Елімізде көп балалы аналарға 8 наурызға орай қандай жәрдемақы беріледі?



 ✔️Нұр-Сұлтан қаласы.

Әлеуметтік төлемдер орталығының мәліметінше, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 23 810 көп балалы анаға 2,5 айлық есептік көрсеткіш - 7292 теңге көлемінде  ақшалай төлемдер түріндегі көмек беріледі.

 ✔️Алматы қаласы.

Алматы қаласы бойынша желтоқсан оқиғасына қатысқан көп балалы аналарға 16 желтоқсан қарсаңында және 9 мамырға арнап мерекелік жәрдемақы беріледі. Қала бюждетінен 8 наурызға арнайы жәрдемақы беру қарастырылмаған. Атаулы әлеуметтік көмек ай сайын уақытылы беріледі. 

✔️Өскемен қаласы.

Өскеменде мерекеге байланысты көп балалы аналарға қаржылай көмек беріледі.  Әлеуметтік көмекті төрттен астам бала тәрбиелеп отырған аналар ала алады. 

Қаржылай көмек бұған дейін "Алтын алқа", "Күміс алқа" медальдары, "Ана Даңқы" орденімен марапатталған және "Батыр-ана" атағын алған әйелдерге тағайындалады. Төлем сомасы 5 АЕК -14 585 теңгені құрайды. 

Өскемендік көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы 8 наурыздан кейін берілмек.

 ✔️Атырау облысы.

Атырау облысы бойынша көп балалы отбасыларды қолдау өз деңгейінде жүргізілуде. Бүгінгі таңда көп балалы отбасыларға республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы, демеушілер тарапынан азық-түлік топтамалары беріліп келеді.

Көп балалы, аз қамтылған аналарға 8 наурызға байланысты жергілікті атқарушы органдары демеушілер арқылы әлеуметтік көмектер беру қарастырылып жатыр, дейді әкімдік өкілдері. 

 ✔️Ақтөбе облысы.

Ақтөбе қаласы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің берген мәліметтеріне сәйкес, облыс бойынша 8 наурыз мейрамына орай барлығы 1226 көп балалы анаға 6812,5 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі деп жоспарлануда.

Соның ішінде 635 анаға 4413,5 мың теңгеге азық-түлік жиынтығы түрінде, 441 анаға 1649 мың теңгеге заттай сый-сияпат, 50 анаға 250 мың теңге, яғни, әр отбасыға 5 мың теңгеден ақшалай көмек көрсетілмек.

 ✔️Қарағанды облысы.

Қарағанды облысы бойынша 8 наурыз мейрамына көп балалы аналарға бір реттік көмек және заттай көмек түрі қарастылған, жалпы 7014 көп балалы отбасыларға 46,3 млн теңге көлемінде көмек көрсету жоспарланыпты. 

 ✔️Маңғыстау облысы.

"Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған бірінші және екінші дәрежедегі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандарға халықаралық әйелдер күніне орай жергілікті бюджет есебінен бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында 4810 теңгеден, облыстың басқа аудандарында екі айлық есептік көрсеткіш - 5834 теңге.  

 ✔️Жамбыл облысы.

Жамбыл облысында жеке санаттағы азаматтарға жергілікті бюджеттен көрсетілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы аясында 8 наурызға көп балалы аналарға әлеуметтік көмек ретінде жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылмаған.

Ал Тараз қаласы бойынша барлық аудандарға 8 наурыз мерекесіне көпбалалы аналарға демеушілер тарапынан материалдық көмек қарастырылған. 

 ✔️Қызылорда облысы.

Қызылорда облысы және Қызылорда қаласы әкімдігінің жоспарында мерекеге орай көп балалы аналарға көмек көрсету жоқ. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. Оқырман Светлана
    1 + 1 -
    Бизге пособие берды ,бирак иштине коспады и ишкандай сийлык жок акиматтан
  2. Бейсенкул
    Бейсенкул 05.03.2021 12:25
    0 + 0 -
    Түркістан облысы көмек ақша жоқ па
  3. Оқырман Сая
    Оқырман Сая 03.03.2021 16:21
    2 + 0 -
    3 балалары бар аналар да коп олар кырмей ма
  4. Берсе боладыго 10мын тенге
    2 + 0 -
    Артық етпеиди
  5. Оқырман Айгүл
    Оқырман Айгүл 03.03.2021 15:33
    2 + 0 -
    Қызылорда обылысында көп бала туған аналар жоқпа неге қарастырмайды әкім