"Анам ол кезде жұмыста болатын": Алматылық 12 жасар қыз өзін 60 жастағы ер адамның қалай зорлағанын айтып берді

"Анам ол кезде жұмыста болатын": Алматылық 12 жасар қыз өзін 60 жастағы ер адамның қалай зорлағанын айтып берді

Алматыда 60 жастағы ер адам 12 жасар қызды зорлаған. Бұл туралы жеткіншектің анасы айтып, жанайқайын жеткізді. Туған қызына өзінің кездесіп жүрген ер адамы зорлық көрсеткен. Алайда шырылдаған ана қызының зорланғанын бес ай бойы жасырып келіпті. Өйткені ер адам оны «өлтіремін» деп қорқытып келген, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

34 жастағы келіншек ер адаммен 2014 жылдан бері таныс. Әйелдің айтуынша, екеуі жақын қарым-қатынаста болған. Ол осы уақытқа дейін әйелге қаржылай көмектесіп келген. Алайда осы жылдың наурыз айында көңілдесі келіншектің 12 жасар қызын қонақүйге апарып, жыныстық қатынасқа түсуге итермелеген. Одан кейін жеткіншекті «Аузыңды ашсаң, анаңды өлтіремін» деп қорқытыпты. Қайда барып қорғаныш іздерін білмеген келіншек, бес ай бойы қызының зорланғаны туралы тірі жанға тіс жармай келген. Ал қыздың әкесімен оның алты айлығында ажырасып кетіпті.

«Ол кісімен 2014 жылдан бері кездесіп келдім. Ол қызым жайында білетін. Бізге қаражат жағынан көмектесіп тұрды. Қызым интернетта жатып оқиды. Наурыз айында демалысқа шығып, маған келген болатын. Сол кезде ол өзінің балмұздақ алып беретінін айтты. Мен жұмысқа кетіп бара жатқан соң, қызымның өзін жібердім. Содан ойымда ештеңе жоқ, екі күннен кейін қызым болған жағдайды айтып берді. Бірден оған хабарласып едім, ол Қазақстанда екі күннен кейін ғана болатынын айтты. Ол кезде Ресейде еді. Сөйтіп асықпай сөйлесеміз деді», – дейді көзіне жас алған келіншек.

Алайда осы кезде олардың қарым-қатынасы туралы көңілдесінің әйелі біліп қойған. Содан ол кездесуді кейінге қалдырып, сөйлесуден қашқақтап келіпті. Одан қалса, «Егер біреуге айтатын болсаң, сендерді өлтіріп кетемін» деп келіншектің өзіне де сес көрсете бастапты.

«Мен оның қызыма шын тиісті ма соны білгім келді. Бірақ ол қашқақтап келді. Қызымды қонақүйге апарып, өзі шешіндірген. Жыныс мүшесін салып, тоңқайып жат деген. Әрі қарай шалқайтып жатқызған. Одан кейін артқа қарай жатқызып, жаман ойын тағы іске асырған. Ісін істеп болған соң, қызымды душқа жіберген. Әрі қарай «ешкімге айтпа» деп қорқытыпты. 5 жылдан бері танитын адам қызыма мұндай опасыздық жасайды деп еш ойламадым. Мен бұл кісінің өз жазасын алғанын қалаймын. Өмір бойына бас бостандығынан айырылсын», – дейді келіншек.

Қыздың өзі болса, 60 жастағы еңгезердей еркекті әкесі ретінде көргенін айтады. Қонақүйге апарып, бөлмеге алып кіргенге дейін оның жаман әрекет жасайтынын сезбепті.

«Анам ол кезде жұмыста болған. Бірақ телефоны менде еді. Ол кісі ақша жіберетін болып, мен оны көлік жуу бекетінде күттім. Содан ол кісі көлігімен келіп, «отыр» деді. Әрі қарай мені қонақүйге алып барды. Көзіме көзілдірік кигізіп, үстіме ұзындау куртка кигізді. Маған «тыныш отыр, үндеме. Әйтпесе жаман болады» деп қонақүйдің айналасына тоқтады. Қолымнан ұстап, бөлмеге алып кірді», – деп 8-сынып оқушысы барлық болған жағдайды айтып берді.

Жеткіншек бұл туралы анасына айтудан қорыққан. Өйткені ер адамның «анаң мен апаңды өлтіріп кетемін» деген сөзінен қорқыпты. Бірақ бір күн өткеннен кейін ғана өзінің зорланғанын анасына айтып берген. Алайда әйел бұрынғы көңілдесіне хабарласып сұрағанында, ол еш мойындамаған.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, нәтижесі күтілуде.

«Бұл кісілер маған 18 тамызда жексенбі күні кешкі уақытта келді. Ертесінде бірден арыз жазып, Алматы қалалық ІІД-не бардық. Әрі қарай тергеу амалдары жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кеше тергеу тобымен оқиға орнына бардық. Қонақүй қызметкерлері әлгі ер адамды танып отыр. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижесін күтіп отырмыз. Егер күдікті расымен он екі жасар қызды зорлаған болса, онда жазасын алуға тиіс», – деді заңгер Камиша Есмұхамбетқызы.

Естеріңізге сала кетсек, алматылық адвокаттың 12 жасар қыздың зорланғаны туралы айтқанын хабарлаған едік.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі