Мемлекеттік қызметшілер құтты болсын!


 1) Мемлекеттік қызметшілер құтты болсын!

Мемлекеттік қызметшілер құтты болсын,
Жиырма үшінші маусымдағы бұл мерекең.
Еңбегіңіз жанданып ел алдында,
Арта берсін күн сайын бұл берекең.

Халық үшін жасап жатқан қызметіңіз,
Мемлекеттік қызметкер, жеміс берсін.
Әр күн сайын күніңіз сәтті болып,
Әр ісіңіз жарқырай, жеңіс берсін!

Мемлекеттік қызметкерлер жасаңыздар,
Көңіліңіз шаттықты нұрға толып.
Шад-шадыман көңілің ортаймасын,
Жан дүниеңіз ән менен жырға толып.

2) Құттықтаймын бүгінгі

Құттықтаймын бүгінгі,
Мерекеңмен кеп жеткен.
Мемлекеттік қызметкер,
Биікке өрле еңбекте ең!

Қанатыңыз талмасын,
Қызыметтік жолыңда.
Қона берсін тұрақтап,
Бақыт құсы бағыңа.

Қызметкерлер күнінде,
Көңіліңіз жайнасын.
Мемлекеттік қызметкер,
Қиындықтар болмасын!

3) Арайлы таң күлімдеп

Мемлекеттік қызметкер,
Сәтті өтсін әр күніңіз.
Қызметкерлер күнінде,
Жарқыраңыз, күліңіз.

Абыройың асқақтап,
Биік болсын мәртебең.
Мемлекеттік қызметкер,
Сіздер үшін тәтті өлең!

Жадырасын жаныңыз,
Қызыметте жарқырай.
Оңды болып ісіңіз,
Жүрсін халық талқылай.

4) Мемлекеттік қызметкер

Мемлекеттік қызметкер,
Құтты болсын бүгінгі.
Қызметкерлер күнінде,
Арнаймын бұл жырымды.

Жаратқаным жар болып,
Қиындықтар болмасын!
Мемлекеттік қызметкер,
Раббым Алла қолдасын!

Оңды болып ісіңіз,
Абыройлы болыңыз!
Сәттіліктер орналып,
Толған айдай толыңыз!

5) Жиырма үшінші маусымда

Жиырма үшінші маусымда,
Тойланатын мереке.
Мемлекеттік қызметкер,
Ортаңда артсын береке!

Қызыметте жанданып,
Істеріңіз оң болсын!
Мемлекеттік қызметкер,
Саулығыңыз зор болсын!

Тілеймін бар жақсыны,
Шуақ шашсын күнің деп.
Мемлекеттік қызметкер,
Жүрші әркез күлімдеп!

6) Мемлекеттік қызметкерлер құтты болсын

Мемлекеттік қызметкерлер құтты болсын,
Мерекеңіз биылғы келіп жеткен.
Еңбегіңіз жанданып, жақсара түс,
Күндеріңіз көп болып бақытты еткен.

Арайлы таң қуантып, шаттаныңыз,
Әр күн сайын жадырап, жүзің жайнап.
Мемлекеттік қызметкер жүрші аман,
Әр істерің оң болып, күліп ойнап.

Ел үшін деп жасаған істеріңіз,
Сәтті болсын абырой асқақ болып.
Мемлекеттік қызметкер тек қана алға,
Қуанышты күй сыйлар жақсы ат болып.

7) Мемлекеттік қызметкер әкетайым

Мемлекеттік қызметкер Әкетайым,
Еңбегіңіз жанданып аман жүрші.
Жиырма үшінші маусымда, мерекеңде,
Бақытқа сен кенеліп, ойнап-күлші.

Өзіңізбен әкетай мақтанамыз,
Мемлекеттік қызметкер үздігісіз.
Бар жақсыны жасайсыз әкетайым,
Адал жолмен жалғастырып ізгіні сіз.

Қызметіңде асқақтап абыройың,
Биіктерден көрінші әкетайым.
Қанаттарың талмасын ешқашанда,
Әкетайым асылым жоқ боп уайым.


8) Құтты болсын ағатай

Құтты болсын ағатай,
Қызметкерлер күні бұл.
Мемлекеттік қызметкер,
Игі істердің үні бұл.

Істеріңіз оң болсын,
Қызметіңде ағатай.
Қанаттарың талмасын,
Биік самға ағатай.

Тілекшімін өзіңе,
Үстем болсын мерейің.
Бар жақсыны арнап мен,
Өзіңізді демейін...

9) Қызметкер күнімен

Қызметкерлер күнімен,
Құттықтаймын әпкетай.
Мерекеңде бүгінгі,
Шаттана түс әпкетай.

Мемлекеттік қызметкер,
Күнінде сіз жарқыра.
Еңбегіңіз жанданып,
Ағын судай арқыра.

Тілекшімін өзіңе,
Әпкетайым, асылым.
Жасай берші әпкетай,
Сезініп күн асылын.

10) Құтты болсын анашым

Құтты болсын анашым,
Қызметкерлер күні бұл.
Мемлекеттік қызметте,
Жеміс берсін гүлің бұл.

Бар жақсыны тілеймін,
Өзіңізге анашым.
Әрбір ісің оң болып,
Шаттана түс анашым!

Абыройың асқақтап,
Арта берсін беделің.
Мемлекеттік қызметте,
Болмасын еш кедергің... 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу