Келіні ыстық су шашып күйдірген 90 жастағы әжейдің аянышты халі көпшілікті алаңдатты

Келіні ыстық су шашып күйдірген 90 жастағы әжейдің аянышты халі көпшілікті алаңдатты

Ене мен келін арасындағы текетірес қай заманда да өзекті болған. Дегенмен, өз енесін аяусыз ыстық сумен күйдіріп, 90 жастағы кейуананы ауыр азаптарға душар еткен келіннің оқиғасы бүкіл ауылды дүрліктірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл оқиға туралы 90 жастағы кейуананың ауылдасы айтып берді. Оның айтуынша, отбасы осы күнге дейін келінінің шайпау мінезінен көп зардап шеккен. Кез келген нәрсеге ұрыс шығаруға дайн тұратын келіннен әулеттің бәрі аулақ жүруге тырысатын, дейді ол.


"Оның осы үйге келін болып түскеніне жиырма жыл өтті. Төрт баласының алды тіпті жоғары оқу орнында оқиды. Анамыз тоқсандағы қария. Өзінің жасы да елуге келіп қалған. Түрлі қылықтарын көріп жүрміз. Бірақ мынасы сорақы болады. Бір аяғы көрде отырған кісіні үндемей тыныш отыр деп қолын ыстық сумен күйдірген. Шәугімдегі суды қолына құйып жіберген", - деп айтып берді ол.


"Бұл ол кісінің қырыққа кеп өмірге әкелген ұлы ғой. Осы үйге келін болып түскелі бері одан бір жақсылық көрмедім деп жылайды. Ол кісі бала сияқты.

Тамақты та талғап жейді, тісі жоқ, күтім керек. Міне, осының бәріне шыдамай отыр екен келіні. Қыздары үйге алып кетейін десе, анасы бармайды. Елден ұялып, намыстанады", - дейді ол.

Ал күнделікті анасы мен әйелінің текетіресінен шаршаған күйеуі ішімдікке салынып, істеп жүрген жұмысынан шығып кеткенін айтады.

"Келіннің жеке дүкені, көлігі бар. Оған ешкім ештеме демейді, қызғанып отырғанымыз жоқ. Бірақ тоқсанға келген қарияның қанша өмірі қалды дейсің. Бір-екі ауыз айтқан сөзі үшін осылай істеуге бола ма? Бетінен алып, аузын аштырмайтынын айтпай-ақ қояйық. Әпкелері де інісіне келінмен арасы дұрыс болсын деп сөз айтпайды. Бірақ қолы күйген ананың халін көргенде ол шыдамай ажырасуға бел буған.

Ауруханадан шыққан бойда үйге келсе,  ол өзі киімдерін жинап кетіп қалыпты. Содан үйге келмеген. Күйеуі болса сандалып жалғыз жүр. Елуге келгенде енді жаңадан отбасын құру оңай ма? Оның өмірі не болмақ. Жеті бөлмелі үйде анасымен бірге жалғыз өзі  ғана тұрып жатыр. Ие болып отырмай ма сол үйге?  Қазіргі әйелдерді түсінбей-ақ қойдым", - деген ауылдасы таңданысын жасыр алмағанын айтады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады