Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама тесттер


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты не?

  • қаржылық бақылау
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау
  • мемлекет пайдасына өндіріп алу

Дұрыс жауабы: b

2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы қандай қатынастарды реттейді?

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және ҚР-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған
  • біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң
  • мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, олардың әлеуметтік және мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында

Дұрыс жауабы: a

3. Заңсыз алынған мүлікті немесе оның құнын мемлекетке өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, өндіріп алу қалай жүзеге асырылады?

  • прокурордың қаулысы негізінде
  • тергеу жүргізуші органның шешімі бойынша
  • соттың шешімімен

Дұрыс жауабы: c

4. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін кімдер жауапты?

  • мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға тексерілген адамдар
  • Қазақстанның аумағынан тыс жерде тұратын шет ел азаматтар
  • азаматтығы жоқ адамдар

Дұрыс жауабы: a

5. Қай нормативтік құқықтық актілермен сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза көзделген?

  • ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде
  • ҚР Азаматтық кодексінде
  • ҚР Қылмыстық кодексінде

Дұрыс жауабы: a c

6. Төмендені аталғандардың қайсысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының қағидасы болып табылады?

  • жариялық пен ашықтық
  • кінәлінің жауаптылығы қағидаты
  • жауаптылықтың бұлартпастығы қағидаты

Дұрыс жауабы: a b

7. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін осы заңның негізінде жауапты болатындар?

  • прокурорлар
  • тергеу жүргізуші органдар
  • мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар

Дұрыс жауабы: c

8. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті кім жүргізуге міндетті?

  • тек құқық қорғау органдары
  • өз құдіреті шегінде барлық мемлекетті органдар мен лауазымды адамдар
  • прокуратура органдарының барлық қызметкерлері

Дұрыс жауабы: a

9. Мемлекеттік міндеттерді атқарумен байланысты қойылатын шектеулерді қабылдамау қандай салдарға әкеп соғады?

  • жұмысынан босатуға
  • айыппұл салуға
  • сөгіс жариялауға

Дұрыс жауабы: a

10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл:

  • ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Жоғарғы соты
  • мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар
  • жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарын алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері

Дұрыс жауабы: с



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу