👈 қаріп өлшемі 👉

Ат туралы Мақал-мәтелдер ✍️


Мақал-мәтелдер: 165
Жұмбақтар: 21
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 49
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 14
Туындылар: 2
Әңгімелер: 23
Ертегілер: 1
Поэмалар: 1
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 17
Эсселер: 1

Текенің алдыңғы жағынан, аттың артқы жағынан, ақымақтың жан-жағынан қорқу керек.
—  Еврей халқы
Аты жаманың арманы кетерБаласы жаманның дәрмені кетер
—  Көпеев Нұрдәулет
Атың жақсы болсаЕр жігіттің пырағы
—  Көпеев Нұрдәулет
Жылдам атты айдап қажеті жоқ, шебер адамға көмектесудің қажеті жоқ
Ат айналып иесін табар, сөз айналып жүйесін табар.
Ақпейілдің аты арымайды, тоны тозбайды.
 Жаман атқа жал бітсе,
Жанына тоқым байлатпас,
Жаман адамға мал бітсе,
Қасына қоңсы қондырмас.
Жал біту – семіру дегенді білдіреді...
—  Гүлтас Құрманбай
Анаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа.

Ана туралы өзіңіздің толғанысыңызды, сезіміңізді жазып көріңіз. Мүмкін мақалдың сізге керегі болып..
—  Гүлтас Құрманбай
 Аттың бәрі тұлпар болмас, Құстың бәрі сұңқар болмас.

Адам өзінің шамасын білгені жақсы. Сонымен қатар ұстаз өзінің барлық шәкірттерінен..
—  Гүлтас Құрманбай
Жақсы аттың жалын сақтағанша, Жақсы ердің көңілін сақта.

Адамның көңілі қалса, ол –жаман. Со себепті де халқымыз: «қалған көңіл..
—  Гүлтас Құрманбай
Атын аямаған-Қатынын да аямайды.
 Тай өссе – ат тынығады, Ұлы өссе – әке тынығады.

Мақалдың мәнін қалай түсінесіз? Ұлы-қызы қандай болса әке-шеше тынығады?
Сіз..
—  Гүлтас Құрманбай
Сатылмас атқа құн жетпес.
Атына ашуланып арсылдағанАрбасының арысын қамшылаған.
Атты тағаласаң,Есек аяғын көтереді.
Есек өзін атқа балайды да,Әттең деп құлағына қарайды.
Сұлу аттың көркі — жал,Адамзаттың көркі —мал. 
Ұрыншақ аттаЖал тұрмас,Көңілшек кісідеМал тұрмас. 
Жақсы әйел мен жақсы атКүлмей тұрып күлдірер.Жаман әйел, жаман атӨлмей тұріп өлтірер.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы