Тегін азық-түлік себеті таратылып жатыр

Тегін азық-түлік себеті таратылып жатыр

Елорда әкімдігі Наурыз мерекесіне орай 600-ден артық отбасыға азық-түлік себетін таратса, қалған 1400-ге жуығына алдағы күндері тарататын болады.


Азық-түлік себеті 22-24 наурыз күндеріндегі «Қайырымды істер» жобасы аясында жағдайы төмен отбасыларға беріліп жатыр.


«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Жыл басынан бері «30 игі іс» аясында көптеген іс-шара өткізіп келеміз. Мұндай акциялар 1 наурыз Алғыс айту күнінде де, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де атқарылып, екі мыңнан аса отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.


Қала басшылығының тапсырмасымен Наурыз мейрамында да екі мыңға жуық отбасыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Оның барысында зейнеткерлер, қарт адамдар, көпбалалы, жағдайы төмен және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қамтылады. Бұл іс бүгін қаламыздың төрт орнында жалғасып жатыр», – деді Астана әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.


Сондай-ақ әкім орынбасары қайырымдылыққа атсалысып, мұқтаждарға қол ұшын беруге шақырды.  


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Ұқсас мақалалар:
» Елімізде көп балалы аналарға 8 наурызға орай қандай жәрдемақы беріледі?
» Жақсыбеков: ЭКСПО кезінде азық-түлік бағасы шарықтап кетуі мүмкін
» Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады
» 20 Наурыз – Халықаралық бақыт күні
» Көпбалалы отбасыларға баспана беріледі
» Әйелдер тегін білім алып, өз кәсібін аша алады
» Қазақстанда көпбалалы аналарға қандай көмек көрсетіледі

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» Игрок 1xBet выиграл более 2 миллионов долларов на экспрессе из 44 событий 15.04.2021, 1
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы