Бала тәрбиесі басты құндылық ҚМЖ


Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні: .

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Бала тәрбиесі басты құндылық

Құндылық

Мақсаттары

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін      түсіндіру, бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата- анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу, ата- аналары балаларының бойына сіңірген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы  ұстаз ата-ана. Бала үшін үй-ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. «Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер» дейді халық  даналығы. Бала кішкентай кезінен –ақ нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан да әке де, ана да балаларының жан дүниесіне  үңіліп мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.  Балаларымен әңгімелескенде олардың пікірімен санасып отырғаны орынды.

«Біздің жанұя»

    Қоғамда жанұяның төрт типі  болады екен. Соны өздеріңіз білгілеріңіз келе ме? Ендеше өз жанұяларыңызды қай типке жатқызасыздар?(ойлануға болады)

1.     Әмірлі (авторитарлық)

2.     Демократиялық (егемендік)

3.     Бетімен жіберушілік

4.     Рақымшыл жанұя

    Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұя сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?… Өзгерткіңіз келмей ме?… Қалай өзгертер едіңіз?…. Кімнің көмегі қажет?…. )

Тәрбиеге  байланысты айтылған сөйлемді аяқтап жазу.Оқушыларға бірге аяқтап жазуға болады. (Үш топқа парақшалар таратылады

1.     Егер баланы үнемі сынап отырса……….

(оқуға құлқы болмайды)

2.     Балаға үнемі күлсе……………………………

(бұйығы болып өседі)

3.     Баланы қолдап отырса……………………….

(білімге деген ынтасы артады)

1.     Балаға сенім артса………………………..

(өз ісіне сенімді болады)

2.     Бала төзімділікте өссе……………………

(адал болып жетіледі)

3.     Бала қауіпсіз жағдайда өссе……………

(ертеңіне сенімді болады)

1.     Бала кекшілдікте өссе……………………..

(ол қатыгез болып өседі)

2.     Бала адалдықта өссе………………………

(әділ болып жетіледі)

3.     Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе………..

(бұл әлемде махаббат табуға үйренеді)

Сабақтың ортасы

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың

- Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып қалыпты.

Балдан тәтті не? (бала)

Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

Балаға кім сыншы? (ата-ана)

Әкеден балаға беріледі (мұра)Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстазқадірлі.)

Үйдегі алтын қазық кім? (ана) «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)Қаз да емес, үйрек те емес,Дастарханда болмайдыБірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)

Сабақтың соңы

- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.Күтілетін нәтиже:Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу