Күйеуі екінші әйел алатынын айтқан қызылордалық келіншек көпшіліктен ақыл сұрауда

Күйеуі екінші әйел алатынын айтқан қызылордалық келіншек көпшіліктен ақыл сұрауда

Қызылордалық келіншекке күйеуі он жылдан кейін екінші әйел аламын деген шарт қойған. Не істерін білмеген екі баланың анасы massaget.kz сайтына хат жазып, көпшіліктен ақыл сұрады.

Ішіме сыймаған сырымды өздеріңізге жолдап, тұщымды кеңес алғым келеді. Өйткені бүгінде терең ой үстіндемін. Қызылорданың шет жағындағы шағын ауылда тұрамын. Күйеуім, екі балам бар, жасым 28-де. Тығырықтан шығуыма ұрыс-керіс те, айғай-шу да көмектеспейді. Тек ақылмен шешу керек. Өйткені ұрыс та, төбелес те болды, ал мәселем шешілмей, сол күйі жанымды жегідей жеп барады.

Ол өзінің бұрынғы қызын әлі де ұмыта алмай жүр екен

Күйеуім екеуміз бір-бірімізді бір көргеннен ұнаттық, бір ай қыз бен жігіт болып жүріп, үйленеміз деп шешім қабылдадық... Балам бір жасқа толғанда, бәрі басталды. Күйеуім менен жасырып біреумен сөйлесетінді шығарды. Шыны керек, басында мән бермеп едім. Сенгім келмеген. Бірақ шындықтың беті ашылды. Смс-хаттарын оқып қойдым. Ол өзінің бұрынғы қызын әлі де ұмыта алмай жүр екен. Бұрынғы қызы әлі тұрмыс құрмаған, бізбен қатарлас қыз. Сол шындықты біле салысымен, қатты жылап, күйеуімді ашық әңгімеге шақырдым. Ол қиналып отырып, бәрін айтып берді.

Менің тағдырым ол үшін құрбандық болып шықты

Мені ешқашан сүймеген, әлгі қызбен айырылысып кеткен соң, содан өш алғысы келіп, менімен қосылған екен. Менің тағдырым ол үшін құрбандық болып шықты. Бұл сатқындықты өмір бойы кешіре алмаспын. Осыдан кейін әрине арамыз суыды. Мен көп ойландым. Кетіп қалсам, не болады? Балаларымның тағдыры қандай болмақ? Сөйтіп жүргенде екінші баламды көтеріп қойыппын, арада көп уақыт өтпей екіншімді босандым, ол да – ұл. Қазір күйеуім, ата-енем, қайынсіңлілерім – бәріміз бірге тұрамыз. Екі баламен үйде отырған жайым бар. Күйеу деген аты болмаса, балаларымның әкесі демесем, әйел ретінде ешқандай бақытты сезінбеймін.

"Қазір кім екінші әйел алмай жатыр?" деп өзіме безеріп тұр

Ол да маған көңілсіз, өйткені ойы да, жүрегі де басқа адамды қалайды. Әлгі қызбен де кездесуге шақырып, сөйлесіп көрдім. "Шиттей бала-шағаны қарашы, ойлан, сен әлі тұрмыс құрмаған қызсың, ал мына екі баланың тағдыры не болатынын жақсылап ойлан" деп сабырмен айттым. Ана қыздың сасатын түрі жоқ. "Қазір кім екінші әйел алмай жатыр?!" деп өзіме безеріп тұр. Сосын шыдамай кетіп, ана қызға неше түрлі сөз айттым. Шашын жұлып қолына берейін деп едім, жаныма еріп барған әпкем тоқтатты. Бірақ амал не?! Отбасының ортасына түсетін – осындай бейшара қыздар ғой.

"Он жылдан кейін өз сүйгеніме үйленемін" деді

Тоқетері күйеуім маған мынадай шарт қойды: "Талабым біреу – он жылға дейін жағдайыңды жасаймын, басыңа баспана алып беремін, он жылдан кейін өз сүйгеніме үйленемін" деді. "Осы шартыма шыдасаң, шыдайсың, шыдамасаң, кете бер" дегенді де қосып айтты. Жылап-жылап шаршадым. Екі баланы неге ойламайды? Онда не үшін екі періштені өмірге әкеліп, жанымды қинадым? Енді екі баламен мен кімге керекпін? Өмір көрген аға-әпкелер, ақылдарыңыз керек. Не істеймін? Күйеуімді қалай қайтарам? Қандай амал бар?

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 6
  1. Алия Утюленова
    Алия Утюленова 28.03.2017 19:55
    0 + 0 -
    Өзіңді қаламаған адаммен бірге тұру деген сұмдық азап. Менің пікірім: барар жеріңіз болса, өміріңізді қайта бастаңыз. Балаларыңыз Сіздің бақытсыз түріңізді күнделікті көріп өссе олар да Сізбен бірге қиналатын болады. Сізді сыйламаған еркекті қайтесіз. Балаларыңыз үшін өмір сүріңіз. Сіздің болашағыңыз солар. Қазір əлі өте аз уақыт өтті; пəк сезіміңіздің тапталғанына, оның өзгергеніне сене алмай отырсыз. Менде де солай болған. Бірақ, уақыт өте бəрі ұмытылады екен.
  2. Мадина Бақиқызы
    0 + 0 -
    АЛЛАНЫҢ ҮЙІНЕ БАРЫП ИМАМДАРДАН СҰРАП ...ШАРИҒАТ ЖОЛЫМЕН ДЕГЕНДЕЙ СҰРАҢЫЗ...
  3. Saule Izykulova
    Saule Izykulova 28.03.2017 09:48
    0 + 0 -
    Мешітке бірге ертіп барыңыз Имам міндетті түрде: "Жарын етіп алған əйеліне қиянат жасауға болмайтының айтады, ол бұрыңғы қызы маңдайынна жазылмаған екенің, Алла тағала туылғанда маңдайынна тағдырын жазып қояды екен, сол тағдырына көну керек, яғни сізбен сүймесе де əрмен қарай балалары үшін бас ию керектігін"- түсіндіреді
  4. Нургазы Ералиевич
    0 + 0 -
    Ислами коз карапен карап мешит имамдарынан кенес алыныз
  5. Гүлназ Тастанбек
    0 + 0 -
    Мммм ойланатын жай екен????????
  6. Мадина Султанова
    0 + 0 -
    Мені ешқашан сүймеген, әлгі қызбен айырылысып кеткен соң, содан өш алғысы келіп, менімен қосылған екен. Менің тағдырым ол үшін құрбандық болып шықты. Бұл сатқындықты өмір бойы кешіре алмаспын. Осыдан кейін әрине арамыз суыды. -деген екенсіз, өзіңізді сүймеген ер азаматты токтата алмайсыз, бірақ ол сіздің тағдырыңызбен ойнаған, кетем десе кетеді... жіберіңіз... балаларына көмектесіп тәрбиесіне араласатын болса, мумкін сізде бақытыңызды табарсыз.