85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен


Қария тал отырғызуды 12 жасынан бастаған екен. Содан бері қара жерге қадаған көшетінің саны 2 млн-ға жетіпті. Қарт бағбанның қала сыртында тұрып жатқанына 34 жыл болды. Осы күні қарамағындағы 25 гектар жердің 8 гектары жайқалып тұр.

«Әуелгіде 4-5 сотық жерді шағын насоспен суару арқылы егуден бастадым. Қазір мұнда алма, алмұрт, шие, сары өрік, қара өрік, жиде, жүзімнің үш-төрт сорты, тағы басқа жеміс ағаштары өсіп тұр. Таулы жерде өсетін арша, бот арша, боз арша сияқты қылқан жапырақтыларды, қарағай, қайыңды да жерсіндірдім», - деді орманшы.


Бектай ақсақал өзінің бағынан бөлек Қызылорданың бірнеше көрікті орнын көркейтіп-көгалдандыруға үлес қосты. Жастайынан бейнетке бейімделген оның шаруасына қазіргі күні балалары мен немерелері қолғабыс жасап жүр.


Неткен керемет іс. Атамыздың өмірі ұзақ, дені сау болсын! Көп адамның қолынан келе бермейтін дүние ғой



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу