Белгілі экономист ай сайын 1,7 млн теңге жалақы алатын басшыны сынап тастады

Белгілі экономист ай сайын 1,7 млн теңге жалақы алатын басшыны сынап тастады казакша Белгілі экономист ай сайын 1,7 млн теңге жалақы алатын басшыны сынап тастады на казахском языке

Былтыр ғана құрылған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның басшысы 1,7 миллион теңге жалақы алатын көрінеді. Бұл туралы кеше "Хабар" телеарнасында өткен дебат барысында танымал экономист Рахым Ошақбаев мәлімдеді деп жазады nur.kz sn.kz сілтеме жасап.

Еске салайық, күні кеше Рахым Ошақбаев пен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тікелей эфирде Міндетті медициналық сақтандыру тақырыбында дебат өткізген болатын. Экономист аталған реформаны енгізуге әлі ерте десе, министр одан тек пайда келетінін айтып отыр.

Осы жарыссөздер барысында Ошақбаев биыл 1 шілдеден бастап енгізілген осынау медициналық реформаны үге-шүгесіне дейін зерттеп шыққанын көрсетті. Оның пікірінше, мұны медициналық сақтандыру деп айтқаннан көрі, салықтың жаңа түрі деп атау қажет.

"Реформа аясында сіздер миллиондаған қазақстандықтан 1,5 мың теңге көлемінде ай сайын алып отырмақсыздар. Бұл қаражат міндетті медициналық сақтандыру қорына жиналады. Сіздер мұны сақтандыру қоры деп атайсыздар. Бірақ, мен экономист ретінде айтайын, бұл ешқандай да сақтандыру қоры емес. Сіздердің халықтан жинап жатқан ақшада сақтандырудың ешқандай белгілері жоқ. Яғни, бұл қорға жиналған қаражат біздің жасымызға, ауруымыздың түріне, денсаулығымызға байланысты емес. Бұл жай ғана жұрттың бәрінен бірдей көлемде жиналып жатқан салық", - деді Рахым Ошақбаев.

Белгілі экономист ай сайын 1,7 млн теңге жалақы алатын басшыны сынап тастады

Ол сондай-ақ, әңгіме барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жылдық шығыны тым көп екеніне назар аударды. Айтуынша, алғашқы жылдағы қордың шығыны 8,6 млрд теңгені құраса, 2020 жылдан кейін бұл көрсеткіш 13,4 млрд теңгеге жетеді екен. Ал Қордың орталық аппаратындағы қызметкерлердің саны 70-ке де жетпейді.

"5 146 қызметкері бар Денсаулық сақтау министрлігінің жылдық шығыны 17 млрд теңгенің шамасында. Ал 251 қызметкер жұмыс істейтін қордың шығыны не үшін мұншама көп? Өйткені, олардың бәрі өте қымбат кеңсені жалдап, аса қымбат көліктерде жүретін болу керек. Жалақылары да өте жоғары болады. Мысалы, қор басшысының айлығы 1,7 миллион теңге. Ал, басқарушы директорлары 1,1 млн теңге алады ай сайын. Мұның бәрі сіз бен біздің ай сайын медициналық сақтандыруға деп беретін ақшамыз", - деді танымал экономист.

Денсаулық сақтау министрі болса жалақы мәселесін жауапсыз қалдырды. Алайда, алдағы уақытта (нақты қашан екені белгісіз) дәрігерлердің жалақысы 1 мың АҚШ долларынан кем болмайтынына уәде берді.

Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 22 қарашадағы №101 бұйрығымен Елена Бахмутова «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ӘМСҚ) Басқарма төрайымы болып сайланды,




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, сақтандыру, Ошақбаев, теңге, сақтау, шығыны, экономист, Рахым, Денсаулық, барысында, сайын, танымал, миллион, қоры», Әлеуметтік, дебат, жалақы, министрі, Былтыр, жылдық, Рахым Ошақбаев, Денсаулық сақтау министрлігі, Рахым Ошақбаев, Денсаулық сақтау министрлігі, сақтандыру, Ошақбаев, теңге, сақтау, шығыны, экономист, Рахым, Денсаулық, барысында, сайын, танымал, миллион, қоры», дебат, жалақы, министрі, Былтыр, жылдық, Әлеуметтік, Белгілі экономист ай сайын 1,7 млн теңге жалақы алатын басшыны сынап тастады, Белгілі экономист ай сайын 1,7 млн теңге жалақы алатын басшыны сынап тастады