Қарға туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 23
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 53
Жаңылтпаштар: 9
Нақыл сөздер: 7
Әңгімелер: 6
Ертегілер: 8
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 3

Қарғаның кəрісін кім білер,Адамның аласын кім табар.
©  Түркі халықтары
Қарға қазға еліктесе, бұты (сирағы) сынар.Бұл мақал əркім өз əліне қарай іс-əрекет жасау керектігін ескертеді.
©  Түркі халықтары
Тауындағы түлкіні бабындағы тазы алар, тозғындаған аққуды топтанған қарға алар"Тауындағы түлкіні бабындағы тазы алар, тозғындаған аққуды топтанған..
Қарға қаралығын білсе, аққуға жоламас.
Қарға үкіге қорғаныс емес.
Кәрі қарға қарадан-қарап қарқылдамайды.
Қарға сұңқар болмас,Есек тұлпар болмас.
Қаз қаңқылдаса, жаз келер,Қарға қарқылдаса, күз келер.
Біздің елде ала қарға еді,
Мұнда келіп жылқышы болған.
Аушы кеткенде,
Қарға тордағы жемге қарайды.
Қарғаның «қаңқ!» дегені өзіне қуаныш.
Қарға қарқылдап ұшқанмен қаз болмайды.
Ала қарғаны алты жыл бордақыласа да,
Сасық иісі сақталар.
Қасқыр жарып кеп салды,
Қарға қарық боп қалды.
Қарғаны қаз қойғанмен,
Қи шоқығанын қоймайды.
Бір қарға қыс әкелмес.
Қазбен таласқан қарғаның таңы айырылар.
Қарғаның кәрісін кім айырар,
Қарлығаштың өкпесін кім қайырар.
Құладын құласа,
Қарға көзін шоқиды.
Жалғыздың күні шықпайды,
Жалғыз қарғаның үні шықпайды.
Қарға көзін қарға шоқымайды.
Тозған қазды
Топтанған қарға алады.
Екі сұңқар таласса,
Бір қарғаға жем түсер.