» » » Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі туған жерінде ерекше балабақша ашты (фото)

Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі туған жерінде ерекше балабақша ашты (фото)

Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі туған жерінде ерекше балабақша ашты (фото) казакша Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі туған жерінде ерекше балабақша ашты (фото) на казахском языке
ОҚО-да 12 жыл трактор айдап, нәпақа тапқан тұрғын басшылық ететін балабақшада күнделікті ас-ауқатқа қажетті көкөніс пен жемістің барлығы – табиғи. Бір ерекшелігі, оны балалардың өздері еккен деп хабарлайды өңірдегі nur.kz тілшісі.

Созақ ауданындағы шағын ғана Қызылкөл ауылында небәрі 115 қана отбасы тұрады. Бүгінгі таңда мұнда жалғыз ғана «Қайрат» балабақшасы бар. Онда отыз бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің өзгелерден ерекшелігі – қажетті көкөніс пен жеміс сырттан әкелінбейді. Барлығы балабақша ауласында өсіріледі.

Бұрындары ауыл мектебі болған ғимаратта орналасқан балабақшаның бір гектарға жуық ауласы бар. Дәл осы жерде жыл сайын картоптан бастап сәбіз, пияз, қызанақ, қияр, асқабаққа дейін егіледі. Алма мен жүзім ағашы да жайқалып тұр. Оның барлығын осындағы тәрбиеленушілер еккен. Тіпті бүлдіршіндердің бау-бақшаға киетін арнайы киімдері мен жабдықтарына дейін бар. Көшеттерді күтіп-баптау жұмыстары - балабақша қызметкерлерінің міндеті.

Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі туған жерінде ерекше балабақша ашты (фото)

«Бізде әр қызметкердің белгілі бір міндеті бар. Мәселен, киім үтіктейтін немесе кір жуатын қызметкер күн сайын киім жуып, үтіктей бермейді ғой. Ары кетсе, екі күнде бір рет жасайды. Бос уақытында осы бауды күтіп-баптайды. Ал балалар тек егу жұмыстарына жұмылдырылады. Бұл жерде біз оларды жұмысқа күштеп салып жатқанымыз жоқ. Ата-аналар бұл жағдайдан хабардар. Қайта керісінше, рахметін айтады бізге. Себебі баланы кішкентайынан еңбекке баулу – құптарлық іс қой.

Сонымен қатар жемістің өсіп-шығуы балалардың көз алдында өтеді. Біздің мақсатымыз – бүлдіршіндеріміз барлығын өз көздерімен көрсе, қызықса, еңбектің наны тәтті екенін осы бастан ұға білсе дейміз. Жаһанның шарықтап даму заманында балалар бос жүруге болмайтынын осы кезден бастап түсіндіре білу қажеті», - деді еңбек жолының 12 жылын трактор айдауға арнаған балабақша меңгерушісі Нұржамал Төлеуова.


Расымен де, перзенттерінің бала күнінен еңбекке араласқанына ата-аналар да құптайды екен. Солардың бірі – 1,5 жастағы бүлдіршін Құралайдың анасы Мейрамкүл Сұлтанова


«Төрт баланың анасымын. Үш балам мектепке барады, кенжем осы балабақшаның тәрбиеленушісі. Мұнда барлық жағдай жасалынған. Ана ретінде шынымды айтсам, қуаныштымын. Әсіресе еңбекпен шұғылдану жұмыстары көңілімнен шығады. Баланы бастан деген бар емес пе? Мұның бәрі тәрбие жұмыстары ғой. Қазірден еңбектің не екенін үйренудің болашақта өздеріне үлкен пайдасы тиеді», - деді бүлдіршіннің анасы.


2010 жылы балабақша аумағының бос жатқан жеріне картоп егіліп, 12 тонна өнім алынған. Бұл, әрине, шағын ғана балабақша қажеттілігінен жетіп-артылады. Сол себептен ұжым қалғанын сатып, одан түскен пайдаға әр балаға бір-бір велосипедтен сатып алып берген.


«Қазір өз қолдарымен еккен жемістен келген табысқа велосипед сатып алса, болашақта ата-аналарына салмақ салмай-ақ табыс тауып, көлік мінуге болады. Біз "Өз жемісімізді өзімізде өсіреміз" деген ұранмен жұмыс істейміз. Балаларымыздың шүкір, қызығушылықтары бар», - деді бұрынғы тракторшы, бүгінгі балабақша меңгерушісі.


Тағы бір атап өтерлігі, балабақша меншігінде тек қана бау емес, сиыр да бар. Тәулігіне он литр сүт алынады. Ол да балалардың күнделікті ас-ауқаты ретінде пайдаланылады. Балабақша меңгеруші кейде артылып қалған сүтті жинап, одан ірімшік те жасайды екен. Дәл бүгінгі таңда балабақша ауласының 20 гектардай жеріне картоп түптері егіліп үлгерген. Ол маусым айына қарай жеміс береді. Ал мамыр айында тағы картоп түйнектері егіліп, қыркүйекте өнім жиналып алынады. Балабақша басшысы жиналған картопты қыс бойы балалардың күнделікті тамағына тұтынамыз дейді.


Айтпақшы, бау-бақшада өсіп шыққан жеміс пен көкөністерден шырын мен тосап, түрлі салаттар жабылып, қыс бойына бүлдіршіндерге беріледі екен. Одан өзге жаз айларында мұнда қауын мен қарбыздың да түр-түрін табуға болады.


Ал мекеме ауласын көріктендіру мақсатында мұнда раушаннан бастап 20 шақты гүл отырғызылған.



«Қайрат» балабақшасы 2008 жылы Созақтан шыққан кәсіпкер Қайрат Беркінбаевтың демеушілігімен пайдалануға берілген. Мұнан соң ғимарат мемлекет меншігіне өтіпті. Балабақша ақысы әр балаға небәрі 6500 ғана теңге. Алғашында кәсіпкер бұл мекеменің «Қайрат» деп аталуына үзілді-кесілді қарсылық танытқан.



Дегенмен жерлестері бір ауыздан осындай шешімге келіпті. Айта кетерлігі, кәсіпкер Қайрат Беркінбаев танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жары. Аталған отбасы әлі күнге дейін балабақшаға бас сұғып, балалардың жағдайын біліп тұрады екен.


Автор: ZHARAR | 14 792 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ас мәзірі (1 сынып, 7 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ас мәзірі (1 сынып, 7 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жемістер мен көкөністер– оқылым №2 (1 сынып, 7 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жемістер мен көкөністер– оқылым №2 (1 сынып, 7 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жемістер мен көкөністер– оқылым №1 (1 сынып, 7 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жемістер мен көкөністер– оқылым №1 (1 сынып, 7 бөлім )
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жемістер мен көкөністер
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жемістер мен көкөністер
Балабақша сабақ жоспары:  Жемістер мен көкөністер
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Жемістер мен көкөністер
Балабақша сабақ жоспары: Қызыл алма
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Қызыл алма
Қияр артық салмақтан арылуға көмектеседі
Пайдалы кеңес жинағы
Қияр артық салмақтан арылуға көмектеседі
Танымал отандық әнші "тоқал алуды еріккеннің ісі" деп атады
Qazaqstan жаңалықтары
Танымал отандық әнші "тоқал алуды еріккеннің ісі" деп атады
Журналист: Ләйлә Сұлтанқызының көзін жою үшін арнайы Ресейден киллер жіберген
Qazaqstan жаңалықтары
Журналист: Ләйлә Сұлтанқызының көзін жою үшін арнайы Ресейден киллер жіберген
27 жыл ел басқарған Нұрсұлтан Назарбаев не үшін алаңдайтынын айтты (фото)
Qazaqstan жаңалықтары
27 жыл ел басқарған Нұрсұлтан Назарбаев не үшін алаңдайтынын айтты (фото)
ОҚО-да қызметтік көлікпен табиғат аясында демалған полицейлер жұртты шошытты (фото)
Qazaqstan жаңалықтары
ОҚО-да қызметтік көлікпен табиғат аясында демалған полицейлер жұртты шошытты (фото)
Балаңыз балабақшаға барса…
KZ
Балаңыз балабақшаға барса…
Қазақша сценарий: Балабақша | Қош бол балабақшам
Сценарийлер (ертеңгілік) жинағы
Қазақша сценарий: Балабақша | Қош бол балабақшам
Елімізде қияр мен қызанақ арзандады
Qazaqstan жаңалықтары
Елімізде қияр мен қызанақ арзандады
Қазақша тақпақ: Көкөніс (Картоп, Пияз [жуа], Сәбіз, Қызылша)
Тақпақтар жинағы
Қазақша тақпақ: Көкөніс (Картоп, Пияз [жуа], Сәбіз, Қызылша)
Қазақша реферат: Биология | Қияр
Рефераттар жинағы
Қазақша реферат: Биология | Қияр

KZ / Qazaqstan жаңалықтары, Ләйлә Сұлтанқызы, балабақша, балалардың, еккен, күнделікті, картоп, Қайрат, мұнда, кәсіпкер, егіліп, жеміс, трактор, сатып, Балабақша, жұмыстары, дейін, бастап, ерекшелігі, жемістің, қажетті, көкөніс, Ләйлә Сұлтанқызы балабақша балалардың еккен күнделікті картоп Қайрат мұнда кәсіпкер егіліп жеміс трактор сатып Балабақша жұмыстары дейін бастап ерекшелігі жемістің қажетті көкөніс, Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі туған жерінде ерекше балабақша ашты (фото)