Қызының жігітпен жүретінін білген әкесі оны сабап тастады (фото)

Қызының жігітпен жүретінін білген әкесі оны сабап тастады (фото)

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Парадеш штатындағы Самбхале ауылында 18 жастағы Руби үш жыл ауылдасы Ибрагиммен жасырын жүрген. Бұл жайлы оның 52 жастағы әкесі мен 32 жастағы ағасы Самеран біліп қойып, қызды өлтірмек болған деп хабарлайды lazetime.net сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Екі еркек басында қызды жабылып ұрған, кейіннен оған екі рет оқ атқан. Бірі бетінен, екіншісі кеудесінен.

Жаралы қыздың дауысын естіген көршілері, полиция шақырған. Олар таңғы сағат төртке қарай келгенде, Руби үй маңайында қансырап жатқан.

Полиция оны жергілікті емханаға жеткізген. Қыздың жағдайы өте ауыр. Қыздың әкесі мен бауыры тұтқындалды.

Офицер Сингх Балянның айтуынша, бұл Үндістандағы ар-ұятқа қатысты классикалық жағдай. Қыз туыстары жігітпен жүріп жүргенін білген соң, осындай әрекет жасады деген. Бұл іске анасының да қатысы бар екенін айтқан.

Руби есін жиған соң, оның отбасының барлық мүшелері тергеуге алынады. Бірақ, бойжеткеннің тірі қалуы екіталай. 40 шақырым жерде орналасқа емханаға жеткенше, ол өте көп қан жоғалтқан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады