Журналист: Ләйлә Сұлтанқызының көзін жою үшін арнайы Ресейден киллер жіберген

Журналист: Ләйлә Сұлтанқызының көзін жою үшін арнайы Ресейден киллер жіберген казакша Журналист: Ләйлә Сұлтанқызының көзін жою үшін арнайы Ресейден киллер жіберген на казахском языке

Отандық журналист Тоқтар Жақаш танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына қатысты айтылып жатқан түрлі сындардың негізсіз екенін айтып, желіде жазба қалдырды. Ол Ләйлә мен оның кәсіпкер жарының басынан өткен қиындықтары туралы және жүргізушіні арнайы жалданған киллер өлтірмек болғанын жеткізді деп хабарлайды nur.kz.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды.

"Лəйлə Сұлтанқызын біраз жерге "апарып тастапсыздар" ғой. Көрмей қалыппын. Айтарым - алдымен Лəйләның қазақ үшін жасаған жақсылықтарының ең болмаса біреуін жасаңыздаршы. Сонда, біздің қоғам анағұрлым бауырмал, анағұрлым мейірімді болатын шығар. Рас, Лəйләнің жолдасы - менің досым. Сыныптасым. Бір-біріміздің мінез-құлқымызды тамаша білеміз.

Қайрат Беркінбаев Оңтүстік халқына танымал, абыройлы азамат. Туған ауылына бір орта мектеп пен бір балабақша салып, ішін жиһазбен толтырып, мемлекетке өткізген. Бұл еңбекке Лəйләнің да қосқан өлшеусіз үлесі бар екені даусыз. Қайрат пен Лəйлә жыл сайын жаңа оқу жылында əлгі мектеп оқушыларын жаңа оқу құралдарымен, сөмкемен қамтамасыз етеді.

Түрлі мейрамдарда ауданға келіп, жоқ-жітіктерге сыйлықтар үлестіреді. Қаржылай қолдау көрсетеді. Жаз айларында ауданның үздік оқушыларын еліміздің түрлі өңірлерінде дем алдырады. Бұл қызметтері үшін елдің ақ батасына кенелген. Олай жасамаса да ешкім ештеңе демес еді. Бірақ олардың елге, жерге деген көңілі ерекше", - деген ол сыныптасының басынан өткен сұмдық жайттың да басын ашты.

"Қайсыбір жылы Қайраттың жұмысында өте үлкен келеңсіз оқиға болды. Айналымдағы қаржысын бір түнде үптеп кетті. Ол аздай, тонаушылар ізін жасыру ниетімен ерлі-зайыптының көзін жою үшін Ресейден киллер жалдады. Үйді күндіз-түні күзеткен СОБР-дың жігіттері киллерді қолға түсірді.

Басқа адамдар мұндайда не боларын бір Алла біледі. Ал Қайрат пен Лəйла сыр берген жоқ. Астанаға көшіп, ипотека төлеп отырса да ауылға бұрынғыдай барын үлестіріп келеді. Мұндай үлкен жүрек адамның адамына ғана бұйырған шығар деп кейде таң қалам", - деген журналист мақтау сөздерін аямады.

"Айтпақшы, Лəйла "Балапан" арнасын басқарғанда... деген сияқты өсекті де оқыдым. Меніңше, ол əңгіменің бəрі тапсырыспен, қасақана қаралау мақсатында жазылған. Өйткені, Қайраттың жақын досы ретінде "Балапан" арнасынан өз басым бір жоба алған емеспін. Достық қарым-қатынасымызды сол күйі сақтаппыз. Сөз соңында жала жабушыларға айтарым: алдымен өзің туған ауылың үшін не істедің? Лəйла істеген мың қайырымдылықтың біреуін жасай алдың ба?", - деп ағынан жарылды Тоқтар Жақаш.

Ал желі қолданушылары болса түрлі пікірлерін жаудырып, өзара дауласып кетті. Бірі Ләйләға қатысты сын оның қайырымдылығына емес, кәсіби біліктілігіне қатысты айтылды десе, екіншілері автормен келісіп, жүргізушіні қолдайтынын айтты.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, деген, Ләйлә, қатысты, киллер, өткен, туралы, журналист, жүргізушіні, басынан, Қайрат, Лəйла, танымал, Жақаш, Тоқтар, оқушыларын, хабарлайды, Қайраттың, үлкен, Отандық, Ләйлә Сұлтанқызы, ляйля султанкызы, ляйля султанкызы, деген, Ләйлә, қатысты, киллер, өткен, туралы, журналист, жүргізушіні, басынан, Қайрат, Лəйла, танымал, Жақаш, Тоқтар, оқушыларын, хабарлайды, Қайраттың, үлкен, Отандық, Ләйлә Сұлтанқызы, Журналист: Ләйлә Сұлтанқызының көзін жою үшін арнайы Ресейден киллер жіберген, Журналист: Ләйлә Сұлтанқызының көзін жою үшін арнайы Ресейден киллер жіберген