Ұлттық ұлан күні

Ұлттық ұлан күні

1) Ұлттық ұлан күні бұл құтты болсын

Ұлттық ұлан күні бұл құтты болсын,
Ұландары қазақтың жауынгері.
Елі үшін аянбай қызмет етер,
Жасай берші қазақтың дарынды ері!

Тойланатын оныншы қаңтарда бұл,
Ұлттық ұлан күнінде жанданыңдар!
Ұландары қазақтың қырандары,
Ел үшін жақсыға қамданыңдар!

Асқақтасын абырой әрқашанда,
Саулықтарың мықты боп Ұландарым!
Жаратқаным жар болып өздеріңе,
Жайнай берсін жадырап жыр, ән бағың!

2) Оныншы қаңтар күні бұл

Оныншы қаңтар күні бұл,
Құтты болсын мереке.
Ұлттық ұлан, жауынгер,
Ісің берсін береке.

Ел үшін деп жасаған,
Оңды болсын істерің.
Қанаттарың талмасын,
Ұландарым, күштерің!

Абыройың асқақтап,
Арсын лайым беделің!
Жасай берші Ұландар,
Елге көп боп берерің!

3) Құтты болсын, Ұландар!

Құтты болсын, Ұландар,
Мерекелік күнің бұл.
Абыройың асқақтап,
Күліп-ойнап аман жүр.

Еңбектерің жемісті,
Болсын дәйім, Ұландар!
Қанаттарың талиасын,
Самғап ұшар, Қырандар!

Бар жақсылық орналып,
Тыныш болсын еліміз.
Ұлттық ұлан жауынгер,
Бұзылмасын теңіміз!

4) Құттықтаймын сіздерді

Құттықтаймын сіздерді,
Ұлттық ұлан күнімен.
Биік болсын айбының,
Шаттық кетпей жүзіңнен!

Ұлтымыздың Ұланы,
Құтты болсын мерекең.
Абыройың асқақтап,
Артсын дәйім берекең.

Ұландары қазақтың,
Алға қадам баса түс!
Мерейлерің үстем боп,
Асулардан аса түс!

5) Ұлттық Ұлан күнімен

Құттықтаймын бүгінгі,
Ұлттық Ұлан күнімен.
Ұландары қазақтың,
Нұр кетпесін жүзіңнен!

Жарқырай түс, Ұландар,
Асқақ болып айбының!
Мықты болсын саулығың,
Күлім қағып ай, күнің!

Әр істерің оң болып,
Елің үшін қызмет ет!
Әрқашанда жүреміз,
Құттықтап біз құрметтеп!

6) Қадамдарың оң болып

Ұлттық Ұлан жауынгер,
Құтты болсын мерекең!
Ел ішінде әрдайым,
Арта берсін берекең!

Әр күндерің жандансын,
Қадамдарың оң болып!
Жүрші аман, Ұландар,
Саулықтарың зор болып!

Артып лайым абырой,
Биіктеу түс, өрлей түс.
Ұландарым, қырандар,
Елді ісіңмен тербей түс!

7) Құтты болсын мерекең, Ұландарым!

Құтты болсын мерекең, Ұландарым,
Самғап ұшар биікке қырандарым!
Асқақтасын абырой, күн күлімдеп,
Тамыр жайып тереңге тұрар бағың!

Мерекеде бүгінгі шаттана түс,
Ұландарым әр күннен бақ таба түс.
Саулықтарың мықты боп, амандықта,
Игі істерді жасауда жақсара түс!

Қанаттарың талмасын, тек қана алға,
Тек қуаныш тербесін сендерді алда!
Ұландары қазақтың қырандары,
Жаратқаным жар болсын әрбір жолда!.

8) Ұлттық Ұлан күнінде

Ұлттық Ұлан күнінде,
Жарқырай түс Ұланым!
Үстем болып мерейің,
Таусыомасын жыр, әнің!

Биіктерді бағынтып,
Ел намысын қоғай түс.
Тек аман бол, Ұланым,
Жаратқаным беріп күш!.

Қайғы болмай жүзіңнен,
Шаттана түс, бақ таба!
Елмен бірге жанданғын,
Игі істерді атқара!

9) Құтты болсын, Ұланым!

Құтты болсын, Ұланым,
Ұлттық Ұлан күні бұл!
Қуанышта шықсын тек,
Қазағымның үш бұл!

Жарқырай түс, Ұланым,
Алтындайын жандана!
Саған бақыт сыйласын,
Шаттығын бұл паң дала!

Ел үмітін ақтап сен,
Мерейлі бол, Ұланым!
Шын жүректен арналар,
Таусылмасын жыр, әнің!

10) Ұлттық Ұлан күнімен құттықтаймын!

Ұлттық Ұлан күнімен құттықтаймын,
Қырандары қазақтың аман бол деп!
Қуана түс Ұландар, шаттана түс,
Әрқашанда қыламыз саған құрмет!

Қанаттарың талмасын ешқашанда,
Биік самға Ұландар, тек қана алға!
Асқақтасын абырой, мерейлі бол,
Бар бақытың күтіп тек сені алда!

Жаратқаным жар болсын өздеріңе,
Игі істерің қашанда алға бастап!
Ұландарым аман бол, Қырандарым,
Жақсылықтың жақсысын сендер қоштап!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу