Жеңіс күні құтты болсын! 9 мамырға тілек өз сөзіңмен

Жеңіс күні  9 мамыр сурет фото

1) Жеңіс күні құтты болсын!

Бүгінгі 9 мамыр жеңіс алауы жанып, елдіктің мерейі үстем болып жеңіске жеькен Жеңіс күні құтты болсын баршаңызға! Отан үшін от кешкен ардагер аталарымыз бен сол жылдары балаларын арқалап тылда жұмыс жасаған әжелерімізге мың тағзым! Еліміз аман жұртымыз тыныш болып, жеңісті де жемісті күндеріміз көп болсын!


2) Құтты болсын Жеңіс күні мереке!

Құтты болсын жеңіс күні мереке,
Тоғызыншы мамыр күні бүгінгі.
Ардагерлер сіздерге бас иеміз,
Өздеріңе бағыттап ән-жырымды!

Жеңісті күн көп болсын, жемісті күн,
Жақсылыққа бастайтын, қуанышқа.
Бар жақсылық орналып елімізде,
Күн кешейік бақытты, қуанышта.

Енді соғыс болмасын жан ауыртар,
Тыныш бейбіт заманда жүрейік тек.
Бір рет қана берілер өмірде бұл,
Сыйластықта өмірді сүрейік біз!


3) 9 мамыр мереке құтты болсын!

Бүгін міне 9 мамыр есік ашты, Құтты болсан қазақ елі, мерекең! Жеңіс кұні жанды ауыртып, қуантар, мерекеде күйлерңіз күшті болсын! Мың тағзым сіздерге ардагер ата-әжелер! Еліміз аман, болсыншы, жұртымыз тыныш. Көтеріліп Қазақ елі көңілдерің! Бар жақсылық орналып, еліміздің мәртебесі арта берсін! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!


4) Құтты болсын Жеңіс күн!

Құтты болсын Жеңіс күні,
Келіп жеткен бүгінгі!
Жасай берші Қазақ елі,
Сәтті өткізіп күніңді!

Жеңіс күні мереке,
Жақсылыққа бастасын!
Жаратқаным жар болып,
Көңілді мұң баспасын!

Әрбір атар таңымыз,
Шуақты боп атсын тек!
Жеңісті күн көп болып,
Жүрейікші күлімдеп!


5) Бүгін ұлы мереке құтты болсын!

Бүгін мамырдың 9 шы жұлдызы Ұлы мерекеге айналған Жеңіс күні құтты болсын баршаңызға! Ардагер аталар мен тылда қызмет еткен әжелер мен балалардың, елі үшін отқа тұскен жандардың ет жақындарына алғысымызды білдіое отытып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деймін! Ел бірлігі жанданып, көк туымыз көгімізде желбірей берсін!


6) 9 мамыр құтты болсын мереке!

Тоғызыншы мамыр құтты болсын мереке,
Жеңіс күні тойланатын жыл сайын!
Ардагерлер қауымына мың алғыс,
Сыйлаған бұл жарқыраған күн айын!


7) Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Қаншама жандардың жанымен, қаншама жандардяң қанымен келген бүгінгі Жеңіс күні құтты болсын! Сан мың жылдардан бері ата-бабаларысыз арман еткен бүгінгі тыныш, бейбіт, азат еліміздің тұғыры берік болсын! Отан үшін отқа түсіп, елі үшін жанын берген еліміздің ардагер батырларына бас иеміз!
Жеңісті күндеріміз көп болсын!


8) Құттықтаймын, бүгін жеңіс күнімен!

Тоғызыншы есік ашқан мвмырда,
Құттықтаймын бүгін жеңіс күнімен!
Көк туымыз көгімізде желбіреп,
Тек қуаныш сезілсінщі үніңнен!

Тыныш, бейбіт күндеріміз көп болып,
Шаттық, бақыт жалғай берсін таңыңды!
Жеңісті күн, жемісті күн көп болып,
Жайқалған сәт тербей берсін бағыңды!

Отан үшін отқа тұскен жан берген,
Бас иеміз ардагерлер сіздерге!
Енді соғыс аты шықпай әлемде,
Бақ-береке орнай берсін ізгі елде!


9) Жеңіс күні 9 шы мамыр бұл

Отан үшін отқа түскен, суға да, Қазақстандық ардагерлер сіздерге бас иеміз! Мың тағзым! Сіздердің қайсарлықтарыңыздың арқасында келген бүгінгі жеңіс күні құтты болсын! Ел тұғыры берік болып, байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Енді соғыс болмасын! Түрлі байқау, жарыстарда орын алатын жеңісті де жемісті күндеріміз көп болғай!


10) 9 мамыр бұл құтты болсын!

Тоғызыншы мамыр бұл құтты болсын,
Жеңіс берген шаттықпен жиып бізге.
Ардагерлер ел үшін жанын берген,
Еске алып, бас иеміз біздер сізге!

Құтты болсын мереке, баршаңызға,
Жеңіс күні жыл сайын есік ашар.
Ардагерлер ерлігі есімізде,
Жанымызға самалдай есіп, шашар.

Құтты болсын бүгінгі Жеңіс күні,
Жанымызға қуаныш, мұңын берер.
Қуаныш ол Жеңіс күні, азат елміз,
Ал мұңымыз срғыстың үні келер.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу