейлі және т.б.), инелердің сипаттамалары (мөлшері, орналасуы, саны).

Сызбада тақырыптардың келесі қасиеттері пайда болуы мүмкін:

Агрессивтілік -

Импульсивтілік - сызықтардың кенеттен болуы, қатты қысым.

Өзіне деген сенімсіздік, тәуелділік - парақтың төменгі жағында орналасқан шағын сурет.

Ұрлау, сақтық - орналасқан жер контур бойымен немесе кактус ішіндегі зигзагтар.

Оптимизм - ашық түстерді пайдалану (түрлі-түсті қарындаштармен опция), «қуанышты» кактустардың бейнесі.

Мазасыздық - қою түстерді пайдалану (түрлі-түсті қарындаштармен опция), сынған сызықтармен ішкі көлеңкеден басымдылық.

Әйелдік -

Экстрекция -

Интроверсия - суретте бір кактус көрсетілген.

Аспирация дейін үйді қорғау, отбасылық қоғамдастық сезімі - Қол жетімділік гүл өсіретін құмыра суретте үй гүлінің бейнесі.

Талпыныстың болмауы дейін үйді қорғау, жалғыздық сезімі - жабайы, шөлді кактустар.

Назар аударыңыз! Орындаған сызбаларды түсіндіру кезінде «суретшінің» визуалды тәжірибесі ескерілуі керек. Көрнекі дағдылардың болуы немесе болмауы, стереотиптерді, шаблондарды пайдалану, жас ерекшеліктері - мұның бәрі адамның диагностикалық портретіне айтарлықтай әсер етеді.

Агрессивтілік - инелердің болуы. Қатты шығыңқы, ұзын, жақын орналасқан инелер агрессивтіліктің жоғары дәрежесін көрсетеді.

Эгоцентризм, көшбасшылыққа ұмтылу - парақтың ортасында орналасқан үлкен сурет.

Көрнекілік, ашықтық - кактустағы шығыңқы процестердің болуы, формалардың алдын-ала көрінуі.

Әйелдік - декорациялардың, түстердің, жұмсақ сызықтар мен формалардың болуы.

Экстрекция - суретте басқа кактустардың немесе гүлдердің болуы.

Бұл материалда сілтеме арқылы өтуге болатын психологиялық тест нәтижелерін талдау ұсынылған :!

Бастапқыда тұлғаны диагностикалаудың бұл әдістемесін М.А. Панфилова 3-7 жастағы балаларға арналған. Алайда, ересектерге өздері туралы аздап көбірек білу пайдалы болады. Сіз бұл тестіні балаңызбен, досыңызбен, жақын адамыңызбен бірге жасай аласыз.

Нәтижелер:

Ересектердің суреттерін түсіндіру

Сызбаның жалпы сипаттамалары:

1. Суреттің қағаз парағындағы орны. Жапырақтың көлденең ортасына қатысты кактус позициясы суретшінің өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді. Адекватты өзін-өзі бағалау - кактус шамамен парақтың ортасында орналасқан. Бағасы төмен адамдар өзін-өзі бағалау, төменгі деңгей кешендеріне бейім, парақтың төменгі жағында сурет салуға бейім. Өзін-өзі жоғары бағалайтындардың суреттері жоғары жаққа ұмтылады. Егер кактус жапырақтың сол жақ жартысынан көп бөлігін алса, онда бұл адам, мүмкін, өзінің өткеніне назар аударғанды \u200b\u200bұнатады, еске түсіреді. Болашаққа үміттенетін адамдар жапырақтың оң жартысында кактус салады. Қазіргі уақытқа назар аударатындар кактусты шамамен орталықта бейнелейді.

2. Суреттің өлшемі өзін-өзі бағалау деңгейі туралы да айта алады. Егер кактус парақтың ⅓-тен аз бөлігін алса, онда бұл адам өзіне қатысты кешендерді бастан кешуі мүмкін. Керісінше, кактус көзге түсуге тырысатындардан, олардың артықшылығы мен көшбасшылығына ерекше назар аударатындардың than көп беттерін алады.

3. Сызықтардың табиғаты. Айқын, дерлік үздіксіз сызық «мықты қолмен» адамдарға тән - сенімді, шешуші. Егер сіз кактусқа көлеңкеленуді көрсеңіз, онда бұл адам алаңдаушылық пен мазасыздық жағдайына ұшырауы мүмкін. Импульсивтілік туралы бұлыңғыр, үзік сызық көрсетуі мүмкін.

4. Итеру күші. Кактус салынған сызықтардың жарықтығына назар аударыңыз. Сондықтан тестті қарапайым қарындашпен жасаған дұрыс. Батыл, «басу» сызығы суретшінің бастан кешкен шиеленісін көрсетеді. Кактус қай бөлігіне ерекше бөлінгеніне назар аударыңыз? Әлсіз сызықтар - тіршілік қабілетінің төмендігі, күштің жоғалуы, шаршау.

Кактус ерекшеліктері:

5. Инелер, олардың саны, пішіні және бағыты агрессия деңгейі туралы айту. Үлкен (кактустың жалпы пропорцияларына қатысты), қалың, ұзын, улы, әсіресе стрессті - мұндай инелерді ашуды, агрессияны, тітіркенуді бастан кешіретін адам жиі жасайды. Бұл оның әдеттегі мінез-құлқында көрінуі мүмкін немесе өзара әрекеттесудің қолайсыз түрі ретінде жасырылуы мүмкін. Фокус туралы Сіз агрессияны инелердің өсу бағыты бойынша тани аласыз. Инелер өседі - агрессия мәртебесі (ата-анасы, бастықтары), әлеуметтік және материалдық жағдайы жағынан адамнан жоғары адамдарға бағытталған; жақтарға - құрдастарына, әріптестеріне, «тең»; төмен - әлеуметтік иерархиядағы әлсіз, тәуелді, төмен тұрған адамдарға (бағынушылар, балалар, жануарлар).

6. Кактус пішіні. Кактус ерекше пішін, «Шығармашылық» - бұл адамға белгілі бір демонстрация, өзін көрсетуге және өзін көрсетуге деген ұмтылыс тән екенін білдіреді. Егер кактус өсінділері негізгі «денеден» асып кетсе - онда бұл адам басқа адамдарға әбден ашық, көпшіл. Егер қосымша болса өркендер шоғырланған, кактус контурынан тыс шықпаңыз - сіз өте жабық және сақ адаммен жұмыс істейсіз.

7. Кактус қай жерде өседі. Кәстрөлде өсетін үй кактусын әдетте қорғаныс іздеп, жылулық пен жайлылыққа, отбасы мен жақын ортаға ие адамдар бояйды. Егер кактус жабайы табиғатта (шөлде) өссе, онда мұндай адамдарға жалғыздық, өзін-өзі шоғырландыру, оқшаулану тәжірибесі тән. Алайда, егер «жабайы» кактус маңында басқа кактустар, өсімдіктер өсетін болса, тірі нысандар (жануарлар, адамдар) әлі де бар, бұл адамның жеке бостандыққа, тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылатындығын, күшті болуға ұмтылатындығын білдіруі мүмкін және тәуелсіз.

8. Кактус туралы қосымша мәліметтер. Кактус декорациясы, гүлдері, ерекше түсі нарциссизмге бейім, әйелдік пен кокетизмге бейім адамдарда көрінеді.

9. Кактус түстері және «көңіл-күйі» көрсету ағымдағы күй адам. Қара түстер, кішігірім көлеңкелер, кактустың жалпы төмен қарай көлбеуі (ол қурап немесе су жетіспейтін сияқты) жағымсыз жағдайлардың, депрессия белгілерінің таралуы туралы хабарлауы мүмкін. Күнге жететін қуанышты, жеңіл, мықты кактус позитивті, қарапайым, әлемге ашық.

10. Кактуста «балалардың» болуы. Кактустағы «балалар» деген сөз шынында бар немесе болашақта жоспарланған балалар. Көбінесе «балалар» «қолға үйретілген» кактустарда кездеседі, бұл қазірдің өзінде отбасын құруға деген ұмтылысты білдіреді.

«Кактус» сурет тестін түсіндірудің мысалы

Балалардың салған суреттерін түсіндіру

Нәтижелерді өңдеу кезінде барлық графикалық әдістерге сәйкес келетін мәліметтер ескеріледі, атап айтқанда:кеңістік жағдайысурет өлшемісызықтық сипаттамаларқарындаш қысымы

Сонымен қатар, осы нақты техниканың сипаттамалық ерекшеліктері ескеріледі:«кактус кескініне» тән (жабайы, тұрмыстық, әйелдік және т.б.)сурет салу тәсілінің сипаты (сызылған, схемалық және т.б.)инелердің сипаттамалары (мөлшері, орналасуы, саны)

Суреттегі өңделген мәліметтердің нәтижелері бойынша тексерілген баланың жеке қасиеттерін диагностикалауға болады:

Агрессивтілік - инелердің болуы, әсіресе олардың көп мөлшері. Қатты шығыңқы, ұзын, жақын орналасқан инелер агрессивтіліктің жоғары дәрежесін көрсетеді.

Импульсивтілік - сынған сызықтар, күшті қысым.

Эгоцентризм, көшбасшылыққа ұмтылу - парақтың ортасында орналасқан үлкен сурет.

Өз-өзіне күмәндану, тәуелділік - парақтың төменгі жағында орналасқан шағын сурет.

Көрнекілік, ашықтық - кактуста шығыңқы процестердің болуы, формалардың алдын-ала көрінуі.

Құпиялылық, сақтық - контур бойымен немесе кактус ішінде зигзагтардың орналасуы.

Оптимизм - «қуанышты» кактустардың бейнесі, түрлі-түсті қарындаштармен нұсқада ашық түстерді қолдану.

Мазасыздық - ішкі көлеңкелеудің басым болуы, үзілген сызықтар, түрлі-түсті қарындаштармен нұсқада қою түстерді қолдану.

Әйелдік - бұл жұмсақ сызықтар мен пішіндердің, әшекейлердің, гүлдердің болуы.

Экстроверсия - суретте басқа кактустардың немесе гүлдердің болуы.

Интроверсия - суретте тек бір кактус көрсетілген.

Үйді қорғауға деген ұмтылыс, отбасылық қоғамдастық сезімі - суретте гүлді ыдыстың болуы, үй кактусының бейнесі.

Үйді қорғауға деген ұмтылыстың болмауы, жалғыздық сезімі - жабайы, шөлді кактус бейнесі.

Түстерді түсіндіру

Өсімдіктің түсі баланың психикасының қаншалықты қозғалмалы екендігін көрсетеді:жасыл тұрақтылық пен сенімділікті бейнелейді;сары - қоғамнан бас тартудан қорқу;көк - нәресте белгілі бір уақыт аралығында болған жағдайда ыңғайлы;қызыл - субъект күшті эмоционалды қозуды бастан кешуде;сұр - баланың барлық болып жатқан жағдайларға бейтарап қатынасы бар;ақ түс кейде бұл тексерілген адамның көру проблемалары бар екенін көрсетеді және ол түс жағынан сюжеттен айырылып бара жатқанын байқамайды;қара - сыналған адам туыстарына қайшы келуге дағдыланған, мүмкін тым бүлінген.

Суретті аяқтағаннан кейін, балаға қосымша ретінде сұрақтар қоюға болады, түсіндірулерді нақтылауға көмектесетін жауаптар:

Бұл кактус үй ме, жабайы ма? Ол қай жерде өседі (біреудің үйінде немесе түзде)?Бұл кактусқа қол тигізуге бола ма? Ол инъекция жасай ма?Біреу оған көңіл бөле ме? Оған ұнайды ма?Бұл кактус жалғыз өседі ме немесе жақын өсімдікте ме?Кактус өскен кезде ол қалай өзгереді? (көлем, инелер, процестер)

5-ӘДІСТЕМЕ

Кеңес беру практикасында қолданылатын

диагностикалық мандалалар

  • «Гүлдер алаңқайы» мандаласы

Мақсаты: отбасылық жағдайды, баланың тұлғалық ресурсын зерттеу, эмоциялық ресурсын төмендету, өзіне деген жағымды қатынасты қалыптастыру, сезімін жетілдіру,бейсанасын белсенді ету, шығармашылық потенциалын дамыту.

Материалдар мен құрал- жабдықтар: релаксациялық музыка, бояулар (люшер түстері болғаны жөн), қаламдар. Әрбір зерттелуші бояуларды дербес таңдауы тиіс.

Нұсқау

  • Балаға мандала ұсынылып: «Қарашы, қандай ғажайып шеңбер. Бұл гүлдер отбасы өсетін ғажайып алаңқай. Шеңбердегі басқаға ұқсамайтын ең ерекше гүлді тап. Оны боя. Қарашы, бұл гүлдің қасында оның туысқандары өсіпті. Көрсетші, анасы, әкесі, бауырлары, туыстары және басқалары қайда орналасқан екен. Оларды боя. Бұл қандай гүлдер екенін айтып бер. Бұл ғажайып алаңқайда тағы кімдер бар (достары, таныстары)? Бұл гүлдер бақытты болуы үшін, оларға не керек? Бұл алаңқайдағы гүлдерге не кедергі келтіреді? деп айтылады.
  • Балаға төмендегідей нұсқаулар айтылып, мандаланың жиектемесін бояу ұсынылады: «Осы алаңқайға сәйкес келетін түсті таңдап, жиектемені боя. Сен неге бұл түсті таңдадың? Бұл сен үшін нені білдіреді? Сен қазір қандай сезімде отырсың?».

Суретті өңдеу кезінде, ескерілуге тиісті ақпараттар

  • Түсі.
  • Шекарадан шығуы.
  • Түстердің бір-біріне деген үйлесімділігі.
  • Баланың жұмысқа кірісуі.
  • Жиектеменің түсі.
  • Мандаланың ортасы.

Сурет

  • Топтық мандала

Мақсаты: ішкі жан дүниесін үйлесімді ету, ішкі мазасыздануды төмендету, бейсанамен жұмысты белсенді ету, сезімді жетілдіру, жынысын анықтау, әлеуметтік жағдайының дамуын зерттеу.

Материалдар мен құрал- жабдықтар: релаксациялық музыка, бояулар (люшер түстері болғаны жөн), қаламдар. Әрбір зерттелуші бояуларды дербес таңдауы тиіс.

Нұсқау

  • «Ортасынан бастап, шеңберді толтыр. Не шықты? Ол неге ұқсайды?».
  • «Қазір ғажайып шеңберге қарашы: мұнда ұлдар мен қыздар. Сен кімсің? Өзіңді тауып, оны боя. Өз көңіл-күйіңді сал (беті)».
  • «Қарашы, сенің қасыңда кім орналасқан. Ол кім? Сенің достарың қайда орналасқанын көрсет. Олар туралы айтып бер. Өз достарыңды боя ».
  • «Адамдардың жоғары жағында үйлер салынған. Өзің тұратын үйді таңда. Осы үй туралы айтып бер. Бұл қандай үй? Мұнда қандай жаман, жақсы нәрсе бар?» (Кейін проективті тестегідей үй бейнесі талқыланады.)
  • «Өзіңнің достарың тұратын үйді таңда, ол үйлер туралы айтып бер. Олар қандай?».

Суретті өңдеу кезінде, ескерілуге тиісті ақпараттар

  • Орталық шеңбер. Оның түсі қандай, онда кресті айқын көруге мүмкін бе, немесе бұл тұтас бейне ме?
  • Түстің таңдалуы (Люшер бойынша өңдеу).
  • Таңдалған фигураның орналасуы «Мен бейнесі» (жоғары, төмен).
  • Фигураның қасында кім орналасқан, отбасы мүшелері мен достарының өзара аралықтары.
  • Ым-ишараның салынуы.
  • Бала айтқандарын хаттамада талдау.

Сурет

  • Геометриялық мандала.

Көрсеткіштер: бала мен ата-ана қатынасын, жұбайлық қатынасты, дау-дамай жағдайын зерттеуде екі-төрт зерттелушімен жұмыста қолдануға болады.

Мақсаты: топтағы жайлылықты, бала мен ата-ана қатынасын, жұбайлық қатынасты, дау-дамай жағдайын зерттеу.

Материалдар мен құрал- жабдықтар: релаксациялық музыка, бояулар (люшер түстері болғаны жөн), қаламдар. Әрбір зерттелуші бояуларды дербес таңдауы тиіс.

Нұсқау

«Қазір сендер бірлескен сурет саласыңдар. Қараңдаршы, қандай ғажайып шеңбер. Ол неге ұқсайды? (сұрақ барлығына қойылады). Қазір сен ортасынан бастап, осы ғажайып шеңберді қаламмен боя. Қай бөлігінен бастайтыныңды көрсет? »

Ескерту: кіші жастағы балаларға психолог санамақ арқылы бөліп береді. Ал, үлкен жастағы балалар өздері дербес түрде таңдайды.

Өңдеу

Крест тәрізді шекараға, орталық квадратқа , оның түсіне, ондағы орталық екі үшбұрыштың толтырылуына, басқа зерттелушілермен келісе жұмыс жасай білуіне көңіл бөлінеді. Шекарадан шығуы қадағаланады. Орталығы қайда орналасқаны нақтыланады және талданады. Сезімдер талқыланады. Зерттелушінің жанама реакциясы талдануы жүзеге асырылады.

Мандала жиынтығымен жүргізілетін түзету-дамыту сабақтары

 Бүгінгі таңда өте белсенді және нервозды балалар феномен болып табылмайды. Қазіргі таңдағы шулы әлем біз үшін таң қалатын нәрсе емес. Баланың зейінін тұрақтандырып,тыныштануына мандаланы бояу көмектеседі.

 А.Цайри.

Ноль кезеңі. «Шарасыздық немесе жарық» Бұл мандала бос шеңбер суретін білдіреді.

  • Бірінші кезең. «Шарасыздық»
  • Екінші кезең. «Шаттық»
  • Екінші кезең. «Шаттық»
  • Үшінші кезең. «Шиеленіс. Шытырман. Шиыршық. Құйын тәрізді қозғалыс»
  • Үшінші кезең. «Шиеленіс. Шытырман. Шиыршық. Құйын тәрізді қозғалыс»
  • Төртінші кезең. «Бастама» немесе «Өтпелі объект» кезеңі.
  • Бесінші кезең. «Нысана»
  • Бесінші кезең. «Нысана»
  • Алтыншы кезең. «Әдеттен тыс, тосын ыдырау. Айдаһармен жекпе-жекке шығу»
  • Алтыншы кезең. «Әдеттен тыс, тосын ыдырау. Айдаһармен жекпе-жекке шығу»
  • Жетінші кезең. «Шеңберді квадраттау»
  • Жетінші кезең. «Шеңберді квадраттау»
  • Сегізінші кезең. «Эгоның жұмыс істеуі»
  • Сегізінші кезең. «Эгоның жұмыс істеуі»
  • Тоғызыншы кезең. «Кристалдану, мөлдірдей тазалану»
  • Оныншы кезең. «Өлім қақпасы»
  • Он бірінші кезең. «Үзінді»
  • Он екінші кезең. «Ақыл мен санамен түсінуге болмайтын шабыттылық»

Жоғарыда көрсетілген мандалалар жиынтығын (1-18 суреттер) психологиялық түзету және дамыту жұмыстарына қолдануға болады.

Мандаланы бояу кезіндегі жұмыстың мақсаты:

  • шығармашылықты дамыту;
  • ырықты мінез-құлықты дамыту;
  • ішкі қысымды төмендету;
  • ұсақ қол қимылдарын дамыту;
  • ұқыптылыққа тәрбиелеу;
  • бейсананы белсенді ету.

Бір мандаламен жұмыс істеу уақыты 20-60 минутқа созылады. Егер бала шаршаса оған мандаламен жұмысты жалғастыруды кейінге қалдыруға мүмкіндік беруге болады.

Мандаланы босаңсытуға арналған құрал ретінде мандаланы қолдану

  • Мандаланы бояу адамға қуаныш сыйлайды. Басты ереже: балаға жұмысты мәжбүрлемей істету.
  • Егер бала мандаланы өзі таңдаса, онда мандаланы бояудың мағынасы болады.Бала мандаланы өзі таңдайды
  • Мандаланы бояу жоғары зейін тұрақтылығын талап етеді.Балаға ересектер тарапынан жағымды құптаулар айтылуы тиіс.
  • Мандаланы бояу кезінде, түске бағыт-бағдарлар берілмейді. Бала таңдауды дербес түрде шешуі тиіс. Бұл сәтте, қандай түс қажет екенін, тек сол шешеді.
  • Идеал бойынша мандала (ересектер мен жеткіншектер үшін) сыртқы жиектемеден ортасына қарай боялуы тиіс. Кішкентай балалар ортасынан сыртына қарай бояйды.

 Бұл босаңсыту тәсілдерінің бірі. Дегенмен аталған әдістемеде нақты ереже жоқ. Сондықтан жұмыс барысында мандаланы қалай бояу қажет екенін айтудың және онымен қалай дұрыс жұмыс жасау жөнінде кеңес берудің қажеті жоқ. Бала ішкі түйсігіне сәйкес жұмыс жасауы тиіс.

 

 

Төменде мандала түрлері

 

6-ӘДІСТЕМЕ

Сьюзен Деллингердің психогеометриялық тесті

1. Мына суреттегі 5 фигураға қараңыз

2. “Бұл - МЕНМІН!” деп айта алатындай фигураны көп ойланбастан таңдаңыз;

3. Өз формаңызды сезінуге тырысыңыз. Енді қалған фигураларды өзіңіз қалай ойлайсыз сондай ретпен қойып шығыңыз.

Көзіңізге не түсті немесе Сіз кімсіз?

Адамның ішкі жан-дүниесі қандай екенін анықтап беретін психогеометрия әдістемесін АҚШ-тың психолог дәрігері Сьюзен Деллингер ойлап тапқан. Рас, бұған дейін де адам баласының түрлі санды жақсы көруі не болмаса түрлі түсті түрді ұнатуына байланысты оның мінез-құлқын анықтап беретін әдістемелер дүниеге келген.

•Ал Сьюзен Деллингердің әдісі сәл өзгешелеу. Ол геометриялық бес түрлі бұрыштарды алға тарта отырып, адамның өмірде қандай екенін дәл анықтайды.

Төртбұрышты (квадрат) жақсы көретін жан өмірде өте алғыр, дегеніне жетпейтін қайратты болып келеді екен.

•Сондай-ақ олар сараптама жасауда, түрлі бастама көтеруде алдына адам салмайды. Логикасы да керемет. Өте ұқыпты. Уақытпен жүріп тұрады. Олардан өте мықты, ақылды, жігерлі басшы не болмаса айтқанды бұлжытпай орындайтын еңбекқор жан шығады. Бір кемшілігі, «мен не айтсам болды, сол орындалуы тиіс, менікі заңды» деген ойы. Тәртіп олар үшін басты қағида. Ал өз дегені жүзеге аспаса, қолды бір сілтеп, теріс бұрылып кететін қызба әдеті де бар.

Ал үшбұрышты жанына жақын тұтатын адам, бірбеткей, тура айтатын жандар. Олардың көбі өз ортасында үстемдік жүргізуге құмар.•Үш бұрышты ұнататындардың арасынан көптеген белгілі тұлғалар шыққан. Мәселен, Наполеон, Бисмарк, Гитлер, Муссолони, Гете, Байрон т.б. Олар кез-келген дүниені бір деммен шешіп тастауға тырысатын, үнемі күш-жігері тасып жүретіндер. Сондай-ақ оларға тән тағы бір жақсы қасиет – кез-келген ортада кездескен жанмен ортақ тіл тез табысып кететіні. Содан болар, олардың арасында саясаткерлер, бизнесмендер, менеджерлер көп. Өкінішке қарай, кемшілік олардың да бойынан табылады. Мәселен, көзді жұмып тәуекелге жиі барады. Оның бәрі жетістікке жетелей бермейтіні белгілі. Өздері жіберген кемшілікті, қателікті мойындамайтындығы тағы бар. Сонысына қарамай, олар өте танымал тұлғаға тез айнала алады.

Шеңберді жақсы көретіндер, құндылықтарды сүйетін, барды бағалайтын, тұлғаларды дәріптейтін, олармен араласқанды ұнататын жандар. Өмірге пәк сенімен қарап, кез-келген жанжалдың бейбіт бітіммен бітуін қалайтын және бітімгершілік рөлін де табылатын адамдар.

•Олар үшін өздері өмір сүрген ортаның пікірі құнды. Сонымен санасуға бар. Жақсы дос, сенімді серік болуға лайықтылар. Бірақ, олардың көбі, кесіп ештеңе айта алмайтын, түйткілді мәселелер шешуге келгенде тайсақтап қалатындардың қатарынан. Тағы бір кемшілігі «жоқ» дегенді айта алмай, үнемі бас изеп, берген уәдесін орындай алама жоқ па, соған қарамастан келісім беретіндігі.

Өмірде иректі (зигзаг) ұнатындар аз екені белгілі. Жалпы иректің өзі туралықтан қашатын, өтірікке бейім, нақты көзқарасы қалыптаспаған жандардың ішкі жан-дүниесін береді екен.•Бірақ олардың да арасында аратұра керемет ойлардың, маңызды бастамалардың иелері шығып отырады екен. Мәселен, Эйнштейн, Сахров, Бетховен, Ван Гог т.б. Олардың көбі айтқысы келгендерін сөзбен емес, оймен, образбен білдіруге тырысатындар.

•Олардың қай-қайсы да өз ойымен өзі оңаша қалып, тәуелсіз болғанды, саяқ жүргенді ұнатады.

Ал тік бұрышты жақсы көретін адамдар, ғұмырында үнемі дағдарысқа түсіп, жүнжіп жүретіндер көрінеді. Олар жасаған тірліктің көбі кері кетіп, адам үнемі күйреу үстінде болады.

•Тікбұрыштықтар алға нақты мақсат қойғанан гөрі, өзгенің сілтегенімен қозғалғанды жақсы көреді. Көңіл-күйлері де үнемі әрі-сәрі болмақ. Нақты шешім қабылдауға құлықсыз, жалтақ, өзіне сенімсіз жандар. Алайда олар көп оқитын, көп ізденетіндердің қатарына жатады.

•АҚШ-тың психолог дәрігері Сьюзен Деллингер ойлап тапқан бұл тәсіл қаншалықты адам жанының ішкі қырын ашып бере алады, ол жағы бізге белгісіз. Бірақ психологтың айтуынша, қазір АҚШ-та адамдардың мінез-құлқын анықтау үшін көптеген құзырлы орындар осы тәсілді қолдануға көшкен екен.

6-ӘДІСТЕМЕ

Менің отбасым кешқұрым» әдістемесі.

(орта буын және жоғары сыныптарға арналған)

Мақсаты: Баланың отбасындағы қарым-қатынасын және статусын диагностикалау.

Пиктограмманың еркешелігі оған қатысушының өзін-өзі бақылау, қарым –қатынас ерекшеліктері, баланың отбасындағы әр адамға көзқарасы, мазасыздануы шиеленіс жағдайлар санадан тыс көрініс береді. Отбасындағы жағдайды баланың өзі де, ата-анасы да өте жақсы бағалауы мүмкін.

Дегенмен астыртын әсерін тигізетін факторлар болып агрессиясын жоғарлатып, мазасыздануын толғандырып жіберу мүмкін.

Құрал-жабдықтар: бар парақ қағаз, түрлі-түсті қалам, өшіргіш.

Зерттеу барысы; Мына параққа өз отбасыңның кешқұрымдық жағдайын көрсететін сурет сал. Отбасындағы әрбір адамның белгілі бір іспен айналасып жатқанын көрсеткен дұрыс болады деп тапсырма түсіндірілгеннен соң балар сурет салуға кіріседі. Суретті салып болғаннан соң, әр баламен әңгімелесе отырып, келесі сұрақтарға жауап алу керек.

А) мына суретте кімнің отбасы салынған, өзінің, қандай да бір досының

немесе ойдан шығарған кейіпкерлер болуы да мүмкін.

Б) бейнеленген кейіпкерлер қай жерде және қазіргі кезде немен айналысып тұрғанын

көрсету.

В) егер, әрбір кейіпкерді бөлік алатын болсақ, онда оның отбасында қандай

роль атқаратынын анықтау.

Г)суреттегілердің қайсысы сүйкімді және неге, қайсысы жағымсыз және оның себебі неде, бала олардың қайсысын және не үшін ұнатады.

Д)егер кейіпкерлердің барлығын жеңіл көлікпен серуенге алып бара жатырсың,

бірақ, өкінішке орай олардың біреуіне орын жетпейтін болса, кімді үйде қалдырар едің.

Е) егер балалардың біреуі өзін тәртіпсіз ұстаса, онда ол қалай жазаланатынын көрсетіп беру т.с.с.

Суреттер бойынша интерпретация келесі 4 құрамды бөліктен тұрады.

  • Суреттің құрылымын талдау.
  • Отбасы мүшелерінің орналасуы және олардың өзара әрекеттесуінің ерекшеліктер.
  • Отбасы мүшелерін салу реті және олардың сыртқы көрінісіне көңіл ауадаруы.
  • Суретте қолданылған символикалық және оның мағынасын талдау.

7-ӘДІСТЕМЕ

Антистресс раскраска

Балалардың көңіл-күйлерін көтеру,шығармашылық

қасиеттерін дамыту, агрессия, депрессия қорқыныштан,ашу,ызадан

арылу, сабырлыққа және шыдамдылыққы үйрету.

Балларға дайын антистресс жан-жануар немесе құстардығ мандала раскраскасы беріледі, сол раскрасканы балалар түрлі-түсті гуаш краскасымен өте майда мандаланы бояйды.

Баллардан осы мандалаға ат қоюды және қандай әсер алғандығын талқылау , әр балланың ойын тыңдап қандай түстер қолданғандығын көріп оларға көбірек таңдалған түстеріне интерпритациясын оқып беру

Түстер интерпритациясы Кейде ұстаздар қара қарындашпен салынған суретке бала нашар отбасында тәрбиеленіп жатыр деген баға беріп, артынша сурет салатын басқа қарындашы болмағаны анықталып жатады. Екіншіден, суреттегі барлық түске баға берудің қажеті жоқ. Тек мөлшері тым көп қолданылған түсті анықтау жеткілікті

Үшіншіден, оқушының ненің суретін салғанына мән беріңіз. Осы себепті көп жағдайда суреттер отбасы, адам, әлемде жоқ жануар тақырыбында салынады.

Төртіншіден, жеке фигуралардың қандай түспен салынғандығына мән беріңіз. Мысалы, отбасы мүшелерін қандай түспен бояғандығынан баланың оған деген қарым-қатынасын білуге болады. Ал өзінің суреті өзін қалай қабылдайтындығын, отбасында кіммен қандай қарым-қатынас жасайтындығын баяндайды.

-Түстер нені білдіреді?

Бірден айта кетейік, бір түс бірнеше мағынаны білдіруі мүмкін. Мұнымен қатар қарындашты қаншалықты қою етіп бояғандығы да маңызды.

Негізгі символикалық мағыналар:

Қара көк – ішкі қиындықтарды жеңіһуге деген ұмтылыс, өткен және қазіргі өміріне талдау жүргізу.

Жасыл – салмақтылық, тәуелсіздік, талап қоя білу, қырсықтық, жоғары белсенділік, қауіпсіздікке ұмтылу.

Қызыл – еркіндік күші, ашушаңдық, өте жоғары белсенділік, қозғыштық. Сары – жақсы эмоциялар, оптимизм, табиғилық, білмекке құмарлық. Күлгін – қиял, түйсік, эмоция, интеллект дүмбілездігі.

Қоңыр – баяулату, физикалық жайсыздық, көп жағдайда жағымсыз эмоциялар. Қара – жабығу, қарсылық, жою, өзгерісті талап ету.

Сұр – түстің жоқтығы, салғырттық, шетте қалу, кетуге құмарту, мазалайтын дүниені байқамау.

 

 

8-ӘДІСТЕМЕ

Оқушы психологиясын сурет түсіне қарап анықтауға болады

Оқушының салған суреті оның қызығушылығы, отбасы, жалпы өмірі туралы көп мәлімет береді. Кезекті материалымызда суреттердің түсі нені баяндайтындығын талдайтын боламыз.

-Сурет түсіне қалай баға береміз?

Біріншіден, оқушы суретті психолог маманның немесе үлкендердің көзінше салуы тиіс. Мұнымен қатар түрлі-түсті қарындаштары болған абзал.

Кейде ұстаздар қара қарындашпен салынған суретке бала нашар отбасында тәрбиеленіп жатыр деген баға беріп, артынша сурет салатын басқа қарындашы болмағаны анықталып жатады.

Екіншіден, суреттегі барлық түске баға берудің қажеті жоқ. Тек мөлшері тым көп қолданылған түсті анықтау жеткілікті.

Үшіншіден, оқушының ненің суретін салғанына мән беріңіз. Осы себепті көп жағдайда суреттер отбасы, адам, әлемде жоқ жануар тақырыбында салынады.

Төртіншіден, жеке фигуралардың қандай түспен салынғандығына мән беріңіз. Мысалы, отбасы мүшелерін қандай түспен бояғандығынан баланың оған деген қарым-қатынасын білуге болады. Ал өзінің суреті өзін қалай қабылдайтындығын, отбасында кіммен қандай қарым-қатынас жасайтындығын баяндайды.

-Түстер нені білдіреді?

Бірден айта кетейік, бір түс бірнеше мағынаны білдіруі мүмкін. Мұнымен қатар қарындашты қаншалықты қою етіп бояғандығы да маңызды.

Негізгі символикалық мағыналар:

Қара көк – ішкі қиындықтарды жеңіһуге деген ұмтылыс, өткен және қазіргі өміріне талдау жүргізу.

Жасыл – салмақтылық, тәуелсіздік, талап қоя білу, қырсықтық, жоғары белсенділік, қауіпсіздікке ұмтылу.

Қызыл – еркіндік күші, ашушаңдық, өте жоғары белсенділік, қозғыштық.

Сары – жақсы эмоциялар, оптимизм, табиғилық, білмекке құмарлық.

Күлгін – қиял, түйсік, эмоция, интеллект дүмбілездігі.

Қоңыр – баяулату, физикалық жайсыздық, көп жағдайда жағымсыз эмоциялар.

Қара – жабығу, қарсылық, жою, өзгерісті талап ету.

Сұр – түстің жоқтығы, салғырттық, шетте қалу, кетуге құмарту, мазалайтын дүниені байқамау.

9-ӘДІСТЕМЕ

 

Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау әдістемесі

 

Сұрақтарға жауап беріп, ұпай сандарын қосыңыз

1. Бір нәрсені айтпау немесе жасамау керек еді деген ойлар қаншалықты сіздің мазаңызды алады?

а) өте жиі — 1 ұпай;

б) кейде — 3 ұпай

2. Егер сіз керемет және тапқыр адаммен қарым-қатынас жасасыңыз, сіз:

а) оны тапқырлықта жеңгіңіз келеді — 5 ұпай;

б) бәсекелеспей, оған орын беріп, әңгімеден шығасыз — 1 ұпай.

3. Өзіңізге жақын ой-пікірдің бірін таңдаңыз:

а) жолы болғыштық шын мәніндетабанды еңбектің нәтижесі — 5 ұпай;

б) көп жағдайда жетістік жағдайдың сәтті келуімен байланысты — 1 ұпай;

в) қиын жағдайда ең бастысы – кедергі немесе жолы болушылық емес — 3 ұпай

4. Сізге сіз жайлы әзіл немесе пародия көрсетті. Сіз:

а) сізде қандай да бір түпнұсқасы бар екеніне, күлесіз және қуанасыз— 3 ұпай;

б) сізде оны күлдіру үшін, серігіңіз туралы қандай да бір күлкілі нәрсе табуға ұмтыласыз — 4 ұпай;

в) ренжисіз, бірақ кіналамайсыз— 1 ұпай.

5. Сіз әрқашан асығудасыз, сізге уақыт жетіспейді немесе басқа адамның мүмкіндігінен жоғары тапсырмаларды орындауға аласыз?

а) ия — 1 ұпай; б) жоқ — 5 ұпай; в) білмеймін — 3 ұпай.

6. Сіз құрбыңызға сыйлыққа әтірді таңдайсыз. Сатып аласыз:

а) өзіңізге ұнайтын әтірді — 5 ұпай;

б) өзіңізге ұнамаса да, құрбыңызға ұнайды деп ойлаған әтір — 3 ұпай;

в) жақында телебағдарламадан жарнамалаған әтірді – 1 ұпай.

7. Әдеттегіге қарағанда, өзіңізді басқа қырынан көрсететін түрлі жағдайларды құрғанды ұнатасыз ба?

а) ия — 1 ұпай; б) жоқ — 5 ұпай; в) білмеймін — 3 ұпай.

8.Әріптестеріңіз (әсіресе жастар), сізге қарағанда үлкен табысқа қол жеткізуі сіздің ашуыңызды келтіреді ме?

а) ия — 1 ұпай; б) жоқ — 5 ұпай; в) кейде — 3 ұпай.

9. Біреуге қарсы келуден қанағат аласыз ба?

а) ия — 1 ұпай; б) жоқ — 5 ұпай; в) білмеймін — 3 ұпай.

10. Көзіңізді жұмыңыз және өзіңізге үш түсті елестетіп көріңіз:

а) көгілдір — 1 ұпай; б) сары — 3 ұпай; в) қызыл — 5 ұпай.

 

 

 

 Ұпайларды есептеу

 50—38 ұпай. Сіз өзіңізге көңіліңіз толады және өзіңізге сенімдісіз. Сізде адамдарға үстемдік ету талабыңыз көп, өзіңіздің «меніңізді» көрсетуді, өзі пікіріңізді білдіргенді ұнатасыз. Басқалар сіз жөнінде не айтатынына немқұрайлықпен қарайсыз, бірақ сізде басқаларды сынауға деген бейімділік бар. Сізде қаншалықты ұпай көп болған сайын, соншалықты сізге мынадай анықтама сай келеді: «Сіз өзіңізді жақсы көресіз, бірақ басқаларды жақсы көрмейсіз». Бірақ сізде бір кемшілік бар: өзіңізге тым байсалдылықпен қарайсыз, ешқандай сыни ақпаратты қабылдамайсыз. Егер сізге тест нәтижесі ұнамаса, сіз «барлығы алдайды» дегенмен «қорғанасыз». Өкінішті...

 37—24 ұпай. Сіз өзіңізбен татулықта өмір сүресіз, өзіңізді жақсы білесіз және өзіңізге сенесіз. Жеке тұлғалық мінезіңізбен қиын жағдайлардан және адамдармен өзара қарым – қатынастан жол табатын құнды ептілікке иесіз. Сіздің өзіңізге және айналадағыларыңызға деген қатынастың формуласын мына сөздермен жеткізуге болады: «Өзіме ризамын, басқаларға да ризамын». Сізде қалыпты, күшті өзіндік бағалау бар, ең бастысы басқалардың есебінен емес, сіз өзіңізге қолдау көрсетудің және күштің көзі бола аласыз.

 23—10 ұпай. Өз - өзіңізге көңіліңіз толмайды , өзіңіздің интелектіңізге, қабілетіңізге, жетістіктеріңізге, сыртқы келбетіңізге, жасыңызға, жынысыңызға деген қанағаттанбаушылық және күдік мазаңызды кетіреді. Тоқтаңыз! Кім айтты өзін-өзі жақсы көру жаман деп? Кім иландырды сізді, ойлампаз адам, үнемі өзіне риза болмауы керек деп? Әлбетте, ешкім сізден масаттанушылықты талап етпейді, бірақ сіз өзіңізді қабылдауыңыз, сыйлауыңыз керек, өз - өзіңізді қолдауыңыз қажет..

10-ӘДІСТЕМЕ

 

 АВТОПОРТРЕТ

 БАСЫ: интеллектісіне (ақыл-ойға)байланысты критерий

 Әлсіз салынса ақыл-ойына көңілі толмайтын адамдар.

 Қатты салынса ақыл-ойына көңілі толатын адамдар.

 Кішкентай бас болса, ақыл-ойға көңіл бөлмейтін адамдар.

 Кішкене ақырын салынса,ортада өзін көрсете алмайды.

 Қатты үлкен салынса,өзін ақылдымын деп санайтын адамдар.

 КӨЗІ: үлкен ашылса,сенімсіз(басқалардың пікіріне аса назар аударады).

 Кішкене болса,өз-өзімен жүретін(интроверт)ойы бітпейтін адамдар.

 КІРПІК: бар болса,салқын адамдар,жоқ болса,тік мінезді.

 АУЫЗ: салынса,бұл тіл байлығының жеткіліксіздігі. Ауыз

 салынбаса,дипрессияда жүрген адам.

 Жымиған ауыз салынса,өзін-өзі қинап,сыпайы болуға тырысатын адам.

 Түзу салынған ауыз, бұл кекшіл адам.

 Екі шеті төмен қарай жымқырылған ауыз,бұл ештеңегекөңілі

 толмайтын,енжар адам.

 ТІС: көрініп тұрса, агрессивті адам.

 ҚҰЛАҚ: үлкен болса,сынға қарсы тұратын адам,кішкене болса,сынға

 назар аудармайтын адам. Құлақ жоқ болса,адамның интеллектісінің төмен

 болуы.

 МҰРЫН: қатты бейнелеу сексуалды проблемасы бар екенін көрсетеді,

 Нүкте түрінде салынса,сексуалды проблемасы жоқ.Мұрынның

 қанаттарының қатты салынуы агрессияның белгісі.

 ҚОЛЫ: басқа адамдармен қарым-қатынасын көрсетеді. Егер қолда

 қысым болса, бұл қарым-қатынаста қатал ,тұйық, өз парызын жақсы түсінетін

 адам. Қол төмен қараса,қарым-қатынас нәтижесіздігі. Нәзік салынған қол

 болса, физикалық энергиясының аз болуы, басқа адамдарға тәуелді

 болатындығын көрсетеді, психологиялық энергиясы аз, сөз таба алмай

 қалады. Қолы қысқа немесе жоқ болса, адамның сезімінің нашарлығы немесе

 жоқтығы. Егер қолын үлкен қатты салса, айналасындағылармен көп

 араласатын адам. Қолын қалтаға салуы немесе артында ұстауы өзіне-өзі

 сенімсіз, өзі кінәлі сезінетін, ұялшақ адам. Қолы домалақ болса,

 жаратылысында агрессия бар. Бірақ оны сыртқа көрсетпейді.Саусақтарыбестен артық болса, амбициозды, агрессивті адам, яғни өзін жоғары санайды.

 Қолына нәрсе ұстап тұрса, қарым-қатынастың қандай екенін көрсетпеуге

 тырысатын адам.

 АЯҚТАРЫ: денесінің көлеміне байланысты. Аяғы ұзын болса, еркін

 жүретін адам. Қысқа немесе жоқ болса, өмірде психологиялық тіректері

 нашар және жасқаншақтығы көрінеді.

 ПОЗАСЫ: егер суреттен желкесін байқауға болса, яғни бетін тура

 салмайтын болса, адамның тұйықтығы.

 ДЕНЕСІ: амфаз, басы профиль болса, маңайындағы біреуден

 жасқанатынын көрсетеді.

 Орындықта отырса, адамның жалғыздығын көрсетеді. Бірақ ситуациядан

 шығуға тырысатын адам, жалғыздықтан қорқатын адам.

 Жүгіріп немесе жүріп бара жатқан адам біреуден қашып жүргендігін

 көрсетеді.

 Адам төсекте жатса, жалқау адам екендігін көрсетеді.

 Тура салса, адамның өзін-өзі жақсы көретіндігін және енжарлығын көрсетеді

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 141
  1. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:57
    0 + 0 -
    555
  2. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:51
    0 + 0 -
    555
  3. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:50
    0 + 0 -
    555
  4. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:50
    0 + 0 -
    555
  5. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:49
    0 + 0 -
    555
  6. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:49
    0 + 0 -
    555
  7. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:49
    0 + 0 -
    555
  8. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:49
    0 + 0 -
    555
  9. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:49
    0 + 0 -
    555
  10. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:48
    0 + 0 -
    555
  11. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:47
    0 + 0 -
    555
  12. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:46
    0 + 0 -
    555
  13. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:45
    0 + 0 -
    555
  14. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:45
    0 + 0 -
    555
  15. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:44
    0 + 0 -
    555
  16. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:43
    0 + 0 -
    555
  17. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:43
    0 + 0 -
    555
  18. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:42
    0 + 0 -
    555
  19. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:42
    0 + 0 -
    555
  20. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 10:42
    0 + 0 -
    555