Қазақша Бата - тілек: Құрбан айт, Ораза айт, Рамазан айы » ZHARAR © 2016 | ораза айт батасы, құрбан айт батасы бата, ораза құтты болсын, ораза айт құтты болсын, ораза айт қабыл болсын, ораза айт қазақша, ораза айт бен құттықтау, ораза айы кутты болсын, касиетти рамазан айы кутты болсын




  • »

Қазақша Бата - тілек: Құрбан айт, Ораза айт, Рамазан айы

Қазақша Бата - тілек: Құрбан айт, Ораза айт, Рамазан айы казакша Қазақша Бата - тілек: Құрбан айт, Ораза айт, Рамазан айы на казахском языке

Айттарыңыз қабыл болсын,
Бар жақсылық тамылжысын.
Ұлы Алла жарылқасын,
Жақсы етсін қарымтасын.

Жақсы тілеу үзілмесін,
Жемісі мол күзін берсін.
Есіктерің ашық болсын,
Ыдыстарың асып толсын.

Айттарыңда Қыдыр Ата,
Жақсылығын, шашып келсін.
Отбасыларың аман болсын,
Бейбітшілік заман болсын.

Бар қызықты ел жұртыңмен
Көретұғын шамаң болсын

Әмин, Аллаһу Әкбар!

Ата-анаңды пір тұтып, мақтан,
Күндерің болсын, күн нұрын шашқан.
Қыйналған кезде, қол беріп Қыдыр,
Таңдарың болсын, арайлап атқан.

Сақтасаң деген, сақтаймын,-деп еді Алла
Жамандық етер, жиынға барма,
Жалқаулық адам, жауы деп ұғып,
Ата-анаңа, ауырлық салма.

Түнде жорытқан, ұрыдан сақтан
Қара жүрек, қудан сақтан,
Адал ойды лайлайтын,
Өтірікші зудан сақтан

Елімізді жаусыз ет,
Дұшпандарды елсіз ет.
Ұл-қызымды, мінсіз ет.

Бейбітшілік заман болсын,
Отбасыларың аман болсын.
Ұл-қызыңның болашағын,
Көретұғын шамаң болсын.

Дендеріне саулық берсін,
Несібеңді молғып берсін.
Жақсылықты жаршы етіп,
Ұлы Алла жарлық берсін.

Болсын аман туыстарың,
Жаман іске жұғыспағын.
Болмашыға өкпелесіп,
Достарыңмен суыспағын.

Мен тілеймін оңдасын деп,
Ұлы Алла қолдасын деп.
Осы отырған барлығыңа,
Еш жамандық болмасын деп.

Көл – көсірғып елге бақ бер,
Әрқайсыңа ұзақ жас бер.
Қосылсаңдар қол жайыңдар,
Қабыл болсын, АллаҺу Әкбар!

Әмин десең Алладан,
Берсін дейік қол ұшын.
Періштең кетпей айланып,
Жаман істен қорысын.

Пайғамбардың ақ жолын,
Қыдыр әкеп дарытсын,
Алтынды ерлі ақбоз ат,
Астыңда жүріп арысын.

Қиналғанда достарың
Қасыңнан әр кез табылсын.
Береке сақтап ұлдарың,
Тату өтсін абысын.

Айналаңнан кетпесін,
Жақының мен алысың,,
Дастарқаның жиналмай,
Еселеп өссін табысың.

Саған біткен мал – басқа,
Қожай, Даурен дарысын.
Әмин, АллаҺу Әкбар!

Дендеріне саулық берсін
Өмірлеріңе жететін байлық берсін.
Ұл балаларын ынтымақты болсын,
Қыз балаларын гүл сияқты болсын.

Келіндерін ырысты болсын,
Айтпай білетін, білісті болсын.
Құдаларың сыйласатын болсын,
Құдағиларың сырласатын болсын.

Туысқандарын тату болсын,
Қиналсаң түсіп, атын берсін.
Көршілерің туысқандай болсын,
Жақсылығы досыңдай болсын.

Ел-жұртың қадірлейтін болсын,
Бар мәзірің алдына әзірлейтін болсын.
Ынтымағы елімнің бұзылмасын,
Берсін Алла бәріне ұзын жасын.

Ендігі жерде қиыншылық болмаса екен,
Осы ойымды бір Алла қолдаса екен.
Тілегімді қабыл ет,
Иманыңды азық ет,
Барлығыңның сыртыңнан,
Қорғап жүрсін Қазірет
Әмин Аллаһу Әкбар!


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Баталар жинағы | | 93 440
Рейтинг:
(голосов: 140)

KZ портал » Қазақша Баталар жинағы, ораза айт батасы, құрбан айт батасы бата, ораза құтты болсын, ораза айт құтты болсын, ораза айт қабыл болсын, ораза айт қазақша, ораза айт бен құттықтау, ораза айы мен құттықтау, ораза айтқа құттықтау, ораза айт кабыл болсын пожелания, рамазан құтты болсын, рамазан құттықтау, рамазан айында құттықтау, рамазан айы құттықтау, рамазан, ораза айы кутты болсын, касиетти рамазан айы кутты болсын, курбан айт кутты болсын кабыл болсын на казахском, қасиетті рамазан айы құтты болсын, айт мейрамы тілек, айт мерекеси кутты болсын, айт мерекесине тилек, айт мерекесіне арналған тілектер, айт мерекесіне құттықтау, Қазақша Бата тілек Айт мерекесі, Қазақша Бата тілек, Айт мерекесі казакша бата тилек, поздравления на казахском языке на айт, Қазақша Бата - тілек: Құрбан айт, Ораза айт, Рамазан айы бата бата беру қазақша дастархан бата беру қазақша дастархан батасы бата тілектер дастархан благословение на казахском языке

.

. .