Педагог мәртебесі Жаңа тесттер - Мектеп әкімшілігі мүшелері тапсыратын тесттер


  • Педагог ретінде танылады
  • A) педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдану немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам
  • B) педагог – тек мектеп оқушыларын ғана оқытатын, арнайы уәкілеттік берілген, анықталған мерзім аралығында мемлекеттік агенттіктен аттестация өтуге тиіс адам
  • C) педагог – тек тәрбиеленушілерді оқытып, білім беретін, сонымен қатар жоғары оқу орынан кейінгі дипломға ие, аттестациядан кестеге сәйкес өтуге тиісті маман
  • D) педагог – тек қана кәсіптік білім берумен айналысатын, жоғары оқу орынан кейінгі дипломға ие, аттестациядан кестеге сәйкес өтуге тиісті маман
  • E) педагог – тек қана оқытудың әдістемелік нұсқаулықтарын дайындайтын, жоғары оқу орынан кейінгі дипломға ие, аттестациядан кестеге сәйкес өтуге тиісті маман
  • Педагогтің аса үздік жетістіктері және ҚР-на сіңірген айрықша еңбегі үшін ҚР-ның мемлекеттік наградалары туралы Заңына сәйкес берілетін құрметті атақ
  • A) Нобель сыйлығы
  • B) «Әл-Фараби» атындағы медаль
  • C) «Шоқан Уәлиханов» атындағы медаль
  • D) Бауыржан Момышұлы атындағы медаль
  • E) «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріледі
  • Педагогтік кәсіптік қызметімен айналысуға шектеу қойылады
  • A) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, психиатриялық және (немесе) наркологиялық есепте тұрған адамға
  • B) тек қана ата-аналар кеңесінің шешімен анықталған адамға
  • C) тек аудан әкімінің өкімімен анықталған адамдарға
  • D) тек қана облыс әкімінің өкімімен анықталған адамдарға
  • E) тек білім және ғылым министрінің бұйрығымен анықталған адамдар тізіміне
  • Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары
  • A) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптары сақталған кезде шығармашылық бастамаға, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуге және қолдануға
  • B) шығармашылық бастамалардың неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға
  • C) тек қана оқытудың авторлық бағдарламаларын әзірлеу мен тәрбиелеудің басқаша әдістерін таратуға
  • D) тек қана оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жетілдірілген әдістерін дамытуға
  • E) тек авторлық бағдарламаларын әзірлеуге және тәрбиелеудің тың әдістерін өз бетінше оқу процесінде таратуға
  • Педагогті тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешімнің қабылдану тәртібі
  • A) Білім және ғылым министрінің өкімімен қабылданды
  • B) Мектеп директорының орынбасарының бұйрығымен қабылданды
  • C) Аудандық білім басқармасы бастығының бұйрығымен қабылданды
  • D) Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы ескеріле отырып, білім беру ұйымы басшысының актісімен қабылданды
  • E) Білім беру ұйымы басшысы орынбасарының актісімен қабылданды
  • Педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде тыйым салынады
  • A) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізуге
  • B) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша біліктілігін көтеруге
  • C) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша айлық жалақысын қысқартуға
  • D) Педагогтің өзінің келісімімен кез-келген қоғамдық ұйымдарға мүшелікке өтуге
  • E) Өзінің таңдауымен кез-келген партияның қатарына ерікті түрде мүшелікке өтуіне
  • Мемлекеттік ұйымдардың педагогіне негізгі жұмыс орны бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы белгіленеді
  • A) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 22 еселенген мөлшерінде
  • B) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 18 еселенген мөлшерінде
  • C) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінде
  • D) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде
  • E) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 23 еселенген мөлшерінде
  • Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары
  • A) білім беру бағдарламасына сәйкес тек тәрбиелеуге қатысты ғана оқу құралдарын таңдауға
  • B) білім беру бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің оқу құралдарын, материалдарын және өзге де құралдарын таңдауға
  • C) тек қана білім беру бағдарламасына сәйкес тәрбиелеудің оқу құралын таңдауға
  • D) білім беру бағдарламасына сәйкес тек қана оқыту материалын таңдауға
  • E) жалпы ережеге сәйкес өзге де құралдарды таңдауға
  • Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
  • A) Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделмеген
  • B) Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін тек айыппұл көзделген
  • C) Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қана көзделген
  • D) Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді
  • E) Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін тек жұмыстан шеттетілу көзделген
  • Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері
  • A) педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері нормативтік сипатқа ие
  • B) педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері ауызша ақпараттық сипатқа ие
  • C) педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады
  • D) педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері міндетті түрде орындалуға жатады
  • E) педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері заңдық сипатқа ие
  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес толық емес жұмыс күнның ұзақтығы
  • A) аптасына 24 сағаттан аспау керек
  • B) аптасына 32 сағаттан аспау керек
  • C) аптасына 36 сағаттан аспау керек
  • D) екі тараптың келісімімен белгіленеді
  • E) аптасына 35 сағаттан аспау керек
  • Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, жұмыскерлерді кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар – ол
  • A) еңбек қатынастарымен тікелей байланысты қатынастар
  • B) еңбек қатынастары
  • C) құқықтық қатынастар
  • D) қоғамдық қатынастар
  • E) жұмыс жөніндегі қатынастар
  • Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – ол басталғанға дейінгі
  • A) екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі
  • B) бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі
  • C) жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі
  • D) үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі
  • E) алты жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі
  • Үстеме жұмыстар ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда неше сағаттан аспауға тиіс
  • A) үш сағаттан
  • B) екі сағаттан
  • C) біржарым сағаттан
  • D) төрт сағаттан
  • E) бір сағаттан
  • Уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзімі болып табылады
  • A) еңбек шартына көрсетілген
  • B) өткен күн жұмыстың аяқталған күні
  • C) жұмыскермен белгіленген күн
  • D) жұмыс берушімен белгіленге күн
  • E) өткен күні жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскердің жұмысқа шығатын күні
  • Жұмыс берушінің құқығы
  • A) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшының немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға
  • B) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне
  • C) міндетті әлеуметтік сақтандырылуға
  • D) бірдей еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз бірдей ақы алуға
  • E) еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге
  • Жұмыс беруші жұмыскерді жұмыстан шеттетуге міндетті
  • A) жұмыс беруші берген жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш құралдарын пайдаланбағанда
  • B) жұмыс орнына өтетін рұқсатын көрсетпегенде
  • C) еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтағанда
  • D) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөнінде білімін тексеру бойынша емтихандар тапсырғанда
  • E) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып табылатын болса, медициналық қарап-тексеруден не ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткенде
  • Жұмыскер құқылы
  • A) жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға
  • B) сынақ мерзімін қоюға
  • C) жұмыс берушінің актілерін шығаруға
  • D) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне
  • E) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға
  • Жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді және байланысты емес
  • A) жұмыскердің біліктілігіне
  • B) жұмыстын құрделісіне
  • C) жұмыстын сапасымен санына
  • D) жұмыскердің тәжірибесіне
  • E) еңбек шарттарына
  • Әркімнің еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да бір кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне билік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы
  • A) намыс бостандығы
  • B) шарт бостандығы
  • C) еңбек бостандығы
  • D) діни көзқарас бостандығы
  • E) жүру бостандығы
  • Жұмыс берушінің құқығы
  • A) міндетті әлеуметтік сақтандырылуға
  • B) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшының немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға
  • C) жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге
  • D) бірдей еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз бірдей ақы алуға
  • E) еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге
  • Еңбек тәртіптемесінің қағидалары
  • A) заңнамамен бекітіледі
  • B) еңбек кодексімен бекітіледі
  • C) жұмыскер бекітеді
  • D) кәсіподақ бекітеді
  • E) жұмыс беруші бекітеді
  • ҚР Еңбек кодексімен әлеуметтік демалыстын келесі түрі қарастырылмаған
  • A) жалақы сақталмайтын демалыс
  • B) жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс
  • C) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс
  • D) оқу демалысы
  • E) мүгедектің күтіміне байланысты демалыс
  • Тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық айлықақылар, кесімді бағалар бойынша төлемді қамтитын, жалақының салыстырмалы түрдегі тұрақты бөлігі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер – ол
  • A) жалақы
  • B) ақшалай төлемдер
  • C) әлеуметтік сақтандыру сомасы
  • D) жылсайыңғы төленетін демалыс күндеріне төлем
  • E) негізгі жалақы
  • Жұмыс берушінің құқығы бар
  • A) міндетті әлеуметтік сақтандырылуға
  • B) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшының немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға
  • C) жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тартуға
  • D) бірдей еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз бірдей ақы алуға
  • E) еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге
  • Тәрбиелеу функцияларын атқаратын және осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасаған үшін еңбек шарты бұзылатын жұмыскер
  • A) дәрігер
  • B) мектеп оқытушысы
  • C) бухгалтер
  • D) жүргізуші
  • E) инженер
  • Жұмыс істейтін екі және одан көп жұмыскерді зиянды және ( немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар – ол
  • A) ұжымдық қорғаныш құралдары
  • B) жұмыс құралдары
  • C) жұмыс берушінің құралдары
  • D) кәсіподақтын құралдары
  • E) арнайы құралдар
  • Бірінші және екінші топтардағы мүгедектердің жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысынң ұзақтығы
  • A) күнтізбелік алты күн
  • B) күнтізбелік жеті күн
  • C) күнтізбелік үш күн
  • D) күнтізбелік он күн
  • E) күнтізбелік он екі күн
  • Еңбек шарты жасалады
  • A) жазбаша түрде
  • B) ауызша түрде
  • C) формасын сақтау міндетті емес
  • D) электронды түрде
  • E) еңбек шартын жасау міндетті емес
  • Тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші құқылы
  • A) жұмыскермен түсініспеушілік туындаған жағдайда, қайта тәптіптік жазаны қолдануға
  • B) жалпы еңбек ұжымы жиналысын өткізіп мерзімінен бұрын алуға
  • C) телефон арқылы мерзімінен бұрын алып тастауға
  • D) хабарлама жыберіп мерзімінен бұрын алуға
  • E) жұмыс берушінің актісін шығарып мерзімінен бұрын алуға
  • Еңбек жағдайлары өзгерген кезде
  • A) еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі
  • B) еңбек шарты өзгермейді
  • C) жаңа еңбек шарты жасалады
  • D) бұл туралы ақпарат үш күн бұрын айтылады
  • E) бұл туралы ақпарат жеті күн бұрын айтылады
  • Жұмыс беруші міндетті
  • A) жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға
  • B) жұмыскер ауырған күндері үшін жалақыны сақтамау
  • C) жазатайым оқиға болған кезде ешқандай әрекет жасамау
  • D) жұмыс орнына мемлекеттік еңбек инспекцияның өкілдерін кіргізбеу
  • E) жұмыскердің жеке мәліметтерін басқа тұлғаларға беру
  • Жұмыстан шеттетілген кезде жұмыскерге
  • A) жалақысы сақталады, бірақ уақытша жарамсыздыққа төлем жұмыс берушінің есебінен төленбейді
  • B) жалақысы сақталмайды, бірақ уақытша жарамсыздыққа төлем жұмыс берушінің есебінен төленеді
  • C) жалақысы сақталмайды және уақытша жарамсыздыққа төлем жұмыс берушінің есебінен төленбейді
  • D) ақшалай көмек кәсіподақтан беріледі
  • E) жалақысының елу пайызы төленеді
  • Жұмыскер жұмысқа қалып келген жағдайда, жұмыс беруші құқылы
  • A) еңбек шартын бұзу
  • B) тәртіптік жаза қолдану үшін жазбаша түрде түсініктеме талап ету
  • C) сөгіс жариялаумен шектелу
  • D) қатан сөгіс жариялаумен шектелу
  • E) жұмыскердің бұл теріс қылығын ұжымдық жиналыста талқылау
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау
  • A) ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кіреді
  • B) ҚР Мәдениет министрлігінің құзыретіне кіреді
  • C) ҚР Президентінің әкімшілігінің құзыретіне кіреді
  • D) ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің құзыретіне кіреді
  • E) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның құзыретіне кіреді
  • Жоғары колледж
  • A) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны
  • B) кәсіптік білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны
  • C) тек қана техникалық және орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны
  • D) тек қана кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны
  • E) тек қана орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны
  • Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау білім беру жүйесінің
  • A) құқықтары
  • B) азаматтық ұстанымы
  • C) міндеттері
  • D) парызы
  • E) қағидасы
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау жүзеге асырылады
  • A) жалпы қызметі бойынша
  • B) оқыту мерзіміне сәйкес
  • C) кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша
  • D) мамандықтардың топтары бойынша
  • E) біліктіліктер бойынша
  • Дуальды оқыту
  • A) өндірістен қол үзбей, қатарынан екі немесе одан да көп білім беру бағдарламасын меңгерудің және білім беру ұйымдарының өтемақы төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысанының оқытудың бір түрі
  • B) өндірістен уақытша қол үзіп, қатарынан екі немесе одан да көп білім беру бағдарламасын меңгерудің және білім беру ұйымдарының өтемақы төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны оқытудың бір түрі
  • C) өндірістен уақытша қол үзіп, қатарынан екі немесе одан да көп білім беру бағдарламасын меңгерудің және білім беру ұйымдарының өтемақы төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастырылмаған кадрлар даярлау нысаны оқытудың бір түрі
  • D) кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны
  • E) білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынумен ғана ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны
  • Қашықтықтан білім алу технологиясы
  • A) тек техникалық құралдарға негізделген, қолдануы барысында сандық бағдарламаларды қажет ететін өндірістен қол үзу арқылы, нәтижелі білім ала отырып жоғары оқу орнын бітірудің бір формасы
  • B) қолдануы барысында сандық бағдарламаларды қажет ететін неғұрлым қысқа мерзімде жоғары дипломы бар мамандық иесі атанудың ең тиімді формасы
  • C) қолдануы барысында сандық бағдарламаларды қажет ететін неғұрлым қысқа мерзімде жоғары дипломы бар мамандық иесі атанудың ең тиімді формасы
  • D) студент пен педагогтің қашықтықтан байланыс жасай отырып, әрі озық ақпараттық-технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту формасы
  • E) білім алушы мен педагогтің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту
  • Лицей
  • A) білім алушылардың қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғарғы оқу орны
  • B) студенттердің бейімділігіне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын оқытатын оқу орны
  • C) білім алушылардың қабілетіне сәйкес оларға кең ауқымда тек қана жаратылыстану пәндері бойынша білім беруді қамтамасыз ететін орта және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғарғы оқу орны
  • D) білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны
  • E) өзіндік материалдық игіліктері бар, тамақтандыру жүйесі қалыптасқан, оқушыларды білім деңгейіне қарай оқыту мүмкіндігі бар жоғарғы, әрі кәсіби білім беретін оқу орындарының бір нысаны
  • Инклюзивті білім беру
  • A) тек қана жеке мүмкіндіктерін ескере отырып білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету
  • B) ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс
  • C) тек ерекше білім беру қажеттіліктерін ғана ескере отырып білім алушылар үшін білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етуші үрдіс
  • D) толық қанды мүмкіндіктерді ескере отырып білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үрдісі
  • E) толық қанды білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуші үрдіс
  • Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады
  • A) Ағымдағы заңнамаға сәйкес тексеріс жүргізу арқылы жүзеге асырылады
  • B) Мемлекеттік тіркеу арқылы жүзеге асырылады
  • C) Құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады
  • D) прокурорлық қадағалау арқылы жүзеге асырылады
  • E) Аудандық және облыстық білім басқарламалары басшыларының қдағалауымен ғана жүзеге асырылады
  • Білім беру саласындағы мемлекеттік монополияға жатады
  • A) тек қана білім беру жүйесі мен білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет
  • B) білім беру деңгейлері бойынша тек оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдарына сараптама жүргізуді қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет
  • C) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен оқу жоспарлары, сонымен қатар оқу бағдарламаларын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет
  • D) білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге, құралдарға сараптама жүргізуді, сондай-ақ білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет
  • E) тек мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет
  • Білім беру ұйымдарының құзыретіне жататын функциялар
  • A) жоғарғы ғылыми дәреже беру
  • B) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту
  • C) біліктілік нысандарын анықтау
  • D) ғылыми лауазымдар тізбесін бекіту
  • E) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекітеді
  • Бакалавриат
  • A) Тиісті мамандық бойынша «арнайы маман» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім беру бағдарламалары
  • B) Тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары
  • C) Тиісті мамандық бойынша дәреже бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламаларымен анықталған әрі берілетін мамандық атауы
  • D) Кез-келген қызметті атқаруға рұқсат беретін құжат және білім беру бағдарламаларымен анықталған мамандық атауы
  • E) Тиісті мамандық бойынша дәреже бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламаларымен анықталған әрі ғылыми дәреже
  • Кәсіптік практика
  • A) болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі
  • B) белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде қалыптасқан дағдыларды бекітуге бағытталған оқу қызметінің түрі
  • C) болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау барысында практикалық машықтар мен құзыреттерді дамытуға бағытталған оқу процесінің түрі
  • D) кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің қосымша түрі
  • E) кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде тек теориялық білімдерді ғана дамытуға бағытталған оқу қызметінің жанама түрі
  • Білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына ( міндеттеріне) қатысты бөлінеді
  • A) техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары
  • B) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық); кәсіптік (үлгілік, жұмыстық); қосымша болып бөлінеді
  • C) кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары
  • D) жалпы гуманитарлық білім беру бағдарламалары
  • E) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары
  • Гимназия
  • A) білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін, бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны
  • B) гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш және қосымша білім беру
  • C) білім алушылардың бейімділігіне сәйкес қоғамдық және өзге де оқыту бағыттары бойынша тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін, негізгі орта және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны
  • D) қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін, бастауыш және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны
  • E) білім алушылардың қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны
  • Мемлекеттік атаулы стипендия
  • A) Мемлекет тарапынан тағайындалатын көмекақы
  • B) Студенттердің күнкөріс қаржысы
  • C) Студенттерге жатаханаға төлеуге берілетін мемлекеттік көмек
  • D) ҚР Президенті және (немесе) ҚР Үкіметі тағайындайтын стипендия
  • E) ҚР Ұлттық Ғылыми Академиктері үздік студенттерге тағайындайтын шәкіртақысы
  • Экстернат
  • A) Білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын нысандарының бірі
  • B) Білім алушы сабаққа үнемі қатыса отырып тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетінше оқитын нысандарының бірі
  • C) Білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ қосымша білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын нысандарының бірі
  • D) Сабаққа жарты жылда бір рет қытысып оқу бағдарламаларын меңгеру
  • E) Сабаққа бір жылда бір-ақ рет қатысу арқылы оқу бағдарламаларын меңгеру нысаны
  • Он алты жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға мына ерекше жағдайларда рұқсат етіледі
  • A) Құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша
  • B) Құқыққа қарсы әрекеттер жсағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын бұзған жағдайда және тек қана ата-анасының келісімі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі
  • C) Құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын бұзған жағдайда бұзған жағдайда ғана рұқсат етіледі
  • D) Тұрақты 2 айдан артық мерзімде сабаққа қатыспаған жағдайда ғана рұқсат етіледі
  • E) Құқыққа қарсы әрекеттер жасаған жағдайда мектеп директорының келісімімен ғана рұқсат етіледі
  • Білім беру саласындағы уәкілетті орган
  • A) Білім беру саласындағы ұйымдастыруды ғана жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы
  • B) Білім беру саласындағы тек үйлестіру функциясын ғана жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының билік етуші органы
  • C) Білім беру саласындағы тек салааралық үйлестіру функциясын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы
  • D) Білім беру саласындағы үйлестіру функциясын ғана жүзеге асыратын жергілікті орталық атқарушы органы
  • E) Білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы
  • Білім беру сапасын басқару техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда жүзеге асырылады
  • A) тек лицензиялау арқылы
  • B) білім беру мониторингінің нәтижелері негізінде, білім берудің барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы
  • C) тек оқу жетістіктерін сырттай бағалау арқылы
  • D) тек білім беру сапасын өлшеу арқылы
  • E) білім алушылардың даярлық деңгейіне
  • Тірек мектеп (ресурс орталығы)
  • A) Әртүрлі салалар бойынша ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
  • B) Училище типтес қоғамға қажетті мамандықпен байланысты негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын орта білім оқу орны
  • C) ерекше мәртебесі бар қоғамға қажетті мамандықпен байланысты негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын орта білім оқу орны
  • D) Шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзімді сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды атестатталуын өткізу үшін таяу маңдағы шағыр жинақталған мектептердің білім беру ресурстары оның базасында шоғырланатын орта білім беру ұйымы
  • E) Мәдениет саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын орта білім оқу орны
  • Орта білім ұйымдарының негізгі түрлері
  • A) Орта білім ұйымдарының негізгі түрлері училище, колледж, лицей, орта білім беретін мектеп болып табылады
  • B) Орта білім ұйымдарының негізгі түрлері колледж, кәсіптік техникум, лицей, орта білім беретін мектеп болып табылады
  • C) Орта білім ұйымдарының негізгі түрлері жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейіндік мектеп болып табылады
  • D) Орта білім ұйымдарының негізгі түрлері мамандандырылған колледж, лицей, кәсіби училище, орта және арнаулы білім беретін мектептер болып табылады
  • E) Орта білім ұйымдарының негізгі түрлері дарынды балаларға арналған лицей, колледж, техникум, орта білім беретін мектептер болып табылады
  • Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
  • A) Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында көзделмеген оқу сабақтарының немесе модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін процесс
  • B) Тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім
  • C) Тиісті білім беру деңгейінің жалпыға міндетті стандарттарында көзделген оқу сабақтарының немесе модульдерінің көлемін арттыру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім
  • D) Тиісті білім беру деңгейінің жалпыға міндетті стандарттарында көзделген тек оқу сабақтарының көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін процедура
  • E) Тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында көзделген оқу пәндерінің немесе модульдердің сапасын арттыру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім
  • Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі
  • A) Білім беру сапасының жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің рәсімдері мен нысандарының жиынтығы
  • B) Білім беру сапасының мемлекеттің мүддесіне сәйкестігі
  • C) Білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы
  • D) Білім беру сапасының тек жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің конституционалдық құрылымдары, нысандары мен әдістерінің жиынтық бірлігі
  • E) Білім беру сапасының тек қана мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін белгілеудің конституционалдық қағидалары мен әдіс-тәсілдерінің жиынтығы
  • Мемлекеттік оқу бітіру емтиханы
  • A) ағымдағы заңнаманы басшылыққа ала отыра білім алушылардың орта білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын қорытынды аттестаттау құжатын тапсырудың ішкі және ерекше нысаны
  • B) ағымдағы заңнаманы басшылыққа ала отыра оқушылардың орта білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын мемлекеттік үлгідегі құжат
  • C) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау формасы
  • D) оқушылардың мектеп курсын аяқтағаны туралы куәландыратын мемлекеттік үлгідегі құжаты
  • E) білім алушылардың орта білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын, мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті шарт болып табылатын, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысаны
  • Білім туралы құжаттарды нострификациялау
  • A) Басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім
  • B) Басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе ұлттық оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім
  • C) Басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе ұлттық оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың нақтылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім
  • D) Басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе ұлттық оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың түпнұсқа екендігін анықтау
  • E) Басқа мемлекеттерде немесе ұлттық оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың жалған екендігін анықтау үшін жүргізілетін рәсім
  • Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қабылданғанда келісімі қажет ұйым
  • A) жетім балалар білім алатын оқу орнының басшысының келісімімен ғана қабылданады
  • B) жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқудан шығаруға мүлдем тыйым салынған
  • C) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқудан шығару туралы келісім жақын туысқандарының келісімімен ғана қабылданады
  • D) жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келісімімен қабылданады
  • E) жетім балаларды оқудан шығару туралы шешім, тек қамқоршы ұйымдарының бірінші басшыларының ғана келісімімен қабылданады
  • Академия білім беру ұйымы
  • A) академия – белгілі бір бағыт бойынша тек ғылыми қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы
  • B) академия – белгілі бір аяда педагогикалық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын білім беру ұйымы
  • C) академия – белгілі бір бағыттағы ғылыми қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы
  • D) академия – белгілі бір кәсіби бағыт бойынша ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын арнайы оқу орнынан кейінгі білім беру мекемесі
  • E) академия – белгілі бір салада ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы
  • Білім беру ұйымдары басшы кадрларының, педагогтерінің және ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүзеге асырылады
  • A) үш жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады
  • B) алты жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады
  • C) бес жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады
  • D) жеті жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады
  • E) педагогтің тікелей өзі анықтаған мерзімде жүзеге асырылады
  • ҚР-ның ұлттық қауіпсіздік органдары, Ішкі істер министрлігі, прокуратура органдарының және Қорғаныс министрлігі өздеріне ведомствалық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мынадай өкілеттіліктерді жүзеге асырады
  • A) әскери, арнаулы оқу орындарында (орта білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді
  • B) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады
  • C) білім беруді дамыту жөніндегі заңдарды бекітеді
  • D) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатыспайды
  • E) білім беруді дамыту жөніндегі тұрақты түрде қызмет атқаратын мемлекеттік комиссияны құрады
  • Облыстың жергілікті атқарушы органының білім беру саласындағы құзыреті
  • A) облыстық деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің материалдық- техникалық базасын қамтамасыз етеді
  • B) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелдік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады
  • C) білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді
  • D) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлейді
  • E) «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекітеді
  • Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
  • A) біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді
  • B) біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны әскери саладағы уәкілетті орган бекіткеннен кейін береді
  • C) әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны әскери тәртіп негізінде береді
  • D) әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін заңды тұлғаға береді
  • E) арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны бір жылдан аспайтын мерзімге береді
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған оқыту-сауықтыру білім беру ұйымдары
  • A) балалардың, оның ішінде өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың сауықтырылуын, демалысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады
  • B) басқа да білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын әзірлейді
  • C) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымдарына арналған стандарттарды әзірлейді және бекітеді
  • D) балалардың сауықтырылуы, демалысы уақытында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруіне бағытталған әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражаттарының көлемін анықтайды
  • E) білім алушыларға медицианлық қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында медициналық стандарттардың өлшемдерін бекітеді
  • Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес білім беру жүйесінің міндеттеріне кіреді
  • A) жеке адамның шығармашылық рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту
  • B) жеке адамның өнерге деген шығармашылық, дәстүрлі-рухани негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту
  • C) жеке адамдардың нақты ғылымдардың жеке бағыттары бойынша қабілеттерін ескере отыра ерекше сипаттағы дамуына қолайлы жағдай жасау
  • D) халықаралық тәжірибедегі озық үлгілер негізінде жекелеген оқушыларға білім деңгейін көтеру мақсатында конкурстан тыс іріктеу жүйелерін құру
  • E) мемлекеттік тілді еркін меңгерген жеке адамдардың шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін дамыту
  • Білім беру ұйымдарының құзыретіне жататын функция
  • A) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету
  • B) білім беру саласындағы әр түрлі деңгейлердегі білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу және бекіту
  • C) білім беру саласындағы мемлекет есебінен бөлінетін қаражатқа кассалық функцияны жүзеге асыру және қаражаттардың тиімді жұмсалуына мониторинг жүргізу
  • D) білім беру саласындағы заңдардың нақты және бірыңғай қолданылуына мемлекеттік қадағалауды заңнамаға сәйкес жүзеге асыру
  • E) білім беру саласында конфликтік жағдайлар туындағанда медиациалық қызметті қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыру
  • Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай бөлінеді
  • A) жалпы орта білім беру болып бөлінеді
  • B) ерекше орта білім беру болып бөлінеді
  • C) дуальды орта білім беру болып бөлінеді
  • D) қашықтықтан кейінгі орта білім беру болып бөлінеді
  • E) профильді орта білім болып бөлінеді
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
  • A) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді
  • B) балаларды тек тәрбиелеу тұтастығы принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді
  • C) балаларды тек оқыту принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді
  • D) балаларды тек дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді
  • E) балаларды тек сауықтыру тұтастығы принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді
  • Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту
  • A) экстернат бойынша оқыту нысанында жүзеге асырылады
  • B) вариативті оқыту нысанында жүзеге асырылады
  • C) факультативті оқыту нысанында жүзеге асырылады
  • D) блоктік оқыту нысанында жүзеге асырылады
  • E) модульдік оқыту нысанында жүзеге асырылады
  • Білім беру жүйесінің міндеттеріне кірмейді
  • A) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеуге байланысты республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру мақсатында саяси сипаттағы қоғамыдық ұйымдар құру
  • B) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау
  • C) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту
  • D) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу
  • E) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру
  • Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Респібликасы азаматтарынң санатына жатады
  • A) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар
  • B) отбасындағы орташа табысы оның мүшереліне шаққанда орташа жалақы мөлшерінен төмен болып табылатын отбасынан шыққан кәмелет жасына толмаған азаматтар
  • C) мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар
  • D) білім берудің мемлекеттік тапсырыс бойынша байқау процедураларынан өтпеген, сондай ақ заңнама бойынша ата аналары ең төменгі мөлшерде жалақы алатын кәмелетке толмаған азаматтар
  • E) орта білім беру мекемелеріндегі үлгерімі жоғары азаматтар
  • Білім туралы ҚР-ның заңына сәйкес білім беру жүйесінің міндеттеріне кіреді
  • A) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы
  • B) білімнің, ғылымның және дәстүрдің интеграциясы
  • C) діни құндылықтардың, ғылымның және өндірістің интеграциясы
  • D) білімнің, ұлттық құндылықтардың және өндірістің интеграциясы
  • E) білімнің, тек жаратылыстану ғылымының және өндірістің интеграциясы
  • Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары мазмұнына және білім алушылардың даярлық деңгейіне қарай
  • A) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары
  • B) кіші буын мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары
  • C) жоғарғы буын мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары
  • D) тек құрылыс саласы мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары
  • E) халықаралық қатынас саласында қызмет істейтін буын мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары
  • Білім беру ұйымдарының құзыретіне жататын функция
  • A) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету
  • B) білім беру саласындағы әр түрлі деңгейлердегі білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу және бекіту
  • C) білім беру саласындағы мемлекет есебінен бөлінетін қаражатқа кассалық функцияны жүзеге асыру және қаражаттардың тиімді жұмсалуына мониторинг жүргізу
  • D) білім беру саласындағы заңдардың нақты және бірыңғай қолданылуына мемлекеттік қадағалауды заңнамаға сәйкес жүзеге асыру
  • E) білім беру саласында конфликтік жағдайлар туындағанда медиациялық қызметті қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыру
  • Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Ішкі істер министрлігі, прокуратура органдарының және Қорғаныс министрлігі өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мынадай өкілеттіліктерді жүзеге асырады
  • A) әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді
  • B) біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны әскери саладағы уәкілетті орган бекіткеннен кейін береді
  • C) әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны әскери тәртіп негізінде береді
  • D) әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін заңды тұлғаға береді
  • E) әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны бір жылдан аспайтын мерзімге береді
  • Облыстың жергілікті атқарушы органының білім беру саласындағы құзыреті
  • A) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады
  • B) білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді
  • C) оқытуды ұйымдастыру қағидаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді
  • D) кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді
  • E) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді
  • Білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты
  • A) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық) болады
  • B) жалпы білім беретін лицейлік (үлгілік, жұмыстық) болады
  • C) жалпы білім беретін гимназиялық (үлгілік, жұмыстық) болады
  • D) жалпы білім беретін мамандыққа негізделген (үлгілік, жұмыстық) болады
  • E) жоғары кәсіби білім беретін (үлгілік, жұмыстық) болады
  • Мектеп алды даярлық міндетті әрі
  • A) отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады
  • B) тек отбасында немесе мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады
  • C) тек мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады
  • D) тек жалпы білім беретін мектептердің мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады
  • E) тек мектепке дейінгі ұйымдарда немесе лицейлердің және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады
  • Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларынң үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін қамтиды
  • A) орта білімнен кейінгі білім беруді
  • B) аралас орта білім беруді
  • C) негізгі жоғары білім беруді
  • D) қосымша орта білім беруді
  • E) мамандыққа негізделген орта білім беруді
  • Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне жатпайды
  • A) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіне байланысты айқындалуы
  • B) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы
  • C) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі
  • D) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы
  • E) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу