ата -аналар жиналысы хаттама


«Бейнеу лицейі» мемлекеттік мекемесінде өткізілетін жалпы ата-аналар арасында «Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігі білім кепілі» тақырыбында мектепішілік жиналыстың жүрісі.

                                                                                            

Болатын уақыты: 15.09.2015ж 

Қатысуға тиісті – 70

Қатысты -

Күн тәртібінде:

1. Өткен оқу жыл қорытындысы, жаңа оқу жылына дайындық туралы лицей директоры Б.Демократұлының есебі.

2. Өткен оқу жылы туралы ата-аналар комитетінің есебі және комитеттің жаңа құрамын сайлау. ата –аналар комитетінің төрағасы А.Майлан.

3. Баяндама « Бала тәрбиесіндегі қандай қиындықтарға психологиялық көмек керек....» ата –ана Қ.Умашеева

4. Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Бала құқығы. Мектеп инспекторы Қ.Тұрамбаева

5. Коучинг . «Тәрбие түрлері мен әдістері» I деңгейлі мұғалім Қалиева Шынар

Қаулы:

  • 2014-15 оқу жылының қорытындысы қанағаттарлық деп бағалансын.
  • Оқушыларда саналы тәрбие мен сапалы білім болу үшін мектеп және ата-ана арасында тығыз байланыс орнатылсын. Ата –аналар комитетінің жаңа құрамы бекітілсін.
  • Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп, баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде жүргізілсін.
  • Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары басшылыққа алынсын.

 

Ата –аналар комитетінің төрағасы: А.Майлан

 

 

 

2016-2017 оқу жылы I- жарты жылдығы бойынша

«Баланың бас ұстазы –ата-ана» мектепішілік ата-аналар конференциясы

Болатын уақыты: 1.10.2016ж

Қатысқандар саны: 68 ата-ана

Күн тәртібінде:

  • Өткен оқу жылы бойынша ата-аналармен жасалынған жұмыстар есебі. Г.Әжібаева ТЖО
  • Жаңа құрам сайлау.
  • Суицидтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары. К.Алдабергенова психолог
  • Ағымдағы мәселелер. Директор С.Жұбанов
  • Тәрбие жөніндегі орынбасар Г.Әжібаева. Лицейдегі оқушылармен, ата –аналармен, ұстаздар қауымымен бірлесіп жыл бойы жасалған жұмыстардың негізгі формаларын ұсынды. Жалпы Бейнеу лицейінде жүйелі ата –анамен ынтымақтастық бағытта орнаған. Ұсынылатын өткен оқу жылындағы тәрбие бағыттарындағы сан алуан шығармашылық формалардағы тәрбиелік шаралар дәлел. 2015-16 оқу жылында әр түрлі бағытта жасалған іс-шараларға тоқталып өтті. Ұсыныс айтылды. Жалпы мектеп деңгейінде ата –аналар мен балалардың мәселелері талқыланатын дебат –клуб ұйымдастыруды қолға алу. Ол қызығуы ортақ ата –аналардың, мұғалімдердің және оқушылардың бірлестігі болмақ. Оқушылар әр кезде ересектермен айтыс –тартыс жасауға ұмтылады. Сондықтан осы типте шаралар жасауға болады. Екінші ата-аналар комитеті жанынан «аналар», «әкелер» мектебін ашып, ұл баланың және қыз баланың тәрбиесіне қатысты іс-шараларға белсене араласуды айтып өтті.
  • Мектеп –психологі К.Алдабергенова. Егер әрбір балаға жастайынан жақсы тәлім-тәрбие беріп, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсек, қайғылы жағдайларға тап болмасымыз кәміл. Баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түзу бағыт-бағдар беруіміз қажет.Бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жан дүниесін түсінуі қажет. Жасөспірімдік кезең-алуан түрлі қарама-қайшылыққа толы, ата-аналар мен мұғалімдерді алаңдататын, уайымға түсіретін күрделі шақ. Себебі, мектепте де, отбасында да балалардың агрессиясы үнемі байқалады: дау-дамайдың көптігі, олардың көңіл-күйінің тұрақсыздығы, қоғамға ашықтан-ашық наразылық білдіруі, ата-ананың қамқорлығын қабылдамауы немесе ұялшақтық және жасөспірімдік максимализм. Сондықтан да ата-аналар өздерінің балалары жеткіншек жасқа жеткен уақытта күрделі, тіпті кейбір жағдайда неше түрлі қайшылықтарға кездесетінін түсінулері қажет. Жасөспірімдердің суицидке бейімділігінің себебін анықтау, тіпті солай деп жорудың өзі қиынға түседі. Бұл көбіне балалардың мінез-құлқының тұрақсыздығына да, сондай-ақ анықтау және балаға жәй ғана назар аударудың өзінің жоқтығына байланысты болады. Бұл жастағы балалар ересектер қатарына да жатпайды, бірақ олар бала болғысы да келмейді. Сондықтан оларға ересек адамның тығыз байланысы мен өзара терең түсіністігі қажет. Сондықтан суицидтің алдын алу мақсатында барлық ата-аналарды, мұғалімдерді және оқушыларды арнайы бағдарламамен оқыту жұмыстары жүргізіледі. Осы оқытуға қарсы емеспін деген ата-ананың баласынан сауалнама аламыз. Яғни, қауіп –қатер тобында тұрған баланы анықтап, жеке жұмыс жүргіземін.

Жаңа құрам

Ата-аналар комитеті төрағасы: 1. Акенов Нұрлан 87015253285

Мүшелері: 1. Сисенгалиева Айгүл

2. Қарымсақова Гүлбаршын 87021810578

3. Ниязова Қанбибі 87759404833

4. Елубайқызы Камшат 87718393084

5. Қожашова Нагима 87756658222

«Әкелер» клубы: Жалпы мектептегі ата –аналар жиналысына басқа да шараларға тек әкелерді қатыстырудағы мақсат ұл тәрбиесіне деген әкелердің көзқарастарын кеңейту, сынып оқушылар арасындағы өзекті проблемаларды шешуге жағдай туғызу. Әкелер мектеппен тығыз байланыста жұмыс жасап, мектептегі ер балалардың тәрбиесіне, құқық бұзудың алдын алу, патриоттық тәрбиеге, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстарға көмек көрсетеді.

1.Сынабаев Құрмаш 87752870362

2. Ташмағанбетов Нұрлыбек

3. Оңғарбаев Бауыржан

4. Қабиев Серік

«Аналар» клубы: Тәрбиенің бастауы, ұлттық танымның қайнар бұлағы, кеше мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғастырушы үлкен мектеп – аналар мектебі. Аналарымызды құрметтей отырып, салт - дәстүрімізді қадірлей аламыз. Ал, аналар мектебі барлық тәрбие мектебінің бастауы болмақ. Осы мақсатта қазіргі қыз балалар үшін ананың ақыл –кеңесі, өсиеті, көмегі ауадай қажет. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен шектелмейді.

1. Қыстаубаева Гүлжамал

2. Ташова Бақтыгүл

3. Жаңбырова Айсұлу

4. Дүйсенбаева Несібелі

«Қамқоршылық кеңесі» қоры төрағасы: 1. Акенов Нұрлан

Мүшелері: Ш.Таженова

К.Әзірханова

Н.Хайруллаев

Ж.Жангаев

Г.Қарымсақова

  • Лицей директоры С.Жұбанов. Өз сөзінде ата-ана мен директор арасында жасалған ынтымақтастық келісім шартындағы кейбір пункттеріне тоқталып өтті. Шарт бойынша оқушы мектепке смартфон телефондарын қолдануына тиым салынғандығын, оның орнына қарапайым телефон ұстауға рұқсат берілгендігін айтты. Себебі оқушының көп уақыты интернетте кететіндігін, сабаққа көңіл аумайтындығын алға тартты.

Сұрақ болған жоқ, бір ауыздан ұялы телефонға шектеу қойылуын қолдады.

Қаулы:

1.2015-16 оқу жылының ата-аналармен жасалған жұмыстар қорытындысы «жақсы» деп бағалансын.

2.Оқушыларда саналы тәрбие мен сапалы білім болу үшін мектеп және ата-ана арасында тығыз байланыс орнатылсын. Ата –аналар комитетінің жаңа құрамы бекітілсін.

3.Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, қауіп-қатер тобында оқушы анықталған жағдайда дер кезінде көмектесіп, баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде жүргізілсін.

4.Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары басшылыққа алынсын. Ұялы телефон смартфон ұсталуына тиым салынсын.

5. Суидцидтің алдын алу бағдарламасы кезең кезеңімен мектепте өткізіліп, қауіп қатер тобындағы оқушылармен жұмыс жүргізілсін.

Конференция төрайымы: Қ.Умашева

Хатшысы: Г.Әжібаева

2016-2017 оқу жылы II- жарты жылдығындағы

ата-аналар жиналысы

Болған күні: 08.02.2017 жыл

Қатысқан ата-ана саны: 62

Мұғалім: 8

Күн тәртібінде:

  • Әлеуметтік желіде пайда болған «Көк кит» ойындарының алдын алу шаралары. Г.Әжібаева ТЖО
  • Қауіпсіздіктің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары. К.Алдабергенова психолог. Мектеп инспекторы Т.Нургалиев

ДТЖО Г.Әжібаева - Құрметті ата-аналар, сіздерді шұғыл шақыруымыз себебі қазіргі таңда әлеуметтік желілерде жасөспірімдер арасында кездесіп жатқан неше түрлі қорқынышты ойындардың өршіп тұрғаны. Сондықтан ата-ана болып, мұғалім болып жан-жақтан балаға сақ болайық. Бізде мектепте, өздеріңіз білесіздер оқушылардың ұялы телефон ұстауына тиым салынған. Уйде ата-аналар балаларыңыздың бос уақытында ұзақ интернетте отырмауын қадағалаңыздар! Әсіресе түнгі мезгілде қай уақытта ұйықтап, таңертең нешеде оянатынын бақылауда ұстаңыздар. Аталып жатқан ойын туралы қызығып қарауы мүмкін немесе ойнап көрейінші деп ойлап, шыға алмауы да мүмкін, қорқытып ойнатып қою да әбден мүмкін емес пе? Сондықтан ата-аналар балаға сақ болайық, мына ойынның бала санасын улап өршіп бара жатқаны жақсы емес. Оның дәлелі барлық тв, интернет осы мәселені дабыл қылып айтып жатқаны белгілі. Егер балдарыңыздың немесе таныстарыңыздың ойынға қатысы болса, міндетті түрде мектепке немесе аудандық ішкі істер бөліміне хабарласыңыздар. Бала өмірі мен қауіпсіздігі үшін мына жадынаманы таратамын.

Педагог-психолог К.Алдабергенова- Салеметсіздер ме ата-аналар! Өздеріңіз естіп- біліп отырғандай бала өміріне қауіп төніп тұрғанда, жайдан жай отыра алмаймыз. Сондықтан не істей аламыз, қандай көмек бере аламыз балаға? Алдымен баламен сырласамыз, ашық сөйлесеміз. Бос уақытта сабағын қадағалаңыз, телевизор бірге қараңыз немесе сыртта шығып қар күреңіз. Интернетті қолдануға уақыт шектеу койыңыз. Телефонын арасында тексеріп қарап тұрыңыз. Қазіргі таңда жасөспірім жастағы балалар инстаграммда, вконтактіде көп шоғырланған. Балаңыз қандай топтарға, пабликтерге тіркелгенін қарасаңыз болады. Достығында кімдермен көбірек сөйлесетінін бақылап отырсаңыздар да жақсы. Ең бастысы балаға ұрыспай жанжал шығармай, көбірек араласыңыз. Бүкіл ойын, арман- мақсатымен бөлісіңіз, сонда ешқандай «көк кит» деген нәрселер, арандатушылар балаңызды азғырмайды деп ойлаймын. Ия, интернетті орнымен пайдаланса жақсы мүмкіндік, орынсыз мақсатсыз күні-түні қолданса қауіпті құрал екенін де айтып өткім келеді. Рахмет тыңдағандарыңызға.

Мектеп инспекторы Т.Нургалиев - Құрметті ата -аналар! Біздерге де шұғыл тапсырма беріп жатыр, қазіргі жас жеткіншектердің әлеуметтік желіде пайда болған ойынның құрбаны болып жатқандықтан алдын алу шаралары. Сіздердің көмектеріңізбен баланы унемі қадағалау арқылы баланы құтқара аламыз. Апайлар айтып өткендей балаға телефон қолдануға шектеу қоямыз, бос уақытта жалғыз қалдырмаңыздар! Мектепке смартфон телефон ұстауына тиым салынды, қазіргі уақытта телефон пайдаланған оқушы болған жоқ. Сондықтан уйден қадағалайық дегім келеді. Егер болған жағдайда мектебіне немесе сынып жетекшісіне хабарласыңыздар дегім келеді.

Жиналыс төрайымы: Г.Әжібаева

Жиналыс хатшысы: Г.Толеуова

2016-2017 оқу жылы бойынша

жалпы республикалық ата-аналар жиналысы

Болатын уақыты: 12.05.2017 ж

Қатысқандар саны: 70 ата-ана

Қатысты: 67 ата-ана

Қ.Қанжанов: Құрметті ата-аналар! Бейнеу лицейі 2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша жалпы ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер! Жиналысқа 5-11 сынып оқушыларының ата-аналары мен мұғалімдері қатысуда. Бүгінгі жиналыста жиналу себебіміз «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 06.05.2017ж №01.1-09 санды хаты бойынша республика көлемінде өткізілу тапсырған болатын. Сондықтан барлық жерде, бір уақытта өткізіліп жатыр. Жиналыста 2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша мектептің жеткен жетістіктері, оқу сапасы мен тәрбиесі туралы, алдағы ҰБТ –ның жаңа форматымен және қорытынды аттестациялауға т.б мәліметтерге түсінік береді. Осы жиналыс аясында «Мектебіңе кітап сыйла!» акциясы жүріп жатыр екен, яғни кез келген ата-ана мектеп кітапханасына кітап сыйлауға құқы бар. Сондай-ақ жиналысқа аудандық білім бөлімінің басшысы Наурызбаев Орынбасар Қызылғұлұлы мен Бейнеу лицейі директоры Сағатбек Жұбанов Орынғалиұлы қатысып отыр. Ата-аналар комитетінің төрағасы Нұрлан Әкенов жұмыс бабы бойынша қатыса алмағандықтан, мен ата-ана Қанжанов Қосаман жиналысты жүргізетін боламын. Олай болса, ата-аналар жиналысын бастауға рұқсат па? Қарсылық білдірмесеңіздер жиналыстың күн тәртібінде қаралатын мәселелерді таныстырып өтсем.

Күн тәртібінде:

  • 2016-2017 оқу жылының қорытындысы. Директор С.Жұбанов
  • Демеушілік және қайырымдылық шаралары туралы. Әлеуметтік педагог М.Қарайдарова.
  • Қорытынды аттестациялау, ҰБТ жаңа форматы. 9-11 сынып бітірушілеріне тегін кәсіптік білім беру. Оқу ісі меңгерушісі М.Құттымұратова
  • Мектеп оқушыларын жазғы сауықтыру лагерімен қамтамасыз ету. 1 маусым – Балалар күні, шеруге дайындық. Тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Әжібаева
  • Марапаттау рәсімі. С.Жұбанов

Қаулы

  • 2016-17 оқу жылының қорытындысы «жақсы» деп бағалансын.
  • Қайырымдылық іс-шаралары жұмысы жандандырылсын, демеуші ата-аналарды мектеп өміріне араластыру, байланыс күшейтілсін
  • 2016-2017 оқу жылына қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық жұмыстары одан әрі күшейтілсін. 9-11 сынып бітіруші түлектерге тегін кәсіптік білім беру бойынша түсінік жұмыстары жүргізілсін. Оны қадағалау оқу ісі жөніндегі орынбасар М.Құттымұратоваға жүктелсін.
  • Мектеп оқушыларын жазғы каникул күндері жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтамасыз етілсін. Барлық сынып жетекшілер ата-аналар жиналысында видео роликтер көрсетілсін. Оны қадағалау ТЖО Г.Әжібаеваға жүктелсін.

Жиналыс төрағасы: Қ.Қанжанов

Жиналыс хатшысы: Г.Толеуова

«Бейнеу лицейі» КММ-де өткізілетін «Отбасы- тәрбиенің басты ұясы» тақырыбындағы мектепішілік ата-аналар жиналыстың хаттамасы.

                                                                                            

Болатын уақыты: 16.09.2017ж 

Қатысуға тиісті – 70

Қатысты -

Күн тәртібінде:

1. Аудандық білім бөлімі басшысы О.Наурызбаевтың құттықтау сөзі;

2. «Мектеп-сананы рухани жаңғыртушы күш ( «Рухани жаңғыру» бағдарламасы; 2017-2018 оқу жылындағы оқу процесінің ерекшеліктері; 5 күндік оқу процесі (балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру) директор С.Жұбанов

Бейнеролик көрсетіледі

  • Мектептегі «Қамқоршылық кеңестің» жұмысы туралы түсінік беріледі. Кеңес төрайымы К.Әзірханова.

Бейнеролик көрсетіледі

  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмыстары. ДТЖО Г.Әжібаева

Бейнеролик көрсетіледі

5. Мектептің ішкі тәртіп ережелерінің сақталуы. Г.Әжібаева



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу