Қызқұмар күйеуінен әбден шаршаған әйел жан сырын ақтарды

Қызқұмар күйеуінен әбден шаршаған әйел жан сырын ақтарды

Тұрмыс құрғанына енді ғана үш жыл болған келіншек ажырасудың сәл-ақ алдында тұр. Жанұясын сақтап қалу үшін барынша тырысқан әйел адам күйеуінің көңілдестерінен шаршаған. Тіпті, соңғы рет күйеуінің кезекті көңілдесін көшеде сабап тастаған деп жазады "nur.kz".

Кейіпкердің айтуынша, соңғы жарты жылда олардың отбасында неше түрлі оқиғалар орын алған.

"Күйеуімнің көзіне не жын көрініп жүргенін білмеймін. Отбасылы, балалы-шағалы болса да қыздармен жүреді, жас қыздармен "ажырасқанмын" деп танысады екен. Солардың бірімен бірге тұрып та келді. Үндемедім, екі қыздың болашағы үшін үндемей күттім. Үйге кайтып келді, кешірдім",- деп бастады ол әңгімесін.

Осы уақытқа дейін келіншек шаңырағын шайқалтпас үшін барлығына кешіріммен қарапты. Ал оны түсінбеген күйеуі әлі де қыздармен қыдырады екен.

"Мен мұндайға қашанғы шыдаймын, онсыз да ол танысқан қыздардың бәріне хабарласып, әйелі екенімді айтып, ажыраспағанымызды айтып ескертемін.

Куйеуімнің ажыраспағанын білген қыздар онымен сөйлеспей қояды ғой. Соған күйеуім маған ашуланып, "үйден кет" деп отыр.

"Маған бостандық бер сенімен тұрғым келмейді" дейді. Үйде күнде ұрыс. Ата-енеммен тұрамын. Олар да біздің ұрысымыздан әбден тойды. Өздерің шешіңдер, екі перзенттеріңді ойлаңдар деп ақылдарын айтады", - деп ашынды әйел.

Ал жақында екі баланың анасы күйеуін басқа бойжеткенмен көшеде көріп қалған.

"Күні кеше ғана тағы бір қызбен қыдырып жүрген жерінен ұстап алдым. Бүкіл жұрттың көзінше ана қызды жұлдым, сөйтсем ол қыз "жай ғана доспыз" деп ақталды. Осы жағдайдан кейін күйеуім менімен тұрмайтынын айтып отыр.

"Егер сен үйден кетпесең, мен кетемін" деп отыр. Не істеймін, балаларымды әкесіз өсіргім келмейді", - дейді амалы қалмаған келіншек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?