ХАТТАМА ЛАГЕРЬ


№137 жалпы орта білім беретін мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Қамқоршылық кеңесі отырысының № 2 хаттамасы

Мерзімі:

Қатысқандар:

  • Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ерназарова Ботагөз Сайфуллинқызы

Мүшелері:

  • Байбосынов Мұхан Абдашимович
  • Анарбеков Нұрпейіс Жапарович
  • Дакулов Қадырбек Медеуович
  • Бердияров Ербол Кабылбаевич
  • Балабаева Жазира Қасымбековна
  • Қалиев Еркінбай Камашович
  • Алтынбаева Эльмира Жаңабайқызы
  • Зәйтунова Мария
  • Исаев Мақсат Шамансурович

Күн тәртібінде:

2020-2021 оқу жылындағы оқушылардың жазғы сауықтыру лагеріне мектеп кеңсесі арқылы құжаттар қабылдау туралы

 Тыңдалды: Бірінші мәселе бойынша кеңес төрағасы Б. Ерназарова сөз алып Шымкент қалалық білім басқармасының 26.05.2021 жылғы №10-06-03/3998 шығыс хатын негізге ала отырып, жазғы кезеңде аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардың демалысын, сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру мақсатында Шымкент қалалық ХҚКО арқылы ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы 11 қосымшасына сәйкес құжаттар қабылданып, мектебіміздің 106 оқушысы қала сыртындағы лагерлерде демалуға жолдама алғандығы туралы айта келе, қазіргі елдегі болып жатқан эпид ахуалға байланысты, лагерге баруға құжат өткізіп, лагерге баратын оқушылар тізіміне енген үш оқушыдан кетуге үш күн қалғанда ПЦР талдауы оң нәтижелі болып лагерге баруға тиым салынып, үш күн ішінде ол балалардың орнына басқа әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды қамту мақсатында, мектеп кеңсесі арқылы құжаттарын қабылдауға шешім шығару керектігі туралы айтып өтті.

 

 Тыңдалды: Кеңес мүшесі Анарбеков Нұрпейіс өз кезегінде сөз алып, Шымкент қалалық санитарлық бас дәрігерінің қаулысымен Шымкент қаласының эпидахуалға байланысты қызыл аймаққа енуіне байланысты, ХҚКО жұмысы шектелгенін, және құжаттар өткізу мен беру тек алдын ала жазба арқылы жүргізілетінін айта келе, ПЦР тесті анықталған үш оқушының орнына құжат тапсырып, лагерге баратын оқушылар тізіміне енуге өтінішті ХҚКО арқылы өткізуге уақыт тығыздығын ескере келе, мектеп қамқоршылық кеңесінің шешімімен қала сыртындағы лагерде демалуға құжат өткізуді мектеп кеңсесі арқылы қабылдау керектігін, мемлекет тарапынан лагерге баруға мектебімізге бөлінген путевканың күйіп кетпеуін, аз қамтылған отбасынан шыққан басқа оқушыларды қамтуға мүмкіндік болып тұрғанын айта келе, №158 бұйрықтың 11 қосымшасына сайкес құжаттары қабылданып, оқушыларымыздың лагерге баруына жағдай жасау тарапынан туындап отырғандықтан қарсы еместігін білдірді.

 

 Тыңдалды: Кеңес мүшесі М.Байбосынов сөз алып, Қазақстан Республикасының 2021-2022 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы Заңының 9 бабына сәйкес ең төменгі күн көріс деңгейінің шамасы 2021 жылға 34302 теңге болып белгіленгені туралы айтып, өтініш берген ата-аналардың орташа табыс көзі есепке алынуы үшін, құжаттары жеткіліксіз отбасылардың аз қамтылған отбасы екендігін, тұрмыстық жағдайын зерделеп, акт құрылатындағын айтып өтті.

 

 Тыңдалды: Мектеп әлеуметтік педагогы М.Құрманбек сөз алып: әлеуметтік мәртебесі жартылай жетім, ажырасқан және жалғызбасты ана отбасынан шыққан үш оқушының құжаттарын ұсынды.

 Қамқоршылық кеңесі мүшелері ұсынылған құжаттарды қарай келе, аталған отбасылардың үйіне барып, отбасылық жағдайымен танысып, мектебіміздің оқушысы Тұрсынбек Бақдаулеттің жартылай жетім отбасынан екендігін, анасының 1,5 жасар баламен бала күтімінде отырғанын, кәмелетке толмаған 3 баласы барын, әзірге отбасыға кіретін табыс көзінің төмен екендігін ескере келе, АКТ түзіп лагерге баратын оқушылар тізіміне енгізуге ұсынды. Мектебіміздің оқушылары Ауелхан Нұрмұхамедәлі мен Ақыбай Ажардың отбасында болып, екі отбасыныңда жалдамалы пәтерде тұратындығын, аналары жұмыс істегенмен, әкелерінің қазіргі таңда балаларына қаржылай көмек көрсете алмай, алимент төлемей отырғанын, осындай жағдайда отырсада балалары мектептің қоғамдық өміріне етене араласып, сабақта үздік оқып жатқандықтарын ескере келе аталған екі оқушының легерге демалатын оқушылар тізіміне енгізуге ұсынды. (тізім қосымша ұсынылды)

 

 

Оқушының аты жөні

туған жылы айы күні

Сы

ныбы

мәртебесі

мекен жайы

лагерь атауы

ауысым

ата-анасының тел номері

мектептегі жауапты маманның тел номері

1

Ауелхан Нұрмұхамедәлі

11.02.2012

аз қамтылған

Самал 3 5664а

Үшбұлақ

87775310587

87026062611

2

Ақыбай Ажар

16.07.2007

аз қамтылған

Сарыөзек 19

Үшбұлақ

87752546141

87026062611

3

Тұрсынбек Бақдаулет

11.02.2007

аз қамтылған

Самал 3 60

Үшбұлақ

87784838779

87026062611

 

 

Жарыс сөзге шыққан басқада кеңес мүшелері жоғарыда аты аталған оқушылардың ата-аналарының лагерге жолдамамен қамтылуы үшін құжаттарын мектеп кеңесесі арқылы өткізулеріне қарсы еместігін айтып бір ауыздан шешім қабылдады.

 Қаулы:

  • Мектеп кеңсесі арқылы 158 бұйрықтың 11 қосымшасы негізінде оқушылардың құжаттарын қабылдап, тіркеуге алып, тізімін жасау, путевкамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу мектеп әлеуметтік педагогы М.Құрманбекке жүктелсін.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы 1. Ерназарова Ботагөз Сайфуллинқызы

Мүшелері:

2. Байбосынов Мұхан Абдашимович

3. Анарбеков Нұрпейіс Жапарович

4. Дакулов Қадырбек Медеуович

5. Бердияров Ербол Кабылбаевич

6. Балабаева Жазира Қасымбековна

7. Қалиев Еркінбай Камашович

8. Алтынбаева Эльмира Жаңабайқызы

9. Зәйтунова Мария

10. Исаев Мақсат Шамансурович



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу