👈 қаріп өлшемі 👉

Жаман туралы Мақал-мәтелдер ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 393
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 67
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 91
Туындылар: 1
Әңгімелер: 7
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1

Жақсыда кек жоқ,Жаманда тек жоқ
—  Самет Оқанұлы
Жақсыдан шарапат,Жаманнан кесапат
—  Самет Оқанұлы
Жаман ісінен көрмейді, кісіден көреді
—  Самет Оқанұлы
Жақсы адам қартайса,Жазып қойған хаттай.Жаман адам қартайса,Бықсып жанған оттай
—  Самет Оқанұлы
Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі,Жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі
—  Самет Оқанұлы
Жақсының белгісі –Кексіз болады.Жаманның белгісі –Тексіз болады
—  Самет Оқанұлы
Жақсыны жақтай жүр,Жаманды жасқай жүр
—  Самет Оқанұлы
Жаманның сөзі көңіл қалдырғандай,Жақсының сөзі мейір қандырғандай
—  Самет Оқанұлы
Жақсымен сөйлессең,Балға шекер қатқандай.Жаманмен сөйлессең,Итке сүйек атқандай
—  Самет Оқанұлы
Жақсыны халық мақтар,Жаманды халық даттар
—  Самет Оқанұлы
Күйісің жаман болса, тән азады,Көңілің жаман болса, жан азады
—  Самет Оқанұлы
Жаман алтын іздесе,Жақсы халқын іздейді
—  Самет Оқанұлы
Жақсының жүрген жері базар,Жаманның жүрген жері азар
—  Самет Оқанұлы
Жаманмен егескенше, жақсымен кеңес
—  Самет Оқанұлы
Жаман адам өзі бола алмайды,Болғанды көре алмайды
—  Самет Оқанұлы
Жақсы сөз тасты жібітер,Жаман сөз басты шірітер
—  Самет Оқанұлы
Жақсыны сыйласаң,Есінен кетпейді.Жаманды сыйласаң,Есігіңнен кетпейді
—  Самет Оқанұлы
“Жақсының жақсылығын айт, Нұры тасысын. Жаманның жамандығын айт, Құты қашсын”.
—  Самет Оқанұлы
Жақсы әйел ерінің басын төрге сүйрейді, Жаман әйел ерінің басын көрге сүйрейді
—  Самет Оқанұлы
Жаманның кесепаты бір шақырым  ілгері жүреді.
Тезек қарда жатпас,Жақсы мен жаман қосылмас.Себебі тезек (жас жапа) өз ыстығымен қарды ерітіп жіберетіні сияқты, жақсы менжаман бір-бірімен ешқашан..
—  Түркі халықтары
Бастықтың «жаманы» жоқ,Дегенмен, жел сөзден аманы жоқ.
—  Ермахан Шайхыұлы
Жақсы қатын жылда туады,Жаман қатын белден «қуады».
—  Ермахан Шайхыұлы
Жаманның жақсысы болса,Жақсының жаманы болады. 
Надан адам ырымшыл болар, жаман жылқы арыншыл болар  – Менің әкем: "Надан адам ырымшыл болар, жаман жылқы арыншыл болар" деуші еді.("Қазақ мифтері"...

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы